жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тұрақты ток
|
Мектеп: № 95 жалпры орта білім беретін мектебі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Сахауова Гулназ Койлибаевна |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 –сынып (ЖМБ) |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
10.3.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің ПӘК-ң формулаларын есептер шығаруда қолдану; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Электр тогының жұмысы мен қуаты арасындағы байланысты көрсете отырып, Джоуль–Ленц заңы мен ток көзінің ПӘК-нің физикалық мағынасын тұжырымдап есептер шығаруда қолдану. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Джоуль–Ленц заңы мен ток көзінің ПӘК-ң формулаларына талдау жасау және керекті физикалық шаманы қорытып есептер шығару. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Толық және пайдалы қуаттың сыртқы кедергіге тәуелділігін сипаттай отырып ток көзінің ПӘК-не деңгейлік есептер шығару. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Барлық оқушылар: Электр тогының жұмысы мен қуаты арасындағы байланысты көрсетеді және Джоуль–Ленц заңы мен ток көзінің ПӘК-нің физикалық мағынасын тұжырымдап есептер шығаруда. қолданады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Джоуль–Ленц заңы мен ток көзінің ПӘК-ң формулаларына талдау жасайды және керекті физикалық шаманы қорытып есептер шығарады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Толық және пайдалы қуаттың сыртқы кедергіге тәуелділігін сипаттай отырып ток көзінің ПӘК-не деңгейлік есептер шығарады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Тұрақты электр тогы тарауы бойынша негізгі ұғымдары мен шамаларын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми тілдік дағдыларын дамыту. Сөздік қорын толықтыру. Оқушылар: Джоуль –Ленц заңына талдау жасап, өз пікірлерін ұсына алады. Пәндік лексика және терминология:
Диалогтар пен жазу үшін қолданылатын тіркестер Электр тогының жұмысы мен қуатының арасында қандай байланыс бар? Неліктен Джоуль –Ленц заңы деп аталды? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы аясында топтық , жұптық жұмыстар жасау арқылы оқушылардың бойында ықтымақтаса еңбек ету және бірлесіп жетістікке жету дағдыларын дамыту. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика – есептер шығару, формулаларды түрлендіру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
8– сынып курсынан электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і күші жайлы біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут |
Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық ахуал «Шеңбер ішіндегі шеңбер» әдісі Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқушылардың көңіл күйін көтеру. Мұнда үлкен шеңбердің ішінде кіші шеңбер орналасады. Оқушылар бір-біріне қарама – қарсы орналасып, бір-біріне жақсы тілектер айтады Топтарға біріктіру: «Мозайка» әдісі негізінде жүргізіледі.Оқушылар карточкалар алып,жазылған мәлімет бойынша 3 топтарға біріктіремін.
Үй тапсырманы тексеру: «Сиқырлы ұяшықтар» әдісі Мақсаты: Өткен тақырып бойынша оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру.
Сұрақтар:
Қалыптастырушы бағалау- Балдық жүйе бойынша жүргізіледі
Критерий Кирхгофтың ережелерінің физикалық мағынасын тұжырымдайды және формуласына сипаттама береді. Дескриптор
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
27 минут
|
I. Жаңа материалды зерттеу. Ақпаратпен жұмыс. Сабақтың мақсатын анықтау 10.4.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің ПӘК-ң формулаларын есептер шығаруда қолдану; Ойлау деңгейі - қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Белсенді оқу әдісі - «Кинометафора» әдісі Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін арттырап, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Жұмыс формасы - топтық. Дағдыларын дамыту – оқылым, жазылым, айтылым. Саралау – Дереккөздер Бағалауды ұйымдастыру формасы: өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.
Тапсырма №1. 1-ші топтағы оқушылар Көрсетілген бейне үзіндіден өздеріне тиесілі электр тогының жұмысы мен қуаты туралы мәліметті жинақтап, формуласын жазып анықтамасын тұжырымдайды. Бір есепті шығарып мысал ретінде түсіндіреді
.
2.-ші топтағы оқушылар Джоуль-Ленц заңына сәйкес мәліметтерді жинақтап анықтама береді. Бір есепті шығарып мысал ретінде түсіндіреді
3.-ші топтағы оқушылар Ток көзінің ПӘК-і күші жайлы материялдарды жинақтап талқылайды. Бір есепті шығарып мысал ретінде түсіндіреді
Әр топ 2 минут ішінде жинақтаған материалдарын сыныпқа түсіндіреді, оқушылар ақпаратпен алмасады Қалыптастырушы бағалау 1-10 «Балдық жүйе »
Кері байланыс: Бейне көрсетілім барысында нені білдің? Қандай қиыншылықтар туындады? Түсінбеген тұстарың болды ма?
II. Жаңа материалды меңгеру. Ойлау деңгейі - қолдану, талдау, жинақтау Белсенді оқу әдісі - «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Мақсаты: Сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тарту. Оқушылардың сабақтың тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыра отырып негізгі ұғымдарды жинақтау, түйіндеу . Жұмыс формасы - жеке, жұптық , топтық . Дағдыларын дамыту – оқылым, жазылым, тындалым, айтылым. Саралау: Диалог және қолдау көрсету. Бағалауды ұйымдастыру формасы: өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы
Тапсырма №2.
Қалыптастырушы бағалау 1-10 «Балдық жүйе »
Кері байланыс: «Сұрақ-жауап»- арқылы.
Оқушыға қиындық туғызған сұрақтарды мұғаліммен бірге талдайды. III. Жаңа материалды меңгеру. Деңгейлік тапсырмалар Ойлау деңгейі - Қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Белсенді оқу әдісі -«Шыңға көтерілу» әдісі Мақсаты: оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру. Жұмыс формасы - жеке. Дағдыларын дамыту – оқылым, жазылым, айтылым. Саралау – Қарқын, тапсырма Бағалауды ұйымдастыру формасы: мұғалімнің бағалауы.
Тапсырма №3. А деңгейі
В деңгейі
С деңгейі
Қалыптастырушы бағалау. 1-10 «Баллдық жүйе»
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» IV. Оқылған материалды жинақтау. Ойлау деңгейі - білу және түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау. Белсенді оқу әдісі – «Matching table» әдісі Мақсаты: Ойды жинақтау, тақырып бойынша қажеттіліктерін анықтау. Жұмыс формасы - Жеке Дағдыларын дамыту – оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым. Саралау – Диалог және қолдау көрсету, қорытынды Бағалауды ұйымдастыру формасы: Мұғалімнің бағалауы. Тапсырма №4.
Ток
көзінің ПӘК-і
Ток
жұмысы-электр өрісі тасымалдаған
зарядтың берілген өткізгіш
бөлігіндегі кернеуге көбейтіндісіне
тең физикалық шама
A=qU
Джоуль-Ленц
заңы
Ток
қуаты-зарядың орын ауыстыру кезіндегі
жұмыстың орындалу шапшаңдығын
сипаттайтын физикалық шама
P=A/t
Электр
тогының жұмысы
Өткізгіште
бөлінетін жылу мөлшері өткізгіш
арқылы өтетін ток күшінің квадратына,
өткізгіш кедергісіне және тізбектің
жұмыс істеу уақытына тура пропорционал
Q=I2Rt
Токтың
қуаты
Пайдалы
жұмыстың толық жұмысқа қатынасы
η=Aп/Ат
Қалыптастырушы бағалау. 1-10 «Баллдық жүйе»
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен ручкамен айналдырып сызып шығады. Салынған саусақтарына сабақ туралы төмендегі сұрақтарға жауап жазады.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Кинометафора» әдісінде оқушыларды саралаудың «Дереккөздер» тәсілімен саралаймын, себебі, дереккөздер арқылы кейбір оқушылар материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсете алады. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісінде оқушыларды «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы сараладым, себебі, оқушыларға тапсырманы орындату барысында туындаған қиындықтардан шығу үшін және де білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасаймын. «Шыңға көтерілу» әдісінде «Қарқын, тапсырма» тәсілі арқылы саралаймын, себебі, кейбір оқушылар тапсырманы жылдам орындайды. Сондықтан оларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал жасаймын. «Matching table» әдісі бойынша оқушыларды «Диалог және қолдау көрсету» тәсілдері арқылы саралаймын. Себебі, сабақты бекіту барысында, көмек қажет ететін оқушыларға қосымша мәліметтер бере отырып қиындықтан шығу жолдарын қарастырамын. «қорытынды» тәсілі арқылы саралаймын. Себебі, барлық оқушыларға бағытталған нұсқауларды бере отырып ,олардың әрқайсысының өздеріне сай тапсырма берілгенімен, әр оқушының нәтижесі әртүрлі болады. Соның негізінде олардың алға жылжуына негіз боламын. |
Сабақта қалыптастырушы баға оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейін қадағалап, реттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан әр тапсырмаға дескриптор құрамын. Осы дескрипторға сәйкес оқушыларды балл жүйесі бойынша бағалаймын.
Сонымен қатар оқушыларға әр тапсырма соңында кері байланыс жүргізу арқылы үнемі білімдерін толықтырып алға қарай жылжуына ықпал жасап отырамын. |
Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ұнара
краны массасы 05, тонна жүкті 5 м/с
жылдамдықпен көтереді. 380 В кернеуге
септелген электр қозғалтқышының ток
күші 20 А болған кранның ПӘК-ін
есептеңіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген