400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елбасым - мақтанышым!

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елбасым мақтанышым»

Мақсаты:Елбасымыздың туып-өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, отанын халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Буклеттер, суреттер, бәйтеректің макеті, видеоролик.

Ұйымдастыру кезеңі;

Сәлемдесу.

Қазақстан Республикасының әнұраны

Шаттық шеңбер

Отаным менің кең-байтақ,

Жайнаған сансыз қаласы.

Ел, отан біздің кең-байтақ,

Отанның біздер баласы.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс. Дұрыс айтасыңдар.

-Қыс мезгілінде неше ай бар екен?

-Үш ай бар екен. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қазір бірінші айы желтоқсан айы екен. Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады екен?

-Күн қатты суық болады, қар жауып, жердің бәрі ақ мамыққа оралады екен. Балалар қардан аққала жасап ойнайды екен.

Балалар бүгін 1-желтоқсан ҚР тұңғыш президент күні екен. Бүгін біз тұңғыш президент күніне орай тақырыптық оқу қызметін өткелі отырмыз.

-Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан.

-Қазақсатан бұл біздің Отанымыз. Отан дегеніміз, әр адамның туып-өскен жері, халқы туған туыстары.

-Ал еліміздің басты қаласы ол Нұр-Сұлтан екен. Нүр-Сұлтан өте әсем қала. Нұр-Сұлтан қаласында өте үлкен ғимараттар орналасқан екен. Бәтерек орналасқан. Мына тұрған бәтерек, ол ең ұзын ағаш болып саналады, оны елбасымыздың жобасымен салған.

Ал мынау пирамида бұл «Бейбітшілік үйі» екен, өзі үшбұрышқа ұқсайды екен. Үлкен ,әдемі үйлер бар, «Ханшатыр» атты ойын-сауық орны бар екен.

Ал біздің Қ.Р. Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.6-шілде 1940жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған екен. Ол кісі еліміз үшін аянбай еңбек етті. Елбасы бізді халқын сүюге, ержүректілікке, отанын сүюге, патриоттық сезімге оның іс-әрекеті арқылы тәрбиелейді.

Қазіргі уақытта халықтың сайлауы бойынша Қ.Р. Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Ол кісі 17-мамыр 1953жылы Алматы қаласында туылған.

Балалар, Қ.Р.өзінің рәміздері бар. Ол: елтаңба, ту, әнұран.

-Қ.Р. елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақта жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан. Шаңырақ пен уықтар Республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.

-Қ.Р.туы: туымыз ашық көгілдір түсті. Тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілікті, ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті бейнелейді. Мемлекеттік туымыз қазақ халқының ою-өрнектерімен көмкерілген.

-Қ.Р.әнұраны. Әр мемлекеттің өз әнұраны болады. Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.

Ал енді балалар кім Отан, тіл, атамекен туралы кім тақпақ айтып береді:

Т.Айару: Ел ордасы-Нұр-Сұлтан,

Саған айтам асқақ ән.

Әрқашан да қазақ боп,

Туғаныма мақтанам.



Айзере: Батырлық бар тегімде,

Көк байрағым көгімде.

Әнұранды жатқа айтам,

Елтаңбам тұр төрімде.



Айша: Атамекен-тұрағым,

Сөнбейтұғын шырағым.

Көк байрағым-айбыным,

Қасиетті тұмарым.

Е.Айару: Еңбек етіп табысты,

Жібермеймін намысты.

Мен әлемге танытам.

Қазақ деген халықты.

Кәусар: Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

-Жарайсыңдар, балалар! Ал енді бойымызды сергітіп алайық:

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Құс боп қанат қағайық.

Нұр-Сұлтанның төріндегі,

Бәйтерекке ұқсайық.

-Балалар, ендеше бәріміз күніміз жарық болсын деп, күннің бейнесін құрастырып, жапсырайық:

Балалар фетрден күннің сәулелерін құрастырады.

-Жарайсыңдар, балалар! Керемет жасадыңдар.Қараңдаршы күніміз жарқырап шуағын шашып тұр.

-Енді бәріміз орнымызға отырайық.

Қорытындылау:

-Бүгін қандай мереке екен?

-Президент күні екен. Дұрыс айтасыңдар.

-Біздің отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан.

-Біздің елордамыз қай қала?

-Нұр-Сұлтан.

-Тұңғыш президентіміз кім?

-Н.Ә.Назарбаев.

-Қазіргі президентіміз кім екен?

-Қ.К.Тоқаев.

Елімізде әрқашан тыныштық болып, бейбітшілік жалауымыз желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осымен,біздің тақырыптық оқу қызметіміз аяқталды, сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі