400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елдерің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарын мұғалімдерге қажет үлгі құрал ретінде қолдануға болады.Сабақтың тақырыбы: Елдердің түрлері. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға елдердің түрлері туралы жалпы мағлұмат беру. 2. Оқушыларды оқулық, атласты пайдаланып, дағды іскерлігін қалыптастырып, өз бетімен ізденуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып шығармашылыққа баулу. 3. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топқа бөлу арқылы деңгейлеп оқыту, сыни тұрғысынан дамыту әдістері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:География

Сынып:10а

Күні:15.11.16

Сабақтың тақырыбы: Елдердің түрлері.  
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларға елдердің түрлері туралы жалпы мағлұмат беру. 
2. Оқушыларды оқулық, атласты пайдаланып, дағды іскерлігін қалыптастырып, өз бетімен ізденуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып шығармашылыққа баулу. 
3. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топқа бөлу арқылы 
деңгейлеп оқыту, сыни тұрғысынан дамыту әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің саяси картасы, кесте- 
сызбалар,оқулық, атлас,бағалау парағы, интерактивті тақта .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың тегі: іздену сабағы.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет. 
Сабақтың барысы
: 1. Ұйымдастыру. Амандасу /үш тілде/,түгендеу.Психологиялық дайындық.Топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын сұрау. 
3. Жаңа сабақты меңгерту. 
4. Сабақты бекіту. 
5. Үйге тапсырма беру. 
6. Бағалау.

2. Үй тапсырмасын сұрау сұрақ- жауап арқылы.

1. Саяси карта дегеніміз не ? 
2. Саяси картадағы өзгерістер туралы не білесің ? 
3. Саяси картаның қалыптасуы неше кезеңнен тұрады ? 
4. Саяси картадағы жаңа, ең жаңа кезең туралы не айтасың ? 
Географиялық диктант

1.................. V ғ аралығын қамтиды.

2.Дүниежүзінің саяси картасы ................... тұрақсыз болды.

3.ХХ ғ басында тәуелсіз ,дербес мемлекттер саны ................ болды.

4.Саяси картада егеменді елдер саны .................. жетті.

5. 1960ж ................. жылы деп аталады.

«Елдерге саяхат» ойыны

  • Бұл –фламенко мен фиестаның елі,олардың көпшілігі католиктер.Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел?

  • Бұл елде өздерінің ұлттық әдет –дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы сот кезінде  заң өкілдері міндетті түрде парик  пен мантия киюі қажет болса,ежелгі университеттерінің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт),аяғына темір таспалы дөрекі башмак киеді.

  • Гүл шоғын құрастыру, гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана,қағазбен жібекке сурет салу,өзіндік храмдар мен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі, ауыр салмақтылар күресі  сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі.

  • Қасиетті құран мемлекеттің конституциясы болып есептеледі және ислам шариғаттары елдің заңы ретінде қабылданған. Мемлекет басшысы да, діни басшы да король болып табылады, сонымен қатар король премьер- министр, бас қолбасшы мен жоғарғы сот қызметтерін де атқарады. Оның құзыреті тек шариғат нормалары және салт-дәстүрлерімен ғана шектеледі.

  • Бұл мемлекеттің ең алғашқы 1787 жылы қабылданған конституциясы әлі қолданыста келеді. Елді осы кезеңге дейін 44 президент басқарған. 50 әкімшілік штаттарға бөлінеді.

  • Бұл мемлекет әлемдегі ең кішкентай ел. Аумағы небары 0,44 км²,900-ге тарта халқы бар. Мелекет басшысы дін қызметкерлері- кардиналдар арасынан өмір бақилық мерзімге сайланады. Елде жұмыс жасайтын адамдар діни қызметкерлер болып табылады.

-Бұл аталған елдерді кімдер басқарады?

-Сонымен бүгінгі сабағымыз қандай тақырып төңірегінде болуы мүмкін?

Жаңа сабақ. 1. Оқушыларға тақырыпты айтып, сабақтың мақсатымен, 
өту барысымен таныстыру, топқа бөлу.Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Кестемен жұмыс. Кесте- сызба нұсқа бойынша дүние жүзі елдері 
туралы түсінік беру (интерактивті тақтада көрсетіледі).

1. Екі топқа тапсырма беру. Кітаппен жұмыс.

1- топ. Тәуелсіз мемелекеттер .
2- топ. Тәуелді аумақтар . 
2. Деңгейлік тапсырма. Картамен жұмыс.

1- топқа
1. АҚШ, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Жапония елдерінің ұқсас
тығы неде ? 
2.Төмендегі аталған елдердің қайсысы республикалық басқару түріне жатады Болгария, Полша, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Сауд Арабиясы.

2 –топқа

  1. Төмендегі аталған елдердің қайсысы Федерациялық әкімшілік, 
    территориялық құрлысы бар елдер ? Ұлыбритания,Куба, АҚШ, 
    Франция, Үндістан, Бразилия.

3.Ситуациалық тапсырма.Егерде сіз .......орнында болсаңыз,өзіңізді,еліңізді қалай таныстырар едіңіз.

1-топқа.Ватикан папасы

2-топқа .Араб эмиратының сұлтаны .Үштілде таныстыру.

Бекіту: Тесті орындайды. 

1. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қатарына қанша ел мен 
аумақ жатады ? 
а. 300 б. 415 в. 267 г. 191 
2. Дүние жүзінің тәуелсіз мемелекеттерін мемелекеттік құрылымы бойынша монархиядан басқа неге бөледі ? 
а. федерациялы б.республика в.унитарлы г. теократты монархия

3.2000- жылғы санақ бойынша қанша тәуелсіз мем-р бар ? 
а. 215 б. 361 в. 191 г. 217

4.Монархиялық мемлекеттерде жоғарғы өкімет билігі кімнің 
қолында ? 
а. президент б.кароль в. парламент г. хан

5.Қай монархиялық мемлекетте мемлекет басшысы дін қызметін атқарады ? 
а. теократтық . в. унитарлы б. абсалюттік г. федерациялы 
6.Мына елдердің қайсысы тәуелді аумақтарға жатады ? 
а. Малайзия в. Бруней б. Нигерия г. Мартиника 
7.1919 жылы құрылған Ұлттар Лигиясы қай жылы өз жұмысын тоқтатты ? 
а. 1945 в. 1939 б. 1925 г. 2004

8.БҰҰ- ға 2000 ж. қанша мемлекет мүше болды ? 
а. 188 в. 190 б. 119 г. 215 
9.Аргентина қандай мемлекет ? 
а. монархиялық в. федерациялы б. унитарлы г.тәуелсіз

10.БҰҰ- ның бас хатшысы Бас Ассамблея қанша мерзімге 
тағайындалады ? 
а. 4 жыл в. 6 жыл б. 5 жыл г. 7жыл

Үйге тапсырма: 1. Елдердің түрлері.
2. Абсалютті монархиялы елдерді кескін картаға түсіру. 
3. БҰҰ мен Қазақстан арасындағы байланыстар туралы 
хабарлама дайындау.

Рефлексия.Оқушылар бір-бірін және сабақты бағалайды.









П одстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі


Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі




Сынып:10а







Ашық сабақ

Тақырыбы:Елдердің түрлері






















Өткізген: география пәнінің мұғалімі Мухамбеталиева Ж.С

2016-2017оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі