-
І. Ұйымдастыру
кезеңі
-
-
Оқушылармен
сәлемдесу.
-
Оқушыларды
түгендеу.
І.
Кіріспе
сөз.
ІІ.
Негізгі
бөлім
ІІІ. Елбасы жолдауы
Қазақстан үшін не
береді?(пікір талас
алаңы)
ІV.Қорытынды
Мұғалім
сөзі: Біз бәріміз бір атаның – қазақ
халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ
даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз
Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік
Ел» етуді мұрат
қылдық.
Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы
әңгімелесеміз.
Елбасы 2018 жылы 5 қазанда халқына Жолдауында біз жастар
болашағымыз үшін өз сенімін білдіріп жатқан елбасы жолдауын
талқылыпғоның жүзеге асуына міндетті Қазақстан азаматы екенімізді
көрсете білуіміз және жете түсінуіміз
керек.
Заманның беталысын өздеріңіз көріп
отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері
мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз
алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара
санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты
экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп
құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып,
елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді
сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз –
бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек
етуге тиіспіз.
Сәт сайын құбылған аласапыран заманға
сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе
алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді
белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі
бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел»
ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына
қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Көреген елбасымыз
2018 жыл 5 қазан күні жолдаған кезектен тыс жолдау барысын әрбір
Қазақстандықтың жүрегінен орын алатындай әдемі сөздермен бастағаны
бізге аян.
Құрметті
қазақстандықтар!
Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс
атқардық.
Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан
заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық
келісімді қамтамасыз еттік.
Сапалы әрі тарихи маңызы зор
құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар
жүргіздік.
Қазақстанның халықаралық беделінің
артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол
жеткіздік.
Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды
шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы
халықаралық серіктес ретінде
танылдық.
Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері
арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік
қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет
болды.
Біз Еуразия өңірінің қаржылық,
іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын
қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы
салдық.
Халық саны 18 миллионнан асып, өмір
сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті.
Біз берік экономикалық негіз
қалыптастырдық.
Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300
миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы
тартылды.
Экономиканы өркендетудің негізі
саналатын шағын және орта бизнес нығайып
келеді.
Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу
жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға
көтерілді.
Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер
кезінде назар аударып, оларға дайын бола
білдік.
Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту
жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар
жасадым.
Олардың жүзеге асырылуы табысты
дамуымыздың негізгі факторына
айналды.
Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050
жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына
қосылу.
2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын
жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды
бастадық.
Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт
жоспарын жарияладық.
Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына
кірістік.
Оның басты міндеті – Қазақстанның
жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық
өсімнің жаңа моделін құру.
Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру
деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім
ұялатады.
Біз жаңа міндеттерді атқаруға
дайынбыз.
Құрметті
отандастар!
Соңғы кездері әлемдік саяси және
экономикалық трансформация үдерістері күшейе
түсті.
Әлем қарқынды түрде өзгеріп
келеді.
Мызғымастай көрінген жаһандық
қауіпсіздік жүйесінің тұғыры мен халықаралық сауда ережелері
бұзылуда.
Жаңа технологиялар, роботтандыру мен
автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына
қатысты талаптарды күрделендіруде.
Қаржы жүйелерінің мүлде жаңа
архитектурасы түзілуде.
Бұл орайда қор нарықтары кезекті қаржы
дағдарысына алып келуі мүмкін жаңа «сабын көбігін»
үрлеуде.
Бүгінде жаһандық және жергілікті
проблемалар тоғыса түсуде.
Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп
берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты
байлығы – адамның даму мәселесі болып
отыр.
Үкімет, әрбір мемлекеттік органның,
мемлекеттік компанияның басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі
қажет.
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі
басты басымдыққа айналуға
тиіс.
Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін
және қызметке лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын
боламын.
Пікір таласымыздың
басты нысандары:
1.Неліктен
«Елбасымен бірге – алты қадам» деп
өрбуде?
2. Не себептәі халық
табысының өсуін, тұрмыстық сапаны арттыруды мақсат етіп
отыр,онсызда біздің қазақстандықтардың әл ауқаты жақсы
емеспе?
3.Қазіргі таңда
әрбір қазақстандық үшін баспана мәселесі күрделі проблемалардың
бірі осы мәселені шешу барысында жолдаудың қадамдары оң серпін
береріне сіз жастар не дей
аласыздар?
4. Жаңа кезең жағдайында мемлекеттік аппарат қалай
өзгеруге тиіс?
5. Қазақстан экономикасының бар
болмысын экспорт пен импорттық әлеует көрсететіні сөзсіз,деседе
біздің елбасы осы күнге дейін сыртқы қарым қатынас, интеграциялық
байланысты әрбір жолдауда айтып кетеді,өз кезегінде осы мәселе
қаншалықты өз шешімін тауып
жатыр?
6. Осы күні жастар
мәселесі қаншалықты мемлекет тарапынан қолдау тауып
жүр?
Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған
тарауларда не айтылмады?
«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын
айтқызу.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым
Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын
желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын!
Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз –
бірлік!
Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы
алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден
көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз
жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!
деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды
аяқтаймын.
|