15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Елбасыммен мен бүгін мақтанамын!
Елбасыммен
мен бүгін мақтанамын,
Өзіңді әлемге
айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін
арманына,
Елбасым,айналайын,атқан
таңым.
Өзіңсің шуағы да нұрлы
күннің,
Жылатып мына әлемді
гүлдендірдің,
Төрткүл дүние әлемін
дүр сілкінтіп,
Елімнің шығардыңыз
биік үнін.
Елбасым ер жүректі ер
мінезді,
Елімді айналдырған гүл
күмбезге
Өзіңдей тұңғыш қазақ
Елбасы,
Жарқыраған қазағымның күні
емес пе?
Қазағымның жарқыратқан
маңдайын,
Атсын таңдар күлімдеп сізге
әрдайым
Қақтырған талай дүниенің
таңдайын,
Мен мақтанамын Елбасыммен
әрдайым.-деп, өлеңде айтқым келгені
біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың арқасында кең байтақ
тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде
бейбітшілікте өмір сүрудеміз.Тіпті
Елбасымыздың жетістіктері де өте зор.
Жеткен жетістіктеріміз,алған асуларымыздың
барлығы Елбасының айқын саясатының
арқасы.Алда көптеген мақсаттар,атқарылатын
істер бар. Қазақстанның бағындырар
белестері де алда.
Осы белестерді,мақсаттарды біз тек
Елбасымен бірге бағындыра аламыз.
Біз жастар әрқашан да Елбасымен
біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі,
Елбасы-елдің тілегі! ”Төбесіз жер,
төресіз ел болмайды”дегендей,бұл өсиет
тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі
тар жол,тайғақ кезеңде,егемендіктің
елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін
көтеріп, шекарамызды шегендеп,халқымызды
төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа
жетелеген,сан ғасырлар бойғы бабалар
арманын баянды еткен, аз уақыт ішінде
Астанасын салып, айдай әлемге
әйгілеген,халқымызға пана, жастарға
аға болған Елбасына қай кезде де айтар
алғысымыз шексіз!
Мен ел Президентінің
осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор
алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және
мақтан етемін. Заманымыздың ұлы қайраткері
ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны
үшін,туған халқының дана перзенті
ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны
үшін, әсем де айбынды Астанамен
салтанатымызды асырғаны үшін мыңда бір
рахмет айтамын.
Барша Қазақстан
халқының жүрегінен жол таба білген
Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша
қызмет ететініне кәміл сенемін
1-оқушы.
Ежелден
еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты
еңселі ел болу еді.Елім деп еңіреп, «
Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп
жең болмас» деп жырлап өтті ата-бабамыз.
1991
жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси
картасында жаңа мемлекет Қазақстан
Республикасы пайда болды.
2-оқушы.
Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының
тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ
халқының егеменді заманда жаңаша ерекше
өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық
еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен
дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен
тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей
қарым –қатынас жасау жетістіктеріміздің
барлығының алтын бастауы- біздің
мемлекеттің Тәуелсіздігінде.
3-оқушы:
Тәуелсіздік халқымыздың, талай ғасырлардан
бері ата-бабаларымыздың ежелден көксеген
арманы болғаны-тарихи шындық. Сондықтан
бұл тарихи шындықты әрбір қазақ жүрегімен
түсінетіні хақ. Тіпті өзімізді былай
қойғанда әлемнің көптеген озық елдерінің
басшылары тарихи шындықты мойындап,
қазақ елін құрметтейтінін көріп
отырмыз.
4-оқушы.
Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария
еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі
күнге дейін көрген жақсылығымыз , дербес
Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен
абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен
және көрегендігімен тікелей
байланысты.
5-оқушы.
Елбасы қазақ елінің әлемдік бәсеке
дәрежесіндегі даму жарысына батыл
араласып, қиын да күрделі, ауыр да
абыройлы жолын ғасырлар тоғысында
бастады және мың салалы мемлекеттік
істі адастырмай дұрыс жолға қоя
білді.
Бұл-
қазақ халқының маңдайына біткен бақыты
мен мақтанышы, елдің бүгінгі жарқын
өмір сүруіне жасалып отырған нақты
кепілі.
6-оқушы..
Ежелде
елтұтқалар ел орнатқан,
Ұласқан
ұрпағына олар мақтан.
Елбасы
–қасиетті , аталы сөз,
Мазмұны
, мағынасы терең жатқан.
Ту
тіккен, еңсе тіктеп елдігің ғой,
Өзгемен
терезесі теңдігің ғой.
Елетміш,
Ататүрік даңқы менен
Елбасы
ұғымының орны бірдей.
7-оқушы.
Әр
сөздің астарында осы арада,
Ағайын
ой жіберіп жете қара.
Көпұлтты
Қазақстан ерді ұлыға,
Бір
жерге барлық діннің басын қосып,
Әлемнің
ықпал етті тағдырына.
Тәуелсіз
Қазақстан тарихында
Тұлғасы
Елбасының жеке дара!
Кең
далалы. Кең пейілді қазақпыз,
Құл
еместіз, еркін жантыз, азатпыз.
Ел
намысын ешбір жанға бермейміз.
Өмірді
алға бастырамыз, ерлейміз.
Серттік
осы, азат жігіт, азат қыз!
Қазақстан
дейтін менің бар елім,
Жатыр
алып жарты дуние әлемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген