Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Көрнекіліктер Іс-шаралар Турнир Орталық туралы Ойындар
Аттестация Байқау Материалдар Журнал Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
  • Күніне 2 көрнекілік жүктеу
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
  • 30 көрнекілік жүктеу
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
  • 90 көрнекілік жүктеу
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    БАҒДАРЛАМА

    ШӘКӘРІМТАНУ

    10- сынып оқушыларына арналған

    (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    БЕКТҰРҒАНОВА ГҮЛФАЙРУЗ ӘБДІНАҒИМҚЫЗЫ

    Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясыныңқазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

    Пікір жазғандар:

    Дәрібайұлы С., Әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің доценті,филология ғылымдарының кандидаты;

    Орынбаева Н.Н., Алматы қаласы С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияның оқу ісінің меңгерушісі,шебер-педагог.

    Искакова Ж.А.,Алматы қаласы №198 ЖББМ оқу ісінің меңгерушісі,шебер-педагог.

    Түсінік хат мазмұны

    Қазақ әдебиетіндегі жаңа дәуірдің бастауы саналатын ұлы Абай бастаған ақындар легінде аса көрнекті орын алатын Шәкәрім Құдайбердіұлының ойы мен мұрасы бүгінде қазақ ұлтының жүрегіне мәңгілік ұялаған, өзін қазақпын деп сезінген әр адамның бойына азаматтық пен патриотизмнің, ой мен парасаттың рухын себетін аса бай қазына десек болады.

    Ол заманының шындығын, әлеуметтік — қоғамдық мәселелерді тануда және оны өз шығармашылығы арқылы көтеруде асқан білімділікпен қоса, айрықша ұстамдылық пен көрегендік танытты. Шәкәрімнің өлеңдері,ізгі туындылары философиялық тереңдігімен, ойының салмақтылығымен ерекше көзге түседі.

    Ол әдебиеттің барлық жанрында қалам тербеді. Туған халқының мәйекті ойы мен маржандай тілі негізінде ғажайып сұлу, мазмұны терең, кестесі көркем лирикалық өлеңдер қалдырды. Ұлы Абай үлгісін өлшем ете отырып, «Қалқаман—Мамыр», «Еңлік—Кебек», «Нартайлақ—Айсұлу» атты тамаша поэмалар жазды. Көркем проза үлгісіндегі Шәкәрімнің шығармалары XX ғасырдың басындағы ұлттық прозаға өз үлесін қосып қана қойған жоқ, оның орнығып, ілгерілеуіне елеулі ықпал жасады. Әсіресе, жазушының «Әділ—Мария» романы қазақ топырағында жаңа қалыптасып келе жатқан көркем роман дәстүрін көркемдік мазмұнмен байыта түсті.

    Сонымен қатар, кезінде өз тарапынан ізденіп, мол білім жинаған Шәкәрім әлем әдебиетінің үздік үлгілерін қазақ арасына таратуда да бірқатар еңбек атқарды. Атап айтқанда, Орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Дубровскийі» мен «Боранын», Л.Толстойдың әңгімелерін, Хафиздің өрнекті жырларын аударуы, Шығыс әдебиетіндегі классикалық «Ләйлі—Мәжнүн» сюжетін дастанға айналдыруы екінің бірінің қолынан келетін өнер болмаса керек. Шәкәрімнің білімдарлығы да, ақындық, ойшылдық қуаты да осынау туындылардан айқын аңғарылады.

    Қорыта айтқанда,айшықты сөздің зергері, ерекше құбылыс «Ғибрат алар артына сөз қалдырған» Шәкәрімнің шығармашылығы- мектеп оқушыларын тәрбиелеуде баға жетпес құрал.

    Бағдарламаның мақсаты - ғұлама ғалым, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы гуманист, кемеңгер ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығын терең меңгертуге арналған. Оқушыларды ақын мұраларын жетік меңгеруге,ізгілікке, кісілікке, бауырластыққа, өмірді, дүниені тануға тәрбиелеу;

    «Адаспайтын айқын жолды ұғыну арқылы » ұмтылар биігін, ұстанар межесін айқындайтын тұлға жасау;

    Бағдарламаның міндеті:

    1. Ақын мұраларын зерттеп –зерделеуге,талдап –таразылауға үйрету;

    2. Абайдың өлең өрнегін ұстанған, тіл мәдениетін үлгі тұтқан ақынның тың бояуын, айшықты сөз өрнегін - көркемдік ерекшеліктерін талдауға машықтандыру

    3. Шәкәрім шығармаларының әлеуметік –философиялық салмағы, халық даналығы туралы білім- білік қалыптастыру.

    Бағдарламаның өзектілігі: ақын шығармаларын оқытуға берілген сағат санының аз болу себепті, 10- сыныпқа арналған қолданбалы курсы дайындалып ұсынылды.

    Күтілетін нәтиже: «Шәкәрімтану» курсы бағдарламасында балалар төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: Шәкәрім өмірбаяны; Шәкәрім өмір сүрген ортасы; Шәкәрім туыстары, отбасы жөніндегі мәліметтер; Шәкәрімнің зерттеулер; Шәкәрім мұрасының рухани көздері; Шәкәрім және шығыс әдебиеті; Шәкәрімнің Пушкиннен, Толстойдан, Фзулиден аудармалары;Шәкәрімнің «Әділ – Мария» романы,Шәкәрім өлеңдеріне талдау жасай білу; Абай мен Шәкәрімнің шығармашылық байланысы; Шәкәрімнің ойшылдығы; Шәкәрімнің сазгерлігі;

    Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:

    1.Тақырып бойынша талдау жасау,бағдарламаның мақсаты мен міндеті,аталу себебіне талдау жасау. 2.Мектеп,ауыл,аудан кітапханаларындағы ғылыми және көркем әдебиеттерді,ғаламторды басшылыққа алу.

    1. Ұлы ақынның шығармаларымен таныстыра отырып,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, пәнаралық байланыс жасауға ,тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге үйрету.

    2. Шәкәрім шығармалары арқылы игерілген білімнен тәлім-тәрбие алу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

    Тұрақтылау (мазмұны) бөлімі

    Кіріспе Курс мазмұны, мақсат-міндеті. Шәкәрімтанушылардың шығармашылық-ізденіс жұмыстарына бағыт-бағдар беру (1 сағат)

    «Шәкәрімтану» ғылымы.(1 сағат)

    «Шәкәрімтану» ғылымымен айналысып жүрген ғалымдар, зерттеушілер. «Шәкәрімтану» ғылыми орталықтары.

    Шәкәрімнің өмірі, өскен ортасы.(1 сағат) Шәкәрімнің дүниеге келуі, туып-өскен жері.

    Балалық шағы. Әкесі Құдайбердінің Абаймен әкесі бір екендігі.

    Абайдың өз қамқорлығынан алуы. Өнер, ғылым-білім алумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнері. Өнеге көрген ортасы – Құнанбай ауылының зиялы тобы. Ұлы Абайдың тағлымы, Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына әсері. Ақынның өмір жолы мен өнер мұраты.

    Ресми ақталуы (1 сағат). Шәкәрімнің ақталуы. Атаусыз қалған, атауға тыйым салынған Шәкәрім Құдайбердінің қайта оралуы. Жинақтарының жарық көріп, еңбектерінің зерттелуі. Мектеп, оқу орны, т.б. ақын есімі берілуі.

    «Қазақ айнасы» жинағы (1 сағат).

    «Мыс аралассыз күміс жырлардың» тереңнен толғауы, тақырыбы, идеясы.

    Шәкәрімнің азаматтық лирикасы (1 сағат).

    Ақын лирикасындағы азаматтық үн. Мейірім мен зорлық, әділет пен зұлымдық, ғылым мен мораль, адам мен заман туралы толғаныстар, адамгершілік мәселелер. Ақын лирикасындағы – Адам (1 сағат).

    Ақын лирикасындағы басты обьект – Адам. Адам баласының басқа тіршілік иелерінен айырым белгілерін сөз етуі. Адамның болмыс-бітімін, оның ақы-ойын ғана емес, түйсік-сезімін, тіпті физиологиялық ерекшеліктерін де сөз етуі. Еуропа ғылымының адамтану саласындағы жетістіктерін көпшілік алдына тартуды мұрат тұтуы. Адам махаббатының шуағын, жастық қызығын дәріптеу, кәрілікті даттау, адам ғұмырын кезең-кезеңге бөліп сипаттаудағы өзіндік үні.

    Шәкәрімнің ағартушылық идеясы.(1 сағат)

    Ағартушылық идеясы – Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі.Халық санасын ояту. Бақытқа жеткізер жол – Ақиқат жолы десек, ақиқатқа жетудің жолы – оқу-өнерді игеру екендігі. Ғылымға үңілу – өмірлік мұратқа жету идеясы. Осы тақырыптардағы «Сен ғылымға», «Жастарға», «Насихат» өлеңдеріндегі ғылымға жетелеу. Адам баласын , Абай айтқандай, «Ержеткен соң түспеді уысыма» деп өкініште қалдырмау.

    Шәкәрім лирикасындағы психологизм.(1 сағат)

    Нәзік те терең психологизм – Шәкәрім лирикасының озық сипаты. Өлеңдеріндегі сезім қылын

    шертер сыршылдық.

    Шәкәрім лирикасының қаһарманы.(1 сағат)

    Шәкәрім Құдайбердіұлының лирикалық қаһарманының қуанышы мен күйініші, үміті мен күдігі. Абай кейіпкерлеріне ұқсастығы. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатында Абай сияқты «жаралы жүрек», «улы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» ұғымдарын образдылықпен қолдану. Лирикалық қаһарманының «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сұм жүректермен» айқасуы. Заман деңгейінен аса алмай, пұшайман болған кездерінде «дертті жүрекке» айналуы.

    «Әділ – Мария»романы.(1 сағат)

    Шәкәрімнің проза жанрындағы қаламгерлік қызметі. Шығармадағы ғашық жастардың өмірі, әйел бостандығы. Ескі қазақ ауылындағы саяси-әлеуметтік жағдай. Шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық.

    Поэмалары.(1 сағат)

    Поэма жанрындағы жемісті еңбегі. 19ғ. ІІ жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалыл дастан дәстүрінің дамуына қосқан елеулі үлесі. Поэмалардағы баяндау сарын , көркемдік жүйе, қаламгерлік мұрат.

    «Еңлік – Кебек» (1 сағат).

    Поэмадағы ұмытылмауға тиіс ғибраты мол хикая – Еңлік пен Кебек тағдыры. Махаббат трагедиясы.Трагедияға себеп болған қоғамдық-әлеуметтік жағдай. Замана кейпі.

    «Қалқаман - Мамыр» (1 сағат).

    Поэманың идеялық мазмұны. Тарихи деректер. Ата салттың кертартпа тұстары, салт-сана тартысы.

    Махаббат драмасы. Әнет баба бейнесі.

    «Ләйлі-Мәжнүн» (1 сағат).

    «Ләйлі-Мәжнүн» - ақынның Шығыс тақырыбындағы көлемді мұрасы. Шығарманың нәзира үлгісімен аударылуы. Белгілі сарындағы өзгеше түр, өзіндік бояу. Жырдағы ақын мұраты – жаңа тақырып табу емес, жаңа жол табу, белгілі сарынды өзгеше түрге бөлеу, өзіндік бояумен бейнелеу.

    «Нартайлақ – Айсұлу» поэмасы (1 сағат).

    Шығарманың екі поэмадан соң беріде (1929жылы) жазылуы. Поэмадағы махаббат трагедиясы. Біздің заманымызға қолжазба қалпында жетуі. Өте әлсіз шығарма екендігі.

    Шәкәрімнің әуезді әндері (1 сағат).

    Жиырмаға жуық әні.Әуені мен өлеңнің үйлесім табуы.

    Абайдың сазгерлік ән дәстүрін дамытушы. «Жиырма үш жасымда», «Шын сырым», «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек», «Анадан алғаш туғанда», «Қорқыттың сарыны» , т.б. әндерін орындаушылар, нотаға түсірушілер. К. Ұлмесековтың ақын әндерін жинап, қазақ радиосының

    «Алтын қорына» енгізуі. Бүгінгі орындаушылар (Тамара Асар, Жазира мен Жанболат). Бейнебаяндағы ән мен сән үйлесімі. Ондағы поэтикалық рух.

    «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» (1 сағат).

    Әннің А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына енуі. Әндегі ішкі үйлесім, шебер үндестік, тың өлшем. Ақынға қойылар биік көркемдік талап, ақындық өнерді меңгерем дегенге зор міндет.

    Шәкәрім – Ар ілімі (1 сағат).

    Дінге көзқарасы. Қажылық сапары. Өз шығармаларында Құран сөздерін, Пайғамбарымыздың хадистерін, адал, халал, ынсап, мейірім, шапағат сөздерінің қолданылуы. Діни және рухани соқырлықтың мән-мағынасын ашуға тырысуы.

    Әділ, арлы бейнесіне ерекше орын беруі. Ақын бас ұрған ақиқат жолы.

    Шығармашылық жолының өн бойындағы ар тазалығы.

    Ақын еңбектері (1 сағат).

    «Үш анық» , «Мұсылманның шарты» еңбектеріндегі мұсылмандықты насихаттау, терең философия, өзгеше сөз өрнегі, халық даналығы. «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресіндегі» Абай ықпалы. Абайдың (бозбала шағында оның білімділігін сезіп) қазақтың шежіресін жинауды тапсыруы. Тарих тағлымы, қазақ халқаның шығу тегі, рулар шежіресі.

    «Мұсылманшылық тұтқасы» (1 сағат).

    Ақынның діншіл ғана емес, терең ойшыл философ екендігі. Дін бұзушыларды сынға алуы. Мұсылмандықты насихаттауы.

    Шәкәрім және Абай (1 сағат).

    Інінің ақын аға қызметін, ерекше болмысын, трагедиялық тағдырын кәміл түсінуі. Шығармаларындағы Абайдың өлең өрнегі, Абай үлгісі, Абай тағлымы, Абай мектебі. Тақырыптарындағы Абаймен сабақтастық, үндестік.

    Ақын және халық (1 сағат).

    Туған халқын бақытқа жеткізер амал іздеуі. Әшкерелейтіні

    – халық міні, мақтан тұтары – халықтық қазына. Ұлт басындағы халді шыншылдықпен бейнелеу. Халықтың өткеніне көз жіберуі, бүгініне үңілуі.

    Шәкәрім және әлем әдебиеті (1 сағат).

    Шәкәрімнің түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік білуі. Әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттауы. Өзге ел әдебиеті үлгілерін аударуы. Батыс пен шығыстың ғалымдары Әбілғазы, Ж.Баласағұн, Радлов, Березин, т.б. еңбектерімен танысуы. Қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы жемісті қызметі. Классикалық шығыс поэзиясы, орыс және Еуропа әдебиетінің үлгілерін терең оқуы.

    Шәкәрімнің Толстойдан аудармасы (1 сағат).

    «Шығысым Батыс боп кетті» деген аға ізімен Еуропа әдебиетіне ден қойған ақынның орыс білімпазының жолын ұстануы. Лев Толстойдың Шәкәрім болмысындағы өзгеше жарық сәулесі ақынның

    адамдық тұлғасы мен ағартушылық қызметінен, ойшылдық кейпі мен қаламгерлік қарымынан бүкіл өмір жолы өнердегі мұратынан айқын танылуы. Фәни тірліктен аулақтаған, жапанда жалғыз жатқан күндерінде Толстойдан ізгілікті, мейірбандықты, бауырмалдықты уағыздаған аудармалары «Ассирия патшасы Ассархадон», «Үш сауал», «Крез патша» әңгімелері. Аудармалардың – кезінде баспа көрмегенімен, қолжазба түрінде халық арасына кең тарауы. Толстойдан аудармаларындағы көркемдік бояу. Толстойды пір тұтуы, хат алысып, ақыл-кеңес сұрауы.

    Шәкәрімнің Пушкиннен аудармасы (1 сағат).

    Пушкинді адам баласын тура жолға тартқан дана деп тануы. Шәкәрімнің «Дубровскийі» –қазақ әдебиетінің даму жолындағы елеулі белестерінің, ең үлкен табыстарының бірі болуы.

    Шәкәрім – ақыл-ойдың антологиясы (1 сағат) .

    Ғұлама ақынның шын мұраты – сөз патшалығы арқылы өмір өріне шыққан ақсақал көзімен ғана емес, өнер биігіне шыққан ақылман тұрғысынан пенде атаулының фәни ғұмырына баға беруі. Өлеңдеріндегі қанатты, нақыл сөзге айналған жолдар.

    М.Мағауин «Ақиқат жолы» (1 сағат).

    Ғұлама ғалымның өнердегі ұлағатты жолының келісті әрі күрделілігі. Ақын өмірі – ақын тағдыры.

    «Өлгеннің тіріліп, өшкеннің жануы»

    Қ. Сүйіншәлиев «Шәкәрім Құдайбердіұлы» (1 сағат).

    Тарихи кезеңнің талантты перзенті екендігі. Ойшыл ақын мұрасының асыл мұраты.

    «Шәкәрім тағлымы – өмір ұстанымы» (1 сағат).

    Шәкәрім шығармаларын зерттеп -зерделеудегі шығармашылық дағдылары, ой еркіндігі, тіл көркемдігі.

    Танымдық деректі фильм «Шәкәрім Құдайбердиев» (1 сағат).

    Шәкәрімнің өмірі, шығармашылығы жайлы танымдық деректі фильм көру (1 сағат).

    Шәкәрім шығармаларының көркемдік ерекшелігі (1 сағат).

    Ақынның ұстазы – Абай поэзиясының көркемдік тәжірибесін игеруі, ақындық қабілеті, көркемдік ізденістері. Жаңашыл ойларды, толғамдары көркем бейнелі сөз қолданысымен әсерлі құбылтуы.

    Қараөлең, кезекті, шалыс, аралас ұйқастармен шектелмей, Абай қолданған Шығыстың ғаруз ұйқасы үлгісін қолдануы.

    Шығармашылық жұмыс (1 сағат).

    Шәкәрім шығармаларын тіл көркемдігіне талдау.

    Ақын өлеңдерінен троп, фигураның түрлерін табу, талдау.

    Қорытынды сабақ (1 сағат).

    Нормативті бөлім

    Апталық сағат саны - 1, жылдық сағат саны – 34

    Р/С

    Сабақтың тақырыбы

    Сағат

    саны

    Оқу мақсаты

    Әдіс- тәсілдері

    барлығы

    лекция

    практика

    Білім өнімі

    1

    Кіріспе

    1

    1

    10.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды

    анықтау;

    дәріс

    «Алақан» әдісі арқылы алған білімді жинақтайды.

    2

    «Шәкәрімтану» ғылымы

    1

    1

    10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен

    үндестіру;

    дәріс

    Тақырыпта ерекше әсер еткен қоғамдағы әлеуметтік субьектіге мысал келтіреді.

    3

    Шәкәрімнің өмірі, өскен ортасы

    1

    1

    10.3.4.1-ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу

    таныстыры лым жасау

    «Үш жақтағы күнделік » әдісі арқылы берілген сызбадағы бос ұяшықтарды толтырады.

    4

    Ресми ақталуы

    1

    1

    10.1.5.1ұлттық

    құндылықтардың

    ғылыми

    ізденіс

    Көтерілген мәселені

    анықтайды.

    маңыздылығын контекстермен

    үндестіру

    жұмысы

    Ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

    5

    «Қазақ айнасы» жинағы

    1

    1

    10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе,

    әңгіме) жазу

    дөңгелек үстел

    Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама- қарсы суреттеулерді табады.

    6

    Шәкәрімнің азаматтық лирикасы

    1

    1

    10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы

    көрінісін анықтау;

    эссе

    Көтерілген мәселені анықтайды.

    Өз пікірін білдіреді.

    7

    Ақын лирикасындағы – Адам

    1

    1

    10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда

    қолдану;

    эссе

    «Рефлексиялық шеңбер» әдісі арқылы

    тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.

    8

    Шәкәрімнің ағартушылық идеясы

    1

    1

    10.3.1.1

    шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын

    анықтап, бағалау;

    эссе

    «Жариялау» әдісі арқылы әрбір топ спикері берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялап,топ ұстанымын жеткізеді.

    9

    Шәкәрім лирикасындағы психологизм

    1

    1

    10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына

    баға беру;

    эссе

    Білімді түсіндіріп,берілгеннен тыс ресурстар қоса алады.

    10

    Шәкәрім лирикасының қаһарманы

    1

    1

    10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін

    жинақтау мен даралау

    ізденіс жұмысы

    Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты

    гуманистік тұрғыдан талдайды.

    11

    «Әділ – Мария» романы

    1

    1

    10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік- композициялық талдау жасау арқылы идеялық

    мазмұнын түсіну;

    дәріс

    Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты

    гуманистік тұрғыдан талдайды.

    12

    Поэмалары

    1

    1

    10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік- композициялық

    талдау жасау арқылы идеялық

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Нурбайқызы Ж
    30 Сәуір 2024
    516
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    Элективті курс 10-сынып әдебиет Шәкәрімтану

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    Элективті курс 10-сынып әдебиет Шәкәрімтану

    Материал туралы қысқаша түсінік
    "Шәкәрімтану" элективті курс КТЖ 10-сынып

    Файл форматы:
    docx
    Қазақ тілі Сабақ жоспары 10 сынып
    30.04.2024
    516
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Нурбайқызы Ж
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации