Елбасы
жолы
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев-Қазақстан елінің
дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара
тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген,
ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын
айбарлы адам. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы
облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында
дүние есігін ашқан. Ал 1991 жылдың 1
желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан
Республикасының Президенті болып
сайланды.
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев - елбасы болып сайланған
соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы
егемендігіміздің алғашқы күнінен
бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да,
айтатыны да еліміздің тыныштығы мен
бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы,
халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау
болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке
айналар жолында, не қилы қиындықтар
кезінде халқын қолдап, рух-жігерін
көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін
қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда,
елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына
нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың
арқасында біз көп жетістіктерге қол
жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ
еліміз, тұңғыш Президентіміздің
басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға
аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен
қатар, еліміздің экономикасын жақсартып,
халқымыздың әл ауқатын көтерді.
Бүкіл
әлемге жақсылықтың нұр сәулесін шашып,
ғаламат сезімге бөлейтін бұл жұлдызды,
мен, еліміздің арқа сүйері, халықтың
сенімі мен үмітіне айналған Елбасы
Нұлсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға
балаймын. Ия, тәуекелшіл ұлтына, асыл
жұртына еңкейе бас иген біртуар перзентін
өздерінің биік шоқжұлдызына неге
теңгермеске?
Сонау
шулы да шырғалаңы мол ғасырлардың жұмыр
басты пендесінің шақшадай басын шарадай
еткені – тарих беттерінің еншісінде
қалсын. Алайда, ешкім де, ешнәрсе де
естен шықпас, тарих беттерінде мәңгілік
сақтала бермек.
«Елу
жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан»
дейді ғой халқымыз. Қазақ елі талайғы
ғасырдың куәсі болып, ендігі кезекте
сол ғасырдың тонын шешіп, еркіндік пен
жеңілдіктің тәтті нанын татып, бақытқа
кенеліп жатқаны - Елбасының нар жүгіндей
көтерген сарабдал саясатының арқасы.
Халық азаттық ғасырдың, Тәуелсіз ғасырдың
Ақордасын Көшбасшымызбен бірлесе тікті.
«Тәуелсіздік»
деген ұғыммен есімі бірге аталатын
Ұлтының Лидері Нұратамыз ел билігін өз
қолына тізгіндегелі бері оның өз тағдыры
ел тағдырымен өзектес болып, бұтағын
кең жайған алып бәйтеректің діңгегі
сияқты тұтасқан-ды. Бәйтерек демекші,
Еуразия құрлығының қақ төрінде арқасын
кеңге жайған жасыл желек жазиралы
Сарыарқамның, иен даламның төрінде
тамыры терең мәуелі бәйтерек сонадайдан
көздің жақұтындай көрінеді. Тап бір
ертегідегідей мәуелі ағаш мемлекетіміздің,
Астанамыздың, біздің бақытты болашағымыздың
символындай. Қазақ халқының ертегідегі
ой – қиялының шындыққа ұласқаны іспетті.
Тамыры
тереңге жайылған, аспанмен астасқан
бәйтеректей алып мемлекетім – Қазақстаным!
Тәуелсіздік
туын желбірете қалықтап самғай бер,
қыран құсым!
Тұғырлы
тәуелсіздіктің жібі тарқалмасын!
«Болашақ»
деген ұғым бар. Келешегіміз кемелді
болсын десең, болашағымыз баянды болсын
десең, Міржақып Дулатов атамыз
ұрандағандай, «Оян, қазақ!». Кемелденген
болашағымыздың іргесін ірітіп алмайық,
ағайын! Сол себепті «түн ұйқысын төрт
бөліп» тыным көрмей жүрген Елбасымыз
өзінің халқына деген кезекті Жолдауын
жолдап отыр. «Аты затына сай» дегендей,
аты айтып тұрғандай «Болашақтың іргесін
бірге қалаймыз!» деп үндеген Елбасы:
«Биыл
- біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел
тәуелсіздігінің 29 жылдығына қадам
бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан
күнге жеткізген бұл жолда біз биік
белестерді бағындырдық. Естеріңізде
болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауында
елбасы былай деген еді:
«2030
жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай
әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып
қоймайтын елде өмір сүретін болады».
Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер
аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл
межеге біз 20 жылда емес, бір мүшел жаста
ғана жеттік!
2010
жылы Астанада 56 елдің басшылары мен
халықаралық ұйым өкілдерінің басын
қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.
Жұлдызымды
жарқырата түскен бұл мерейлі белестен
бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.
Талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен
қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі
үш елдің бірі болдық.
Біз
Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен
дәулеті келіскен Астана салдық.Есілдің
жағасына серпінді дамуымыздың символы
болған еңселі Елорда қондырдық. Халқы
тату, саясаты сарабдал елдің ғана
қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.
Осы
жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді
асырған барша жетістіктеріміз – біздің
ортақ табысымыз.
Халқымызда
«Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған
жолы дұрыс болады» деген даналық сөзі
бар.