400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электр өрісінің кернеулігі. Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған сабақ жоспары: "Электр өрісінің кернеулігі. Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырмасы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары №


Электр өрісінің кернеулігі. Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырмасы.

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика

Педагог ____________ дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі практикалық

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

- суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану;

- нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын анықтау.

Міндеттері:

- нүктелік зарядтың айналасындағы электр өрісін көрсету;

- аттас зарядтар мен әр аттас екі зарядтар айналасындағы электр өрісін бейнелеу;

- Суперпозиция принципін электр өрісінің кернеулігін анықтауға қолдану;

3. Күтілетін нәтижелер

- нүктелік зарядтың айналасындағы электр өрісін көрсетеді;

- формулаларды түрлендіре отырып, деңгейленген есептер шығаруда қолдана алады;

- электр өрісі күштерінің жұмысы мен электр өрісінің потенциалдық энергиясын байланыстыра алады.

4. Қажетті ресурстар

презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу

2. Білімді бақылау (5 мин)

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Электр өрісі

2) Электр өрісінің кернеулігі

3) Электр өрісі кернеулігінің формуласы, өлшем бірлігі

4) Кернеулік векторының бағыттары

Дескриптор:

  • Электр өрісінің анықтамасын біледі;

  • Кернеулік мағынасын түсінеді;

  • Векторларды қоса алады.

3. Жаңасын баяндау әдісі. Анимация (4 мин)

Электр өрісі кернеулігінің суперпозциясына презентация көрсете отырып, ондағы жаттығуларды орындату

Топтық жұмыс (10 мин)

Кернеуліктің суперпозиция принципін ашу үшін әртүрлі тапсырмалар беру. Тапсырмалардың сызбаларын төмендегідей салып, қорытқы кернеуліктің есептеу формуласын шығарады.

М ысалы, 4 топ өз жұмыстарын басқаларға көрсетіп, түсіндіреді









Дескриптор:

- Векорларды қосудың үшбұрыш әдісін қолданады;

- Қорытқы векторды табады;

- геометриялық формулаларды қолдана біледі.

5.Материалды бекіту Жеке жұмыс. Деңгейленген есептер шығару (15 мин)

1. Біртекті электр өрісіндегі кернеулігі 1,3 • 105 Н/Кл массасы 2 • 10-9 г тамшысының зарядын анықтаңдар.

2.Екі нүктелік зарядталған денелердің ара қашықтығы 2 есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? Ж: 4есе кемиді.

3. 10-8 см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін-бірі қандай күшпен тебеді.

Ж: 6 нКл

4. 10см қашықтықтағы 2,7·10-6 Кл нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Заряд суда орналасқан. Ж: 3·104 Н/Кл

5. Кернеулігі болатын жердің жердің электр өрісінде орналасқан электрондағы осы өріс қандай күшпен әсер етеді? Ж: 2,08· 10-17 Н

6.Потенциалдар айырымы 1600В болатын электр өрісінің екі нүктесі арасына 5*10-8 Кл зарядты орналастыру үшін өріс қандай жұмыс істейді? Ж: 8·10 -5 Дж

7.Аккумулятордағы 0,25 Кл зарядты орын ауыстырғанда 0,7 Дж жұмыс жасалса, онда аккумулятор үйектеріндегі потенциалдар айырымы қандай? Ж: 2,8 В

8. Өрістің екі нүктесінің арасында шамасы 0,012 Кл заряд орын ауыстырғанда өріс 0,36 Дж жұмыс жасаса, өрістің сол нүктелерінің потенциалдар айырымы неге тең? Ж: 30В

Дескриптор:

  • Есептің шартын түзеді;

  • ХБЖ-ға келтіреді;

  • Есептің формуласын түрлендіріп, жауабын табады.

6. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша (5 мин)

Рефлексия: «Көңіл-күй»

Студенттерге үш түсті белгілер беріледі.

Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ»

Көк түс - «Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.»

Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

7. Үй тапсырмасы. (1 мин)

§31. Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы. Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы

Жаттығу есептерін шығару.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.02.2025
79
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12