Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Елбасы жолы-ертеңге өнеге» ашық тәрбие сағаты 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:«Елбасы жолы-ертеңге өнеге»
Мақсаты:
а)Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант
иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген,
халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройына қсақтатып
Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елісүйген Елбасынан үлгі алуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, шарлар, слайд,нақыл
сөздер.
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы:
І. Мұғалімнің сөзі:
Мұғалім: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас
мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақжолын ту
етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті
ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік
ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың құрметіне арнағалы
отырмыз!
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың
тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
І жүргізуші – Диас: Алаулаған алабынан нұр тамып, Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып. Көк байрағың желбірейді төріңде, Әнұранын тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
ІІ жүргізуші – Ақерке Қиялы ұшқыр ойлы адам, Әлемге болған аты аңыз. Ұрпақтың қамын ойлаған, Аман-сау жүрші, Атамыз. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елбасы жолы-ертеңге өнеге» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер.
І жүргізуші – Диас: Би «Флешмоб»
ІІ жүргізуші – Ақерке: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырған екен. Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
1оқушы – Зерда: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2 оқушы- Лұқпан: Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.
І жүргізуші – Диас: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
ІІ жүргізуші – Ақерке: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
3 оқушы – Нұрдәулет: Елбасымыз - еліміздің тірегі, Ел ертеңін үнемі ойлап жүреді. Бар қазақтың мақтанышы Астана, Үлкен елдің, байтақ жердің жүрегі
І жүргізуші – Диас: Ән «Қазақстан» орындайтын Адилов Ислам
4 оқушы – Расул: 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
5 оқушы – Гулфайрус: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.
6 оқушы – Бекәлі: Бар өмірін өз еліне арнады,
Мәңгілік елге айналдыру арманы.
Бейбіт елдің күн жүзеді көгінде,
Азаттығы қыран болып самғады.
7 оқушы – Аққу:
Ел басқарған Нұрсұлтандай атам
бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам
бар.
Бірде шырқап, бірде төмен
құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Аман болсын Нұрсұлтандай ер
бабам.
Әлдилеп дала сырын, сан
ғасырын,
Толқыған ұлы өзендер арнасымын.
Осынау қалың елім, жұртым деген,
Тілегі қабыл болсын
Елбасының.
Бірлігін, қаншама ұлттың
татулығын,
Айшықтап,
Ай-жылдарым жатыр бүгін.
Жебей гөр,
Көкте Тәңір,
Жерде халқы,
Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды
ұлын!
Естімейік енді елдің
жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құтты болсын «нұрлы жолы» Нұр
атаның.
Көпшілігім кемімей толсын
деймін,
Барлық елдің басына бақ қонсын деймін.
Келешекте Қазақстан Республикасы-
Орта Азияның «барысы» болсын
деймін!!!
Елбасы байтақ елдің
арысысың,
Елорда - Қазақстан намысысың.
Астана күннен-күнге құлпыра бер,
Азияның теңдесі
жоқ барысысың!
Ел болдық, ерік алдық
астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен
басталады.
Өткен ғасыр зардабымен
қоштасып,
Келешекке шаттықпенен жол ашып,
Болашақтың асуына Нұрағаңмен
Жастар бірге барса екен қол
ұстасып.
Қазақтың өрге тартты
Нұрсұлтаны,
Жарқырап, атсын жайнап әрбір таңы.
Дамыған елу елге қосылам деп,
Ерен ер алға қарай бір
шырқады.
Қазаққа Тәңір берген барлығын
да,
Кең байтақ даланы да, таң нұрын да,
Ақылман Нұрсұлтандай нар ұлын
да!..
Қазақпенен әрқашан
мақтанамын,
Қазағым: «Аттан!» десе
аттанамын.
ІІ жүргізуші – Ақерке: Қазақ биі орындайтындар: Төлеубай Гулфайрус,Толеутай Меруерт
8 оқушы – Нұртас: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!
9 оқушы – Айдана: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
10 оқушы –Омар: Елбасым ер жүректі ер мінезді,
Елімді айналдырған гүл күмбезге
Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,
Жарқыраған қазағымның күні емес пе.
11 оқушы –Нұрадым: Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,
Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,
Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,
Елімнің шығардыңыз биік үнін.
12 оқушы –Елдос: Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Арманын орындадың бабалардың,
Көтердің көкшіл туын даналардың
Қазақтың асқақтатар өр рухын,
Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
Ұл едің қатарынан артық туған,
Еңбекке жастайынан белін буған.
Танытып әрбір елге белін буған,
Жастарға жалын бердің білім қуған.
ІІ жүргізуші – Ақерке: Ән «Батырлар ұраны» орындайтындар: Сахиев Диас,Адилов Ислам
ІІ жүргізуші – Ақерке: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. 13 оқушы – Диана Әрбір ұлтқа бауырым деп қараған, Татулықты зор жеңіс деп санаған. Достық пенен сыйластықты ту етіп, Халқың үшін қашандағы бол аман.
14 оқушы – Хамитбек:
Отан деген-әр адамның жүрегі,
Оған ел де, жер де, су да кіреді.
Отанымды бар әлемге паш еткен,
Президентім-мақтанышым, тірегім.
15 оқушы – Елдос: Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
16 оқушы – Ұлпан: Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,
Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым, айналайын, атқан таңым
18 оқушы– Кәусар: Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
І жүргізуші – Диас: «Тұмар» биі орындайтындар: Абдуахит Аққу,Жолдасбек Мөлдір
ІІ жүргізуші – Ақерке: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шығарған өлең шумақтарына кезек берейік.
Т.Меруерт Ақнұр У
Айдос Қ
Диана Ж
Ислам А:
Болашағым Қазақстанның
алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін , Нұрсұлтан Назарбаев!
І жүргізуші – Диас: Ән «Астана» орындайтын: Нөкенбаева Нұрай
ІІ жүргізуші – Ақерке. Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген нақыл сөздері.
19-оқушы: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.
20-оқушы: Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.
21-оқушы: Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!
22-оқушы: Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
23-оқушы: Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.
24-оқушы: Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
І жүргізуші –
Диас: Төле би сөзімен бүгінгі күнгі
іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
ІІ-жүргізуші –
Ақерке:
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне
жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ
екенімізді сезінеміз»
1-жүргізуші – Диас: Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
Хор: «Елім менің»