400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Елбасы сенімі-ел сенімі»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты.

Күні: 15.12.2019ж.

Тақырыбы: «Елбасы сенімі-ел сенімі»

Мақсаты: Балаларға Президент туралы мәлімет беру.Сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Патриоттық сезімдерін оятып,мемлекеттік рәміздерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Буклеттер,слайд, шарлар, Елбасы суреттері,сөзжұмбақ, .

Тәрбиеші: Салеметсіңдер ме , Құрметті ұстаздар, балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз Елбасы күнін атап өткелі отырмыз. Бүгінгі ашық тарбие сағатымызды әнұранмен ашайық.

Әнұран айтылады

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алады.Ата- анасын қатты құрмет тұтты.Отбасылық жағдайына келетін болсақ,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы- Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға,Динара,Әлия. 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады

Біздің балалардың тақпақтарын тындайық.

1.Айзере А:

Гүлдене бер, Отаным!

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достық қатарын,

Нұр аға біздің ұлы адам

2.Али Е

Тәуелсіздікті елге сыйлады

Бейбітшілікті қалады

Орындалып арманы

Халқымызда ажарлы

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы

3.Нурали

Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын

Қаділемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын

4. Айзере Б

Отан- жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр берді

Отан ұран, Отан туым

Отан мәңгі гүлденеді!

5.Адиля

Мой Казахстан!

Ты славный выбрал путь!

Путь мира и добра!

И мы по этому пути

С тобою навсегда!

6. :М.Айзере

Қиялы ұшқыр , ойлы адам.

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші ,Атамыз.


1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту, Әнұран бекітілді. «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», дейді халқы. Кез келген халықтың өз таңбасы болады. Елтаңбаның авторлары- халқымыздың танымал ұлдары- Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уалиханов. Шаңырақ- Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік , босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар- үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерін қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, құатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшандығын білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр

Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жалаудың жобасын жасаған- суретші Шәке Ниязбеков

Тәрбиеші: Балалардың әнін тыңдайық«Туған ел»

Тәуелсіздік туралы балалардың тақпақтарын тындайық

7.Айсұлтан

Елдің ашық қабағы

Ақ ниетті- алтын күн

Асқар арман-қыраны

Жалауы бұл-халқымның


8.Айша

Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады.


9.Әли

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған


10.Нұралы

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың


11.Райымбек

Ұлттық өрнек мұрамыз,

Адастырмаз мұраттай.

Нық көтеріп тұрамыз,

Жалауды біз құлатпай

Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

1. Қазақстан халқының мемлекеттік тілі?

         /қазақ тілі/

2.Қазақстан Республикасының рәміздері:

         /елтаңба, ту, әнұран/

3.Қазақстан халқының ұлттық валютасы:

         / теңге/

4.Қазақстанның бас қаласы:

         /Астана/

5.Әнұран қалай айтылады?

         /қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады/


Хор: Отан деген ата- мекен,

Отан деген туған туған жер.

Отан-ана, Отан-пана,

Қазақстан туған ел.



Тәрбиеші:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

Тәрбиеші:

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Елбасы сенімі-ел сенімі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Тұңғыш Президент  күні құтты болсын!







Ата –аналармен тренинг сабақ

Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына

ата-ана тәрбиесінің әдіс

тәсілдерін жетілдіре отырып

қарым –қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын,

мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.

Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, доп және т.б

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы:

1 «Танысу жаттығуы»

2.Топқа бөлу

3.Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік дәрісі

4.Ой жинақтау

5.Қызықты сұрақтар сергіту жаттығуы

6.Тест

7.Қорытынды

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер!

Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды.

Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.

Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.

Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата - аналар 3 түсті жүрекшелерден бір - бірден

таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.

«Есімдер аллитерациясы»

Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін

айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

Мысалы: Мен сәнді –Сандуғашпын

Мен гүлдей- Гүлнармын

Мен айдай – Айдынмын

2.Топқа бөлу түрлі түсті қағаздан жасалған жүректерді түсіне қарай таңдайды. Түстер

бойынша топ құрып ,бөлініп отырады.

3.Дәріс оқу Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

4 Ой жинақтау

Үш топқа тақырып беріледі

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек.

II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?

III. Мұғалім мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?

5 «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы

1 Балаңыздың сүйікті түсі?

2 Сынып жетекшісінің толық аты жөні

3 Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?

4 Қандай жануарды жақсы көреді?

5 Балаңызды қалай еркелетесіз?

6 Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?

7 Балаңыздың жақын досы кім?

6 Тест Сіздің көңіл күйіңіз

Мұнда ағаш бұтағы салынған сурет толық аяқталмаған, өз көзқарасыңызбен бөліктерін

керегімен толықтырыңыз, тек ұзақ ойланбаңыз, алдымен ойыңызға не келеді, соны салыңыз.

Суретте өзіңіздің қазіргі сезіміңізді ашып көрсете біліңіз.

Тесттің кілті

Егер сіз ағаштың бұтағын Ашық түспен жүріп өтсеңіз және суретке басқа ешнәрсе қоспасаңыз, онда осы мезеттегі өмірлік сәтіңізде сіз бір жағдаймен өте қиын күйзеліс үстіндесіз.

Бәрінен бұрын сіздің мәселеңіз тек жеке басыңыздың өмірімен емес, өзіңіздің мамандығыңызбен немесе оқумен байланысты.

Егер сіз ағаштың барлық бұтағын түгелімен бояп шықсаңыз, онда сіз бірдеңеге қатты

ренжідіңіз немесе сондай күйге сізді жеткізді.

Сіз күйзелесіз де ренжисіз, сіздің ағашыңыз соны анық көрсетіп тұр.

Егер сіз ағашқа қосымша бұталар қоссаңыз, онда сіздің ішкі жан дүниеңіз қажетсіздерден қайнап тұр. Сізді ренжіткендер болмаса да жаныңызға келгендерге сіз өз сезіміңізді төңкеріп жіберуге дайын тұрсыз.

Егер сіз ағаштың бұталарына жапырақ салсаңыз, онда сіздің іщкі жан дүниеңіз өз қалпында.

Егерде бұтақтың төменгі жағында көп жапырақ орналасса, онда сіз осы уақытта әсер етуге

емес, ойлануға және талдауға бейімсіз. Егерде бұтақтың төменгі жағына қарағанда жоғарғы жығында жапырақтар көп болса, онда сіздің іске белсене кірісуге дайындығыңызды көрсетеді, сіз күшіңіздесіз және іс жүзінде күтудесіз.

Егер сіз бұтаққа жапырақ салсаңыз, әр жапырақты бөлек-бөлек көрсетпесеңіз, онда сіз көңілді

және бақытты болу үшін көп күш жігеріңізді бөлудесіз, осы уақытта сіз бір нәрсеге пысықтануға зауқыңыз жоқ, өз ойыңыздан шаршадыңыз.

Егер сіз ағаштың қабығына негізгі күш жігеріңізді салсаңыз, онда сіздің жұмысқа берілгендігіңіз өте керемет, уақытты босқа өткізбей іспен айналысыңыз.

Сізде бәрі орындалады.

Егер сіз бұтаққа құсты не жануарларды салсаңыз, онда сізге адамдармен араласу жетіспейді, сіз ет жақын туыстарыңызбен әңгімелескіңіз келеді, өз ойларыңызбен сезімдеріңіз жөнінде біреулермен бөліскіңіз келеді.

Сіздің салған жануарыңыз немесе құсыңыз ұсақ болса, онда ол қобалжудың белгісі, онда мүмкін сізді бір жағдай мазалайды және қинайды.

Қандай жағдай болса да, сізге ой бөлісуіңізге тура келеді.

Егер сіз бұтаққа бірнеше жануарлар мен құстарды салсаңыз, онда сіздің жаныңыз жайлы жер іздейді, бірақ оны таба алмайды.

Ойларыңыз көбейіп сыйыспауда, сіз оларды өзіңіз реттей алмайсыз.

7.Қорытынды

Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ.

Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет.

Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала

бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн.

Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі