Білім
беру саласы:
Таным
Бөлімдері:
Жаратылыстану
Тақырыбы:
Электр тогы не үшін керек?
Мақсаты:
Электр тогының табиғи көздерін атау.
Электр тогы деген не, оны неге көре
алмайтынымыз туралы ой толғау, талдау;
жасаған тәжірибелер бойынша қорытынды
шығару; сөздік қорын толықтыру.Қауіпсіздік
ережесі жайлы білімдерін жетілдіру.
Ұқыптылыққа,сақтыққа,үнемділікке баулу.
Қажетті
құрал-жабдықтар:
слайд, электр құралдарының
суреттері,тәжірибеге арналған құрылғылар:
шар,су,қағаз қималары,сағат,батарея
т.б.
Қостілдік
компонент: құрылғы – устройство
Шаттық
шеңбері
Бақыт
толы шеңберге,
Шаттық
толы шеңберге,
Қол
ұстасып келдік біз,
Жан
достармыз енді біз.
Достарымның
барлығын,
Сыйлап,
жақсы көремін.
Алақаным
арқылы
Жылуымды
беремін.
Жаңа
сабақ.
-Балалар
біз қазір доппен "Бұл заттар не үшін
қажет?" деген ойынды ойнаймыз.
Ойын
шарты:тәрбиеші балаларға сұрақ қойып
допты лақтырады,балалар допты қағып
алып,сұраққа жауап береді.
-Жақсы,
осы заттарды жалпы не деп атаймыз ?
-Электр
құралдары деп атаймыз.
-Дұрыс
айтасыңдар,көрдіңдер ме ,біз көптеген
электр құралдарын пайдаланады екенбіз.
Олар біздің көмекшілеріміз.Олар біздің
тұрмысымызға өте қажет. Осы құралдар
жұмыс істеу үшін оларды қайда қосу
керек?
-Розеткаға
қосамыз.
-Осы
құралдар ненің көмегімен жұмыс істейді?
-Электр
тогымен жұмыс істейді.
-Электр
тогы дегеніміз не?
-Электр
тогы біздің үйімізге қалай келеді?
Электр
тогы үлкен электр станцияларда
өндіріледі.Электр энергиясын алу үшін
үлкен станцияларда су,жылу,жел,күн
энергиясы қолданылады.
Суретке
қараңдаршы.Мынау-гидроэлектростанция.
Жұмбақ.
1.Мұздай
мөлдір жұмыртқа,
Жарық
берер ымыртта. (Электр шамы).
2.Төбемізде
тұрағы
Пайдасы
мол ұққанға.
Түнде
жанып тұрады,
Сөнеді
Күн шыққанда (Электр шамы)
3.Қызып
кетсе табаны,
Бар
жалғыз-ақ алаңы,
Бар
жалғыз-ақ шатағы:
Іздей
бастар матаны. (Үтік)
-Үтікпен
жұмыс істегенде қандай дыбыс естиміз?
-Пшш
4.Тәбетін
ашсаң,
Тамағы
лас, шаң. (Шаңсорғыш)
-Шаңсорғыш
үйді тазалаған кезде қандай дыбыс
естиміз? -Джж
5.Кино
менен концертті,
үйде
қойып беремін.
Жаңалығын
бар елдің.
өз
көзіммен көремін. (Теледидар)
6.Іші
салқын, мұзы бар,
күнкей
қашқан қой сынды.
Жылыда
тез бұзылар,
барша
тағам тығылар. (Тоңазытқыш)
-Ал
тоңазытқыш жүргенде қандай дыбыс
естиміз? -Дзз
7.Жіпке
ілдім мен өзім,
кіп-кішкентай
күн көзін. ( Электр шамы).
-Жақсы
балалар,біз жұмбақты ғана шешіп қоймай
ол заттардың дыбыстарын да есімізге
түсірдік.
(
Ұ) Дидактикалық ойын:"Не болған,не
бар..."
Шарты:мен
слайд арқылы тұрмыстық заттарды
көрсетемін,ал сендер қазіргі кездегі
осы заттардың жұбын алдарыңдағы
суреттерден тауып көрсетесіңдер.
Кір
жуғыш машина-шұңғыл
шылапшын,шаңсорғыш-сыпыртқы,электр
пеші-пеш,электр лампасы-май шам,электр
шайнегі-самаурын,үтік- көмірмен жанатын
үтік,тоңазытқыш-жертөле,магнитафон-гармонь...
-Біз
электр энергиясы жайлы әңгімемізді
жалғайық.Электр тогы өте қауіпті,сондықтан
оны дұрыс қолдана білуіміз керек..
Қауіпсіздік
ережесін есімізге түсірейік.
-Розеткаға
темір заттарды тығуға болмайды.
-Ашық
сымдарды ұстауға болмайды, тоқ соқса
адам өліп кетеді.
-Электр
құралдарын су қолмен ұстауға болмайды.
-Электр
құралдарын үйден шығарда өшіріп кету
керек.
-Электр
құралдарын күні бойы қалдыруға
болмайды,қызып кетсе өрт шығады.
-Үлкендердің
рұқсатынсыз,үлкендер үйде жоқ болған
кезде тоқты қосуға болмайды.
Электр
энергиясымен жұмыс жасайтын адамдарды
электриктер деп атаймыз.
-Балалар
электр энергиясы өте қауіпті.
-Қауіпті
электр энергиясымен қатар қауіпсіз
электр энергиясы да бар.Оны статикалық
энергия деп те атайды. Статикалық
энергияны көру үшін тәжірибе жасап
көрейік.
№1-тәжірибе.
Қаламды,шарды
матаман немесе шашымызға үйкелеп ,
табақтағы жыртылған қағазға
(салфетка)жақындатсақ, олардың қаламға
,шарға жабысқанын көреміз.
№2-тәжірибе.
Үлкен
табаққа су құямыз.Суға қағаздан жасалған
қайықты саламыз.Шарды шашымызға
үйкелеп,қайыққа жақындатсақ ,қайық
қозғалады.
№3-тәжірибе
-Менің
қолымда қабырға сағаты бар.Ол жүріп тұр
ма?
Неге?Сағатта
батарея жоқ.Ал енді батареяны салайық,сағат
жүрді.
Себебі,
батареяда қауіпсіз электр тогы
бар.Сондай-ақ батареямен жүретін
ойыншықтар да бар.
Сабақты
қорытындылау.
-Балалар
бүгін біз электр тогы туралы,оның не
үшін керек екенін білдік.
-Электр
тогы не үшін керек?
-Электр
тогын біз көреміз бе?
-Электр
тогы қауіпті ме?
-Қандай
түрлерін білеміз?