Зеленов АББ Володар ЖОББМ
КММ
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
«Елбасы сенімі – ел
сенімі»

Өткізген: Умбетова А
Б.
2018-2019 оқу
жылы
Тұңғыш Президент күніне
арналған ашық тәрбие сағаты.
Күні: 29.11.2018
ж.
Тақырыбы: «Елбасы сенімі-ел
сенімі»
Мақсаты: 1.Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,
жүргізген саясаты туралы мағлұмат
беріледі.
2.Ойларын еркін айту, өзгенің
пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік
жасау.
3. Шәкірт жүрегінде
елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,
Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық
сезімге тәрбиелеу..
Көрнекілігі:
шарлар, тақырып жазылған
постер, слайд шоу, суреттер.
Өту
барысы:
Әнұран
орындалады.
Мұғалім: -
Қайырлы күн тәуелсіз елдің
қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі
Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы сенімі - ел сенімі» атты
салтанатты мерекемізге қош
келдіңіздер.
Айым: -Армысыздар, бармысыздар,
құрметті ұстаздар, оқушылар және
қонақтар!
Мұғалім : -Сен қалай ойлайсың,
Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың
астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің
арқасында?
Айым: -Әрине Қазақстанның атын сонау
шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
Мұғалім: -Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп
жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина
саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму
үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес
пе?
Айым: - 1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы
1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды.
Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды.
Мұғалім:-
Ата
Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы
–Президент. Латын тілінен аударғанда
«президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны
білдіреді.
1-оқушы:
Айым
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
2-оқушы:
Даниял
Ашық аспан жайнаған
жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор
болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.
3-оқушы:
Елназ
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам
бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам
бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін
тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам
бар
4-оқушы:
Хаджар
Кең байтақ қой Қазақстан
картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Әсем сазы басталған таза
ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
5-оқушы:
Гаухар
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.
6-оқушы:
Айым
Қазақстан дейтін менің бар
елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ
арман!
Ән:
Би:
«Қаражорға»
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев өмірбаяны.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы
Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта
беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің
мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек
болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген
аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек
жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару
дегенің керемет мереке саналған.Мектепті
жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет
тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре
салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды
металлургия комбинатының көлемді құрылысына
аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ
қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына
барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын
құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын
атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық
қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және
республикалық көлемде басшы органдарда жауапты
қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком
хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және
республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап
беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша
оның саяси өмірбаяны басталады.
Мұғалім:
- Елбасымыз туралы слайдқа
назар аударыңыздар.
Айым
: Оқушы
монологы «Менің
Президентім»
3 «а» сынып
оқушысы
- Біз отбасымызбен күнделікті
теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан
Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай
қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған
рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ
әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей
оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін.
Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы
әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті
қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана
қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір
қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан
Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық
тілеймін.
Қазақ
биі
Мұғалім
:
-Балалар, Елбасымыздың үлгі
алар жақсы қасиеттерін атап өтейікте
жапсырайық
-Ұлтжанды
-Елін, жерін сүйетін
патриот
-Жан-жақты
-Спортшы
-Мықты
саясаткер
-Парасатты
-Сыпайы
-Қабілетті
-Мәдениетті
-Болашаққа жол
бастаушы
Хор:
Отан деген ата-
мекен,
Отан деген туған
жер.
Отан-ана,
Отан-пана,
Қазақстан туған
ел.
Мұғалім: Осы тәуелсіз еліміздің намысын
қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі,
болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Құрметті
ата-аналар, оқушылар, ұстаздар бүгінгі тұңғыш Президент күніне
арналған салтанатты мерекеміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп
рахмет.
«Менің
Президентім»
- Біз отбасымызбен күнделікті
теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан
Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай
қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған
рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ
әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей
оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін.
Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы
әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті
қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана
қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір
қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан
Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық
тілеймін.
-Ұлтжанды
-Елін, жерін сүйетін
патриот
-Жан-жақты
-Спортшы
-Мықты
саясаткер
-Парасатты
-Сыпайы
-Қабілетті
-Мәдениетті
-Болашаққа жол
бастаушы