400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елбасы күні тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Ұлтына қамқор- Елбасы

Мақсаты:

Білімділік- Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,ерекше тұлға екенін таныстыру.

Дамытушылық- Халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын асқақтатып жүрген Елбасына деген сұйіспеншілікті арттыру.

Тәрбиелік- Елбасымыздан үлгі ала отырып патриот ,білімді ұрпақ болып өсуге тәрбиелеу.

Түрі: ашық сабақ

Сабақ көрнекілігі:Слайд,сурет,гүлдер.

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Музыка әуенімен қысқы кешке саяхатқа шығамыз.

“Көзімізді жұмамыз.Қыс мезгілдегі көрністі елестетеміз.Күн щығып,қар жылт-жылт етеді. Ауа бірден өзгеріп,аспанды қара бұлт басып,лезде жапалақтап қар жауа бастады.Терезеден сыртқа қарап отырырғам,лезде далаға шықтым.Жапалақтап жауып жатқан қарға екі алақанымды созып тұрдым. Жапалақтаған қарлар менің қолыма келіп,қона бастады. Менің бойымда қуаныш,шаттыққа толы сезім пайда болды.Екі алақаным аппақ ұлпа қарға толы үйге келдім.көзімді жайлап ашып,алақанымызға қараймыз. Алақанымызда қар бар ма?”

Балалар: -Жоқ еріп кетті.

-Балалар Неге еріп кетті деп ойлайсыңдар?

Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар,балалар,біздің алақанымызда жылу бар,ол жай жылу емес.Бір-бірімізге жақсылық,мейірім,қуаныш,сыйлайтын жылу.Олай болса,бір-біріміздің көңілімізді көтеру үшін алақанымызды жайып,,жеңіл үрлеп,бір-бірімізге жақсы игі тілек білдірейік.

1.Судай таза бол.

2.Кешірімді бол.

3.Достарыңмен тату бол.

4.Отаныңа адал бол.

5.Бірлікте,сыйластықта өмір сүр.

6,Бүгінгі сабақта сәтілік тілеймін.

Топқа бөлу:Оқушыларды түстерге байланысты топтарға бөлу.Түстерді таңдап алыңдар.Неге бұл түсті таңдап алдың?-Маған бұл түс үнады.

Көк түс алғандар бір топ,қызыл түс алғандар екінші топ. 1-топ Елбасы.2-топ Қазақстан.

Мұғалім:

Жеріне күн нұрын шашқан,

Елі бар дәулеті асқан.

Ол біздің –Қазақстан!

Білімді ұрпағы бар.

Әсем қала астанасы бар.

Ол біздің –Қазақстан!

Желбіреген көк туы бар,

Болашаққа елін бастаған

Елбасымыз бар.

Ол біздің –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Біздің Елбасымыз кім?

Бүгінгі сабағымыз Елбасына арналады.

2.Менің Елбасым жайлы оқушылар сөйлейді.

1-оқушы:

Менің Елбасым Тәуелсіз Қазақ елін дүние жүзіне таныстырған.

2-оқушы:

Менің Елбасым Тәуелсіз Қазақ елінің абыройын асқақтатқан саясаткер.

3-оқушы:

Менің Елбасым ұлттық тіліміздің берік қорғаны.

4-оқушы:

Менің Елбасым дініміздің берік қорғаны.

5-оқушы:

Менің Елбасым Тәуелсіз Қазақ елінің жарқын болашағы-жастардың білім алып,еңбек етуіне бағыт – бағдар беріп отырған жанашыр қамқоршы.

6-оқушы

Менің Елбасым Тәуелсіз Қазақ елінің тілі басқа,тілегі бір тұрғындарын бір тудың астына топтастырған,бірлікпен татулықтың тірегі.

3. «Сөз құрастыру» ойыны

Қазақстан деген сөздегі әріптерді пайдаланып,бірнеше сөздер құрау.

4. «Ойландырған 10 сұрақ» Әр камандаға 5 сұрақ

Елбасы:

1.Елбасымыз жайлы көрке фильмдерді ата (Балалық шағымның аспаны. Елбасы жолы.)

2.Тұңғыш елбасы күні нешінші рет тойланып отыр?

3.Президент күні қай күн?

4.Елбасының аты кім?

5.Елбасының анасының аты кім?

Қазақстан:

1.Елбасының әкесінің аты кім?

2.Біздің тұңғыш елбасымыз кім?

3.Елбасы қай ауылда туған?

4.Елбасының туған күнін ата.

5.Елбасының кітаптарының бірін ата. (Әділеттің ақ жолы)

Балалар Елбасымыз сабақты қалай оқыған?-Өте жақсы оқыған.

Біздерде елбасы сияқты сабақты жақсы оқуымыз керек.

Н.Ә.Назарбаев аталарың 1 қыркүйекте сендерге қандай кітапты сыйға тарты?

-Менің Отаным- Қазақстан!

Аталарыңның сыйға берген кітабын кім оқыды?

Елбасы жайлы слайд көру.

Сабақты қорытындылау.

«Жан шуағы» атты жинағында Елбасы халқына тілегін былай жеткізді.

Тәуелсізбін! бар ма мұң?

Тәлләйлә болсын талғамың!

Өркенің өссін қазақтың.

Осы менің арманың!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын,

Қала берсін Астана

Осы менің мұратым.

Халқым менің тірегім.

Құрбан жаным жүрегім.

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы – менің тілегім.

Оқушылардың пікірін тыңдау: «Егер Президент болсам...»

Мұғалім:Гүлдей бер,Қазақстан,менің Отаным,-деп сабағымызды аяқтаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
1089
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі