жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Электр құбылысы 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Бөлім: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. |
Мектеп Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: |
||||
Күні: |
|
||||
Тақырыбы: |
Электр құбылысы |
||||
Оқу мақсаты: |
3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау; 3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу. |
||||
Сабақтың мақсаты: |
Электр энергиясы көздерін анықтау, маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсерін білу. |
||||
Бағалау критерийі |
Электр энергиясы көздерін анықтайды; Маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсерін біледі. |
||||
Тілдік мақсат |
Тірек сөздерді пайдалана отырып, электр энергиясы көздерін сипаттап бере алады. |
||||
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Найзағай. |
|||||
Құндылықтар |
Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, математика. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Таныстырылыммен жұмыс |
||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Электр сөзінің мағынасын, электр құрылғыларын біледі. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
|||
Сабақтың басы 1минут
5минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару мақсатында өлең жолдарын айту. Қоңырау үні соғылды, Сабағымыз басталды. Оқушылар тынышталып, Қатар-қатар тік тұрды. «Сөз құра, тез құра» ойыны арқылы өткен сабақтарда танысқан тірек сөздерді қайталау. Мысалы: трлеэлекну- электрлену, трэлек -электр. «Жанды» электр көзі. Инфографикамен жұмыс. Тапсырманың мақсаты: Балықтардың кебір түрлерінің электр зарядын бөлетінін түсіндіру. Оқулықта берілген инфографикамен жұмыс жасай отырып суда тіршілік ететін ағзалардың кейбірінің электр зарядын бөлінетінін талқылау. Жетекші сұрақтар: -Инфографика арқылы қандай ақпарат алдыңдар? -Океанариумдегі жануарларда ортақ қасиет ба р ма? Ойыңмен бөліс. -Жайын туралы не білдік? -Семсербалық қайда тіршілік етеді? -Ең күшті электр зарядын шығаратын балықты атаңдар. -Тұщы су балығы қайсысы? -Тұтасқанаттар туралы не білдің? ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
|
Көңілді әуен қосып қою. Слайд №1
Слайд№2
|
|||
Сабақтың ортасы 2 минут 4 минут
1 минут 5 минут
1минут
8минут
1 минут 2 минут
8 минут
|
Сен білесің бе? Үлкен электр разрядтарын шығара алатын балықтар бар екенін түсіндіру. Тұтасқанат, жайын мен жыланбалық туралы қызықты ақпаратпен таныстыру. Күн күркіреуі және найзағай. Мақсаты: Найзағай туралы мағлұмат бере отырып, оның қиратушы күші бар екенін және одан қорғану жолдарын анықтау. Сұрақтар арқылы найзағай туралы білімдерін кеңейту. Жетекші сұрақтар: -Күн күркірегенде не болады? -Бұлттың ішінде электр зарядының болуы мүмкін бе? -Найзағайдан қалай қорғануға болады? Оқушылар найзағайдың барлық тіршілік иелері үшін қауіпті екенін түсіну керек. ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Электрленудің пайдасы мен зияны. Мақсаты: Тапсырманы орындау барысында оқушылар электрдің тұрмыс пен техникада қолданылуын түсінеді. Тапсырманы жұппен орындауға болады. Оқулықтағы суреттерді талдау ұсынылады. Әр суретте электрлену қандай жұмыс атқарғанын талдау. «Т-критерийі» әдісі арқылы электрленудің қандай жағдайда пайдалы және қандай жағдайда зиянды екенін анықтау. ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы. Зерттеу жұмысын оқушылар жұптасып жүргізе алады. Мақсаты: Күрішті пияз қабықтарынан қалай тазалауға болатынын анықтау. Ресурстарды тарату. Жұп санына қарай жайпақ тәрелкелер, ұсақталған пияз қабықтарымен араластырылан күріш, тарақ, жүн мата немесе мойынорағыш тарату. Зерттеудің жоспары: -Күрішті пияз қабықтарынан ажырату жолдарын анықтау. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушылар электрленудің маңызын түсінеді. Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына зерттеу жұмысын тағы қандай заттармен жасауға болатынын анықтауға және үйде зерттеу жұмысын қайталап жасауға ұсыныс беру. Зерттеу жұмысын қорытындылау: Зерттеу жұмысын орындай отырып, электрленудің маңызы туралы ой қорыту. Басқа топтардың жауаптарын тыңдап, салыстыру. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:
Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 54-жұмыс парағы. «Электр құбылысы», 56-б. Біздің айналамыздағы электр құбылыстары. Тапсырманы орындау барысында найзағай кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері жайлы білімді бекітеді. Оқушылар әріптерден сөздер құрап, шыққан сөйлемдерді жазады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Найзағай кезіндегі қауіпсіздікті біледі; -Әріптерден сөзден құрады. 55-жұмыс парағы. «Қауіпті электрлік құбылыс», 12-б. Өзіңді тексер. Тапсырмада найзағай кезіндегі тәртіп сақтау мысалдары бейнеленген суреттерді бояйды. Оқушылар күн күркіреп, найзағай жарқылдаған кезде адам өзін қалай ұстау керектігін жазады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Найзағай кезіндегі тәртіп сақтау ережелерін біледі; -Найзағай жарқылдаған кездегі қауіпсіздік ережелерін біледі. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы. |
Слайд №3
Слайд №4,5,6,7
Оқулықпен жұмыс
Смайликтер
Оқулықпен жұмыс
https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE
Дәптермен жұмыс |
|||
Кері байланыс. «БББ»кестесі. Оқушылар стикерлерді толтырып, кестеге жабыстырады.
|
Слайд №8
|
||||
Сабақтың соңы 2 минут
|
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||
-Ынтасы жоғары оқушыларға топырақтың пайдалану жолдарын ұсынуды тапсыру. -Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады
-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. -Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. |
Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзара бағалау: Смайликтер бойынша бағалау - мұғалімнің жазбаша кері байланысы -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау; -«БББ» кестесі
|
-Сергіту жаттығуын орындау - әрекеттерді жиі ауыстыру - қауіпсіздік ережелерін сақтау |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген