жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Елді мекендердің түрлері.Урбандалу.
Ибраева Гүлшат Абдуллаевна
Түркістан облысы Жетісай ауданы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі
І (ілгері деңгей)
Мектеп: С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі |
Сабақтың тақырыбы: §24.Елді мекендердің түрлері.Урбандалу. |
|||||
Күні: |
Пәні: география |
Мұғалімі:Ибраева Г.А. |
||||
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Оқушыларды қоныстану түрлері,қала және ауыл, урбандалудың аймақтық айырмашылықтары, даму кезеңдері,жеке аймақтардың урбандалу деңгейі мен ауқымына әсер ететін факторлармен, қалалардың қоршаған ортаға әсерімен таныстыру. |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:Қоныстану түрлері,урбандалудың аймақтық айырмашылықтары, даму кезеңдерімен танысады. |
|||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстанда урбандалу қай бағыттар бойынша жүріп жатқандығын түсіндіреді. |
|||||
|
Кейбір оқушылар:Жеке аймақтардың урбандалу деңгейі мен ауқымына әсер ететін факторларды талдай алады,ірі қалаларды картадан көрсетеді. |
|||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар:
|
|||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Қоныстану түрлері,қала , ауылдық елді мекен,урбандалудың аймақтық айырмашылықтары, кемелденген урбандалу, дамыған урбандалу, қалыптасып жатқан урбандалу,субурбандалу,рурбандалу, агломерация, мегалополистер, Мехико,Шанхай,Токио,Сеул,Бомбей,Нью-Йорк,Сан-Паулу, Манила,Лос-Анджелес,Мәскеу,Стамбул,Карачи,Буэнос-Айрес, Манила,Алматы,Астана,,Қарағанды, Шымкент. |
|||||
Талқылауға арналған тармақтар: |
1.Урбандалу дегеніміз не? 2.Урбандалу деңгейі төмен Азияда қаалар неге көп? 3.Еліміз аумағында урбандалу деңгейі айырмашылық жасай ма? 4.Қалалар санының өсуі қоршаған ортаға қалай әсер етуде? |
|||||
Алдыңғы оқу |
§21.Халықтың нәсілдік,ұлттық, тілдік құрамы және әлемдік діндер. |
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||
Басталуы 2 минут
5минут
3 минут |
1.«Есім-акроним...» ойыны бойынша оқушыларды шеңбер бойына тұрғызамын.Әр оқушы өзінің атының бас әрпінен басталатын қаланың атын қосып айтады. Ынтымағы жарасқан атмосфера қалыптастырамын. 2. Оқушыларды Еуропа,Азия,Америка,Африка елдері бойынша топтарға біріктіремін. 1-топ:Қазақстан,Қытай, Үндістан,Сауд Арабиясы,Индонезия. 2-топ: Франция, Ұлыбритания,Италия,Германия,Польша.3-топ: Египет, ОАР,Нигерия,Конго,Мадагаскар.4-топ: АҚШ,Канада, Бразилия,Чили,Панама. 3. Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл»- «Бұл кім?» Интерактивті тақтада адамдардың суреттері көрсетіледі- олардың тілдік,ұлттық,діни құрамы бойынша сұрақтарға жауап беру. 4.Үш тұғырлы тіл: Елді мекен-населенная местность- қала – город - ауылдық елді мекен- сельская местность- өнеркәсіп орындары – промышленность- ауылшаруашылық жерлері- сельскохозяйственные земли- автокөлік жолдары-автомобильные дороги- темір жол- железные дороги- |
Үлестірме
Жетон арқылы бағаланады Өзін-өзі бағалау |
||||
Ортасы 10минут
10минут
5 минут
5 минут
|
4. «Алдын-ала берілген атаулар»: Кестеде берілген аймақтар мен елдерге сәйкес келетін атауларды тиісті орнына орналастыру: қалыптасып жатқан урбандалу,дамыған урбандалу, кемелденген урбандалу,Мехико,Шанхай,Токио,Сеул,Бомбей,Нью-Йорк,Сан-Паулу, Манила,Лос-Анджелес,Мәскеу, Стамбул,Карачи,Буэнос-Айрес,Манила,Алматы,Берлин, Гамбург, Ақтау, Майндағы Франкфурт,Дели,Калькутта, Хьюстон,Чикаго,Астана,т.б. 5. «Сәйкестік тесті» 1.Халықтың бір белгілі аумақта таралып,орналасуын және елді мекендер жүйесінің қалыптасуын ... деп атаймыз. 2.. ... қатарына ауыл шаруашылығынан басқа салалар басым болатын , көбінесе әкімшілік қызметін атқаратын салыстырмалы түрде ірі елді мекендер жатады.3.Қала дәрежесі берілмеген елді мекендердің барлығы ... деп аталады. 4. ... миллионер қалалардың көршілес елді мекендерді қосып алуынан пайда болады.4. ... жақын орналасқан агломерациялардың бірігуінен пайда болады.5.Кемелденген урбандалу тән елдерде қала маңына қалалық өмір салтының қарқынды ене бастауы ... деп аталады.6. Агломерация аумағынан тыс жерлердегі елді мекендерге қалалық өмір салтының ене бастауын ... деп атаймыз.7.Қалада жұмыс істейтіндердің қала агломерациясынан тыс елді мекендерге қоныс аударуын ... деп атаймыз. Көп нүктенің орнын қой: контрурбандалу, қоныстану, Мегалополистер, Қалалар, рурбандалу, Агломерациялар, субурбандалу,ауылдық қоныстар. 6.Кескін картаға келесі қалаларды орналастыру: Мехико,Шанхай , Токио,Сеул,Бомбей,Нью-Йорк,Сан-Паулу, Манила,Лос-Анджелес,Мәскеу, Стамбул,Карачи, Буэнос-Айрес, Манила, Алматы,Берлин, Гамбург, Ақтау, Майндағы Франкфурт,Дели,Калькутта, Хьюстон,Чикаго, Астана,Шымкент,Пекин,Лондон,Париж,Санкт-Петербург. 7.«Ыстық орындық» әдісімен әр топ тақтаға шыққан оқушыға сұрақтар қояды.
|
Стикер Үлестірме Интерактивті тақта Кескін карта |
||||
Аяқталуы 5 минут
|
а) Сабақтың қай кезеңі ұнады? в) Сабақтың қай кезеңі ұнамады? 2. Үйге тапсырма беру. 1. Бағалау. Жетон арқылы және өзін-өзі бағалау арқылы формативті бағаланады.Жиынтық бағалау. |
Өзін-өзі бағалау парақшасы Стикер |
||||
Қосымша ақпарат : |
||||||
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Сабақтың мақсаттары шынайы болды.Оқушылар елді мекендердің түрлерімен танысты.Сыныптағы ахуал жағымды болды, сынып белсенділігі жоғары болды.Жоспарланған әдіс-тәсілдерді, уақытты тиімді пайдаландым. «Алдын-ала берілген атаулар» әдісіне 12 минут кетті, «Сәйкестәк тесті» 8 минутта бітті. |
|||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл»- «Бұл кім?» Интерактивті тақтада адамдардың суреттері көрсетіледі- олардың тілдік,ұлттық,діни құрамы бойынша сұрақтарға жауап беру. 2. Кескін картаға әлемдегі ірі қалаларды орналастыру жақсы орындалды. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген