Материалдар / Электр тогының энергиясы мен қуаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Электр тогының энергиясы мен қуаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2020
1412
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АРНАЙЫ ПӘН ОНЛАЙН САБАҒЫ

Пәні: Электротехника АШ электр энергиясын пайдалану негіздері

Сабақты өтетін уақыты: 27.03.2019 ж

Сабақ өткізілетін орын: «Ауылшаруашылық машиналары зертханасы»

оқу бөлмесі № 12

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының энергиясы мен қуаты

Сабақ мақсаты: Пән бойынша білімдерін тереңдету қайталау пысықтау

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа пәнге білімге деген қызығушылығын арттыру

Дамытушылық өткізу әдісі: Оқушылардың есте сақтау логикалық қызығушылығын арттыру

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, көргезмелер, тест билеттері, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сыртқы көрінісіне назар аудару және оларды түгелдеу.

ІІ. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

ІІІ. Оқушылардың білімін және өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында сұрақтар.

  1. Электр тізбек түрлері?

  2. Қарапайым электр тізбегі?

  3. Электр кедергісі?

  4. Ом заңы және формуласы?

  5. Ом заңының графигі?

Электр тізбегінің негізгі элементтері:

Электр энергия көзі (яғни галваникалық элементтер, аккумулятор, генератор), жүктеме (электр лампочкасы, қыздыру аспаптары, электр қозғалтқыш және т.б.) қосылыс өткізгіштері.

Электр тізбегі ашық және жабық түрде болады. Электр тогы тек қана жабық тізбекте ғана болады. Әр қандай жабық тізбекті екі бөлікке бөлу мүмкін. Сыртқы және ішкі.

Сыртқы бөлік – бұл электр энергиясын қабылдаушы жалғастырушы өткізгіштері, түрлі электр өлшеу аспаптары.

Ішкі бөлік – бұл электр тізбек қоректендіру көзі және оның кедергісі.

Қарапайым электр тізбегі - қоректендіру көзі, өткізгіш, электр шамы, бұдан бөлек сұлбада қосу және ажырату үшін кілт, ток күшін өлшеу үшін амперметр және кернеуге вольтметр көрсетілген.

Электр кедергісі – өткізгіште немесе электр тізбегінде электр тогының өтуіне қарсы әсерін сипаттайтын шама.

Электр тогының негізгі заңдарының бірі – Ом заңы. Бұл заңды 1826 жылы неміс физигі Георг Симон Ом ашқан.


Сұрақ – жауап негізінде оқушыларға тест сұрақтары беріледі.

ІV. Өтілген тақтыпты жаңа тақырыппен байланыстырып, оқушылардың жауаптары пысықталады.

V. Жаңа сабақ

Электр тогының энергиясы мен қуаты

Электр тогы дегеніміз – зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысына айтылады.

Электр тогы пайда болу үшін және ұзақ сақталуы үшін қажетті шарттар:

  1. Өткізгіште зарядталған денелерге белгілі бір күшпен әрекет ететін тұрақты электр өрісі болу керек.

  2. Еркін электр зарядын тасымалдаушылар

  3. Электр өрісін тудыратын құрылғы, ток көзі керек

Электр тогының әсерлері:

  1. Жылулық әсері

  2. Химиялық әсері

  3. Магниттік әсері

  4. Физиологиялық әсері

Электр тогының жылулық әсері. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. Электр қыздырғыш аспаптарда: электрплита, үтіктер, қайнатқыштарда, дәнекерлегіштерде қолданылады.

Электр тогының химиялық әсері. Химиялық ерітінділерге батырылған металл өткізгіш бойымен ток өткенде, ерітіндінің құрамына енетін заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза күмісті алуға, металл бұйымдардың беттерін күміспен жалатуға болады.

Электр тогының магниттік әсері. Өткізгіш бойымен ток жүргенде, онда магниттік қасиеттер туындайды. Қарапайым магнит сияқты ол өзіне ұсақ темір денелерді тартады.

Электр тогының физиологиялық әсері. Жануарлар денесімен ток өттетін болса, онда ток бұлшық еттердің жиырылуын тудырады. Адам денесінен өткен ток ауыр әсер қалдырады.



Энергия

Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.

Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “энергия” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. “Энергия” ұғымы сақталу заңына бағынады. Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.

Қозғалыстың әртүрлі формасына сәйкес энергияның бірнеше түрлері бар:

  1. Механикалық энергия

  2. Ішкі энергия

  3. Химиялық энергия

  4. Электромагнит энергия

  5. Ядролық энергия

  6. Электр энергия

  7. Гравитациялық энергия

  8. Жылулық энергия

Электр энергиясы өте ыңғайлы да тиімді энергия көзі болып табылады. Оны алудың жеңілдігі мен тиімділігі және басқа энергия көздеріне түрлендіруі, алыс қашықтыққа тасымалдау мүмкіндіктері оның кең таралуына негіз болады. Электрмен жабдықтау жүйесінде электр энергиясын таратуға және түрлендіруге арналған электрлік қондырғылар – қосалқы станциялар басты роль атқарады. Олар бұл жүйенің негізгі бөлігі болып табылады. Электр мен жабдықтау жүйесінде электр энергиясын беріп және тарататын өндіріс үшін құрылғылардың қатысы аталады. Өнеркәсіп орындарын электрмен жабдықтау жүйесі түрлі машиналар механизмдердің электр қозғалтқыштары, электр пештері, электр қондырғылар, электрлік пісіруге арналған аппараттар машиналар, жарықтандыру қондырғылары және т.б. қатысты өнеркәсіп қабылдағыштарын электр энергиясымен қоректендіру, қамтамасыз ету үшін құралады.

Электр энергиясы - қолданылуы қазіргі уақытта ең көп болған энергия түрі. Оны алу үшін арнайы СЭС (су электр станциясы), АЭС (Атом электр станциясы, ЖЭС (Жел электр станциясы) Күн электр станциясы және т.б. бірнеше электр станциялары бар).

Электр энергиясы басқа энергия көздеріне қарағанда көп тиімді, өйткені оны алыс қашықтыққа тасымалдау оңай және арзан. Электр тогын үй жағдайында да өте көп пайдаланамыз.






























Электр тогының энергиясы

Дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталады.

Электр тогының энергиясы Е әрпімен белгіленеді, ал токтың жұмысы А әрпімен белгіленеді. Энергияның және жұмыстың өлшем бірліктері – Джоуль

Бұл өлшем бірлік ұлы ғалым Джеймс Джоулдің құрметіне аталған.

Электр тогы энергиясының формуласы

Электр тогының энергиясы токтың атқарған жұмысына тең. Сондықтан токтың жұмыс формуласы:

А=qU=IUt

E=A=qU=IUt=I2Rt=

1Дж=1Кл*1В

1Дж=1А*1В*1с

1Дж=1А2*1Ом*1с

Электр тогының қуаты

Бірлік уақытта атқарылған жұмысты сипаттайтын шама қуат деп аталады.

Электр тогының қуаты Р әрпімен белгіленеді. Қуаттың өлшем бірлігі – Ватт

Бұл өлшем бірлік Ұлы ғалым Джеймс Ваттың құрметіне аталған.

Электр тогы қуатының формуласы

Электр тогының қуаты жұмыстың уақытқа қатынасына тең:

Р =

1Вт=1Дж/1с

Р=IU= I2R=qU/t= U2t/R

1Вт=1А*1В

1Вт=1А2*1Ом=1Кл*1В/1с=1В2*с/Ом

Электр тогының қуаты

Өндірілетін отын түрлерінің 1/5 бөлігі электр қуатын және жылуды бөліп шығару үшін пайдаланылады. Қуаттың басқа түріне карағанда электр қуатының көптеген колайлы жақтары бар. Оны механикалық, жарық және жылу қуатына түрлендіріп сым арқылы тасымалдауға болады.

Электр қуатын шаруашылықтың көптеген салаларында пайдаланады. Қуаттың басқа түріне қарағанда электр қуатына деген сұраныс жыл өткен сайын артуда. Сол себепті де электр қуатын өндірудегі жетістік шаруашылыктың басқа түрлеріне карағанда біршама алда жүруі тиіс. 

Кейбір электр аспаптарының қуаты


Әр түрлі қуаттағы электр шамына мінездеме




Электр есептеуіш құралы арқылы электр тогының қуатына байланысты құнын есептеу

А=Р*t

A=0,1*3=0,3кВт*сағ

1кВт*сағ = 14 тенге

А= 0,3*14=4,2 тенге

Мысалы: Электр шамының қуаты 100 Вт. Егер тариф 1кВт*сағ үшін 14 тенге болса, онда 3 сағат ішінде электр шамының есептелген құны қанша тенге болады?

Берілген

P=100Вт=0,1кВт

t=3сағ

Тариф=14тенге

А-?

Мысалы: Теледидар қуаты 300 Вт, шаңсорғыш қуаты 1400 Вт, электр үтік 600 Вт және жылытқыш 1100 Вт. Егер тариф 1кВт*сағ үшін 14 тенге. Егер осы аталғандардың барлығы жұмыс істеп тұрған болса, онда 30 минут ішінде электр қуатының есептеген құны қанша тенге болады?

Б

А=Р*t

P= P1+ P2 + P3 + P4 =3,4 кВт

A=3,4*0,5=1,7 кВт*сағ

1кВт*сағ = 14 тенге

А= 1,7*14=23,8 тенге

А=24 тенге

ерілген

P1=300Вт=0,3кВт

P2=1400Вт=1,4 кВт

P3=600Вт=0,6кВт

P4=1100Вт=1,1кВт

t=30 мин

Тариф=14тенге

А-?

Электр энергиясының шығынын электр санауыштың көрсеткіші бойынша есептеу

 

 

 

 

 

 

 

Мекен жайы: Қарабұлақ ауылы, хамза көшесі

Аты-жөні: Иззатуллаев Достонбек

Есептеу түрі

Есеп көрсеткіші

Шығын

(кВт*сағ)

Тариф,

тг

Төлемі

(тг)

Есеп көрсеткіші бойынша

01.02.2019

01.03.2019

 94 кВт*сағ

14

1316 тг

 

1234

 

1328

Аспап

Қуат, Вт

Кернеу, В

Ток күші, А

Уақыт, сағат

Жұмыс,

кВт*сағ

Құны, тенге




220

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!