400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Электр және батарея "

Материал туралы қысқаша түсінік
адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (ҚМЖ)


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жаратылыстану

5-бөлім.Табиғат физикасы («Дәстүр және ауыз әдебиеті ортақ тақырыбында»)

Мектеп: Белогор негізгі орта білім беретін мектебі

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Искакова Шарипа Санатовна

Сынып:1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Электр


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.5.1.адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру

1.1.1.1.қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру


Барлық оқушылар: күнделікті өмірдегі электр энергиясының маңызын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі: электр энергиясын қалай пайдаланатынын біледі

Кейбір оқушылар: қоршаған әлем құбылыстарының қажеттілігін түсінеді

Жетістік критерийлері

Жарық не үшін керегін және адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсінеді.

Электр тоғымен жұмыс істейтін және батереямен жұмыс істейтін заттарды ажыратады.

Қоршаған әлем құбылыстарының қажеттілігін түсінеді

Тілдік мақсат

Пәндік лексика және терминология:

Электр – электр - еlectr

Батарея – батарея - battery

Жазылым және диалог үшін пайдалы сөздер мен сөз тіркестері:

- Балалар, суреттерден не көріп тұрсыңдар?

- Бұл құралдарды біз не үшін пайдаланамыз?

-   Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

-   Жылытқыш құралдарын іске қосу үшін бізге не қажет?

-   Тоқ дегеніміз не?

- Балалар, сендер жана сыныптағы электр тоғы арқылы жұмыс жасап тұрған барлық құралдарды атаңдыңдар. Ал сағат қалай жұмыс жасап тұр?

- Батереяны да электр көзі деп атауға бола ма?

- Батереяның қуаты таусыла ма?

- Оны қайта қуаттауға бола ма?

- Батареямен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды білесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

Электр тоғының адам өміріндегі маңызы мен алатын орны жайында қорытынды жасай отырып, электр тоғын үнемді пайдалануға баулу. Электр тоғының қауіптілігі туралы айта отырып, оны қолданғанда қауіпсіздік техникасын сақтап, үлкендерсіз электр құралдарын қосуға болмайтынын үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Үш тілде жаңа сөздері ұғындыру.

Физика пәнінен практика жүзінде электор жүйесінің тоқ беруі мен батареяның қуат беруі туралы мағлұмат беру. Қоршаған ортамен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

 Интербелсенді тақта, таныстырылым, ұялы телефон, батареялы ойыншықтар, батареялар, тоқ көзі, т.б.

Интернет ресурстар: электрдің адам өміріндегі маңызы туралы, бу машинасының жұмысы жайлы бейнефильм

http://pikabu.ru/story/esli_byi_ne_byilo_yelektrichestva__280100,

Қауіпсіздік шаралары жайындағы бейнежазбаhttps://www.youtube.com/watch?v=1hTprETszT8,https://www.youtube.com/watch?v=4xPNYP4Ogw8

Бастапқы білім

Электор тоғы арқылы пайдаланылатын заттардың атауын біледі. Қауіпсіздік ережелерін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың барысы



Сабақ басында

- Ұ. Психологиялық ахуал.

«Үш көмекші» жаттығуы

Мынау менің жүрегім

Барлық істі бастаған.

Мынау басым ақылды,

Барлық істі басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

Ұ.Т. Топтастыру

Ортаға жылытқыш құралдары бар ұшақтар ұшырылады. Оқушылар суреттерге байланысты топтарға бөлінеді. Бір топта әр түрлі суреттер жинақталу керек.

Ø  Жылытқыш

Ø  Шәйнек

Ø  Микротолқынды пеш

Ø  Шаш кептіргіш

Ұ. «Лездеме сұрақтар» әдісі арқылы алдыңғы материалды өзектендіру, ширату.

- Балалар, суреттерден не көріп тұрсыңдар?

- Бұл құралдарды біз не үшін пайдаланамыз?

-   Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

-   Жылытқыш құралдарын іске қосу үшін бізге не қажет?

-   Тоқ дегеніміз не?

Электр – электр - еlectr

ОМ ашып алу.







Құралдардың ортақ атауын айтады








Құралдардың электр тоғы арқылы жұмыс жасайтынын айтады

Сабақтың ортасы/сабақтың негізгі бөлімі

Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға оқулықтағы екі сүуретті беру

Тапсырма: Оқулықтың 66-бетіндегі суреттерді салыстыр.

Дескриптор:

оқушылар үңгірдегі адамдардың не үшін от жағып отырғанын білді, түсінді, айтты.

Екінші суретті сипаттап жазды.

Салыстырудан қорытынды айтты.

Қ. топ спикерлері қорғаған соң, топтық жұмыс «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

МShape1 К. «Түртіп ал» әдісі

Ертеде адамдар түні бойы жанып тұрған оттың жарығын пайдаланған. Одан кейін таяқтың басына шүберек байлып, соны жаққан. Осылайша «факел» пайда болған.

 Кейінірек адамдар кішілеу ыдысқа май құйып, оған жіптен немесе мақтадан жасалған білтелерді матырып жағып қойған. Осылайша «май шамдар» пайда болған.

Бір заманда адамдар ақылының арқасында электр шамын ойлап тапқан. Ол тиімді, әрі дұрыс пайдаланса қауіпсіз болып есептеледі. Электр тоғын үлкен «Электр станциялары» шығарады.

Табиғатта да электр заряды бар. Ол «Найзағай» деп аталады.


Оқулықпен жұмыс. Есте сақта! Адамдар электрдің көмегімен бөлме ішін жарықтандырады, үйді жылытады, ас әзірлейді. Электр көптеген тұрмыстық құралдардың арнайы жабдықтардың жұмыс істеуі үшін қажет.


«Ойлан!» әдісі

Бейнебаян тамашалау (что, если исчезнет электричество)


Проблемалық сұрақ: Түнде үйде электр жарығы өшіп қалса, не болар еді?

Оқушылардың жауабы тыңдалған соң мұғалімнің толықтыруы.

Проблемалық сұрақ.

- Балалар, сендер жана сыныптағы электр тоғы арқылы жұмыс жасап тұрған барлық құралдарды атадыңдар.

Ал фанарик қалай жұмыс жасап тұр?

Батарея – батарея - battery

- Батереяны да электр көзі деп атауға бола ма?

- Батереяның қуаты таусыла ма?

- Оны қайта қуаттауға бола ма?

- Батареямен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды білесіңдер?

Мұғалімнің толықтыруы.


Зерттейік

Әр топқа батареямен жұмыс жасайтын ойыншықтар (қуыршақ, машина, жұмсақ ойыншық) мен түрлі өлшемдегі батареялар таратылады. Оқушылар ойыншықтың батарея салынатын жерін анықтайды, ол жерге дәл келетін батареяның түрін анықтайды, оны дұрыс салып, ойыншықты іске қосады. Зерттеу жұмысы біткен соң, әр топтан бір оқушы ортаға шығып, ойыншықты қалай іске қосқандарын, оны іске қосу үшін қандай өлшемдегі батарея қолданғандарын айтып береді.

Дескриптор:

  • ойыншықтың батарея салынатын жерін анықтайды,

  • дәл келетін өлшемдегі батареяны таңдайды,

  • батареяны дұрыс салып, ойыншықты іске қосады.

Қ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағаланады

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Розеткаға қосылатын құралдардың суретін боя.  Батарея арқылы жұмыс істейтін құралдардың суретін қоршап сыз.

Дескриптор: Білім алушы

  •     Розеткаға қосылатын құралдарды анықтап, суретін бояйды;

  •    Батареямен жұмыс істейтін құралдарды анықтап, суретін қоршайды.


Проблемалық сұрақ: сынып бөлмесінде қандай құралдар электр тоғының көмегімен жұмыс жасап тұр. Оларды атаңдар.

(оқушылар атайды)

Балалар, осы электр құралдарымен жұмыс жасағанда бізге абай болу керек пе?

- Олай болса, сендер өз беттеріңмен электр тоғымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ержелерін білесіздер ме?

Дескриптор:

  • сынып бөлмесіндегі электр құралдарын атайды.

  • электр тоғын пайдаланудағы қауіпсіздік ережелерін айтады

Қ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар әр топтың жауабын ойын барысында бағалайды.

 МК. Оқушылардың ойларын толықтыру мақсатымен бейнебаян көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=1hTprETszT8

«Сен білесің бе?» айдары

Электрмен жүретін автомобильдер электромобильдер деп аталады. Олар тіпті 1841 жылы пайда болған. Алғашқы электромобильдер электр моторы бар арба сияқты болған.

МК. EXPO жайында қысқаша мағлұмат беру.

Балалар, көрдіңдер ме адам баласы неше түрлі құрылғыларды ойлап табады. Оны барлық әлемге көрме арқылы көрсетеді. Ондай көрме EXPO деп аталады. Біздің елімізде де EXPO көрмесі өтіп жатыр. Биылғы көрменің тақырыбы «Болашақ  энергиясы». Яғни, бүгінгі біз өтіп жатқан электр тоғын алудың жолдары, электр тоғымен жұмыс жасайтын құрылғылар туралы барлық әлемнен неше түрлі өнертапқыштар келіп жатыр. Сендердің де өнертапқыш болғыларың келе ме? Ол үшін не істеу қажет?

Бейнебаян көру.

Сергіту сәті


Суреттерді салыстырып, өз ойларын айтады, қорытынды жасайды, спикер болады






«Бас бармақ» арқылы бағаланады
















Өз ойларымен бөліседі, дәлелдейді.

Мадақтау сөздері арқылы бағаланады


Батарея жайында мағлұматтар айтады, қолданылу аясын еске түсіреді.






Ойыншықтарға дәл келетін өлшемдегі батереяны таңдайды. Батареяны дұрыс салады, ойыншықты іске қосып, спикер болады



«Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағаланады



Смайликтер арқылы бағаланады







Қауіпсіздік техникасының ережелерін құрастырады.






Өз пікірлерін білдіреді





Мадақтау сөздері арқылы бағаланады


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Т. «Кубизм» ойыны

Ережесі: Шеңбер құра тұрып қорапшаны лақтыра түскен сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1.    Электр тоғы не үшін қажет?

2.    Электр тоғымен жұмыс жасаудағы ұстанатын қауіпсіздік техникаларын атаңдар.

3.    Батареяның адамға қандай пайдасы бар?

4.    Электр энергиясы болмаса, оны немен алмастыруға болады?

Дескриптор:

  • Электр тоғының пайдасын айтады;

  • Электр тоғымен жұмыс жасаудағы ұстанатын қауіпсіздік техникаларын атап береді;

  • Батареяның пайдасы туралы әңгімелейді;

  • Электр энергиясы болмай қалған жағдайдағы іс-әрекеттерін айтады, өз ойларын дәлелдейді.

Қ. Әр топтан бір спикер сұраққа жауап берген соң, шапалақтау әдісі арқылы бағалау.


Кері байланыс.

«Үш көмекші» әдісі  арқылы сабаққа кері байланыс ұйымдастырылады. Әр оқушыда үш стикер болады. Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі, екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына жазады, үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі.




Жүрегің арқылы сабақта не сезіндің?


Басың арқылы нелерді ойлап таптың?

Қолың арқылы сабақта қандай жұмыстарды орындай алдың?



«Шапалақтау» әдісі арқылы бағаланады





























Сұраққа жауапты қорытындылайды. Өз ойларын дәлелдейді.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау ұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлыныңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
725
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі