Материалдар / Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары физтка пәнінен колледждің 1 курс студенттері мен 10 сынып оқытушыларына арналған. Сабақтың тақырыбы Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
1131
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Геологиялық барлау колледжі» КМҚК


19 сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы



Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Джоуль-Ленц заңы.

Ток көзінің ПӘК-і

Курс, топ



1 курс, ОСк-02, Гк-01

Модульдің атауы/пән



Физика

Оқытушы



Кабзолданова А.С.

Мерзімі




Сабақтың типі



Аралас


Сабақтың оқу мақсаттары



10.4.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің ПӘК-ң формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаттары

  • электр тогының жұмысы және қуаты түсінігінің физикалық мағынасын түсіндіре алады;

  • электр тогының жұмысы және қуатын анықтау формулаларын біледі;

  • Джоуль-Ленц заӊының тұжырымдайды;

токтың жұмысы мен қуатын эксперимент арқылы айнымалы және тұрақты шамалардың көмегімен анықтайды.

Бағалау критерийлері



Білу:электр тогы, ток қуаты, электр энергясы шығыны не екенін біледі.

Түсінеді: Электр тогы қуаты мен жұмысының физикалық мағынасын түсінеді .

Қолдану: Жұмысты, токтың қуатын және электр энергиясы шығынын анықтау үшін формулаларды қолданады. .

Талдау: Есептің шарты мен формуласына талдау жасайды.

Жинақтау: деңгейлік есептер шығару

Бағалау: өз жұмыстарын бағалау

Оқу-әдістемелік, техникалық жабдықтау, анықтамалық әдебиет



Студенттер интернетте ақпаратты табу үшін жұмыс істейді

Пәнаралық байланыстар



Математика – есептер шығару дағдылары (амалдар қолдану)

Сызу – сурет (конденсатор суреттері, схема)

Информатика – ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау


Сабақтың барысы


Жоспарланған мерзімдер


Жоспарланған әрекеттер


Ресурстар


    1. мин.







Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаттарымен таныстыру

  1. Бірлік уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд мөлшеріне тең шама қалай аталады? (Ток күші)

  2. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы қалай аталады? (Кернеу)

  3. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама қалай айтылады? (Кедергі)



Сабақтың басталуы

.








Сабақтың ортасы


«Сіздің ойыңыз қалай?» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып, содан соң электронды оқулық арқылы бейнематериал көрсету. Оқушылар бейнематериалдарды көреді. Оқушылар өз пікірлерін айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, толық жауап берілмесе бейнематериал қайтадан көрсетіледі.


Сұрақтар:

  • Әр отбасыға ай сайын есеп түбіртегі жіберіледі.

  • Осындай квитанция арқылы коммуналдық қызметтің қай түріне төлем жасаймыз?

  • Біз не үшін ақша төлейміз? (тұтынатын электр энергиясы үшін).

  • Ол неге жұмсалады? (қолданатын тұрмыстық құралдар).

  • Физика бойынша электр тогы бізге жұмыс жасайды.


Дескриптор:

Электр тогын қай жерлерде қолданылатынын айтады.

Қуат маңыздылығына сипаттама бере алады

Бағалау: «Баспармақ» тәсілі

Кері байланыс: ауызша


Электр тогыныӊ әсері тек қана жұмыспен емес, оныӊ қуатыменде сипатталады.

Электр тогыныӊ қуаты тізбектегі токтыӊ күшімен кернеудіӊ көбейтіндісіне теӊ.

1 Вт = 1 А· 1с

1 Дж = 1 Вт · 1с

1 кВт·сағат = 1000 Вт · 3600 с = 3 600 000 Дж



Презентация































Презентация
















Сабақтың аяқталуы


Топтық жұмыс: Техникалық мазмұнды тапсырмалар

  1. Созылмалы сақтандырғыш 10А ток күшіне есептелген. Оны 220 В кернеуге тұтынушының қуаты 10 кВ-қа жалғауға болады ма? Жоқ, құрылғыдағы ток күші оның қабылдайтын мәнінен 4,5 есе үлкен.

  2. Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А токпен 600В кернеуді тұтынады. Электрқозғалтқыш қуатын анықтандар. 2 сағатта қанша жұмыс жасайды? ? (120 кВт, 864 МДж.)

  3. 2 литрлық электр шәйнекте 1 к Вт қуатпен 20 мин су қайнайды,ал 3 кВт қуатты шәйнекте бұл 5 мин алады неге аз қуатты құрылғыларды қолдану тиімсіз? Қайнау уақыты артқандықтан конвекция, жылуөткізгіштік және сәулелену есебінен шығыны артады.

  4. Кедергісі 10 Ом электр пеште 10кг болат детальдарын қыздырып жатыр. Егер пешті 220 В кернеуге жалғасақ, оның ПӘК-і 30 % болса детальдар 20 мин қандай температураға дейін қызады (мұздың қалыпты еру температурасы алынған)? (350 °С.)


Жеке тапсырмалар:


Электр тогының қуатын анықтандар, егер тізбектегі ток күші 200мА болса. (0,6 Вт.)


  1. 100 м және ұзындығы 2 мм2 никель сым кернеуі 200 В болатын тізбекке қосылады. 5 минут ішінде электр тоғының энергиясын анықтаңыз. (600 кДж).




  1. Егер тізбектегі кернеу 60 В болса, 10 минутта электр тогы қанша жұмыс жасайды? . (144 кДж.)

  2. Тізбектегі сымның ток күші 300 м А,кернеу 6 В. Қимасының ауданы 3 мм2 константаннан жасалған өткізгіштің ұзындығын табындар. (120 м.)

Есептері бар карточкалар

Қосымша 2



Үйге тапсырма

Конспект жазу

Кестені толтыру


10 сыныпқа арналған физика оқулығы (Жаратылыстану –математика бағыты) Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев















Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!