Электр сұлбаларының түрлері электр қондырғыларының орнату сұлбасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электр сұлбаларының түрлері электр қондырғыларының орнату сұлбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Электр тізбегіндегі элементтердің байланысын көрсету мақсатында электр сұлбалары қолданылады. Әр сұлба бірнеше элементтен тұрады. Мемлекеттік стандартқа сәйкес сұлба элементі– бұл бұйымдағы белгілі бір қызмет атқаратын және бөлшектенбейтін, өзіне тән қызметтік қасиеттері бар сұлбаның құрамды бөлігі. Мысалы, резистор, трансформатор,т.б. элементтер бір бірімен байланыс желілері арқылы қосылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасы

«Алматы электрмеханика колледжі» КМҚК


Бекітемін

Басшының ОӨЖЖ орынбасары

___________Асгат Р

___ _________20__ж.

27

Өндірістік оқыту сабағының жоспары


Тақырыбы: Электр сұлбаларының түрлері, электр қондырғыларының орнатылу сұлбасы.

Модуль: Күрделілігі әртүрлі бөлшектер мен тораптарды өңдеу бойынша слесарлық, слесарлық- құрастыру жұмыстарын орындау.

Пән атауы: Электр жабдықтары


Өндірістік оқыту шебері Сопбек Гүлназ дайындады

  1. _ жылғы "__" ____________


  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ

ЭО-110

Сабақтың түрі

өндірістік оқыту

Мақсаты, міндеттері

Білім алушыларға электр сұлбаларының түрлерін таныстырып, көрсету, сонымен қатар электр ұондырғыларын орнату сұлбалары туралы үйрету

Күтілетін нәтижелер

1. электр сұлбарының түрлерімен танысады

2. электр сұлбалары туралы біледі

3. қондырғыларды орнату сұлбасы туралы ақпарат алады

Қажетті ресурстар


Сабақтың барысы

Өндірістік оқыту сабағының негізгі кезеңдері және уақыт бойынша ұзақтылығы

Мазмұны

Уақыт

Мазмұн нысаны

2.Ұйымдастыру кезеңі (ұзақтығы - 5 минут)

1.Сабаққа қатысуын тексеру

2.Сыртқы келбетін тексеру.

3.ТҚ қысқаша нұсқау беру.

1

2


2

1.Студенттердің қатысуын тексеру

2.Студенттердің сыртқы түрін(арнайы киімнің болуы) тексеру.

3.ТҚ журналына қол қойдыру.

3.Кіріспе нұсқау (ұзақтығы - 35 минут)

1.Сабақтың өту барысын түсіндіру.


2.Тақырыпқа жалпы түсінік.

3.Тәжірибелік жұмыс туралы мағлұмат беру.

2


8

25

1.Сабақтың тақырыбын хабарлау.


2.Тақырыптың мазмұнын түсіндіру;

3.Тәжірибелік жұмысты атқару ретімен таныстыру.


Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Электр сұлбаларының түрлері, электр қондырғыларының орнатылу сұлбасы

Электр тізбегіндегі элементтердің байланысын көрсету мақсатында электр сұлбалары қолданылады. Әр сұлба бірнеше элементтен тұрады. Мемлекеттік стандартқа сәйкес сұлба элементі– бұл бұйымдағы белгілі бір қызмет атқаратын және бөлшектенбейтін, өзіне тән қызметтік қасиеттері бар сұлбаның құрамды бөлігі. Мысалы, резистор, трансформатор,т.б. элементтер бір бірімен байланыс желілері арқылы қосылады.

Шартты графикалық белгілер қарапайым геометриялық фигуралармен квадрат, тікбұрыш, шеңбер, үздіксіз және үзік сызық, нүктелерімен белгіленеді.

Сұлбаны оқу және оған берілген жұмысты орындайттын мәліметтерді алу үшін сұлба элементтерінің графикалық сандық әріптік шартты белгілерін білу қажет.

Электр сұлбалары құрылымына, қызметіне, принципиалдылығына, қосылыстарына (монтаждық), іске қосылуына (сыртқы қосылыстар сұлбалары), жалпы және орналасуына байланысты 7 түрге бөлінеді.

Құрылымдық, қызметтік және принципиалдық сұлбалар электр қондырғыларының құрылыс және жұмыс принциптерін анықтайды, сондықтан оларды принципиалдық сұлбаларға жатқызамыз.

Қалған сұлбалар электр қондырғыларының орналасуы мен қосылу тәсілдерін көрсететіндіктен, оларды монтаждық сұлбалар дейміз.

Толық сұлбаларда шартты графикалық белгілерді екі әдіспен орналастырады: біріктірілген және бөлінген.

Біріктірілген әдіс бойынша жабдықтаудың құрама бөлікттерін бірге нақтылы орналасуы бойынша кескіндейді.

Тармақталған әдіс кезінде аппарат және қондырғы бөліктерінің нақтылы орналасуына мән берілмейді, ал сұлбаның элементтеріндегі қосылу сызықтары қысқа және тік болуы керек.

Принципиалды сұлба – монтаж сұлбаларын орындайтын ең бірінші жұмыс құжаты. Принципиалдық сұлбада жіберілген қателер кейінгі құжаттарда қайталана береді. Сондықтан осы сұлбамен мұқиат жұмыс жасау керек.

Принципиалдық сұлбаларды оқу белгілі бір сатымен жүзеге асырылады. Оны оқуды сұлбамен жалпы танысудан бастайды: барлық жазбаларды, ескертулерді, түзетпелерді оқиды; элементтер тізбесімен танысады; сұлбадағы әр элементті табады. Сұлбадан қоректендіру көздерін табады, токтың түрін (айнымалы және тұрақты), тізбектегі айнымалы токтың фазасын, қалыпты кернеуді, аппараттың қорғаныш түрлерін анықтайды. Содан кейін әр электр тұтынушының барлық тізбектерін: электр қозғалтқыш, магнитті іске қосқыштың орамасын және релені оқиды. Ажырататын, қосатын немесе ажыратып қосатын түйіспелерді сұлбада талдау кезінде «ажыратылған» деп көрсету керек. Сондықтан барлық қосатын түйіспелер сұлбада ажыратылған, ал ажыратылған түйіспелер қосылған түрінде көрсетіледі.

Қосылу сұлбалары (монтаждау сұлбалары) – қондырғыларды монтаждау жұмыстарын көрсететін құжат болып табылады. Бұл сымдарда аппараттардың өзара қосылысы көрсетіледі. Оларда сымдарда төселу түрі, оларды жинақтау және бекіту тәсілі көрсетіледі.

Күрделі электр қондырғыларында тізбектің жекеленген бөліктерін бақылау және монтаждау жұмыстарын жеңілдету үшін қысқыштар жиынтығы қолданылады.

Электр қондырғыларын орнату сұлбасы — бұл электр қондырғыларының дұрыс орнатылуын, қосылуын және электр энергиясын тарату жүйесінің тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жасалатын схема. Бұл сұлба электр жүйесіндегі барлық құрылғылардың, жабдықтардың және компоненттердің орнын, қосылу әдістерін және олардың арасындағы байланыстарды көрсетеді.

Электр қондырғыларын орнату сұлбасының құрылымы:

Энергия көзінен бастап қондырғыларға дейінгі сымдар мен қосылыстар. Бұл сұлба энергия көзінің электр жүйесіне қосылу әдісін көрсетеді, яғни трансформатор немесе генератордан бастап, барлық басқару және қорғау құрылғылары арқылы электр энергиясының таралуын көрсету.

Қорғаныс құрылғылары. Сұлбада барлық қорғау құрылғыларының орналасуы және олардың жұмыс принципі көрсетіледі. Бұл құрылғылар электр жүйесін авариялардан қорғауға арналған.

Жарықтандыру және басқару жүйесі. Жарықтандыру құрылғылары мен басқа да басқару элементтері (қосқыштар, автоматты ажыратқыштар) орнатылу сұлбасында көрсетіледі.

Қосқыштар мен басқару құрылғыларының орналасуы. Қосқыштар мен басқа басқару құрылғыларының қандай орындарда орналастырылатыны және олардың байланысы көрсетіледі.

Кабельдер мен сымдардың орнатылуы. Кабельдер мен сымдар электр қондырғыларының арасындағы байланыстарды көрсету үшін сұлбада көрініс табады. Қосылатын сымдардың нөмірлері мен түрлері жазылады.

Жүктемелердің және тұтынушылардың орналасуы. Электр энергиясын тұтынатын барлық жабдықтар мен құр ылғылар (жарық, тұрмыстық құрылғылар, өндірістік құралдар) сұлбада көрсетіледі.

Электр қондырғыларын орнату сұлбасының негізгі элементтері:

Энергия көзі (генератор, трансформатор)

Электр энергиясының көзі электр жүйесіне қуат береді. Әдетте, энергия көзі трансформатор немесе генератор түрінде болады.

Ажыратқыштар (көшірмелі ажыратқыштар, автоматтар)

Бұл құрылғылар электр жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді және қауіпті жағдайлар кезінде жүйені қорғау үшін пайдаланылады. Олар жүйедегі қысқа тұйықталу немесе артық жүктеме болған жағдайда автоматты түрде сөнеді.

Қозғалтқыштар (құрал-жабдықтар)

Электр қозғалтқыштары электр энергиясын механикалық энергияға айналдыру үшін қолданылады, мысалы, желдеткіштер, насостар, компрессорлар және басқа да өндірістік жабдықтар.

Жарықтандыру жүйесі

Жарықтандыру құрылғылары (лампалар, шамдар) электр жүйесіне қосылып, жарық береді. Жарықтандыру жүйесі көбінесе жеке және қоғамдық ғимараттарда қолданылады.

Қорғау құрылғылары (сақтандырғыштар, реле, жерге қосу жүйесі)

Бұл құрылғылар электр қондырғыларын ақаудан қорғау мақсатында орнатылады. Мысалы, жерге қосу жүйесі токтың қауіпсіз ағуын қамтамасыз етеді, ал сақтандырғыштар мен реле электр құрылғыларын зақымданудан қорғайды.

Қосқыштар мен басқару құрылғылары

Қосқыштар электр жүйесіндегі ағымды басқаруға мүмкіндік береді. Олар электр энергиясын қосу немесе сөндіру үшін пайдаланылады, мысалы, жарықтандыруды қосу, қозғалтқышты қосу немесе өшіру үшін.

Кабельдер мен сымдар

Электр қуатының барлық бөліктері мен компоненттері арасында байланыс орнату үшін кабельдер мен сымдар қолданылады. Кабельдер электр энергиясының қауіпсіз әрі тиімді таралуын қамтамасыз етеді.

Электр есептегіштері

Бұл құрылғылар электр тұтынуды бақылауға арналған. Олар тұтынушыға энергияның қаншалықты мөлшерде қолданылғанын көрсетеді және электр энергиясын төлеу үшін пайдаланылады.

Жүктеме (құрылғылар)

Жүктеме — электр энергиясын тұтынатын құрылғы немесе жүйе. Бұл тұтынушылар, мысалы, тұрмыстық құрылғылар, өндірістік құралдар немесе басқа электр қондырғылары болуы мүмкін.

6. Шебердің іс жүзінде жұмыстың орындалу әдіс – тәсілін көрсету (45 минут)

  1. Электр сұлбасымен таныстыру

  2. Сұлбалардың түрлерімен таныстыру

  3. Қондырғыларды орнату сұлбасы туралы ақпарат беру

Білім алушылардың атқаратын жұмысы

  1. Электр сұлбаларымен танысады

  2. Электр сұлбаларының түрлерін танып, біледі

  3. Қондырғыларды орнату сұлбасымен танысады

7.Ағымдағы нұсқау (ұзақтығы 170 минут)

1.Бірінші мақсаттық тексеріс

Мақсат: Жұмыс орнын ұйымдастырып, білім алушыларға электр сұлбаларын көрсету және оның түрлерімен таныстыру

2.Екінші мақсаттық тексеріс

Студенттерді тексеріс уақытында қадағалайтын сәт

3.Үшінші мақсаттық тексеріс

Студенттердің жұмысын демонстрацияға дайындау

10




140


20

  1. Білім алушылар электр ұондырғыларын орнату сұлбалары бойынша жұмыстар атқарады.


  1. Білім алушылардың нұсқау карта бойынша жұмысты дұрыс атқаруын тексеру.


  1. Уақыттың біткенін хабарлау. Жұмысты аяқтауын ескерту.

7.Қорытынды нұсқау (ұзақтығы - 15 минут)

1.Топпен жұмысты талқылау



2. Ескертулер


3.Үй тапсырмасы



4.Бағалау

5



3

2

5

1.Жұмысты орындауда білім сапасы. Топтың нәтижелі жұмыс (өзара көмек, өзара сыйластық, ұжымда жұмыс істей білу) соңына жетуі.

2.Қателікті талдау

1. монтаждау құрылғылару

2. қауіпсіздік ережелері


4.Жұмыстың сапасын бірге бағалау. Қорытынды бағалар

1.Сабақтың мақсатының орындалғанын хабарлау; түсініктеме беру;

2.Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

3.Жұмыс орнын жинап, шеберге тапсыру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі