400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электр өрісіндегі өткізгіштер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге 10-сыныпқа ҚМЖ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің орынбасары: Нусупбаева. Қ.С.


Мектеп Таңбалытас ОМ

Күні : 04.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Лакбаева Г.Ж

Пәні:физика

Сыныбы: 10а

Қатысқан оқушылар саны Қатыспағаны

Сабақтың тақырыбы

Электр өрісіндегі өткізгіштер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Электр өрісіндегі өткізгіштер түсіну.

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: Электр өрісіндегі өткізгіштерін біледі.

Көпшілігі: Электр өрісіндегі өткізгіш бетіндегі зарядтардың таралу сипатын анықтайды.
Кейбірі: Электр өрісіндегі өткізгіш бетіндегі зарядтардың таралу сипатын анықтайды , мысалдар келтіреді, есептер шығарады.

Бағалау критерийлері:

1. Электр өрісіндегі өткізгіштерін түсіне алады.
2.
Электр өрісіндегі өткізгіш бетіндегі зарядтардың таралу сипатын анықтай алады.
3.
Электр өрісіндегі өткізгіш бетіндегі зарядтардың таралу сипатын анықтай алады, мысалдар келтіріп, есептер шығара алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың өз пікірін айтуға дағдыланадыру.Тілдік дағдыларын қалыптастыру.

Пән аралық байланыс

Математика есептер шығарады.

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

Электр зарядтардың таралуын білу.

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрі

Дерек көздері




































































1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларымен сәлемдесіп. Сабаққа қатысуларын қадағалап. Назарларын сабаққа аудару.
Бүгінгі күнге сәттілік тілейміз
2. Үй тапсырмасын «Қаламсап» әдісі бойынша сұрақ қою арқылы сұрау.

1. Потенциалдық энергия дегеніміз,формуласы?

2. Нүктелік өріс потенциалының формуласы?

3. Заряд,өріс,жұмыс қатынасының формуласы?


Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Өткізгіштердің электрлік қасиеттері олардағы еркін зарядталған бөлшектердің болуымен сипатталады. Мысалы, металлдарда еркін электрондар болады. Электр өрісіне өткізгішті енгізгенде ондағы еркін зарядтар ығысып, қайта таралып орналасады. Зарядтардың бұл қайта таралып орналасуы өткізгіш ішіндегі электр өрісі нольге тең болғанша жүреді.

Электр өрісіндегі зарядтардың қайта таралып орналасуын электростатикалық индукция құбылысы деп атайды, ал өткізгіш бетінде пайда болатын теңеспеген зарядтарды индукцияланған зарядтар деп атайды.

Сыртқы электр өрісіндегі өткізгіштерде келесі шарттар орындалады:

1.     Электр өрісіндегі өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі нольге тең, ;

2.     Өткізгіш бетіндегі кез келген нүктедегі электр өрісінің кернеулігі өткізгіш бетіне нормаль бағытталады, ;

3.     Өткізгіш беті эквипотенциал бет болып табылады;

4.     Өткізгіштің ішіндегі кез-келген көлем үшін Остроградский-Гаусс теоремасы келесі түрде жазылады:

;

5.     Өткізгіш бетіндегі кез-келген тұйық бет үшін Остроградский-Гаусс теоремасы мына түрде жазылады:

Ығысу векторы өткізгіш бетіндегі еркін зарядтардың беттік тығыздығына тең болады:

екенін ескерсек, өткізгіш бетіндегі өріс кернеулігі өрнегімен анықталады. Мұндағы өткізгішті қоршаған ортаның диэлектриктік өтімділігі.

2. Диэлектриктер - электр өткізбейтін заттар оң зарядтар мен теріс зарядтары тең мөлшерде болып келетін молекулалардан немесе диэлектрик ішінде емін еркін қозғала алмайтын иондардан тұрады.

Сыртқы электр өрісі болмаған кезде оң және теріс зарядтардың ауырлық центрлері бір-біріне қатысты дәл келуі де немесе ығысқан болуы да мүмкін. Соңғы жағдайда молекула электр дипольге эквивалентті болады да полярлық деп аталады. Полярлық молекуланың меншікті электрлік моменті: Р=ql. Өлшем бірлігі: .

Өріс жоқ болғанда әр таңбалы зарядтардың ауырлық центрлері біріккен, меншікті электрлік моменттерге ие болмайтын молекулалар полюссіз деп аталады. Сыртқы электр өрісінің әсерінен полюссіз молекулалардағы зарядтар бір–бірімен салыстырғанда оң зардтар өріс бағытымен, терістері өріске қарсы ығысады. Рационалданған системада пропорционалдық коэффицентті түрінде жазамыз, мұндағы -электрлік тұрақты, ал -молекуланың полюстену қабілеті. p мен E бағыттары дәл келетіндігін ескере отырып былай жазуға болады: Р = .

Полюсті емес молекуланың полюстену процесі молекуланың оң және теріс зарядтары өз ара серпімді күштермен байланысқандағыдай болады. Сондықтан полюсті емес молекула сыртқы өрісте өзін серпімді диполь сияқты көрсетеді.

Полюстік молекулаға сыртқы өрістің әсері негізінде молекуланы оның электрлік моменті өріс бағыты бойынша орналасатындай бұруға тырысады. Электрлік моменттің шамасына сыртқы өріс іс жүзінде әсер етпейді. Демек, полюстік молекула сыртқы өрісте өзін қатаң диполь ретінде ұстайды.

Дипольдің моменті мынаған тең: .

Диэлектриктердегі өріс.Вакуумда әр аттас зарядталған шексіз екі жазықтық туғызған өрісті қарастыралық. Өріске біртекті диэлектрик пластинканы орналастыратын болсақ, қорытқы өріс мынаған тең болады: Өрістің әсерінен диэлектрик поляризацияланады да оның бетінде тығыздығы байланысқан зарядтар пайда болады. Бұл зарядтар пластинканың ішінде кернеулігі -ге тең болатын біртекті өрісті туғызады. Сондықтан: Өрістің кернеулігі шамасына тең. Бұдан,

Дескриптор:
1. Электр өрісіндегі өткізгіштерін түсіне алады.
2.
Электр өрісіндегі өткізгіш бетіндегі зарядтардың таралу сипатын анықтай алады.
3.
Электр өрісіндегі өткізгіш бетіндегі зарядтардың таралу сипатын анықтай алады, мысалдар келтіріп, есептер шығара алады.


Есептер шығарайық:

Жер шарының бетіндегі электр өрісінің кернеулігі 130Н/Кл болса ,онда жердің заряды қандай?

Шексіз ұзын зарядталған өткізгіштен r қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігін табыңдар

Шексіз радиуcы 1 см зарядталған цилиндрдің кернеулігі 10 Н/Кл . Ұзындығы 1м бөлігінде зарядтың шамасы қандайжәне цилиндр өсінен 40 см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігі қанша болады.


Үй тапсырмасы:251-254 бетті оқу

Кері байланыс: БББ кестесін құрастыру


Білемін

Білгім келеді

Білдім













Cаралау





Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Рефлекция


Төменде берілген бос орынды өз сабағынызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыныз.Сабағынызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаттары

Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болады?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктер? Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім? Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма?

Барынша қолдауд қажет ететін

Оқушылардың өз ойын дұрыс тиянақтап жазуы үшін топтық жұмысты ұйымдастырдым

Төрт сөйлем тәсіл қолдандым




Орта деңгейде қолдауды қажет ететіндерге: мысалдар айттым,сұрақтар қою арқылы сөйлемдер айтқызу






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
1477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі