400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электро техниникалық тұрмыстық құралдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүйелі құруға көмегін тигізеді. әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Электротехникалық тұрмыстық заттар.

Мақсаты: тұрмыста кеңінен қолданатын электротехникалық заттар тоңазытқыш және шаңсорғыш туралы білімін кеңейту. Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін бекіту. Сыпайылық дағдыларын қалыптастыру. Заттарға ұқыпты, адамдар еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: электротехникалық заттардың суреттері, мазмұнды рөлді ойынға арналған шаңсорғыш пен тоңазытқыш және суреттер.

Әдіс-тәсіл: сөздік, көрнекілік, практикалық, ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, бірнеше бөлікке бөлінген электротехникалық заттардың суреттері, ыдыс-аяқ, жиһаз т.б. тұрмысқа қажетті заттардың суреттері.

Алдын ала жасалатын жұмыс: тұрмыста қолданатын заттар туралы әңгіме жүргізу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.


Балалар орындырынан тұрып жылы лебіздерін өлең шумақтары арқылы айтып, қимыл қозғалыстар жасайды.



Ұйымдастыру іздестіру



















Қонаққа ойыншық қонжық пен қоян (дауласып) келеді. Екеуі де балалармен амандасады, содан соң өздерінің не үшін келгендерін айтады.

Қонжық:

-Кеше қоян досымды дүкенге жіберіп, үйге қажетті заттар алып кел десем, мына бір заттарды алып келіпті. «Бұл не?»,- десем, өзі білмейді.

Қоян:

-Мен білетінмін, бірақ та ұмытып қалдым. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер,-депалып келген заттарын көрсетеді.

-Шаңсорғыш деген не? Оның бізге қажеті қанша? Ал тоңазытқыштың не пайдасы бар?

-Ол шаңды қалай сорады?Оның не сонда ауызы бар ма? Ол шаңға қақалып қалмай ма? Шаңды сорғанда, ол шаң қай жеріне жиналады?

Педагог шаңсорғыштың тазалықты сақтау үшін көмектесетіндігін, оның шаңды соратын арнайы түтігі болатындығын, шаң, қоқысты жинайтын дорбасы болатындығын, диван т.б. заттарды тазартуға арналған бірнеше щеткасы бар екендігін және шаңсорғыштың алуан түрлі болатындығын айтып ақпарат береді. Суреттер немесе шаңсорғыштың өзін ашып, ішіндегі тетіктерін көрсетеді.

Қонжық:

-Маған шаңсорғыштың керекгі жоқ, қоқысты мен өзім-ақ жинап аламын, ол үшін мен сыпыртқыны пайдаланамын, ал шаңды сулы шүберекпен сүртіп ала саламын.

Педагог:

-Қонжық сен дұрыс айтасың, сыпырғышпен сыпырып та тазалауға болады. Балалар ойланып көріңдерші, қайсысына уақыт көп кетеді. Сыпырғышпен сыпырып, шаңын сүрткенге ме, әлде шаңсорғышпен тазалағанға ма?

-Оны қайдан білдіңдер?

-Ал енді тоңазытқыш туралы не білесіңдер?

-Тоңазытқышқа тағы да не салуға болады?

Қонжық:

-Менің үйімде тамақтарды қоятын шкаф бар. Маған тоңазытқыштың да керекгі жоқ екен.

Педагог:

-Не үшін тағамдарды тоңазытқышқа қоямыз?

-Тамақты неге шкафтың ішінде сақтамаймыз?

-Қонжық, байқадың ба, тоңазытқыштың пайдасы бар екен.

Қонжық:

-Міне, керемет, сонда ол өз-өзінен тұрып суық бола ма? Әлде оның ішіне аяз кіріп алған ба?

-Тоңазытқыштың ішіне тамақтарды салып, сосын оны тоқтан ажыратып тастаса да, тамақтар бұзылмай тұра бере ме?

-Неліктен?

-Балмұздақ пен балды тоңазытқышта сақтауға бола ма?

Педагог балаларға қосымша сұрақтар қоя отырып, тоңазытқыш туралы қосымша ақпараттар беріп, олардың электротехникалық заттар деп аталатындығын және адам еңбегінің нәтижесі екендігін түсіндіреді.Шаңсорғыштың құрылысымен таныстыра отырып, тоққа қосып шаңды қалай соратындығын көрсетеді және балаларға шаңсорғышпен жұмыс істеу әлі ерте екендігін, үлкендердің көмегімен пайдалана қалған жағдайда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескертеді.

Сергіту сәті

Тырс-тырс!

Жаңбыр кеп жауады,

Тамшылар тамады.

Тырс-тырс!

Терезе қағады,

Жылғалар ағады.


Қонжық пен қоянды көргенде балалар таңырқайды, қуанады.










Балалар қонжық пен қоянның әкелген заттарын кезек-кезек қарап, көріп шығады.

-Қонжық мынау шаңсорғыш қой.

-Ал мынау тоңазытқыш.

-Шаңсорғышпен үйдің шаңын, қоқыстарды сорып тазалайды.







Балалар өздері білетін сұрақтарға жауап беруге тырысады. Балалар шаңсорғыштың ішін ашып, оның қандай бөліктерден тұратындығын көреді.














-Шаңсорғышпен үйді тазалағанда уақыт көп кетпейді.

-Сыпырғышпен үйді сыпырғанда көп уақыт кетеді.

-Үйде анамыз айтқан.

-Тоңазытқыш үлкен, көбінесе ақ түсті болады.

-Тоңазытқыштың ішіне тамақтар қояды.

-Жемістер, көкністер т.б.






-Тағамдар бұзылып кетпес үшін оларды тоңазытқышта сақтайды.

-Шкафтың іші суық емес, азытқыштың іші суық.









-Жоқ,тоңазытқыштың ішіне аяз кіріп алған жоқ, оны тоққа қоссаң ғана суытады, шаңсорғыш та тоқ арқылы жұмыс істейді.







Қауіпсіздік ережесімен танысады.














Қимылдар жасайды.






Рефлексивті түзетушілік







Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді.

«Менің үйімдегі заттар» ойыны:

Ойын шарты бойынша педагог сиқырлы таяқшаны бір балаға береді.Таяқшаны алған бала үйіндегі тұрмысқа қажетті тұрмыстық заттарды, оның қызметі мен қажеттілігі туралы айту керек.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін белгілейді.

Тапсырмаларды орындайды.

-Менің үйімде нан пісіретін пеш бар. Оған анам нан, печенье, торт, тәтті тоқаш пісіреді.



Күтілетін нәтиже

Нені біледі: тұрмыста кеңінен қолданатын электротехникалық заттар тоңазытқыш және шаңсорғыш туралы, олардың да адам еңбегімен келетіндігі туралы.

Қандай түсініктерді игерді: шаңсорғыш пен тоңазытқыш түрлерін олардың қызметін, пайдаланылуын, қажеттілігін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: заттарға ұқыпты қарауды, қауіпсіздік ережесін сақтауды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1335
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі