400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елбасы жодауы "Рухани жаңғыру" прагматизм,ұлттық құндылық тақырыбына жасалған баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
"Болашаққа бағдар" ұлттық жаңғыру тақырыбына мектептегі педагогикалық кеңесте оқылған баяндама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Прагматизм философиялық ағымы

27.09.2013

Прагматизм философиялық ағым ретінде XIX-XX ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника жəне өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті. Прагматизмдегі басты ұғым- «тəжірибе», «іс»(грекше «прагма»), осыдан олар болмыс танудың негізі жеке адамның іс-тəжірибесінде деп біледі де объектив білімдерді мойындаудан бас тартады. Олардың пікірінше, адамның практикалық іс-əрекетінің нəтижесінде алынған, ол үшін құндылықты болған білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін.
Прагматизмнің аса көрнекті өкілі- американдық ғалым-Дж.Дьюи. Оның шығармашылығымен жүзеге келген прагматикалық педагогика көптеген елдердің, əсіресе АҚШ-тың мектептік білім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал жасады, əлі де ықпал жасауда. Өзінің көптеген педагогикалық еңбектерінде Дж.Дьюи ескі, схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен тəрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар принциптерді алға тартты. Олардың ішіндегі бала белсенділігін дамыту, бала оқуының ықпалды мотиві- қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын білім игертудегі басты міндет деп есептеді.
Прагматизмнің тірек ұғымы «тəжірибеге» сүйене отырып, Дж.Дьюи оқу процесінің негізі баланың жекеленген іс-əрекеттік тəжірибесінде болатынын уағыздады. Оның ойынша, оқу-білім мақсаты балаға тумадан берілген инстинкттер мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи жəне оның ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли жəне т.б.) инабаттылық тəрбиесі мəселелерін де осы жекеленген тəжірибе тұрғысынан қарастыруды дəріптейді. Адам өз əрекет-қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен ережелерге тəуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі əрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында жəрдем бергеннің бəрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.
Диалектикалық материализм табиғат, қоғам жəне ойлау процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – К.Маркс жəне Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тəжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді.
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя – бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нəтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды жəне өзгеріске келеді.
Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.
Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де. Адамның тұлғалық дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тəуелділікте (детерминирован), сонымен бірге сол нақты адамның табиғи болмысына байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік рөл – тəжірибеде. Ал тəрбие тарихи жəне таптық сипатқа ие болған күрделі əлеуметтік процесс. Тұлға жəне адам іс-əрекеті ажырамас тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-əрекетте, еңбекте көрінеді жəне қалыптасады.
Жаңаланған дəуір педагогикасы философиялық деңгейлі əрқилы əдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде қолданып, пайдалануы қажет.

коммунизм - [латынша Communis - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым. Коммунизм қиял ретінде. Коммунизм бір уақытта өткенге де (алғашқы қауымдық коммунизм), болашаққа да қаратылатын ұғым, онда коммунизмге өткеннің ең жақсы белгілерін жинақтаған қоғам (таптардың, мемлекеттің, тауар-қаржылық қатынастардың, заңды неке институтының болмауы) және бүгінгі күннің жетістіктерін (адам бостандығы, экономикалық игіліктер, жоғары мәдениет) жиынтықтап қарау тән. Коммунистік қиял үшін оның ғаламдық сипаты аса маңызды, яғни коммунистік құрылым бүкіл адамзаттың бірлігін қарастырады.

КІРІСПЕ.......................................................................................................4

I. ЖАҢҒЫРТУ БАҒЫТТАРЫ ......................................................................6

1.1 Бәсекелік қабілет ............................................................................. 6

1.2 Прагматизм.......................................................................................8

1.3 Ұлттық бірегейлікті сақтау .............................................................10

1.4 Білімнің салтанат құруы.................................................................12

1.5 Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы .........14

1.6 Сананың ашықтығы........................................................................16

II. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР: ЖОБАЛАР .................................18

2.1 Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ..................................19

2.2 Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық .......20

2.3 ТУҒАН ЖЕР ....................................................................................23

2.4 Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе

Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы..............................................25

2.5 Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет..............................27

2.6 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ .............................................283

«… біз бастаған ауқымды түрленулер қоғамдық сананы озық

жаңғыртумен ілесіп жүргізілуі тиіс. Бұл саяси және экономикалық

жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне

айналады»

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы4

КІРІСПЕ

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту»

мақаласы – ол 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің

қатарына кіру бағытындағы бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы

Қазақстанның саяси, экономикалық және құқықтық түрленулерінің

логикалық жалғасы және өзегі болып табылатын бағдарламалық

мақала.

Бұл мақсатқа бұрынғы сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы

жету мүмкін емес. Әлемдегі заманауи экономикалық, әскери-саяси

ахуалды ескере отырып, қоғамдың сананы жаңғырту – бұл өмірлік

маңызы бар және қажетті қадам.

Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі мақсаты – ойды жинақтау,

өзіңді өзгерту және өзгеріп отырған жағдайларға қарай бейімделе

отырып, жаңа дәуірдің ұсынып отырған нәрселерінің ішінен ең

жақсысын алу. Қазақстанның экономикалық және саяси жаңару

үдерістерінен табысты өту үшін, мықты және жауапты адамдардан

құралған біртұтас ұлт болып қалыптасу.

Қоғамдық сананың жаңа үлгісінің маңызды шарты болып болашаққа

нық сенім беретін жеке ұлттық кодыңды, өз мәдениетіңді сақтау және

біздің кежегемізді кері тартып, ұлттың дамуына кедергі болатын –

көзбояушылық, ысырапшылдық, астамшылық сән-салтанаты, біртұтас

ұлттың аймаққа бөлінуі, тамыр-таныстықтан бас тарту саналады.

Ұлттық сананың жаңа үлгісі халықтың өткені мен бүгінгісінің және

болашағының көкжиегін байланыстыратын тұғырнама болып

табылады және ол ұлттық сананың түрлі кереғар жақтарын бітістіруге

бағытталған.

Тарих көрсеткендей, кез келген ірі ауқымды өзгерістер, қоғамның

өзгеруі елдің дамуына қозғаушы күш болған сол кездегі тарихи

жағдайда үстемдік еткен идеологиялармен, озық идеялармен тығыз

байланысты. Жаңа шынайы өмірде жаңаруға іштей ұмтылу – бұл

өзін-өзі сақтаудың және дамудың негізгі ұстанымы.

Әлемде табысты жаңғырудың жан-жақты үлгісі жоқ. Түркиядағы

Мұстафа Кемаль Ататүрік, Сингапурдағы Ли Куан Ю және

Малайзиядағы Махатхир Мохамад сияқты ұлы көшбасшы

реформашылар әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуді рухани

жаңарумен және мәдени құндылықтарды дамытумен

байланыстырады. 5

Махатхир Мохамад

«Өзіне сенімді және бәсекеге

қабілетті қауымдастыққа айналу

үшін малайзиялықтарға мәдени

трансформация кезеңінен өтуге,

жаңа дағдыларды үйренуге, жаңа

тәсілдемелерді меңгеруге, жаңа

құндылықтарды игеруге тура

келді»

Анықтамалық ақпарат: 1965 жылдан бастап 1984 жыл

аралығында Малайзияда адам басына

шаққандағы ЖІӨ 8 есе артты ($308 бастап

$2392 дейін)

Ли Куан Ю

«Бізде [Азия өкілдерінің] әлеуметтік

құндылықтары өзгеше ... Аға буынның

ғұрыптарын, отбасында ерлі-

зайыптылардың бір-біріне деген

құрметін және т.с.с. қолдау қажет. Осы

құндылықтар жедел өсудің негізі болып

табылады»

«Мен сингапурлықтардың жаңа ұрпағы тәрбиеленіп жатқан

атмосфераны мақтан тұтамын... Біз осының барлығына үздік

түйсіктерімізді басшылыққа ала отырып, өзіміздің мәдениетімізге

сүйену арқылы және ықтимал қателерге жол бермеу үшін өз

жолымызды үнемі түзету арқылы қол жеткіздік»

Анықтамалық ақпарат: 1965 жылдан бастап 1984 жыл аралығында

Сингапурда адам басына шаққандағы ЖІӨ 14 есе

артты ($516 бастап $7347 дейін)

Осы елдердің жетістігінің тарихы, қазақстандық қоғамдық сана

реформасының қаншалықты қажет екенін және уақытылы қолға

алынып отырғанын көрсетеді. Елдің дамуын жеделдетуге ұмтылу,

саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени өмірдің жаңғыртылуын

жүзеге асыру осы елдерге алдыңғы қатарлы әлемдік державалардың

санатында өздеріне тиесілі орындарын абыроймен иеленуге мүмкіндік

берді.6

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ

1. Жаңа инновацияларды енгізу және келешегі зор салаларды

дамыту (3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық

қызмет көрсету және т.б.)

2. Экономиканың басымдыққа ие салаларында бәсекеге

қабілетті экспорттық өндірісті дамыту (еліміздің тау-кен-

металлургиялық және мұнай-газ өнеркәсібі, аграрлық секторы, жаңа

еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту, құрылыс

секторын дамыту)

3. Бизнес пен өндіріс үшін шығындарды азайту арқылы

қазақстандық өнімнің өзіндік құнын төмендету

4. Еңбек өнімділігін және еңбек ресурсының сапасын арттыру

I. ЖАҢҒЫРТУ БАҒЫТТАРЫ

1.1 Бәсекелік қабілет

Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, бүтін бір ұлт өзінің бәсекеге

қабілеттілігін дамыту арқылы жетістікке жете алады.

Бәсекелік қабілет – бұл ұлттың өңірлік және жаһандық нарықта

материалдық өнімді ғана емес, сондай-ақ бағасы мен сапасы ұтымды

зияткерлік өнімді ұсыну қабілеті.

Жаңа шынайы өмірде бәсекеге қабілеттілік, бірінші кезекте,

минералдық ресурстардың бар болуымен емес, адамның бәсекеге

қабілеттілігімен анықталады. Сондықтан еңбек ресурсының сапасы

ұлт жетістігінің өзекті факторына айналып отыр.

Бәсекелестік қабілеттің негізінде – Елбасының «Қазақстанның

үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында

көрсетілген, Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа үлгісі жатыр.

Индустрия 4.0 (төртінші өнеркәсіптік революция) жағдайында бәсекеге

қабілеттілікке және өндіріс тиімділігіне жаңа технологиялар мен өнімнің

жаңа түрлерімен айқындалатын инновациялық үдерістерді дамыту

арқылы қол жеткізуге болады. 7

Инновациялардың басты генераторы адам – оның білімге

құштарлығы, әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге деген құлшынысы.

Сондықтан қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі

алғышарттары болып тілдерді білу, IT-білімді қалыптастыру, қаржылық

сауаттылық, отаншылдық, конфессияаралық келісім және мәдени

ашықтық сияқты факторлар табылады.

Қазіргі таңда осы бағытта күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Үш тілдік

бағдарламасы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы XXI ғасырда

аса керек дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық келісім,

Қазақстан халқының бірлігі қағидаларын іске асырудағы жетістіктері –

бұл ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігінің ажырамас

атрибуттары.

ҚАЗАҚСТАН БҮГІН

цифрлық

сауаттылық

74

%

ғаламторға

қолжетімділік 73%

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту

индексі (ICT Development Index) бойынша 2016 жылы

Қазақстан өз көрсеткіштерін 11 жайғасымға жақсартты, яғни

167 елдің арасынан 69 орыннан 58 орынға көтерілді.

«Doing business» Дүниежүзілік банкінің бизнес ортаның

жайлылығын бағалау бойынша рейтингісінде Қазақстан

әлемнің 189 елінің арасынан 41 орынды иеленді.

2016 ж.

Электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша Қазақстан

әлемнің 193 елінің арасынан 28 орында тұр.

ФАКТІЛЕР

2014 ж.8

Елдің басшысы өз мақаласында ұлттық салт-сананы сақтай отырып, сананың заманға сай саңылауы бар, тозығы жеткен үлгілерінен бас тартуды тілге тиек етеді. Яғни, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.  Дәстүрдің озығы да, тозығы да болғаны сықылды сананың да кертартпа тозығы болады. Сананы өзгертудің бір жолы – бұл прагматикалық ойлау жүзінде іс жасау. Яғни, кез келген істе белгілі бір мақсатқа жетуді көздеу әрі мақсатқа жету жолында барлық мүмкіндіктерді пайдала отырып, қандай да бір пайдалы нәтиже шығару. Шынайы прагматика асып таспайды. Қолда барын оңды-солды құр шашып, күн көрмейді. Керсінше, қолында бар қаржысы мен мүмкіндігін пайдалы істерге жұмсайды. Мәселен, жастардың арасында шектен тыс мақтанқұмарлықты, кердең мінез, келіссіз істерді байқаймыз. Қарапайым ғана, қазақтың тойының өзінде ысырапшылдыққа салып, оның құт-берекесін қашырамыз. Өзін прагматик санайтын тұлға мұндай шектен тыс әуесқойлыққа бармайды. Дәстүрдің де, сананың да тозығы осы емес пе?!  Еуропалық таным бойынша қолда бар ресурс жаңа бастамаларды мен идеяларды жүзеге асырушы құрал болатын болса, біздің ТМД-лық санада бұл өз мәртебесі мен мүмкіндіктерін көрсетудің қарабайыр, дүрсін тәсілі болып кетті. Бұдан арылатын сәт келді.  Кез келген бастаманың қалай жасалатындығына емес, нәтижесіне көп мән береді. Мұны Елбасы сөзімен былай жеткізуге болады: «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді».  Прагматик тұлға үйренуден жалықпайды, зейін-түйсігін тәрбиелеумен болады. Кез келген істі ақылға салып, ұтымды жолын ойластырады. Қолда бар ресурсты жұмсауда минимализм мен табыс тауып жетістікке жетуде максимализм қатар көрініс табатын тұлға шынайы прагматик десек болады.  Экономика мен нарық көрсеткіші тәрбиелеген келешек тұлғаның барлығы прагматик боларына сенімдіміз.

Толығырақ:
 https://massaget.kz/mangilik_el/47766/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті
түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңызЛиберализм

Либерализм — ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндіктіұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.

Қысқаша тарихы

Либерализм және социализм — өзара байланысты ұғымдар. Бұл мәселені орыс философ В.М.Межуев жан-жақты зерттеген. Либералды идеология (адам еркіндігі) алғышарттары мен оның жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелері (адамдар теңсіздігі) арасында ішкі қарама-қайшылық бар. Ол бойынша еркіндік адамды теңдікке емес, теңсіздікке жетелейді, онда бәрі еркін, бірақ біргбіріне тең емес. Осыдан келіп либрализмге социалистік оппозиция қалыптасты. Осылайша, бүгінгі күнге дейін либерализм тендікке зияны тиетін еркіндікті қолдайды, ал социализм — еркіндік есебінен тендікке ұмтылады деп түсіну қалыптасқан. 

Бұл тығырықтан шығу жолын либералистер де, социалистер де іздестіруде. Қазіргі либерализм бұл мәселенің шешімін құқық пен моральды бірлестіретін жаңа әлеуметтік әділеттілік теориясын қалыптастыру арқылы таппақшы болды. Ал, социализм болса, Маркстен бері еркіндік пен теңдіктің өзара ұштасуынан туатын мәселенің басқаша шешімін ұсынады. Оның негізінде — жеке меншіктің болуы жағдайында бұл мәселенің шешімін табу мүмкін еместігін дәлелдеу жатыр. Жеке меншік жағдайында не еркіндікті, не теңдікті қүрбандыққа шалу керек болады. Осылайша, еркіндік идеясын уағыздаушы социалистік ағымды либерализмнің тарихи мұрагері ретінде қарастыруға болады.

 

Либерал

 

Либерал — (лат. liberalis — еркін қоғамның барлық): экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани салаларында жеке тұлғаның еркіндігін жақтайтын саяси және идеологиялық ағымды ұстанушы; либералды партияның мүшесі; ескі. — еркін ойлаушы; шектен шыққан жұмсақтық танытып, жылы жауып, бетімен жіберетін адам.

Либерализм

Либерализм және социализм — өзара байланысты ұғымдар. Бұл мәселені орыс философ В.М.Межуев жан-жақты зерттеген. Либералды идеология (адам еркіндігі) алғышарттары мен оның жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелері (адамдар теңсіздігі) арасында ішкі қарама-қайшылық бар. Ол бойынша еркіндік адамды теңдікке емес, теңсіздікке жетелейді, онда бәрі еркін, бірақ біргбіріне тең емес. Осыдан келіп либрализмге социалистік оппозиция қалыптасты. Осылайша, бүгінгі күнге дейін либерализм тендікке зияны тиетін еркіндікті қолдайды, ал социализм — еркіндік есебінен тендікке ұмтылады деп түсіну қалыптасқан. Бұл тығырықтан шығу жолын либералистер де, социалистер де іздестіруде. Қазіргі либерализм бұл мәселенің шешімін құқық пен моральды бірлестіретін жаңа әлеуметтік әділеттілік теориясын қалыптастыру арқылы таппақшы болды. Ал, социализм болса, Маркстен бері еркіндік пен теңдіктің өзара ұштасуынан туатын мәселенің басқаша шешімін ұсынады. Оның негізінде — жеке меншіктің болуы жағдайында бұл мәселенің шешімін табу мүмкін еместігін дәлелдеу жатыр. Жеке меншік жағдайында не еркіндікті, не теңдікті қүрбандыққа шалу керек болады. Осылайша, еркіндік идеясын уағыздаушы социалистік ағымды либерализмнің тарихи мұрагері ретінде қарастыруға болады.

 

Либерал

 

Либерал — (лат. liberalis — еркін қоғамның барлық): экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани салаларында жеке тұлғаның еркіндігін жақтайтын саяси және идеологиялық ағымды ұстанушы; либералды партияның мүшесі; ескі. — еркін ойлаушы; шектен шыққан жұмсақтық танытып, жылы жауып, бетімен жіберетін адам.



қоғам алдындағы құқықтар мен міндеттерді орындау. 9

ФАКТІЛЕР Әлемдегі прагматизм

Әртүрлі рейтингтерде жоғарғы орындарды иеленетін

скандинавиялық елдер мен Сингапур, мемлекетті құру

кезінде радикалдық идеологиялардан бас тартудың және

прагматикалық тәсілдемені қолданудың айқын мысалы

болып табылады.

Бұл елдердің жетістігі икемділік пен прагматизмнің едәуір

дәрежесімен, орын алған жағдайға бейімделу қабілетімен

шартталған. Скандинавиялық үлгі капитализмнің (нарықтық

экономика) және социализмнің (мемлекеттік реттеу)

анағұрлым сәтті элементтерін прагматикалық тұрғыдан

біріктіргенін көрсетеді.

Сингапурдың стратегиялық прагматизмі ұлттық дамудың

анағұрлым серпінді бағыттарын анықтаумен және дұрыс

мағыналы логикаға негізделген бірізді батыл әрекеттермен

айқындалады.

Сонымен бірге, үздіксіз жақсарулар мен тұрақты өзін-өзі

жетілдіру саясаты Сингапурдың «ұлттық бірегейлігінің»

өзегіне айналды.10

1

2

Мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына дәстүрлі түрде

мынадай рухани құндылықтар тән:

1. «Жеті ата», «Тегі» – немесе бабаларымызды ардақ тұту,

2. «Тіл» – тіл мен мәдениет,

3. «Жер» – туған жер,

4. «Ел» – мемлекет-ұлт.

Осы кодтық түсініктер, яғни адамның келбетін,

адамгершілік қағидалары мен дәстүрлі мәдениетін,

дүниетанымын, өткен аға буын пен келер ұрпақтың

алдындағы жауапкершілігін, қоғам мен мемлекет алдындағы

міндеттемелерін, туған жерге деген сүйіспеншілік пен

батырлық, дәстүрлі қонақжайлылық пен әлемге ашықтық,

қазақ қоғамының бір бөлігіне айналған және оның рухани

құндылықтарын қабылдаған барлық ұлыстарға қатысты

интернационализм мен толеранттылықты қалыптастыратын

ген тәрізді қазақтың ұлттық мінезін қалыптастырды.

1.3 Ұлттық бірегейлікті сақтау

Рухани жаңғыру деген түсініктің өзі ұлттық санадағы өзгерістерді

білдіреді

Ұлттық сана-сезім көкжиектерін кеңейту – ол өз мәдениетіңді

жетілдіру, өзге мәдениеттің сындарлы элементтерін қабылдау

және ой сүзгісінен өткізу, өзіңді үдемелі даму жолында келе

жатқан әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезіну.

Ұлттың мәдениетін, өзінің ұлттық кодын, ұлттың ішкі

«Мен» деген өзегін сақтау

Жаңғыру – өзіңнің мәдениетіңді, атап айтқанда, дәстүрлерің

мен әдеп-ғұрыптарыңды, тілің, әуенің, әдебиетіңді, яғни ұлттық

рухани ерекшелікті құрайтын барлық нәрсені сақтаған кезде

ғана мүмкін болады. 11

3

Ұлттың дамуына мүмкіндік бермейтін өткен шақтың

элементтерінен бас тарту дегеніміз, ескірген моральдық

және рухани стереотиптер мен нұсқаулар түріндегі балластан

құтылу арқылы ұлттың қарқынды дамуы. Оларды ұстану

заманауи техниканың орнына алғашқы еңбек құралдарын

пайдаланумен бірдей.

ЕСКІРГЕН СТЕРЕОТИПТЕР:

Аймақшылдық алғашқы қауымдық құрылым кезінде өзекті болды, ол

кезде адамдар өзінің ру-тайпалық қауымдастығының аумағын,

сәйкесінше әлеуметтік және моральдық шекараларды нақты анықтап

алған болатын. Елдің, азаматтық қоғамның мүдделерін негізге ала

отырып, өзіңнің туған өлкеңді сүю және құрметтеу қажет.

Тамыр таныстық – әр адамның қосқан үлесі мен кәсіби қасиеттері

бағаланатын қоғамды құруға кедергі келтіреді.12

1

2

ФАКТІЛЕР

1.4 Білімнің салтанат құруы

Білімі жоғары адам ғана табысты өмір сүре алады, себебі ол білімінің

жоғары деңгейде болуының арқасында өз мамандығын

салыстырмалы түрде оңай өзгерте алады

Білім ғұрпы жалпыға бірдей болуы тиіс.Әр қазақстандық

күнделікті өзгеретін әлемде, ол білімінің деңгейі жоғары болған

кезде ғана бейімделе алатынын түсінуі тиіс.

Басымдықтар жүйесінде білім алу бірінші орында тұруы

тиіс. Білім алу әсіресе жастар арасында табыстың берік

факторымен байланысты болады.

Кезінде Абай, Ыбырай Алтынсарин, Әлихан Бөкейханов, Ахмет

Байтұрсынов сияқты және көптеген өзге данышпандар әл-ауқаттың

негізі деп білім алуды, өзге халықтардың зияткерлік жетістіктерінің

байлығына назар аударуды есептеді. Мұның мүмкіндігі тілдерді білу

арқылы ашылады, біздің көріпкел бабаларымыз: «Жеті жұрттың жеті

тілін біл» деген.

Қазіргі таңда Қазақстанда сапалы әрі бәсекеге қабілетті білім алу үшін

барлық жағдай жасалған. Қазақстандық білім жылдам бейімделе

және қайта бейімделе алатын жаңа ұрпақты қалыптастыруға

бағытталған.

ҚАЗАҚСТАН БҮГІН

Білім беру жүйесіне бөлінген бюджеттік шығындар үлесі

бойынша Қазақстан алдыңғы қатарлы елдердің қатарына

кіреді. 2016 жылы білім беру жүйесін қаржыландыру үшін шамамен

95 млрд. теңге жұмсалды.

ДЭФ ЖБҚИ рейтингінде Қазақстан «Жоғары білім және кәсіби

дайындық» критерийі бойынша 57-ші орында тұр.

2016 ж.13

Шетелде білім алу

Елімізде шәкіртақы төленетін «Болашақ» бағдарламасы

бар. Ол Майамида 2014 жылы өткен Going Global VIII

халықаралық конференциясында осыған ұқсас 11

бағдарламаның арасынан үздік деп танылды.

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі білім

Назарбаев университет отандық жоғары білім мен

ғылымның флагманына айналды. Оның базасында үздік

әлемдік тәжірибе есепке алынып, ұлттық зияткерлік

әлеуетті дамыту үшін жағдай жасалды.

негізі қаланған жыл 2009

Университет жанында 7 мектеп әрекет етеді, бакалавриат

мамандықтары бойынша бағдарламалар – 16, магистратура

мамандықтары бойынша бағдарламалар – 23

негізі қаланған жыл 2008

мектептер саны 21

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің мектептерінде

НЗМ базасында жаңартылған білім беру енгізілуде.

Еліміздегі барлық 7160 жалпы білім беретін мектептердегі

бірінші сыныптар жаңа бағдарламалар бойынша білім ала

бастады.

2017 жылдан бастап «Барлығына арналған тегін кәсіби-

техникалық білім» бағдарламасы әрекет етуде, ол

жастарға сапалы тегін білім алуға, сол арқылы өзінің әл-

ауқатының іргетасын қалауға мүмкіндік береді.

ФАКТІЛЕР

РрерЕР14

1

2

1.5 Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің барлық бертінгі тарихымыз тура және кесімді айтады:

тек эволюциялық даму ұлттың өркендеуіне мүмкіндік береді.

Біз тарих сабақтарын анық түсінуге тиіспіз

XX ғасыр революциялық дағдарыс белгісімен өтті. Мысалы,

Еуразияның көптеген бөлігінде 1917 жылы орын алған

радикалдық өзгерістер континенттегі барлық халықтар үшін бір

мағыналы болмады. Осы кезеңдегі түпкілікті

трансформацияның Қазақстан халқы үшін жағымды да,

қайғылы да салдары болды.

Әлемде болып жатқан жайттарға қатысты ойланған

маңызды. Революциялық жол – бұл бұзу жолы, теріс жол,

эволюциялық жол – бұл құрылу мен тәртіп жолы.

Сепаратисттік, діни, этникалық боямасы бар барлық

революциялар қалыптасқан дәстүрлі құндылықтарды,

солардың арасында тұғырнамалық, халықты құрушы

құндылықтарды жоюға бағытталған. Көптеген жағдайларда

олар зорлық-зомбылықпен және экономикалық дағдарыспен

аяқталды.

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ХХ ҒАСЫРДЫҢ ТАРИХ САБАҚТАРЫ

қайғылы жағымды

ұлттық дамудың шынайы

жолы күйреді  индустриалдандыру

ұлтқа үрейлі

демографиялық соққы

жасалды

әлуметтік және өндірістік

инфрақұрылымның

жасалуы

қазақ тілі мен мәдениеті

жоғалып кете жаздады

жаңа зиялылардың

қалыптасуы

Қазақстанның көптеген

өңірлерінің экологиялық

апат аумағына айналуы

Қазақстан

Республикасының

Тәуелсіздік алуы15

ФАКТІЛЕР

РРРР

3

Ливияда 2011 жылы болған азаматтық соғыс

2011 жылы адам басына шаққандағы ЖІӨ 2008 жылмен

салыстырғанда 2,5 есе төмендеді (2008 жылы $15937

болса, 2011 жылы $6375 құрады)

Сирияда 2011 жылдан бері болып жатқан азаматтық соғыс

2013 жылы адам басына шаққандағы ЖІӨ 2010 жылмен

салыстырғанда 2,5 есе төмендеді (2010 жылы $2750 болса,

2013 жылы $1100 құрады)

Украинада 2013-2014 жж. болған революция 2015 жылы

адам басына шаққандағы ЖІӨ 2013 жылмен салыстырғанда

1,8 есе төмендеді (2013 жылы $4000 болса, 2015 жылы

$2115 құрады)

Әр қазақстандық үшін эволюциялық даму идеологиялық

қағида ретінде жеке тұлғалық, индивидтік деңгейдегі

бағдарлардың бірі болуы тиіс. 16

1

ФАКТІЛЕР

2

ФАКТІЛЕР

1.6 Сананың ашықтығы

Барлық «менікі емес» деген нәрселерді әдейі итеру емес, үздік

жетістіктерді қабылдау мен ашықтық – жетістіктің кепілі және

сана-сезімнің ашықтығының бір көрсеткіші

Қазіргі заманның көптеген мәселелері, үлкен әрі жаһандық әлемнің

екпіндеп өзгеруінің, ал жаппай сананың «үй ауқымында» қалып

және барлық «өзінікі емес», яғни «бөгде» болып көрінген нәрселерді

әдейі итеруі салдарынан туындап отыр. Бұл мәдени оқшаулауға,

болып жатқан жергілікті және жаһандық үдерістерді бұрмалап

қабылдауға әкеп қана қоймайды, сондай-ақ ғылыми-техникалық

ілгерілеуді тежейді және сыртқы сын-тегеуіріндерге икемді әрекет ету

мүмкіндігін шектейді.

Ашық сана-сезімнің сипаттамалары:

Бүкіл әлемде, өз еліңнің айналасында, ғаламшардың өз

бөлігінде болып жатқан жайттарды ТҮСІНУ. Жаһандық

әлемде барлығы тығыз байланысты. Әр мемлекеттік әл-ауқаты

оның азамттарының экономикалық қызметінен ғана емес,

сондай-ақ ғаламшардың басқа бөлігінде болып жатқан

оқиғаларға тәуелді.

Жаһандық қаржылық дағдарыс 2008

жылы Lehman Brothers америкалық инвестициялық

банкінің банкроттығы туралы мәлімдемеден басталды.

Жапонияда болған жер сілкінісі 2011 жылды әлемдік

экономика тарихындағы ең шығынды жыл етті.

Сондықтан әлем туралы өз үйіміздің терезесінен қарап,

пайымдайтын болсақ, онда әлемге қандай дауылдар төніп келе

жатқанын байқамай қалуға болады және бізді кейде өз

тәсілдемелерімізді өзгертуге мәжбүрлейтін сыртқы қозғаушы

күштерді де түсінбей қалуымыз мүмкін.

Жаңа технологиялық құрылысты әкелетін өзгерістерге

ДАЙЫНДЫҚ. Ол жақын арадағы 10 жыл ішінде біздің

өміріміздің орасан көп құрамдас бөліктерін – жұмысты,

тұрмысты, демалысты, адаммен тілдесу тәсілдерін өзгертеді.

Осыған дайын болу қажет.

ДЭФ есебіне сәйкес, Индустрия 4.0. роботтық

техниканы, автономиялық көлікті, жасанды зияткерді,17

3

ФАКТІЛЕР

Анықтамалық

машиналардың, жаңа материалдардың,

биотехнологиялардың және геномиканың көмегімен

оқытуды жаппай енгізуді болжайды.

2026 жылға қарай кейбір компаниялардың

директорларын жасанды зияткер

ауыстыра алады, «ақылды» киім

ғаламторға қосылады, ал медицина 3D-

баспаға негізделеді.

«Индустрия 4.0» немесе төртінші өнеркәсіптік революция

зауыттық үдерістерге «киберфизикалық жүйелерді»

енгізу. Бұл жүйелер бір желіге бірігеді, бір-бірімен адам

араласпай-ақ, толықтай автономдық тәртіпте

байланысатын болады, өздігінен күйге келтіріліп, жүріс-

тұрыстың жаңа үлгілерін үйренетін болады.

Мысалы, бұйым өзін шығару барысында, оны шығара

алатын жабдықты өзі анықтай алады.

ОҚУ және өзгелердің тәжірибесін ҚАБЫЛДАУ

қабілеті. Жапония мен Қытай сияқты алдыңғы

қатарлы азиялық державалар, осындай қабілеттерді

классикалық іске асырушылар болып табылады. Бұл елдердің

алдыңғы қатарлы салалары өзгелердің тәжірибесі мен үздік

идеяларын қабылдауға негізделген.

Бастапқыда киім дайындауға арналған өнеркәсіптік тоқыма

станоктарын өндіруші ретінде негізі қаланған Тойота

компаниясы (Жапония), 1934 жылы америкалық компания

General motors-тың ChryslerAirflow седан үлгісінің негізінде

«кері инженерия» тәсілімен алғашқы көлігін жасап шығарды.

Қытайдың экономикалық өсімі шетелдік ғылыми-

технологиялық жетістіктерді меңгеруге негізделді.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіптің алдын алу

агенттігінің 2010 жылғы баяндамасында Қытай әскерінің

жаңғыруы, «қытайдың ғылым мен технологиялық 18

инфрақұрылымына құйылатын инвестицияларға, шетелден

жаңа қару-жарақты алуға «мықты» тәуелді» делінген

болатын. 19

ТАРИХТЫҢ

БАСТАУЫ

II. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР: ЖОБАЛАР

Қоғамдық сана жаңғырту қағидаларын жасап шығаруды ғана емес,

сондай-ақ дәстүрдің жойқын күштерін жұмсамай-ақ, уақыттың

еншісіндегі сын-тегеуіріндерге жауап қайтаруға мүмкіндік беретін нақты

жобаларды жасап шығаруды талап етеді.

Мен алдағы жылдары дамытуға болатын бірнеше нақты

жобаларды көріп отырмын

2.1 Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы

Біз бұл мәселеге ұқыпты және тиянақты келіп отырмыз. Бұл жерде

жайлап кезеңділік қажет. Және біз бұған тәуелсіздік алған

жылдардан бері аса мұқият дайындалдық.

2006 жылы Қазақстанның халықтар

ассамблеясының XII сессиясында Нұрсұлтан

Назарбаев қазақ тілін латын әліппесіне

ауыстыру мәселесін қарастыру жайлы бастама көтерді. Елбасы, латын

графикасы әлемдік коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие екенін

атап өтті.

2012 жылы «Қазақстан-2050» Жолдауында Елбасы латын әліппесіне

ауысудың нақты мерзімдерін белгіледі.

10 жыл ішінде қазақ тілін латын әліппесіне

ауыстыру идеясы жан-жақты талқыланды және

қазақ тілінде сөйлейтін халықтың қолдауына ие

болды. Елбасының сол тарихи сөзінен кейін

латын әліппесіндегі қазақ тілінде жасалған

жаңалық сайттары мен ойын-сауық сайттары

әрекет ете бастады.20

ЗАМАНАУИ КЕЗЕҢ

ФАКТІЛЕР

Сол кезден бастап көптеген аспектілер мен

нюанстар зерделенді. Кезінде тілінің

лингвистикалық және филологиялық

ерекшеліктеріне байланысты латын әліппесіне

ауысу қажеттілігіне тап болған Әзірбайжанның,

Түркіменстанның, Түркияның және

Өзбекстанның тәжірибесі зерделенді. Сондай-ақ

латындандырылған әліппе 1929 жылдан бастап 1940 жылдар

аралығында қолданылғанын ескерген жөн.

Латын әліпбиіне ауысу – қазақ тілін

дамытудың технологиялық кезеңі, оның

артықшылықтары болып технологиялық, экономикалық, ғылым-білім

және өзге тізбектерде анағұрлым оңай интеграциялануы, ғаламтор

кеңістігіндегі ақпаратқа айтарлықтай үлкен қолжетімдік, қазақ тілін

оқуды жеңілдету және т.б. табылады.

Бүгінгі таңда латын әліпбиіне ауысудың айтарлықтай сүйенішіне

Қазақстанда ақпараттық технологияларды меңгерудің жоғары

деңгейін айтуға болады. Сондықтан бұрын айтарлықтай шығынды,

еңбек сыйымдылығы жоғары және бір сарынды болған көптеген

үдерістер заманауи технологиялардың көмегімен айтарлықтай

жеделдетілуі мүмкін.

2017 жылдың соңына дейін қазақ әліппесінің жаңа кестесіндегі

бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданатын болады. 2018 жылдан

бастап жаңа әліппені үйрететін кадрларды және қазақ мектептерінің

орта буынына арналған оқулықтарды дайындау басталады. Осы екі

жыл ішінде тиісті ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыс

жүргізілетін болады. Бейімделу кезеңінде кириллица да

қолданылатын болады. Тек 2022 жылы ғана бірінші сынып

оқушылары қазақ тілін латын әріптерімен оқи бастайды.

Латын тіліне ауысудың

сәтті мысалдарының бірі

болып Әзірбайжан табылады.

Бұл елде латын әліпбиіне ауыстыру 1992

жылы біртіндеп басталып, 2001 жылы

аяқталды. Қазіргі таңда мәдени және

ғылыми даму деңгейі бойынша

Әзірбайжан посткеңестік кеңістіктің

көшбасшыларының бірі болып табылады.

2.2 Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық21

ФАКТІЛЕР

1

2

3

Барлық ең заманауи туындыларды алып, оларды мемлекеттік қазақ

тіліне аудару қажет

Әр ұрпақтың үйлесімді өсуі ғылыми-техникалық және экономикалық

эволюциямен қатар, әлеуметтік эволюцияға да негізделуі тиіс.

Гуманитарлық білім саласындағы жаһандық бәсекелестік білікті

мамандардың болуын талап етеді және ол үшін тиісті шараларды

қабылдау қажет:

Гумантарлық ғылымдар студенттерінің сапалы білім алуы үшін

жағдай жасау. Мемлекет өз тарапынан еліміздің ЖОО-ғы

гуманитарлық кафедраларды қалпына келтіреді

Әлемнің 100 үздік оқулығын әртүрлі тілдерден қазақ тіліне

аудару. 2018/2019 оқу жылынан бастап студенттер осы

оқулықтар бойынша білім алуды бастайды

Мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру. Бюро

Үкіметтің тапсырыстарын 2017 жылдың жазынан бастап

орындай бастайды

ӘЛЕМ ТАРИХЫНДА

Барлық өмірлік маңызы бар салалардың дамуында

аудармалардың мәнін шамадан тыс бағалау қиын. Мысалы,

кезінде Араб халифаты адамзаттың ғылыми дамуының

бесігіне айналды. Аль-Мамун халифі IX ғасырдың 20-шы

жылдары Бағдадта негізін қалаған Ислам академия көне

шығармаларды араб тіліне аудару арқылы көне мұраны

ислам әлемінде белсенді таратты.

Аударма ісін дамыту Араб халифатын одан әрі зияткерлік

дамытудың кепіліне айналды. Ауларылған еңбектерді

сақтау үшін ислам әлеміндегі алғашқы кітапханалар

құрылды, араб ғылыми терминологиясы қалыптасты.

Араб әлемінің әртүрлі бұрышында тұрып жатқан ғалымдар

меңгерген білімді (бірінші кезекте, медицина саласында)

одан әрі дамытты және байытты. Араб ғалымдарының көне

білімге назар аударуы, оларды одан әрі теориялық және

тәжірибелік тұрғыдан дамытуы Ренессанс пен Батыстағы

Ағартушылық дәуірінің негізін қалады.22

XX ғасыр «аударма ғасырына»

айналды, ол кезеңде

технологиялар, жаңа ғылыми

білім, мәдениет және т.б.

қарқынды дамығандықтан,

аудармаға деген қажеттілік өткір

сезілді. Жекелеген туындылардың

бөлек-бөлек аударылуының

орнына жекелеген авторлардың шығармаларының

жиынтығын жүйелі түрде басып шығару алмастырды.

Мысалы, М. Горькийдің бастамасымен «Дүниежүзілік

әдебиет» баспасы құрылды (1919-1927 жж.), одан

«Дүниежүзілік әдебиет кітапханасы» 200-томдық

топтамасы (Бальзактың, Стендалдың, Гейненің,

Шиллердің, Байронның және басқаларының шығармалары)

жарық көрді.

Сондай-ақ, мысалы, ҚХР

құрылғаннан кейін, ұлттық

мәдениет пен ғылымды байытуда

аудармалардың өркениетті

атқарымдары бар екенін ұғынып,

елде жаңа талаптарға сәйкес

келетін, айтарлықтай күшті

аударма мектебін құрды. 70-ші жылдандың соңында – 80-

ші жылдардың басында реформалар және ашықтық

саясатының басталуына байланысты, ҚХР-да аудармалар

туралы ғылыми білім жүйесін қалыптастыру қажеттілігі

туралы сөз көтерілді.

Заманауи Қытайда аударма - бұл лингвистика саласындағы

және өзге ғылымдар саласындағы ең жаңа

технологияларды, жаңа білімді тартатын жоғары дамыған

индустрия.23

1

2

3

2.3 ТУҒАН ЖЕР

Отаншылдық өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе

деген сүйіспеншіліктен бастау алады...

Барлық уақытта ұлттық бірегейліктің тұғырнамасы болып туған жер

табылды, оның айналасында онда тұратын барлық ұлттардың

дәстүрлері мен мәдениеті қалыптасты. Отанға деген сүйіспеншілік

сияқты әлеуметтік сезім тіршілік әрекетінің барлық салаларында жаңа

жетістіктерге жетуге итермелейді.

Өз Отаныңа деген ұқыпты ізетті қатынас өз жеріңе, еліңе, қоғамыңа

деген тығыз эмоциялық іңкәрліктің негізінде туындайды.

Отаншылдық радикалдық қозғалыстардың әсерінен қорғайтын күшті

қалқан болып табылады.

Өз жеріңе, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен дәстүрлеріне ерекше

қатынасты қалыптастыру және ғұрыптау қажет. Қазіргі

қазақстандықтар өз бабаларының осы жер үшін, оның аядай әр бөлігін

сақтап қалу үшін, өзінің әдет-ғұрпын сақтау мүмкіндігі үшін, өз

ұрпағына еркін болашақты қамтамасыз ету үшін күрескенін түсінуі

қажет.

Мысалы, бүгінгі таңда Қазақстанда Ұлы Отан соғысы әсерін тигізбеген

бір де бір қазақстандық отбасы жоқ. Бұл үрей тудырған өткен өміріміз,

бірақ, ол баршаға ортақ өткен шағымыз, оның қиындықтарын біздің аға

буын иық тіресе, бірлесе отырып жеңді. Осыны түсіну отаншылдық

рухын нығайтып, азаматтарды біріктіруге және сырттан әсер ететін

күштерді жеңуге ықпал етуі тиіс.

Сондықтан «Туған жер» сияқты бағдарламаны жасау қажет. Оның

негізгі қызметі орталықсыздандырылып жүргізілетін болады.

Президент атап өткен сапалық құрамдас бөліктер үш қадамнан

тұрады:

Білім беру, экология және абаттандыру салаларында күрделі

өлкетану жұмысын ұйымдастыру, өңірдің тарихын зерделеу,

мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті ауқымдағы

мәдени нысандарды қалпына келтіру.

Орналасқан орнына қарамастан, өзінің туған өлкесіне қолдау

көрсеткісі келген бизнесмендерге, шенеуніктерге, зияткерлік

өкілдеріне және жастарға қол ұшын созу.

Отаншылдық ынтасына қарай жүйелі және ұйымдастырылған

тәсілдеме, бұл жерде ол туған өлкеге көмектесетін қолдау

көрсету мен әлеуметтік құрметтің әртүрлі нысандарын, соның 24

ФАКТІЛЕР

ішінде демеушілік көмек механизмін білдіреді.

«Туған жер» бағдарламасы мейлінше кең мақсатты «Туған ел»

бағдарламасына ұласады. Өзінің туған еліңе (Қазақстанға деген) –

Отаныңа деген махаббат кіндік кескен туған жерден басталады.

Әлемде мұндай жұмыстарға ерекше назар аударылады.

Мысалы, жергілікті тарихты зерделеу / өлкетану жөніндегі

жұмыстарды әртүрлі шетелдік ұлттық институттар жүйелі түрде

жүргізеді. Олар тоқсан сайынғы журналдарды шығарады,

жергілікті тарих бойынша кітаптар мен кітапшаларды басып

шығарады, негізгі мұрағат қоймаларына, кітапханалар мен

мұражайларға жүйелі түрде экскурсиялар жүргізеді.

Мысалы, Норвегиялық өлкетану институты

Норвегияның Мәдениет министрлігі жанындағы

агенттік болып табылады. Норвегияның өңірлік тарихын

мадақтау және дамыту үшін оның негізі 1955 жылы қаланған

болатын. Сондай-ақ институт жергілікті тарихтың жоғары кәсіби

және педагогикалық деңгейін ынталандырады.

Британиялық өлкетану қауымдастығының

Ұлыбритания бойынша кең желісі бар және ол барлық

әуесқойлар мен кәсіпқойларды бір қанаттың астында біріктіреді.

Америкалық өлкетану қауымдастығы 1940

жылы құрылды, ол Құрама Штаттары мен Канаданың

мемлекеттік, провинциалдық және жергілікті тарихы

саласындағы қызметке ықпал ету үшін арналған.

Тарихи қоғамды зерделеу жөніндегі Корольдік

Австралиялық институт 1901 жылы құрылды. Институт әртүрлі іс-

шараларды ұйымдастырады, басылымдарды жариялайды, өзіне мүшелік

ететін желідегі жекелеген тұлғалар мен жергілікті тарихи қауымдастықтарға

консультациялық қызмет көрсетеді.25

1

2

3

2.4 Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе

Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы

Бүгінгі күні жат идеологиялық әсерлердің ықпалдары туралы сөз

қозғаған кезде, олар өзге халықтардың белгілі құндылықтарына,

белгілі мәдени таңбаларына негізделетінін ұмытпаған жөн. Ал

оларға өзіндік ұлттық таңбалама ғана қарсы тұра алады

Адамның адамгершілік дамуы оның туған жерімен рухани

байланысына сүйенеді. Жер бетінде өмір сүрген ұлы адамдардың

ерліктері, олардың есімдерін құлшылық етуге және мәдени баюға

арналған жерлер түрінде мәңгі есте қалдырды. Бабаларымызбен

осындай байланыс орнату қазіргі таңда өмір сүріп жатқан адамдардың

адамгершілік байлығын анықтайды.

Тіпті, қазіргі технологиялық әлемде рухани бағдарды таңдау жеке

тұлғаның жеке қасиеттерін үйлесімді дамыту қажеттілігі болып

табылады. Өз кезегінде, қасиетті жерлердің мәдениет және рухани

мұра тұрғысынан маңызды бірыңғай өрісі мен бірыңғай тізбегін

қалыптастыру осы таңдауды жеңілдетеді.

«Қазақстанның киелі географиясын» құрастырған кезде негізгі үш

элемент ескерілетін болады:

Әр қазақстандықты «Қазақстанның мәдени-географиялық

белдігіне» қатысты танымдық дайындау.

БАҚ-тың ақпараттық-үгіттеу жұмысын ілгерілету бойынша

жүйелік тәсілдемесі.

Ішкі және сыртқы мәдени туризмнің халықтың символикалық

мұрасымен шоғырлануы

Қазақстанның тарихи мұрасы

Қазіргі таңда елімізде көптеген тарихи және мәдениет ескерткіштері

бар. Олардың арасында 218 республикалық маңызға, ал 11 277

жергілікті маңызға ие нысандар.

Барлық қасиетті және мәдени нысандардың бірыңғай өрісін

қалыптастыру, ұлттық сана-сезімде оларды бір жерге қиыстыруға

мүмкіндік береді. Тарихи және мәдени ескерткіштер біздің ұлттық

құндылығымыздың тірегі болуы керек.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралары тізіміне Қазақстан

Республикасындағы 5 ескерткіш кіргізілген, олар: Қожа Ахмет

Яссауидің кесенесі, Тамқала археологиялық ландшафтының 26

ФАКТІЛЕР

петроглифтері, Сарыарқа – Солтүстік қазақстанның далалалы мен

көлдері, Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолының

нысандары, табиғи нысандар – Қорғалжын және Наурызым қорықтары,

Батыс Тянь-Шань.

Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу үшін кандидаттар: Отырар алқабының

археологиялық нысандары, Мерке Түркі ғибадатханасы және

басқалары (барлығы 13 нысан).

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мәдени және киелі желер

туристтік саланы дамытуға айтарлықтай ықпал етеді.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының маңызды

нысандарының мысалдары: Иерусалимдегі ескі қалаға жыл

сайын бүкіл әлемнен 3,5 млн. құлшылық етушілер мен

туристер келеді.

Саграда Фамилия – Испаниядағы Қасиетті отбасы Соборын

көруге жыл сайын 3 млн. астам туристер келеді.

Каппадокия қаласы (Түркия) христиандық әлемнің маржаны

болып табылады. Гереме ұлттық паркі мен Каппадокияның

үңгіртау қоныстарына жыл сайын 1,6 млн. астам туристер мен

құлшылық етушілер келеді.27

ФАКТІЛЕР

2.5 Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет

Әлем бізді мұнай ресурстары мен ірі сыртқы саяси бастамалар

бойынша ғана емес, сондай-ақ біздің мәдени жетістіктеріміз

бойынша білуі тиіс.

Қазіргі таңда көптеген елдер мәдениетті шетелдердегі өз мүдделерін

ілгерілету үшін «жұмсақ күш» ретінде пайдалануда. Біздің елімізден

көптеген тауарлар мен қызметтер экспортталады, және заманауи

Қазақстан өзінің мәден мұрасымен бөлісу үшін жеткілікті көлемде

мәдени тұрғыдан дамыды.

Бәсекеге қабілетті қызметтің кез-келген түрі сияқты мәдениет те жақсы

ойластырылған және өміршең болуы тиіс. Бұл үшін тұжырымдамадан

бастап «тұтынушының» реакциясына дейінгі әр кезеңді әдістемелік

тұрғыдан қалыптастыру қажет.

Өз кезегінде, Елбасы осы мақсатқа жетудің өзекті сәттерін атап өтті,

олар:

Отандық мәдениет туралы БҰҰ-ң алты тілінде: ағылшын, орыс,

қытай, испан, араб, француз тілдерінде айтылуы үшін мақсатты

тәсілдеме

Заманауи мәдениет

Материалды ұсынған кезде заманауи технологияларды пайдалану

Үлестес министрліктер мен мемлекеттік органдардың жүйелі

қолдау көрсетуі арқылы мемлекеттік қолдау

Шығармашылық зияткерлердің белсенді қатысуы

2017 жылы әлемге нені көрсеткіміз келетінін шешу керек, маңызды

шешім қабылдау керек. Ал алдағы 5-7 жылда бағдарламаны жүзеге

асыру қажет.

Әлемдік тәжірибеде көптеген мәдени нысандар елдің

брендіне және визиттік карточкасына айналды, және

оларға көптеген туристер қызығушылық танытады

Париждегі Лувр ұлттық көркем мұражайына жылына 9,7 млн.

астам адам, Британиялық мұражайға жылына 6 млн. адам,

Сиднейлік опера театрына жылына шамамен 4,5 млн. адам

келеді.28

1

2

3

2.6 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ

Біздің жанымызда Тәуелсіздік дәуірінде туған көптеген

көрнекті замандастарымыз бар. Олардың өмірден алынған

әңгімелері кез-келген статистикадан артық сендіре алады. Біз

оларды өзіміздің теледидарлық деректендірудің кейіпкерлері етуге

тиіспіз. Біз оларға еліктеудің, өмірге деген парасатты және ақиқат

көзқарастың үлгісі етуіміз керек.

Қазіргі қазақстандық, ол кім? Табысқа қол жеткізу үшін, қандай

қасиеттерге ие болуы керек? Қиын жағдайларда ол нені басшылыққа

алады? Осы сұрақтарға «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жауап

береді.

Жобада нақты мамандықтардың иелері, қазіргі Қазақстанның

дамуына өз үлесін қосқан замандастарымыз көрсетілетін болады. Өз

кезегінде бұл халықтың өз күшіне сенуінің және болашақта дамуға

ынталандырудың қайнар көзіне айналады.

Сонымен қатар, «100 жаңа есім» бағдарламасы жас ұрпақ үшін бағдар

болады. Жасына, жынысына, ұлтына және діни сеніміне қарамастан,

осы адамдардың жетістіктерінің тарихы өмірге деген парасатты және

ақиқат көзқарастың призмасына айналады.

Аталмыш бағдарламаның мынадай мақсаттары бар:

Қоғамға өз қолымен, ақылы мен талантының арқасында

заманауи Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосып жүрген

шынайы тұлғаларды көрсету

Біздің көрнекті замандастарымызға қолдау көрсету және

дәріптеу үшін жаңа мультимедиялық ақпараттық алаң жасау

Жалпы ұлттық ғана емес, сондай-ақ өңірлік «100 жаңа есім»

жобаларын жасау. Ұлтымыздың алтын қорын құрайтын

тұлғаларды білуге тиіспіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі