400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Электрматериалтанану пәнінен" тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Электрматериалтанану пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы

1. Қоспалы болат элеметтерінің ГОСТ 4547-71-қа сәйкес келесі белгіленуі бойынша Хромның әріптік белгісі

А) Х

В) С

С) Ц

D) Н

Е) Г

2.Беткі қабатты көміртекпен қанықтыру

А) Алитерлеу

В) Цементеу

С) Цианирлеу

D) Азоттау

Е) Хромдау

3.Беткі қабатты көміртекпен және азотпен қанықтыру

А) Цианирлеу

В) Алитерлеу

С) Хромдау

D) Борлау

Е) Цементеу

4.Алюминиий және кремний негізіндегі қорытпалары

А) Силумин

В) Кокиль

С) Баббит

D) Нирезит

Е) Автол

5.Әр түрлі өлшемдегі әр түрлі профильдердің жиынтығы

А) Сортамент

В) Профиль

С) Совал

D) Автол

Е) Баббит

6. Қиын балқитын металл

А) Вольфрам

В) Қалайы

С) Қорғасын

D) Алюминий

Е) Мыс

7. Вольфрамның балқу температурасы

А) 3416°С

В) 1725°С

С) 419,5°С

D) 666° С

Е) 1896°С

8. Қалайының балқу температурасы

А) 317°С

В) 232°С

С) 419,5°С

D) 3416°С

Е) 1725°С

9. Арнайы еріткіштерден алынған пленка түзуші заттардың коллоидты ерітінділері

А) Лактар

В) Пластификатор

С) Сиккатив

D) Пигмет

Е) Нирезит

10. Құрамында 84-86 % мыс,2-3% никель және 12-13%марганец бар қорытпа

А) Мангинин

В) Нихром

С) Ферхалям

D) Константан

Е) Сиккатив

11. Құрамында 58-60%мыс, 32-40% никель және 1-2% марцанец бар қорытпа

А) Константан

В) Ферхалям

С) Хромалям

D) Нихром

Е) Мангинин

12. Металды ұнтақтар енгізілген желілер

А) Флюстер

В) Контактол

С) Ферхалям

D) Константан

Е) Хромалям

13.Құрамында 5% кремний, 18% никель, 2% хром бар қоспа қалай аталады?

А) Никросилал

В) Компаунд

С) Нихром

D) Никросилал

Е) Ферхалям

14.Жақсы электр өткізгіш металлдар

А) күміс, мыс, алюминий

В) вольфрам, ванадий

С) қорғасын, ванадий

D) никель, сынап, ванадий

Е) қола, жез, алтын

15.Металл арқылы электр тоғының өтуіне қарсы тұратын металл қасиеті .... деп аталады

А) электр кедергісі

В) кернеу

С) жылулық кеңею

D) қуаттылық

Е) барлық жауап дұрыс

16. Қысқа мерзімге түйісетін тоқтан және асқын жүктеуден электр құрылғыларын қорғаған кездегі сақтандырғыштардың балқитын қосымшалары үшін қолданылатын металл

А) қорғасын, цинк

В) марганец

С) молибден

D) ванадий

Е) хром

17. Қатты дене пішінінің оған түскен сыртқы күш әрекетінен өзгеруі

А) деформация

В) қақталма

С) нықтау

D) созылу

Е) ығысу

18. Сұйық жағдайдан қатты жағдайға өтуі

А) Кристалдану

В) Балқу температурасы

С) Аморфтылық

D) Поликристалдану

Е)Созылу

19. Металлдар мен қорытпалардың екпінді жүктемелердің әрекетіне қарсы тұру қабілеті ....

А) соқпалы тұтқырлық

В) беріктілік

С) иілімділік

D) созылу

Е) қаттылық

20. Металдың оған басқа, қаттырақ дененің енуіне нәтижесінде деформацияға ұшырамайтын қарсылық көрсету қасиеті ....

А) қаттылық

В) шыдамдылық

С) иілімділік

D) соқпалы тұтқырлық

Е) беріктілік

21. Шынықтырылған болаттан жасалған шарик салмақпен металлдың қорғалған бетіне қатты бастырылатын қаттылықты анықтау әдісі

А) бринелль әдісі

В) роквелль әдісі

С) виккерс әдісі

D) бояу әдісі

Е) барлық жауап дұрыс

22. Балқытылған металдардың құятын қалыпты толтыру қабілеті ....

А) сұйықтай аққыштық

В) иілімділік

С) созылу

D) тұтқырлық

Е) пісірімділік

23. Құрамында 2,14% көп көміртегі бар теміркөміртекті қорытпа ...

А) шойын

В) болат

С) ақ шойын

D) қыздырылған шойын

Е) қара шойын

24. Шойынды ... пештерінде алады

А) домна

В) конверторлы

С) мартен

D) электр

Е) электр, мартен

25. Шойынның қасиетіне кремнийдің әсер етуі

А) көміртектің графит түрінде бөлініп шығуына себеп болады, құйылу қасиетін жақсартады, сұйықтай аққыштық қасиетін жақсартады, отыруын төмендетеді

В) цементиттің түзілуіне себеп болады, беріктігін арттырады, күкірттің әрекетін бейтараптандырады

С) сынғыштына, сұйықаққыштығына себеп болады

D) қаттылығын арттырады

Е) қаттылығын және сынғыштығын арттырады, қыздырған кезде сызаттардың пайда болуына себеп болады

26. Марганецтің шойынның қасиетіне әсер етуі

А) цементиттің түзілуіне себеп болады, беріктігін арттырады, күкірттің әрекетін бейтараптандырады

В) күкірттің графит түрінде бөлініп шығуына себеп болады, құйылу қасиетін жақсартады

сынғыштығына, сұйықтай аққыштығына себеп болады

С) қаттылығын арттырады

D) қаттылығын және сынғыштығын арттырады, қызған кезде сызаттардың пайда болуына себеп болады

Е) көміртектің графит түрінде бөлініп шығуына себеп болады, құйылу қасиетін жақсартады, сұйықтай аққыштық қасиетін жақсартады, отыруын төмендетеді

27. Шойынның қасиетіне фосфордың әсер етуі

А) шойынды суық күйінде сынғыш және сұйықтай аққыш етеді

В) цементиттің түзілуіне себеп болады, беріктігін арттырады, күкірттің әрекетін бейтараптандырады

С) сынғыштығына, жабысқақтығына себеп болады

D) қаттылығын арттырады

Е) көміртектің графит түрінде бөлініп шығуына себеп болады, отыруын азайтады

28. Шойынның қасиетіне күкірттің әсер етуі

А) шойынның қаттылығын және сынғыштығын арттарады, қызған кезде сызаттың пайда болуына себеп болады

В) цементиттің түзілуіне себеп болады, беріктігін арттырады

С) шойынның құйылу қасиетін жақсартады

D) қаттылығын арттырады

Е) суыған және қызған кезде қаттылығын, жабысқақтығын және сынғыштығын арттырады

29. Шойынның ВЧ 38-17 маркасының мағынасын аш

А) ВЧ – беріктігі жоғары шойын, 38- созған кездегі беріктік шегі кгс/мм2, 17- шойынның салыстырмалы ұзаруы пайызбен алғанда

В) ВЧ - беріктігі жоғары шойын, 17- созған кездегі беріктік шегі кгс/мм2, 38- шойынның салыстырмалы ұзаруы пайызбен алғанда

С) СЧ - сұр шойын, 38- ұзарған кездегі беріктік шегі кгс/мм2, 17- бүгілген кездегі беріктік шегі, кгс/мм2

D) СЧ - сұр шойын, 38- созылған кездегі ағу шегі кгс/мм2, 17- иілген кездегі беріктік шегі, кгс/мм2

Е) СЧ - сұр шойын, 17 және 38 – салыстырмалы ұзару кезіндегі аққыштық шегі кгс/мм2

30. Ақ шойынның сипаты

А) көміртек- цементит түріндегі, ақ түсті, қаттылығы және сынғыштығы жоғары, кесетін құралдармен өте нашар өңделеді

В) көміртек- графит түрінде, сұр түсті, кесетін құралдармен жақсы өңделеді, ескіруге төзімділігі өте жоғары, ірі қиыршықты құрылым, сынғыш, беріктігі аз

С) созған кезде беріктігі өте жоғары, иілімділігі көп емес, соғылатын жүктемелерге қарсы тұруы жоғары

D) өте жоғары механикалық беріктілікке, жабысқақтыққа, өңделуіне ие

Е) көміртек – цементит түріндегі, ақ түс, қаттылығы жоғары

31. Сұр шойынның сипаттамасы

А) көміртек – графит түрінде, сұр түс, кесетін құралдармен жақсы өңделеді, ескіруге төзімділігі жоғары, құрылымы ірі түйіршікті, беріктігі аз

В) көміртек – цементит түрінде, ақ түс, қаттылығы және сынғыштығы жоғары, кесетін құралдармен өте нашар өңделеді

С) созған кезде өте жоғары беріктікке, аз ғана иілімділікке ие. Соғатын жүктемелерге қарсы тұруы жоғары

D) өте жоғары механикалық беріктікке, жабысқақтыққа, өңделушілікке ие

Е) көміртек – цементит түрінде, ақ түс, қаттылығы жоғары

32. Сұйық шойын көмегімен 15-20 минут барысында ауа үрленетін болат өндіру әдісі ....

А) конверторлы

В) мартен

С) кен

D) домен

Е) электрқож

33. Болаттағы марганецтің сипаттамасы

А) беріктігін арттырады, күкірттің зиянды әсерін болдырмайды

В) иілімділігін, екпінді тұтқырлығын арттырады, суық күйінде морттығын төмендетеді, зиянды қоспа

С) беріктігін және қаттылығын төмендетеді

D) тығыз құймаметалл алуға себеп болады

Е) екпінді тұтқырлығын, иілімділігін және беріктігін төмендетеді

34. Болаттағы оттектің, азоттың, сутектің сипаттамасы

А) екпінді тұтқырлығын, беріктігін, иілімділігін төмендетеді

В) иілімділігін, екпінді тұтқырлығын арттырады

С) беріктігін, қаттылығын арттырады, иілімділігін төмендетеді

D) тығыз құймаметалл алуға себеп болады

Е) суық күйінде морттығын азайтады

35. Егер құрамында ..... болса, орташа көміртекті болат деп аталады

А) 0,25 ден 0,65 % дейін көміртек

В) 0,25 % дейін көміртек, 0,45 % дейін марганец пен кремний

С) 0,25 % дейін көміртек, марганец, кремний

D) 0,25 % дейін көміртек пен марганец

Е) 0,65 % дан жоғары көміртек

36. Егер құрамында ... болса, болаттар жоғары көміртекті деп аталады

А) 0,65 % жоғары көміртек

В) 0,25 % дейін көміртек, 0,45 % дейін марганец пен кремний

С) 0,65 % дейін марганец, кремний

D) 0,65 % дан жоғары көміртек пен марганец

Е) 0,65 % дан жоғары көміртек, марганец, кремний

37. Бұрауыш, қашау, балға жасау үшін арналған болат маркасын көрсетіңіз

А) У7, У7А, У8, У8А

В) А12, А20, А40Г

С) Ст2, Ст3

D) Р12, Р6М3

Е) 12Х13, 20Х13

38. Болаттың 08пс маркасындағы 08 цифры .... болуын білдіреді

А) пайыздың жүзінші үлесіндегі көміртектің

В) пайыздың оныншы үлесіндегі көміртектің

С) пайыздың жүзінші үлесіндегі көміртекті және легірленетін элементтердің

D) пайыздың жүзінші үлесіндегі марганецтің

Е) пайыздың оныншы үлесіндегі кремнийдің

39. Иілімділігін арттыру үшін пластмассаға енгізілетін зат

А) пластификаторлар

В) қатайтқыштар

С) бояғыш заттар

D) тұрақтандырғыштар


Е) толтырғыштар

40.Толтырғыштары асбест картон болып табылатын пластмассалар ... деп аталады

А) асболит

В) бумаголит

С) шынытекстолит

D) текстолит

Е) волокнит

41. Қатты абразивті материал

А) корунд

В) темір

С) болат

D) никель

Е) кремний

42. Қысып жасалған ұнтақтардан алынған бұйымдар

А) пластмассалар

В) қағаз

С) шыныталшық

D) миниканит

Е) стеатит

43. Поливинилхлорид ... материал болып табылады

А) термопластикалық

В) термореактивтік

С) термоактивтік

D) суыққа төзімді

Е) сілтілер мен қышқылдарға төзімсіз

44. Қабат - қабат толтырғыштары бар пластмассаларға ... жатады

А) текстолит

В) фенопласт

С) аминопласт

D) этинопласт

Е) целлопласт

45. Сұйық пластмассаларды қатты күйге ауыстыру үшін ... қолданылады

А) қатайтқыштар

В) бояғыш заттар

С) толтырғыштар

D) пластификаторлар

Е) тұрақтандырғыштар

46. Абразивті микроұнтақтар бабына келтіру үшін, маркалану белгісін көрсетіңіз

А) М 23

В) П 20

С) А 14

D) Д 20

Е) Т 23

47. Шунттарды және қосымша резисторларды .... жасайды

А) манганин

В) вольфрам

С) мыс

D) алюминий

Е) қола

48. 200 0С жоғары t кезінде жұмыс істеу үшін арналған диаметрі өте кіші өткізгіш сымдарды ... жасайды

А) оттексіз мыстан

В) мырышсыз мыстан

С) фосфорсыз мыстан

D) қолалы мыстан

Е) оттекті мыстан

49. Алюминий, мыс және магний негізіндегі қорытпалар

А) дюралюминь

В) силуминам

С) латунь

D) қола

Е) манганин

50. Жоғары механикалық беріктігімен электрофарфордан ерекшеленетін электрокерамикалық материал

А) стеатит

В) миканит

С) сегнетокерамика

D) фарфор

Е) кварц

51. Балқытылған қорытпаларға ... жатады

А) сталинит

В) борид

С) хромид

D) шойын

Е) никель

52. Қорытпаларда сұйық күйден қатты күйге айналу ... жүйесі бойынша басталады

А) ликвидус

В) солидус

С) эвтектики

D) ледебурит

Е) цементит

53. Негізгі пештерде флюс ретінде ... қолданады

А) әктас

В) кварц құмы

С) шпат

D) боксит

Е) қышқылсыздандырғыш

54. Болатты құрайтын ең қатты құрылым

А) цементит

В) феррит

С) пермит

D) аустенит

Е) эвтектика

55. Болат тетіктердің беттерін көміртекпен және азотпен бір мезгілде қанықтыру

А) циандау

В) цементтеу

С) озондау

D) металдау

Е) силиндеу

56. Бринель бойынша қаттылық белгісі

А) НВ

В) NB

С) BH

D) XB

Е) TB

57. Реостаттың тоқ өткізетін бөлігін жасайтын материал

А) константан, нихром, фехраль

В) мыс, алюминий

С) күміс

D) электротехникалық болат

Е) вольфрам

58.Түйістіргіштің өзегі мен якорі жасалатын материал

А) электротехникалық болат

В) мыс

С) алюминий

D) шойын

Е) күміс

59. Түйістіргіштің доғалы сөндіргіш жүйесі .... тұрады

А) ионсыз торлар, талшықтасты қылшақтардан

В) басты жылжымалы және жылжымайтын түйіспелерден, ауа өткізгіштен

С) мойынтұрықтан, өзектен, якорьден

D) түйіспеден, серіппеден, иілгіш байланыстан

Е) графит қылшақтардан және коллектордан

60. Сақтандырғыш сыртқабаты .... жасалған

А) фарфордан

В) мыстан

С) гетинакстан

D) латуньнан

Е) текстолиттен



Барлық дұрыс жауап: А нұсқасы

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
844
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі