Материалдар / Елбасы сенімі - ел сенімі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елбасы сенімі - ел сенімі

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР Тәуелсіздігіне орай "Елбасы сенімі-ел сенімі" тақарыбына эссе жаза отырып өз еліммен мақтанамын және болашағына сенемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
602
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Бектау орта мектебі

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асқап Рапиза



Елбасы сенімі - ел сенімі


Қазағым елім мақтанышым сен едің,

Тәуелсіз елім болашағыңа сенемін.

Ұлы тұлға, ел басқарған елеулі,

Нұрсұлтандай ел басына сенемін.


Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан Республикасы азаматшасы болғанымды мақтан етемін. Егеменді ел болып, етек жеңіміз теңеліп, тәуелсіз еліміз, жылдан жылға экономикасы дамып, көптеген жетістіктерге жетіп биіктерден көріне бастады. Елбасының сындарлы саясатының арқасында әлемнің бір қатар елдері, Қазақстанның дамуына Елбасының көрегендігіне тамсана қарайды. Еліміз жылдан жылға көркейіп, алға қойған мақсаттарына жетуде.

Елбасының саясаты: Ғылым мен Білім, денсаулық салалары, экономикалық, ауыл шаруашылық, жеке шаруашылық бағдарламаларына ерекше көңіл бөлінуде. Нақты қадамдарды алға қойып, мақсаттарға жетудеміз. Болашақта дамыған елдердің қатарынан көріну, олармен терезесі тең болу мақсатында латын әліпбиге көшуді іске асырып жатырмыз. Тәуелсіз ел болған, 26 жылда еліміздің арманы мен үмітіне мақсаты мен сеніміне селкеу түсірмей, барша әлемге ынтымағы жарасқан көп ұлтты ел ретінде танытқан, көреген саясаткер білікті елбасының еңбегі ерекше Елі сенген елбасы халық сенімі мен ел бірлігінің арқасында жас мемлекетімізді өркендетіп, өркениетті 50 елдің қатарына қосу үшін табанды еңбек пен рухани мүддені қатар алып жүрді. «Тәуелсіздік» деген қасиетті сөзді елдің дамуына қазақ хандығының 550 жылдығын ұштастыра білді. «Елі сүйген-Елін сүйген» елбасының саясатын халқымыз бірауыздан қолдап, әрбір сөзі мен ісі жүректен ізгі орын алған. Биылғы «Рухани жаңғыру» жолдауы да халық көңілінен шығып, атамекен, туған жер салт-дәстүр, тарихи жәдігер т,б ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, киелі қазақ жерінің қасиетті орындарын халық зор мақтанышпен жарыса айтып, тарихымызды тағы да бір көз алдымыздан өткізуде. Елі сенген Елбасы өзінің «Мәңгілік ел» болу ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы жолында, аянбай еңбек етіп жатыр. Біз де Елбасына сенім артып, оның әрбір айтқан сөзін, қалт жібермей еліміздің өркендеуі жолында тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында, рухани жан-дүниемізді байытып, еліміздің дамуына үлес қосуға бар күш-жігерімізді арнаймыз. Еліміз Елбасығы сенім артса, елбасы келешек жастарда деп, бізге үміт артып отыр. Елбасының әрбір мақсатты қадамын қолдап, жоспарларының іске асуына атсалысуымыз қажет. Осы жолда мен өз ауылымның, мектебімнің дамуы мен өркендеуі жолында еңбек етіп келемін. Осы мақсатта дұрыс жұмыс жасауымның нәтижесін мынадай жетістіктеріммен көрсете аламын: Ақмола облысында өткен іс-шараға, белсенді әрі тиянақты қатысып, мақсатыма жеткенім үшін және облыстық «Өз өлкесінің табиғи мұрасын сақтау мен зерттеуге, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға» зор үлес қосқаны үшін алғыс хат.

  • Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған VII облыстық мектеп орманшылықтары, экологтар және жас натуралистер Слетінде II дәрежелі диплом

  • «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған облыстық экологиялық жоба қорғауда III дәрежелі диплом.

  • VII облыстық мектеп орманшылықтары, экологтар және жас натуралистер Слетінде «Орман көпсайысы» III дәрежелі диплом.

  • Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы Облыстық балалармен жас өспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығынан Алғыс хат.

  • VII облыстық мектеп орманшылықтары, экологтар және жас натуралистер Слетінде «Жас өлкетанушылар» I дәрежелі диплом.

  • «Нұр Отан» партиясынан Алғыс хат.

  • Аудандық Білім бөлімінен Алғыс хат.

  • VII облыстық мектеп орманшылықтары, экологтар және жас натуралистер Слетінде «Ландшафт дизайны» II дәрежелі диплом.

Сонымен қатар, оқушыларым да аз болсада Тәуелсіз елімізге үлестерін қосуда. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз еліме аз болсада үлесімді қостым деп ойлаймын. Егеменді еліміздің дамуына әлде болса өз үлесімді қосып келешекте еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарап өз оқушыларыммен бірлесе отырып, талай белестерді бағындырамыз. Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» дегендей алға нық қадам басамыз!

Ел басымыз аман болып, егеменді еліміздің көк байрағы, мәңгі көкте желбірей берсін!!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!