Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ
Мақсаты: 1. жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру;
2. қимыл-әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға күш-қуатын молайту;
3. дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, сызбалар, ойын түрлері.
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
-
Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
-
Тыста ұзақ жүргенің –
Ұзақ өмір сүргенің.
-
Спорт – денсаулық кепілі.
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін «Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?...
Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Жеке адамның басты байлығы – денсаулығы.
Адам денсаулығы өмір тішілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
Шопенгауердің «Дені сау кедей ауру корольден бақытты» деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.
Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.
Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар (тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбиесі)
В) Адам өміріе ең қажетті заттар (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
Г) Жалқаудың досы (еріншектік немесе ұйқы)
Мұғалім: Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?
1-оқушы: Жеке бас гигиенасын сақтау – таза жүру, таңертең тұрып әр түрлі жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну. Тырнақты өсірмей уақытылы алып жүру. Күн тәртібін сақтау.
2- оқушы: Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау.
3- оқушы: Жеміс-жидектерді жуып жеу. Тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналысу, таза жүру.
4- оқушы: Әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып таза жүрсе ауру жоламайды. Адам еңбекке қабілетті болып өсіп, дене құрылысы сымбатты болады. Мысалы, тісті таңертең және кешке жуып, таза ұстаса, тісі бұзылмай жақсы сақталады. Үнемі таза жүрсең денеңе жаман жаралар шықпайды.
Мұғалім: Ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар.
Денің сау болса білім аласың, еңбек етесің.
1-оқушы: Шомылайық, кел, балалар,
Айдын көлде, астауда.
Монша, өзен, суларға бар,
Малтып көбік аспанға.
Қайда болсын қашпай тұра
Жуынайық үнемі!
Мәңгі алғыс бізден суға,
Салауаттылық тірегі.
Мұғалім: Күніне кеі рет табиғи суға шомыл, жалаң аяқ жерде тұрып үстіңе құй, су денеңді шынықтырады, бойыңдағы теріс энергияны жерге ала кетеді, денеңді ұйқыдан оятады. Күш-қуат береді.
2- оқушы: Суға түсер алдында далаға шық.
Қарда жалаң аяқ жүріп үйрен.
Таза ауамен демалып ал да, ойша өзіңе және барлық адамдарға амандық-саулық тіле.
Тірек схемасымен жұмыс.
Мұғалім: Ал, балалар, «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?
(Байлық туралы ой қозғау).

Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

3- оқушы: Аптасына бір тәулік ас судан бас тарт, асқазаның демалады.
4-оқушы: Шаңғы теуіп, оппа қарда шынығамыз, ойнаймыз,
Қандай жақсы таза ауада демаламыз, тойлаймыз,
Жүгіреміз жалаң аяқ, шынықтырып денені.
Жексенбі күні сағат он екіде далаға шық, таза ауада қыдыр.
Таза ауа тәбетіңді ашады.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол, сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
5-оқушы: Қоршаған табиғатты сүй, аяла! Жерге түкірме, қақырма, қоқыс тастама! Бұл – сенің денсаулығың.
6-оқушы: Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе баршаға саулық тіле!
7-оқушы: Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс алдасың, достарың да көп болады.
8-оқушы: Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, көрсеқызарлықты, қорқақтықты, жалған намысқойлықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол!
9-оқушы: Ауыра қалсаң, көп уайымдама.
10-оқушы: Бастаған ісіңді аяқта! Жақсы оқы. Бір жұмысты бастадың ба, дұрыс аяқтауға тырыс. Ойыңды ішіңнен бөлме.
Денсаулықтың достары мен қастары

Ойын «Мақал-мәтелдерді жалғастыр»
-
Денсаулықтың жаңасын
Ақшаға қайдан аласың?
-
Денің сау болса,
Жолдасың көп болса
Жалғызбын деме.
-
Ауру батпаңдап кіріп,
Мысқылдап шығады.
-
Емнің алды – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
-
Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
11-оқушы: Өзің білген оқиғаларыңды, өз тәжірибелеріңді өзгелерге айт, тарат. Бірақ мақтанба, қарапайым бол!
Мұғалім: Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтып өттік, күнделікті іске асырып отырайық.
-
Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
-
Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?
-
Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады).
Қорытынды.
Мұғалім: Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.
Тегсішіл жалпы білім беретін негізгі мектебі

Өткізген:М.Д.Садыхова
4 сынып жетекшісі
2019 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз