400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

электр өрісі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3А Тұрақты электр тогы

Мектеп: №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп

Күні:10.01.2019

Сынып:8а-8ә

Мұғалімнің аты-жөні: Досымова М.С


Сабақтың тақырыбы

Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.4.2.2 - электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Электр тізбегі, электр тізбегінің белгіленулері жайлы білу

Схемада шартты белгілерін қолдануда түсіну, қарапайым электр тізбегін құрастыру

Кернеудің физикалық мағынасын білу, өлшем бірліктерін түсіндіре отырып, формуласын есептер шығаруда қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийі

  • Электр тізбегі, электр тізбегінің белгіленулері жайлы біледі;

  • Схемада шартты белгілерін қолданып қарапайым электр тізбегін құрастыруды біледі

  • Кернеудің физикалық мағынасын біледі, өлшем бірліктерін түсінеді. Формуласын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және термонология:

Электр тізбегі, ток күші, кернеу, ресостат, резистор, шам, жалғағыш сымдар, ток көзі, амперметр,вольтметр.

Кернеу – бірлік заряд өткізгіш бойымен орын ауыстырғанда электр өрісінің қандай жұмыс жасайтынын көрсететін физикалық шама.

Ток күші – өткізгіштің көлденең қимасынан бірлік уақыт ішінде қандай заряд өткенін көрсететін физикалық шама.

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Электр тізбегі ....... деп

Электр тізбегі бойымен өтетін токтың әсерін атаңыздар...

Ток күшінің өлшем бірлігі......

Кернеудің өлшем бірлігі.......

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Мемлекетіміздің экономикасын көтеру жолында еңбек ететін, елін, жерін құрметтейтін тұлға қалыптастыру.Электр тізбегінің шартты белгілерін біле отырып, ғылым саласының мүмкіндіктерін пайдаланып, электр энергиясын үнемді және тиімді пайдаланатын құрылғылар ойлап табу және кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін шығармашылық ізденіске, білім алуға бағыттау.

Пәнаралық байланыс

Математика – есептер шығару(амалдар қолдану)

Бастапқы білім

Физика 7 сынып. Энергия. Энергияның түрлері

8 сынып Электр тогы .Электр тогының көздері

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

1.Ынтымақтастық орта орнату.

«Жүректен- жүрекке» әдісі арқылы оқушылармен шаттық шеңберін құра отырып, бір-біріне деген тілегін бір ауыз сөзбен жеткізу.

2. Топқа бөлу. Физикалық шамалардың белгіленулерімен 3 топқа бөлемін ( I, U, R )

3. «Миға шабуыл » әдісі

Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар кезектесе отырып жауап береді.

1. Денелердің электрленуі дегеніміз не?

2. Тізбекте ток жүру үшін қандай шарттар орындалуы қажет?

3. Өткізгіштегі электрондар қозғалысының бағыты қандай?

4. Бөгде күштер деп нені айтады?

5. Электр тізбегін қосу үшін ток көзінің рөлі қандай?

6. Ток көзін сипаттайтын шама қандай?

7. ЭҚК нің физикалық мағынасы қандай?

8. Электр энергиясын қалай түрлендіреміз?

9. Өзіміз тұрмыста қолданатын қандай электр құрылғысын білеміз?


Жұлдызшалар беру арқылы бағалау. Бұл бағалаудың түрін оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын ояту мақсатында қолданамын.






















жұлдызша

Сабақтың ортасы

30 мин

























































« Ой қозғау» әдісі

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтын тақырыбын ашамын.


1. Электр қыздырғыш құралдардың жұмыс істеу принципін ата?

2. 24В адам өміріне қауіптіме?

3. Тұрмыстағы ток күшің қызметін ата?


«Джигсо» әдісі(топтық жұмыс)

Тапсырма №1

3 топтың оқушылары өз тақырыптарына байланысты оқулықтағы мәтіндер бойынша топтық талқылау жасайды.


1- топ. Кернеудің өлшем бірлігімен, формулаларын жіктеп түсіндіру


2- топ. Ток күшінің өлшем бірлік, формулаларын жазып түсіндіру


3 – топ. Электр тізбегі және оның шартты белгілерін, қосу ережелерін түсіндіру



Дескриптор :

1-топ - кернеудің мағынасын біледі;

- кернеудің өлшем бірлігін, формуласын

түсіндіреді.


2-топ - ток күшінің мағынасын біледі;

ток күшінің өлшем бірлігін, формуласын түсіндіреді.


3-топ - электр тізбегі туралы түсіндіреді;

электр тізбегіндегі шартты белгілерді өзара

қалай қосуды біледі


«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау Бұл бағалау арқылы сабаққа деген ынтасын арттыра отыра,көмек қажет ететін оқушыларға түрткі сұрақтар, нұсқаулықтар беру арқылы қолдау көрсетемін.


«Кім тапқыр» әдісі

Тапсырма №3

Жеке жұмыс. Оқушылар деңгейлік есептерді шығарады.

  1. Тұрмыста не себепті 220 В электр кернеуін пайдаланамыз

  2. Кернеуі 3000В шаңсорғыш 0,5 сағат та қанша ток күші жұмсайды

  3. I1 = 422 мА, I2 = 850 мкА, I3 = 0,7 А ток күштерін ампермен өрнектеңдер.

  4. Ток күші 12 А болғанда, 9 Кл зарядты

тасымалдау үшін қанша уақыт қажет?

  1. Электр шамының ток күші 4000 А. Электр шамы 20 мин жұмыс жасағанда шиыршықтың көлденең қимасынан қанша электрон өткен? Элементар заряд e = 1,6 · 10–19Кл тең.

  2. Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 60 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 20кОм болса, қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер


Дескриптор

- есептің берілгенін ретімен жазады;

- кернеу мен ток күшінің өлшем бірліктерін ХБЖ келтіреді;

- кернеу мен ток күшін формулаларын есептеуде қолдана отырып, түрлендіре алады;

- есептер шығаруда математикалық түрлендіру амалдарын қолданады.


Бағдаршам арқылы бағалау. Қажеттіліктеріне қарай оқушыларға қосымша материал бере отырып алға жетелеймін.


«Кім жылдам» әдісі

Тапсырма №3

Оқушылар өлшем бірліктерді, құралдарды қалай есте сақтағанын тест арқылы байқау


1.Кернеуді өлшейтін құралды ата?

А. Амперметр В.Спидометр С.Омметр Д.Вольтметр

2.Ток күшін өлшейтін құралды ата?

А. Динометр В. Амперметр С. Вольтметр Д.Омметр

3.Зарядтың өлшем бірлігі?

А. Ампер В. Кулон С. Джоуль Д. Вольт

4. Кедергіні өлшейтін құрал?

А. Амперметр В. Динометр С.Омметр Д.Вольтметр

5. Кернеудің өлшем бірлігі?

А. Вольт В.Ом С. Мерт Д. Ампер

6.Кедергінің өлшем бірлігі ?

А. Амперметр В.Спидометр С.Омметр Д.Вольтметр


Дескриптор

- кернеу мен ток күшінің өлшем бірліктерін ХБЖ біледі, ажырата алады;

- есептер шығаруда басқада өлшем бірліктерді біледі









маркер

стикер































































8-сынып оқулығы

















Сабақтың соңы

5 мин






Үйге тапсырма: Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу тақырыбын оқу, қосымша дереккөздерден ізденіп ой өрісін кеңейту.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі