Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта
мектеп
Ашық тәрбие сағаты:
«Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген
Қазақстан!»
Өткізген: Бастауыш сынып
мұғалімі
Магзомова.Г.А.
2010-2011 оқу жылы
Бекітемін:_________
«__» тамыз
2010жыл.
Сабақтың
тақырыбы: «Елбасы мұраты – ел
бақыты,
гүлденген
Қазақстан!»
Сабақтың
мақсаты:
А) А та Заң жайлы ұғым
түсініктерін қалыптастыру, онда бекітілген баланың негізгі
міндеттері мен құқықтары атты тараулармен
таныстыру.
Ә)
Оқушыларға адамның ең қымбат қазына екендігін, оның өмірімен,
құқықтарымен таныстыру, шығармашылық қабілетін
дамыту.
Б)
Оқушыларды Ата Заңымызды құрметтей біліп, Отанын сүюге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР- ның
рәміздері, қанатты сөздер,
президенттің суреті.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру.
-Оқушылыарды 1қыркүйек білім күнімен
құттықтау.
ІІ. Психологиялық
дайындық
Мақсатымыз - білім
алу
Міндетіміз -
еңбектену
Әр оқушы өз құқығын
білу,
Оны өмірде
пайдалану.
-
Біздің биылғы алғашқы
сабағымыз «Конституция» күніне арналады. Сабағымыздың тақырыбы:
«Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген
Қазақстан!»
-
Біздің еліміздің негізгі құжаттарымен және
оқушылардың құқықтарымен танысамыз.
-
Балалар біздің Оанымыз қалай
аталады?
-
Қазақстан қандай мемлекет?
-
Еліміздің рәміздеріне нелер
жатады?
-
Ал енді Туымыз, Елтаңбамыз,
Әнұранымыз туралы кім өлең-тақпақ айтып
береді?
1-оқушы:
Отан дейміз – от жаққан
жерімізді,
Отан дейміз - өсірген
елімізді
Отан дейміз – туған жер
атамекен,
Биік тау, орман тоғай
көлімізді.
2-оқушы:
Отан – тарих, Отан –
тіл,
Жасаған елің, өз –
халқың.
Отан - өлең, Отан –
жыр,
Көтерген көкке ел
даңқын.
3-оқушы:
Отан - сенің
ата-анаң,
Отан – досың,
бауырың,
Отан - өлкең,
астанаң,
Отан – аудан,
ауылың.
4-оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада - аспан әлемі.
6-оқушы:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек –
Елдің ашық қабағы.
7-оқушы:
Әнұран!
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Адам баласы туғаннан бастап
мемлекеттің қарамағында қорғауда болады. Себебі, ол осы мемлекеттің
азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің
азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен
міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда
жазылған. Сен мектепке барып жүрсің, өзіңнің Конституцияда жазылған
білім алу құқығыңды пайдаланасың. Мектеп бітірген кезде кәсіп
таңдау және адамдар мен Отаныңның игілігіне еңбек ету сияқты
құқықтарыңды пайдалану мүмкіндігің туады.
Қазақстан Республикасы
Конституциясының ең жоғарғы заңды күші бар. Конституцияда Қазақстан
республикасында тұратын адамдардың құқықтары ғана емес, сонымен
бірге міндеттері жазылады. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен
бостандықтарын қорғау үшін конституцияны, оның нормаларын пайдалана
алады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды Қазақстан
республикасының азаматы дейміз. Осы азамат деген ұғымға сендерде
жатасыңдар. Сен жақсы оқуға, білімді азамат болуға, өзіңнің
жақындарыңдыжәне Отаныңды сүюге
міндеттісің.
Заңға
бағыну – тәртіп. Өз Отанын танып,
сүюі, оның заңдарына бағынуы –бұл әр адамның азаматтық
жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын
орындауы.
Сонымен, Қазақстан
Республикасы Конституциясы – елдің басты саяси құқықтыө құжаты.
Конституция күні - 30 тамызда аталып
өтіледі.
8-оқушы:
Ата
Заңым
Еңсем биік, мәртебем де болды
асқақ,
Ата Заңым келесің сен жол
бастап,
Бостандығым, мақсат, мүддем,
мұратым,
Сен арқылы асулардан алға
аспақ.
Әр бабына үңілем де,
ойланам,
Дастандайсың келешекті
толғаған
Біліміңді ал, ғылым ізде,
еңбек ет дедің – дағы жөн сілтедің сен
маған.
9-оқушы:
Ата Заңым, алтын Заңым –
ардағым,
Аялаған адамзаттың
арманын.
Жол бастайды болашаққа
жасампаз,
Әрбір бабың, тарауларың,
тармағың.
ІІІ.
Қорытынды.