400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей, параллель, аралас қосу жіне олардың белгілері 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: физика, 10 «В» сынып

Күні:26.02.2019

Тақырыбы:

Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей, параллель, аралас қосу және олардың белгілері.

Мақсаты

Электр тізбегіне өткізгіштерді жалғау түрлері туралы түсінік алу.

Күтілетін нәтиже

А.Өткізгіштерді жалғау туралы біледі.

В.Өткізгіштерді жалғаудың белгілерін сипаттай алады.

С.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау бойынша формуласын есептер шығарғанда қолдана алады.

Керекті жабдықтар

Жұмыс дәптері, АКТ , карточкалар, плакат, ресурстық парақтар.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



(10 мин.)


-Оқушылармен амандасу.

-сыныпты түгендейді

-кезекшілік қызметін қадағалау

-оқушылардың назарларын сабаққа аудару

-психологиялық дайындық.

Өткен сабақ бойынша, қайталау мақсатында сұрақтар қоямын.

Сұрақтар:

  1. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай заряд өтетінін көрсететін физикалық шама.

  2. Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі қалай аталады?

  3. Меншікті кедергі дегеніміз қандай шама?

  4. Толық тізбек үшін Ом заңының өрнегі қандай?

  5. Электр өрісінің жұмысы қайда жасалады?

  6. Ток тығыздығының өлшем бірлігі.

  7. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының өрнегі қандай?





Есептер шығару: 18-жаттығу

2.ЭҚК-і 24В болатын ток көзінің қысқыштарына вольтметрді жалғағанда, ол 18В кернеуді көрсетеді. Егер сыртқы тізбектің кедергісі 9Ом болса, тізбектегі токтың шамасын және энергия көзінің кедергісін табыңдар.

-Мұғаліммен амандасады

-кезекшілік қызметін атқарады

-сабаққа зер салады

Топтарға бөлінеді.







Сұрақтарға жауап береді:


  1. Ток күші

  2. Вольтамперлік сипаттама

  3. Өткізгіштің бірлік ұзындығы және көлденең қимасының бірлік ауданымен анықталатын физикалық шама.

  4. Ішкі тізбекте (ток көзінің ішінде)

  5. А/м2










Тақтаға есептерді шығарады.


Тұсау-

Кесер

(3мин.)


Өткентақырыпты байланыстырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.

  • Өткізгіштерді белгілі бір ретпен электр тізбегіне жалғайды, ал оларды жалғаудың екі түрі бар, тізбектей және параллель. Олай болса бүгінгі сабағымызда осы екі жалғау түрлері туралы толығырақ білетін боламыз.

Өткенді еске түсіріп, сабақ тақырыбын, мақсатын анықтайды, дәптерлеріне жазады.







Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

Негізгі бөлім

(17мин. )





















































Бекіту

(10 мин. )


Жаңа сабақты ресурстық парақ үлестіріп, оқушыларға постер қорғату арқылы меңгертемін.


Егер 1-ші өткізгіштің соңы 2-ші өткізгіштің басымен, 2-нің соңы 3-тің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда өткізгіштердегі ток күшінің шамасы бірдей болады. Алайда өткізгіштің ұштарындағы U1 және U2 кернеулері әртүрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз.
Демек , U = ІR
U1 = ІR1
U2 = ІR2
U = U1+U2
U = ІR1 +ІR2 = І(R1+R2)
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеудің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады .
І = I1 = I2 = …. = I n
U= U1+U2+…..+Un
R=R1+R2+….+Rn
2-ші жағдай
Өткізгіштерді параллель жалғауда, өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде,
ал ұштарын 2-ші бір В нүктесіне жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель
жалғау деп атайды. Ом заңының негізінде 1-ші өткізгіштің ұшындағы кернеу U1 =І1 R1 ал 2-ші
өткізгіштің ұшындағы кернеу U2 =І2 R2 , ток күші І=І1+І2 жалпы кедергіні R арқылы белгілесек,
І1= U/R1, І2= U/R2,
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу
бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
U= U1+U2+…..+Un
І=І1+І2+….+Іn
1/ R = 1/ R1 + 1/ R2 +1/ Rn


Есептер шығару:

269. Кедергілері 2; 3; 4 Ом өткізгіштер параллель қосылған. Қосылған өткізгіштердің жалпы кедергісін табыңдар.

275.Электр тізбегі тізбектей қосылған 2Ом және 4Омдық кедергілерден тұрады. Тізбектегі ток күші 0,3А. Әр бір өткізгіштегі кернеуді және жалпы кернеуді табыңдар.

Жаңа сабақты түсініп, дәптерлеріне түсіреді. Тақтаға назар аударады.

І топ: Өткізгіштерді тізбектей қосу.

ІІ топ:Өткізгіштерді параллель қосу.



Суреттерді және формулаларды сипаттап айтады.






















Тақтаға есептерді шығарады.





Қоры-

тынды

(5 мин.)

Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.

Есептерді аяқтау.

Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді.



Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі