Материалдар / «Елбасы жолы-ертеңге өнеге» ашық тәрбие сағаты 9 сынып

«Елбасы жолы-ертеңге өнеге» ашық тәрбие сағаты 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақжолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
884
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Елбасы жолы-ертеңге өнеге»Мақсаты:а)Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.ә)Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройына қсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.б)Елін сүйген,елісүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Елбасы суреттері, шарлар, слайд,нақыл сөздер.Түрі: тәрбие сағаты  Барысы: І. Мұғалімнің сөзі: Мұғалім: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекетҚазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.            Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақжолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткеріҚазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.І жүргізуші – Диас: Алаулаған алабынан нұр тамып, Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып. Көк байрағың желбірейді төріңде, Әнұранын тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)ІІ жүргізуші – Ақерке Қиялы ұшқыр ойлы адам, Әлемге болған аты аңыз. Ұрпақтың қамын ойлаған, Аман-сау жүрші, Атамыз. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елбасы жолы-ертеңге өнеге» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер.І жүргізуші – Диас: Би «Флешмоб»

1оқушы – Зерда: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. 2 оқушы- Лұқпан: Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  І жүргізуші – Диас: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. ІІ жүргізуші – Ақерке: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.3 оқушы – Нұрдәулет: Елбасымыз - еліміздің тірегі, Ел ертеңін үнемі ойлап жүреді. Бар қазақтың мақтанышы  Астана, Үлкен елдің, байтақ жердің жүрегіІ жүргізуші – Диас: Ән «Қазақстан» орындайтын Адилов Ислам4 оқушы – Расул: 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 5 оқушы – Гулфайрус: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. 6 оқушы – Бекәлі: Бар өмірін өз еліне арнады,Мәңгілік елге айналдыру арманы.Бейбіт елдің күн жүзеді көгінде,Азаттығы қыран болып самғады.

7 оқушы – Аққу: Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар, Көк алқапты жасыл жайлау далам бар. Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген, Ақ ниетті халық деген данам бар.Бірде шырқап, бірде төмен құлаған, Өмір жолы болған қиын бұралаң. Қазағымды жарқын жолға бастады, Аман болсын Нұрсұлтандай ер бабам.Әлдилеп дала сырын, сан ғасырын, Толқыған ұлы өзендер арнасымын. Осынау қалың елім, жұртым деген, Тілегі қабыл болсын Елбасының.Бірлігін, қаншама ұлттың татулығын, Айшықтап, Ай-жылдарым жатыр бүгін. Жебей гөр, Көкте Тәңір, Жерде халқы, Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды ұлын!Естімейік енді елдің жылағанын, Қайта құлап, бостандық сұрағанын. Абылайдың жолымен алға басқан, Құтты болсын «нұрлы жолы» Нұр атаның.Көпшілігім кемімей толсын деймін, Барлық елдің басына бақ қонсын деймін. Келешекте Қазақстан Республикасы- Орта Азияның «барысы» болсын деймін!!!Елбасы байтақ елдің арысысың, Елорда - Қазақстан намысысың. Астана күннен-күнге құлпыра бер, Азияның теңдесі жоқ барысысың!Ел болдық, ерік алдық астаналы, Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі Нұрсұлтанның атымен басталады.Өткен ғасыр зардабымен қоштасып, Келешекке шаттықпенен жол ашып, Болашақтың асуына Нұрағаңмен Жастар бірге барса екен қол ұстасып.Қазақтың өрге тартты Нұрсұлтаны, Жарқырап, атсын жайнап әрбір таңы. Дамыған елу елге қосылам деп, Ерен ер алға қарай бір шырқады.Қазаққа Тәңір берген барлығын да, Кең байтақ даланы да, таң нұрын да, Ақылман Нұрсұлтандай нар ұлын да!..Қазақпенен әрқашан мақтанамын, Қазағым: «Аттан!» десе аттанамын. ІІ жүргізуші – Ақерке: Қазақ биі орындайтындар: Төлеубай Гулфайрус,Толеутай Меруерт 8 оқушы – Нұртас: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға! 9 оқушы – Айдана: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың, Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері, Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр, Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр, Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа, Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген. Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге, Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде. Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға, Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...

10 оқушы –Омар: Елбасым ер жүректі ер мінезді,Елімді айналдырған гүл күмбезгеӨзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,Жарқыраған қазағымның күні емес пе. 11 оқушы –Нұрадым: Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,Елімнің шығардыңыз биік үнін.



12 оқушы –Елдос: Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.Жер шары әлемдегі барлық елдер,Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.Арманын орындадың бабалардың,Көтердің көкшіл туын даналардыңҚазақтың асқақтатар өр рухын,Ақтадың аппақ сүтін аналардың.Ұл едің қатарынан артық туған,Еңбекке жастайынан белін буған.Танытып әрбір елге белін буған,Жастарға жалын бердің білім қуған. ІІ жүргізуші – Ақерке: Ән «Батырлар ұраны» орындайтындар: 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ