Елді мекендерді жоспарлау гигиенасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елді мекендерді жоспарлау гигиенасы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға керек, оқушылардың түсінігін арттыру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елді мекендерді жоспарлау гигиенасы

Жаңа елді мекен құрылысын салу немесе оны кеңейту үшін аймақты таңдау өте маңызды, өйткені, елді мекендерді жоспарлау шешімдері, қаладағы болашақта болатын микроклимат жағдайлары, жеткілікті ауа алмасуы, сумен қамтамасыз етілуі, эпидемиялық қауіпсіздігі, қалдықтарды қайта өңдеу мәселелерін шешуі осыған байланысты болып табылады.

Қала құрылысының негізгі гигиеналық қағидалары 1. Елді мекендердің құрылысы немесе қайта құруы кезінде тұрғындардың материалдық, рухани және гигиеналық қажеттіліктерін қанағатттандыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасау қажет. 2. Қала мен ауыл арасындағы үлкен айырмашылықтарды жою мақсатында шаралар қолданылуы қажет. 3. Жеке қалалардың, ауылдардың және поселкелердің ғана емес, сонымен бірге бүтіндей экономикалық аудандардың да жобалары жасалуы қажет, яғни табиғи факторларды (суаттарды, жер асты су көздерін, жасыл желектерді және т. б. ) ең тиімді пайдалануға және елді мекендер мен өндіріс нысандарын дұрыс орналастыруға мүмкіндік беретін аудандық жоспарлау жұмыстары жүргізілуі қажет. 4. Өте үлкен және үлкен қалалардың өсуін, олардың жанынан 80000 -100000 тұрғындары бар, серіктес қалалар салу арқылы шектеуі тиіс. 5. Қаланы кеңейту немесе жаңа құрылыс салу үшін, ол жерде тұруға салауатты өмір сүру жағдайларын барынша қамтамасыз ететін аймақтарды таңдап алу керек, сонымен бірге, бұл аймақтың функционалдық зоналарға бөлінуі жүргізілуі керек. 6. Тұрғын аймақта құрылыс салуда, оның ең қолайлы түріне – микроаудандарға ерекше назар аударылуы қажет. 7. Селитебті аймақта тұрғындарға қызмет көрсететін тұрмыстық, мәдени, медициналық және дене шынықтыруға бағытталған мекемелердің дамыған жүйесі мен жасыл желектер отырғызу қарастырылуы керек. 8. Санитарлық абаттандырудың барлық түрлері, яғни су құбыры, канализация, қатты қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандырудың бас сызбасы мен тиісті жабдықтар, орталық жылыту, газ және электрмен жабдықтау қарастырылуы қажет. 9. Көлік қозғалысы түрлерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда көліктердің қоғамдық түрлеріне, олардың ішінде көбінесе шуды аз шығарып, ауаны ластамайтын және қауіпсіз түрлеріне берілуі керек. 10. Елді мекендердің жобаларын жасау кезінде, атмосфералық ауа, суаттар мен топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар, сонымен қатар, шудың, сілкіністердің, радиожиіліктер диапазонындағы электромагниттік өрістердің және бірқатар басқа да факторлардың зиянды әсерлерінің алдын алуға бағытталған шаралар қарастырылуы қажет.

Қаланы жоспарлау және салу. Қала келесі тұрғын , өндірістік, коммуналдыққойма, сыртқы транспорт, тұрғындардың демалысына арналған қала шетіндегі орындар мен нысандар сияқты, негізгі функционалдық зоналарға бөлінеді. Қалада қолайлы гигиеналық жағдайларды жасау үшін функционалдық аймақтардың өзара тиімді орналасуы ең маңызды болып табылады.

1 -селитебті аумақ; 2 -өндірістік аумақ, 3 -коммуналдық-қойма аумағы, 4 сыртқы транспорт аумағы, 5 -жасыл желек аумағы, 6 -санитарлық қорғаныш аумағы, 7 -өзен ағысының бағыты, 8 - негізгі желдердің бағыты. Қаланың селитебті аумағы тұрғын аудандарды, қоғамдық орталықтарды (әкімшілік, ғылыми, білім беру, медициналық, т. б. ) және жасыл желектерді орналастыруға арналады.

Селитебті аумақтың негізгі құрылымдық элементі ықшамаудан болып табылады. Ықшамаудан 6 -20 мың адамға есептелген, оның құрамында тұрғын үй ғимараттары, күнделікті қолданылатын мекемелер (бөбекханалар, бала бақшалар, мектептер, спорт кешендері, азық түлік дүкендері, асханалар, кір жууға қабылдайтын орындар, т. б. ), сол сияқты саябақтар, тұрғындардың күнделікті демалу үшін шағын бақтар болады. Оның ауданы 20 -50 га құрайды. Ықшамаудандардың шекаралары магистральдар немесе тұрғын көшелер, көлік жүретін жолдар мен табиғи шекаралар болып табылады.

Қолайлы микроклимат жағдайлары мен инсоляция көбінесе, құрылыс жүйесіне - ғимараттардың аумақта орналасуына, олардың ұзындығына, пішініне және өзара орналасуына байланысты болады. Құрылыс жүйелерінің бірнеше түрлерін ажыратады: біртұтас, тұйық, қатарлы, периметральды, тізбектік және топтық Ықшамаудандардың құрылыс жүйелері: апериметральды, б-тізбектік, в-топтық.

Жасыл желектер - тұрғын аудандардың міндетті түрдегі құрамдас бөлігі болып табылады. Жасыл желектер қала микроклиматының адамға әсерін жеңілдетеді. Ағаштардың жапырағы күннің ыстық сәулелерінен қорғайды, ал шөптесін өсімдіктер қалың өскен топырақ, аз қызады (асфальттың температурасы 50ºС жеткен кезде, газоны бар топырақтың температурасы 20ºС аспайды). Жасыл желектер арасында ауаның температурасы 1 -3 градусқа төмендеу болады. Көгалданған аумақ сол территориядағы ауа температурасын ғана емес, сонда орналасқан ғимараттардағы бөлме төмпературасын да төмендетеді.

Коммуналдық-қойма аумағы сауда қоймаларын, көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған қоймаларды, көліктерге қызмет көрсететін кәсіпорындарды (депо, автотұрақтар), тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін (кір жуатын орындар, т. б. ) орналастыруға арналған. Оны тұрғын ауданнан тысқары, көбінесе өндірістік мекемелердің санитарлық-қорғаныш аумағында орналастырады.

Сыртқы транспорт аумағында жолаушылар және жүк тасымалдайтын темір жол бекеттері, порттар, кемежайлар, т. б. орналастырады. Тұрғын ауданды теміржол желісінен 100 метрлік санитарлық қорғаныш аумағы арқылы бөлуді ұсынады. Жаңа теңіз және өзен порттары тұрғын аудандар аумағынан тыс, 100 м кем емес қашықтықта орналастырылады. Әуежайлар үшін санитарлық қорғаныш аумағы олардың кластарына байланысты 5 -30 км дейін болуы керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1815
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі