400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Элективті курс."Бейорганикалық химия"

Материал туралы қысқаша түсінік
9-11 сыныптарға арналған химия пәнінен қосымша жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



Түсінік хат.Химия.10 сынып

(Барлығы-34 сағат,аптасына 1 сағат)
Химия пәнінен бұл бағдарлама жалпы мектептердің 9-11сыныптарында оқушылардың алған білімдерін әрі қарай тереңдете бекітіп, білімдерін тексеруге арналған. Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Химиялық есептер – оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі. Курстың негізіне атом-молекулалық ілім, стехиометриялықзаңдар,

химиялық элементтердің периодтық заңы алынған.

Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын жоғары оқу орнына түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан. 

Бағдарламаның негізгі мақсаттары:

  • Бейорганикалық және органикалық химиядан алған білімдерін қорытындылау, пысықтау.

  • Бар білімді жаңа проблемалар (әр түрлі деңгейдегі есептерді) шешуде шығармашылықпен қолдану.

  • Химияның мектептік курсында қарастырылмайтын ұғымдарды оқып-үйренуді қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың талдау, салыстыру, тұжырымдау, ой-өрісін, өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Конкурстық, олимпиадалық есептерді шығару алгоритмін жетілдіру, күрделі есептерді шығаруда алгебралық әдістерді пайдалану тиімділігін көрсету.

  • Пәнаралық байланыстардың мазмұның (математика, физика, биология) кеңейту.

  • Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы, ауқымды мәселелерді шешудегі рөлінің артуын ашып көрсету.

  • Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.


Міндеттері: 
- химиялық дүниетанымды қалыптастыру; 
- алған білімдерінінің маңызы туралы түсініктерді меңгерту; 
- әр оқушының оқу деңгейін анықтау; 
- тәжірибелік білімдерін жетілдіру; 
- химиядан білім стандартына сәйкес келетін оқытудың жоспарланған нәтижесін қамту. 
Күтілетін нәтиже: 
Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есептер шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады. 
Бұл курс бағдарламасындағы орындалатын жаттығулар және шығарылатын есептер әр тақырыпқа жеке берілген. Бағдарламаның бұлай құрылуы оқылған тапсырмаларды орындау кезіндегі мақсаты мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді. 
Егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса, күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз. Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген. Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады. Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет. 

Бағдарламаның мазмұны 
Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат 

№ тарау

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Қосымша

1.

Атом құрлысының заманауи теориясы

1



2.

Изотоптар.Радиоактивтілік

1



3.

Валенттілік

1



4.

Ковалентті байланыс

1



5.

Иондық байланыс

1



6.

Химиялық реакциялардың жіктелуі

1



7.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

1



8.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастыру

1



9.

Тұздар гидролизі

1



10.

№2 зертханалық жұмыс.Әр түрлі тұз ерітінділерінің ортасын анықтау

1



11.

Химиялық тепе- теңдік

1



12.

Металдар мен бейметалдардың салыстырмалы сипаттамасы

1



13.

Металдар мен бейметалдардың қосылыстары

1



14.

Сілтілік металдар

1



15

Натрий

1



16

Калий

1



17

Кальций

1



18

Судың кермектігі оны кетіру әдістері

1



19

№ 8зертханалық жұмыс.Сілтілік металдардың тұздарымен танысу

1



20

Мыс

1



21

Мырыш

1



22

Хром

1



23

Темір.Темірдің маңызды қосылыстары

1



24

Алюминий .Алюминийдің маңызды қосылыстары

1



25

Көміртек

1



26

Кремний.Кремний оксиді

1



27

Азот

1



28

Минералды тыңайтқыштар

1



29

Күкірт

1



30

Күкірт қышқылы

1



31

Металдврдың табиғатта таралуы

1



32

Шойын мен болат өңдірісі

1



33

Силикат өнеркәсібі

1



34

Шыны және цемент өндіру

1






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1974
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі