400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабактың тақырыбы: : Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру Сабактың мақсаты: Білімділік: Бөлшектеп құрастыру цехі және автомобиль бөлшектерімен құрал-жабдықтармен таныстыру бөлшектеп құрастыру тәжірибесінде білімдерін жинақтау , қолдану. Дамытушылық: Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру Тәрбиелік: Тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КЕЛІСІЛДІ

Колледж әдіскері

__________ А.Б.Куандыкова

«___»_____________2026 ж.


Б БЕКІТЕМІН

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

_ _________Касенова А.З.

«___» ___________2026 ж.






Абай облысы Білім басқармасы «Көлік колледжі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

(білім беру ұйымының атауы)


Ашық оқу сабағының

жоспары








Тақырыбы: Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру

Модуль/пән атауы: Бөлшектеп құрастыру тәжірибесі

Курс, топ : 21ТР-к

Дайындаған ӨОШ:Қайрлыев А.Қ

Күні: «___»_____________2026 ж.















Өндірістік оқыту коммиссия циклының

отырысында қаралды және мақұлданды.

2026 ж. «___» №__ хаттама

Төрайымы _________ Каржаубаева Ж.К.





Семей қаласы

2025-2026 оқу жылы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

(министрліктің немесе ведомствоның атауы)

Абай облыстық әкімшілігінің Білім басқармасының «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

(Білім беру ұйымының аты)




№8 Сабақ жоспары.

Модуль /пән атауы «Бөлшектеп құрастыру тәжірибесі»

Оқытушы: Қайрлыев А.Қ

«___» ________ 20__ жыл

1. Жалпы мәліметтер

      Курс, топ: II курс 21 ТР-к

      Сабақтың түрі: іс-тәжірибе сабағы

Сабактың тақырыбы: : Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру

Сабактың мақсаты:

Білімділік: Бөлшектеп құрастыру цехі және автомобиль бөлшектерімен құрал-жабдықтармен таныстыру бөлшектеп құрастыру тәжірибесінде білімдерін жинақтау , қолдану.

Дамытушылық: Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру

Тәрбиелік: Тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас.

Пәнаралық байланыс: Автокөлік құрлысы,металлдар техналогиясы.

Сабақ көрнекіліктері: Автомобиль бөлшектері,құрал-саймандар және плакаттар.

№

Сабақ құрылымы.

Сағат

I

Ұйымдастыру.

2 мин

II

Презентациясы.

3 мин

III

Үй тапсырмасын тексеру.

15 мин

IV

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

30 мин

V

Жаңа сабақты бекіту.

9 мин

VI

Үй жұмысын беру.

1 мин

VII

Тәжірибелік жұмыс.

240 мин

VIII

Сабақты қорытындылау.

5 мин


Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын назар аудару. Оқушыларды белгілеу, кезекшілерді тағайындау. Техника қаупсіздігі жөнінде айту.

II. Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсаты мен сабақ жоспарымен таныстыру.

  • Электр жабдықтау жүйесінің құрылымын және негізгі элементтерін үйрену.

  • Электр жабдықтарын дұрыс бөлшектеу және қайта құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

III. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Пневматикалық тежеуіш дегеніміз не?

  2. Пневматикалық тежеуіш жүйесінің негізгі қызметі қандай?

  3. Пневматикалық тежеуіш жетегінің негізгі элементтерін атаңыз?

  4. Компрессордың пневматикалық тежеуіш жүйесіндегі қызметі қандай?

  5. Ауа ресиверінің (баллонның) атқаратын қызметі қандай?

  6. Пневматикалық тежеуіш жетегін бөлшектеу алдында қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?

IV.Жаңа тақырыппен таныстыру. Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру.

1. Сабақтың мақсаты

  • Электр жабдықтау жүйесінің негізгі элементтерін танып-білу.

  • Жабдықтарды қауіпсіз түрде бөлшектеу және қайта құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

  • Электр тізбектерін дұрыс қосу мен тексеруді үйрену.

2. Қажетті құрал-жабдықтар

  • Бұрауыштар (жалпақ, крест тәрізді)

  • Кілттер жиынтығы

  • Пассатиж, қысқыштар

  • Мультиметр немесе тестер

  • Оқшаулағыш қолғаптар

  • Электр жабдықтау жүйесінің макеті (қалқан, автоматты ажыратқыш, сақтандырғыш, сымдар)

3. Қауіпсіздік техникасы

  • Жұмыс алдында электр қорегін толық сөндіру.

  • Қорғаныш қолғаптарын пайдалану.

  • Сымдардың оқшаулауын тексеру.

  • Ылғалды қолмен немесе металл құралдармен ток жүретін бөліктерге тимеу.

  • Нұсқаушының рұқсатынсыз электр тізбегін қоспау.

4. Жұмыстың орындалу тәртібі

1-кезең: Жүйені қарау

  • Электр жабдықтау жүйесінің негізгі бөліктерін анықтау:

  • автоматты ажыратқыш

  • сақтандырғыш

  • өткізгіш сымдар

  • тарату қалқаны

2-кезең: Бөлшектеу

  • Қалқанның қақпағын ашу.

  • Сымдардың орналасуын белгілеп алу (сызба немесе фото).

  • Бұрандаларды босатып, құрылғы элементтерін біртіндеп шешу.

  • Әр бөлшекті бөлек орналастырып, олардың атауын жазу.

3-кезең: Тексеру

  • Контактілердің күйін тексеру.

  • Сымдардың тұтастығын мультиметрмен өлшеу.

  • Қажет болса, тозған элементтерді ауыстыру.

4-кезең: Қайта құрастыру

  • Бөлшектерді бастапқы тәртіп бойынша орналастыру.

  • Сымдарды сызба бойынша қайта қосу.

  • Бұрандаларды бекіту.

  • Барлық қосылыстардың сенімділігін тексеру.

5-кезең: Жүйені сынау

  • Электр қорегін қосу.

  • Құрылғының дұрыс жұмысын тексеру.

  • Қауіпсіздік параметрлерін бақылау.

5. Бақылау сұрақтары

  1. Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу жұмысы қандай ретпен орындалады?

  2. Бөлшектеу алдында қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі?

  3. Сымдарды ажыратқанда қандай ережелерді сақтау керек?

  4. Электр жабдықтарының ақауын қалай анықтауға болады?

  5. Қайта құрастыру кезінде қандай рет сақталады?

5. Қорытынды

Тәжірибелік сабақ барысында студенттер:

  • электр жабдықтау жүйесінің құрылысын үйренеді;

  • бөлшектеу және қайта жинау дағдыларын меңгереді;

  • электр қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйренеді.

V. Үй тапсырмасы.

Электр жабдықтау жүйесінің негізгі элементтерін жазып, олардың қызметін түсіндіріңіз.
(Мысалы: автоматты ажыратқыш, сақтандырғыш, өткізгіш сымдар, электр қалқаны.)

VI. Тәжірибелік сабақ.

Оқушыларды бөлшектеп құрастыру цехімен таныстыру.

VII. Қорытындылау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды атап өту, бағалау.

Өндірістік оқыту шебері: _____________ Қайрлыев А.Қ

Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі

Абай облысы Білім басқармасының

«Көлік колледжі» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)



АШЫҚ САБАҚҚА ШАҚЫРУ – КАРТОЧКАСЫ

«Бөлшектеп құрастыру тәжірибесі»

КМ 01 Өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша жұмыс оқу бағдарламасы

(пәннің/модульдің атауы)

Пән: Бөлшектеп құрастыру тәжірибесі

Топ: 21 ТР-к

Өткізілу уақыты: 12.03.2026 08:00с

Өткізілетін орыны: ТОО СемАЗ

Сабақтың тақырыбы: Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру

Оқытушы:Қайрлыев А.Қ

Сабақтың мақсаты:

- Білімділік: Бөлшектеп құрастыру цехі және автомобиль бөлшектерімен құрал-жабдықтармен таныстыру бөлшектеп құрастыру тәжірибесінде білімдерін жинақтау , қолдану.

- Дамытушылық: Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру

, реттеу өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

- Тәрбиелік: Тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың жабдықталуы: Құрал-саймандар

Пән аралық байланыс: Металл технологиясы, сызу , автомобильдер құрылысы.

Қолданылатын технология: Ақпараттық-коммуникациялық технологиясын қолдану

Көрнекіліктер: Презентация, құрал-саймандар, фрезер станогы.





Өндірістік оқыту пәндер

цикл комиссиясының төрайымы Каржаубаева Ж.К.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 сәуір
36
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі