Сабақтың тақырыбы:Ел ертеңін ойлаған Елбасы.
Сыныбы: 3
Сабақтың мақсаты:
1.1 - желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу.
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып
өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат
беру;
2.Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі –
өнеге ету.
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,
оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге,
елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:танымдық,мерекелік сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, пікірлесу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шар, буклет, нақыл
сөздер
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды екі қатарға тұрғызу
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады
Мұғалім:
1-желтоқсан – еліміздің
жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма төрт жыл
бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда
Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп,
ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен
Қазақстанды құру жөніндегі ата - бабаларымыздың тарихи аманаты
орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл
бастады.
Мерекемізге жылы лебізін білдіру үшін сөз
беру.
1 - Желтоқсан
Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған «Менің тұңғыш
президентім» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Мұғалім:
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ой арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
Поэзия минуты.
1 - оқушы :Мерей
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе
берер
2 - оқушы:
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы
3 - оқушы:
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
4 - оқушы:
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан
5-оқушы:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
6-оқушы
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп
7-Оқушы
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
8-Оқушы
Қазақстан – кешегі әз әуен,
Қазақстан – бүгінгі ғажап үн.
Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар,
Қазақстан – қастерлі қазағым
Көркем сөз: «Халқымның көшбасшысы» авторы:Маралтай Ыбыраев.
Оқитын Бибіт Нұрсауле.
Хормен:Уәдені біз сақтаймыз,
Біз жастар құр жатпаймыз.
Туды ұстап тура жолға
түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік
Хор: «Атамекен» сөзі:Қ.Мырзалиев.
әні: Е.Хасанғалиев
Мұғалім: Қазір тақтадағы суреттерге назар
аударайық.
1940 жылы 6 шілдеде
Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр
жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен
ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған
ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында
жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің
сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан
болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат
болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Мектепті жақсы оқып, жақсы
білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса
ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.
Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен
Украинаға барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Мұнда
шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал
кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.
Слайдтан көрсетіледі.
«Үшқоңыр» әні:А.Қоразбаев
Сөзі:Н.Назарбаев.
Орындайтындар:сыныбымыздың әнші жігітттері Дәулет,Нұрдәулет,Мағауия.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын
сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы
қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң
қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданды.
193ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті.
«Болашақ»бағдарламасы қабылданды.
1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан
өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет
мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым
–қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем
таныды.
«Нұр аға»әні:сөзі де,әні де Бауыржан Бекахметовтікі.
Орындайтындар:Әли,Дәулет,Нұрдәулет.
Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып
жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен………»
Президент болсам….
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Мерекемізге шашу ретінде
«Гүлдерайым» биін биші кыздарымыздың орындауында қабыл
алыңыздар.
Мұғалім:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе
тілектеспін.
Үйге тапсырма «Менің тұңғыш Президентім» шығарма
жазу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Елбасы танымдық сабақ

шағым қалдыра аласыз