400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елдің мықты тірегі-дені сау ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
денсаулық туралы шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Елдің мықты тірегі- дені сау ұрпақ.

Сабақтың мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, игі істердің адам денсаулығына шипа болатынын түсіну, адамгершілікке, инабаттылыққа, білімділікке, өнерпаз болуға баулу.

Сабақтың барысы:

--Денсаулық ел дамуының басты арқауы. Жеке адамның басты байлығы - денсаулық. Адам денсаулығы өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.

II Мағынаны тану. (Блиц турнир сұрағы, ой ашу)

1.Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)

2.Тіс тазартатын құралдар. (тіс щеткасы мен пастасы)

3.Адам өміріне ең қажетті заттар. (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)

4.Жалқаудың досы. (еріншектік немесе ұйқы)

-Балалар осы айтылғандар туралы қандай өлеңдер білеміз?

1.Тазалық сақшысы,

Иіс сабын, орамал.

Шөтке мен пастасы.

Соларға пара – пар.

Айнаға қараймын,

Шашымды тараймын.

Жасасын тазалық.

Деп мен жар саламын.

2.Еріншектен – салақтық,

Салақтықтан - надандық.

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адамдық.

Еріншек таза жүре алмас.

Кір - қолын да жуа алмас

Қаракет жоқ, ғылым жоқ,

Өз бойынан ұялмас. Сендердің денсаулық сақтау үшін не істеу керек деген сұраққа жауап беріп көрейік. /уақыт беріледі, екі топқа парақша таратылады/ Екі топқа бөліне қоямыз. /Стикердің түстері арқылы топқа бөліну/

- Екі топтың ұсынған пікірлерінен ортақ ой шығарайық./ Ортақ түйін жазу, Сол түйінді орындау /

.Shape2 Shape1

Жақсы сөз

Shape3

Зиянды заттар

Дұрыс тамақтану



Shape6 Shape4 Shape5

Еңбек

Спорт

Денсаулық



Shape8 Shape7

Тазалық

Өнер

Shape9

Күлкі













  1. Зиянды заттардың тізімін жасау

  2. Дұрыс тамақтанудың жолын түсіндіру

  3. Екі топтың басшылары бір-бірлері туралы жақсы сөздер айтады /қандай сезімде болғанын жеткізеді/

  4. «Кім жылдам?» спорт түрлерінің қимылдарын жасырады.

  5. Өнер /ән ,би/ екі топ таңдап көрсетеді.

  6. Күлкі-өмірді ұзартады.

Ойын «Мақал-мәтелді жалғастыр»

1.Тазалық саулық - негізі, Саулық байлық – негізі.

2.Дені саудың жаны сау.

3.Ауру аздырады, Суық тондырады.

4.Жасыңда салақ болсаң, Бара-бара былық боларсың.

5.Ұйқы тынықтырады, Жұмыс шынықтырады.

6.Ерте тұрғанның бір ісі артық.

7.Денсаулықтың жаңасын, Ақшаға қайдан аласың.

8.Денің сау болса, Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме.

9.Ауру батпаңдап кіріп, Мысқылдап шығады.

10.Емнің алды еңбек, Еңбек бәрін жеңбек.

11.Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.

12.Денсаулық – зор байлық.

Денің сау болса, білім аласың, еңбек етесің. Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына қажетті жайлар туралы әңгімелестік.

- Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ дегендей, ендеше деніміз сау болып, Қазақстанның болашағы көбейіп, көркейе берсін!







Қарабұтақ орта мектебі















«Елдің мықты тірегі- дені сау ұрпақ»

(класаралық ашық тәрбие сағаты

бастауыш кластар)









Өткізген: Бастауыш класс мұғалімі: Ижанова Нургуль













С

Сәуір,2016 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі