400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елдің мақтанышы!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Егемен еліміздің рәміздерін қастерлеуге,тұңғыш елбасын құрметтеуге, Отанын сүюге, туған жерінің, туған елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елдің мақтанышы!»


Мақсаты: Егемен еліміздің рәміздерін қастерлеуге,тұңғыш елбасын құрметтеуге, Отанын сүюге, туған жерінің, туған елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.

Көрнекіліктер Рәміздер,Н.Назарбаев суреті,шиырмалар,слаид,қанатты сөздер.

Аружан: Отан деген ұлы сөз,

Басталады кішіден.

Барлық жерде,әрбір кез

Кездесер ол кісімен.

Мира: Қазақстан !сүйікті

Туған үй, туған елімсің.

Асық атып,доп қуып,

Асыр салған жерімсің.


Айнара: Тәуелсіз таңы атты еліме,

Құт әкелді мынау байтақ жеріме.

Енді міне ұрпағыңда бүгінгі,

Ие болу елдің байтақ кеніне.


Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.


Тәрбиеші: - Балалар, сендер осы Елбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер? Басшы дегеніміз не?

Елбасы– біздің тұңғыш президентіміз.Халқымыздың басшысы.

Тәрбиеші: Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Біздің еліміздің рәміздері қандай?

  • Елтаңба, Ту, Әнұран.

Балар бәріміз бері қарайықшы.

Балаларға слаид көрсетіледі.(Рәміздер туралы қысқаша мағлұмат беріледі.Елбасы туралы толық слаид корсетіледі.)

Рәміздер тур Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай белгі емес ұғып ал!

Көгілдір түс аясы.

Елбасы Н.Назарбаев туралы толық мағлұмат беру.

Нұр аға ерекше бізге мақтаныш,

Талай ерлер берген емес ар намыс.

Елбасы сізге деген сеніміміз,

Жүрегімізде мәңгі бақи өшпес іс.

Ән: «Ағатайым!»

Тыңшы кіреді:

Тс-с-с... Тыныш, тыныш,. Бұл не шу? (балаларға қарайды)

  • Сәлеметсіздер ме, балалар?

  • Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: - Тыңшы төрлетіңіз, қош келдіңіз!

Тыңшы: - Рахмет, рахмет! Бұл не жиын, бұл не той?

Тәрбиеші: - Тыңшы, біздер бүгін Елбасымыздың мерекесін атап өтуге жиналдық.

Тыңшы: - Е – е... Ендеше дүркіретіп той жасамайсыңдар ма?

Тәрбиеші. - Жасап жатырмыз. Бізбен бірге тойлаңыз.

Тыңшы: - Тойласақ, тойлайық. Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Балалар: - Өте жақсы көреміз.

Тыңшы: - Ендеше, «Өз туынды тап» деп аталатын ойынды ойнайық.


Ойын «Кім жылдам!»

Шарты: Ортада устелдің үстінде ұлт өкілдерінің жалаулары болады. Әр бала өзінің туын табу керек. Ойын 2-3 рет қайталана береді.


Би: «Қасиетті домбыра»


Тыңшы: - Қандай өнерлі балалар?! Жарайсыңдар!


Алтынбек: Аңызда ұшқыр төзімді

Пырақ халық арманы,

Жоғарыға түсер көз.

«Нұрсұлтан» деген сөз,

Таныс барлық жұлдызға.



Мөлдір: Мағыналы, сымбатты,

Бар осындай басшымыз.

Маған, саған қымбатты

Нұр ағамыз ол- біздің!

Тыңшы: - Т-с-с...Жарайсыңдар балалар сендер өте өнерлі балалар екенсіңдер. Балалар бәріміз бірге тағы бір ойын ойнасақ калай қарайсыңдар.

Балалар Ойнасақ ойнайық.

Ойын: «Өз түсіңді тап»

( Ортаға шеңбер жасап, жан- жақтан түрлі түсті ленталар тағылған. Сендер өздеріңе ұнаған лентаны ұстай бастаңдар.Тәрбиеші бақан болып көтерген кезде киіз үй болып шығады.)

Шаңырақты көтеріп,

Уықтарды құрайық.

Өрімдей болып өріліп,

Киіз үй болып тұрайық.

Тыңшы: - Ал, балалар, мерекені әрі қарай тойлай беріңдер. Ал біз болсақ, ертегі еліне қайтайық. Сіздермен бірге уақытты көңілді өткіздік.

Сау болыңыздар.


Тәрбиеші: - Мен қазақпын қаныммен сүйегіммен,

Сән – салтанат, салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам, осынау кең далаға,

Мұрагермін, оған да иемін мен!


Ән: « Әрқашан күн сөнбесің»

Ойын : «Туған жерді гүлдендір!»

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі- түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)

Тәрбиеші: - Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл- қызы міне, сендерсіңдер.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан- жақты білімді болу- міндеттерің.

«Туған жер - алтын бесік!»- демекші, балалар, бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп,елді,жерді сүюді,қадірлеуді өмірлік мақсат етейік – деп бүгінгі ертеңгілікті аяқтаймыз!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1063
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі