1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру ашық сабақ
КЕЛІСІЛДІ Колледж әдіскері __________ А.Б.Куандыкова «___»_____________2026 ж.
|
БЕКІТЕМІН Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары __________Ерғалиева А.А. «___» ___________2026 ж.
|
Абай облысы Білім басқармасының
«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
(білім беру ұйымының атауы)
Ашық оқу сабағының
жоспары
Тақырыбы: Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру
Модуль/пән атауы: Бөлшектеу-құрастыру іс-тәжірибе
Курс, топ: 21Трк
Дайындаған педагог: Самашов Т.М.
Күні: «23» қазан 2026 ж.
|
Өндірістік оқыту пәндерінің циклды комиссиясының отырысында қаралды және мақұлданды. 2026 ж. «___» №__ хаттама Төраға_________Қаржаубаева Ж.Қ.
|
Семей қаласы
2026-2027 оқу жылы
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің
оқу сабағының жоспары
№ |
Сабақ туралы мәлімет |
|
1 |
Сабақ тақырыбы
|
Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру |
2 |
Модуль /пән атауы |
КМ02 «Автомобильдің агрегаттарын,тораптары мен аспаптарын бөлшектеу - кұрастыру бойынша жұмыстарды орындау» ОН2.3. Агрегаттарды, топтарды және аспаптарды бөлшектеу-құрастыру жұмыстарын орындау |
3 |
Дайындаған педагог |
Самашов Төлеген Манарбекұлы |
4 |
Өткізілетін күні |
23 қазан 2026 жыл |
5 |
Жалпы мәліметтер |
|
|
Курс, топ |
21Трк |
6 |
Сабақ типі |
Бөлшектеу-құрастыру іс-тәжірибе, аралас |
7 |
Мақсаты, міндеттер |
|
|
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
|
Білімділік: Автомобильдің электр жабдықтау жүйесінің (генератор, стартер, аккумулятор және т.б.) құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы білімді қалыптастыру. Электр жабдықтарын бөлшектеу және құрастыру реттілігі мен тәсілдерін үйрету. Дамытушылық: Электр жабдықтарын бөлшектеу-құрастыру кезіндегі іс-тәжірибелік дағдыларды, өз бетінше жұмыс істеу, ақауларды анықтау және слесарлық құралдармен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Жұмыс орнында техника қауіпсіздігі ережелерін үнемі сақтауға, еңбек мәдениетін қалыптастыруға, тапсырманы мұқият орындауға және таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу |
8 |
Қажетті ресурстар |
|
|
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер |
|
Техникалық құралдар, материалдар |
Слесарлық құрал-саймандар жиынтығы (кілттер, бұрауыштар, съемниктер), мультиметр/тестер, бөлшектеуге арналған электр жабдықтары (генератор, стартер), стендтер |
|
9 |
Сабақтың барысы |
I. Ұйымдастырушылық сәт, қатысушыларды тексеру (2 мии) Сәлемдесу. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру (арнайы киім, құралдар). Қатысымды белгілеу, кезекшілерді тағайындау. Электр құралдарымен және бөлшектеу жұмыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін еске салу Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен жоспарын хабарлау. Электр жабдықтау жүйесінің автокөліктің үздіксіз жұмысындағы маңызын түсіндіру.
II Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ-жауап) (8 мин) 1. Электр тогының көздеріне нелер жатады? (Аккумуляторлық батарея, генератор) 2. Генератордың негізгі қызметі қандай? (Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыру) 3. Стартердің атқаратын ролі не? (Қозғалтқышты іске қосу) 4. Аккумуляторды пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары қандай? . III. Жаңа тақырып түсіндіру (30 мин) (Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру) Жоспар:
3. Бөлшектеу реттілігі 4. Ақауларды тексеру және құрастыру: |
10 |
Сабақ бойынша рефлексия |
«3-2-1» әдісі (3 мин) 3 сандық дерек / маңызды ой: Бүгінгі сабақта үйренген 3 маңызды әрекет (мысалы: диодты көпірді тексеру, генераторды бөлшектеу реті, ТҚ ережесі). 2 қиындық: Жұмыс барысында кездескен 2 кедергі (мысалы: шкивті съемникпен шешу, щетка орнына қою). 1 ұсыныс / сұрақ: Келесі сабаққа қатысты 1 сұрақ немесе ұсыныс. |
11 |
Үй тапсырмасы,
|
Үй тапсырмасы (2 мин) Электр жабдықтау жүйесінің бөлшектеу-құрастыру схемасын сызу және генератор ақаулықтарының негізгі себептерін конспектілеу. Терминдермен жұмыс Қорытындыау, бағалау (5 мин) |
Өндірістік оқыту шебері:_____________ Самашов Т.М.
Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі
Абай облысы Білім басқармасының
«Көлік
колледжі» комуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорыны
(Білім
беру ұйымының аты)
АШЫҚ САБАҚҚА ШАҚЫРУ – КАРТОЧКАСЫ
«Бөлшектеу-құрастыру іс-тәжірибе»
КМ02 «Автомобильдің агрегаттарын,тораптары мен аспаптарын бөлшектеу-кұрастыру бойынша жұмыстарды орындау»
ОН 2.3.Агрегаттарды,топтарды және аспаптарды бөлшектеу-құрастыру жұмыстарын орындау.
(пәннің/модульдің атауы)
Топ: 21Трк
Өткізілу уақыты: 23. 10. 2026 сағат 08:00
Сабақтың тақырыбы: Электр жабдықтау жүйесін бөлшектеу-құрастыру
Оқытушы: Самашов Т.М.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Автомобильдің электр жабдықтау жүйесінің (генератор, стартер, аккумулятор және т.б.) құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы білімді қалыптастыру. Электр жабдықтарын бөлшектеу және құрастыру реттілігі мен тәсілдерін үйрету.
- Дамытушылық: Электр жабдықтарын бөлшектеу-құрастыру кезіндегі іс-тәжірибелік дағдыларды, өз бетінше жұмыс істеу, ақауларды анықтау және слесарлық құралдармен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: Жұмыс орнында техника қауіпсіздігі ережелерін үнемі сақтауға, еңбек мәдениетін қалыптастыруға, тапсырманы мұқият орындауға және таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
3. Сабақтың жабдықталуы: СемАЗ шеберханасының слесарлық құрал-саймандар жиынтығы (кілттер, бұрауыштар, съемниктер), мультиметр/тестер, бөлшектеуге арналған электр жабдықтары (генератор, стартер), стендтер, нұсқаулық-технологиялық карталар.
Сабақтың түрі: Күрделі кешенді жұмыстарды орындау сабағы.
Пән аралық байланыс: Металл технологиясы, сызу .
Қолданылатын технология: Ақпараттық-коммуникациялық технологиясын қолдану, ЖИ.
Көрнекіліктер: құрал-саймандар
Өндірістік оқыту пәндер
цикл комиссиясының төрағасы Қаржаубаева Ж.Қ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген