Материалдар / Электрохимиялық потенциалдар қатары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Электрохимиялық потенциалдар қатары

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып химия пәнінен қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2020
6236
102 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3C Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Мектеп: №10 орта мектеп

Күні: 13.01.2020

Мұғалім: Худашева М. Р.

Сынып: 10 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Электрохимиялық потенциалдар қатары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.3.3 Стандартты электродтық потенциал түсінігін сипаттау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Сутектік және металл электродтарындағы үрдістерді түсіндере алады;

  • Электродтардағы реакция теңдеулерін құра алады

Көптеген оқушылар:

  • Электрохимиялық потенциал мәндерін ескере отырып белсенділік қатарын құрады;

Кейбір оқушылар:

  • Күрделі сұрақтарға жауап бере алады;

Бағалау критерийлері

- негізгі терминдер мен түсініктерді біледі;

- электродтарда болатын жартылай реакция теңдеулерін құра алады;

- электрохимиялық потенциалды есептеуге есептер шығара алады;

- стандартты электродтық потенциал қатары туралы қорытынды шығарады;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

-ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

анод, катод, электролиттік қаптау, электролиз, ток, элементтер (батареялар), реакция өнімі, үлгілер, тұтану, иондар, болжау, арқылы өту

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Иондық қосылыс суда еріген кезде, онда …

Ток ерітінді арқылы өтетін кезде, X болады

X болды, сондықтан Y болуы керек/ бола алады Z

Біздер X болжадық, бірақ Y болды

Құндылықтарды дарыту

Өз ойын айта алу және сыныптастарына сыйластық

Пәнаралық байланыстар

Физика

Бастапқы білім


Атом құрылысы, Ерітінді мен ерігіштік, Металдардың белсенділігін салыстыру, Еру және ерітінділер, Тотығу және тотықсыздану


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу. Сабақтың тықырыбын және мақсатын талқылау.

Сабақтың тақырыбы:

Потенциалдардың электрохимиялық қатар;

Оқу мақсаты:

Стандартты электродтық потенциал түсінігін сипаттау

Презентация

Сабақтың ортасы













































Оқушыларға презентация бойынша «Катион мен металл қабаты арасындағы тепе-теңдік» түсіндіру. Қосы электрлік қабаттың пайда болуын және металдың электродтық потенциалын түсіндіру.

Электродтық потенциалдың неліктен оң және теріс болатынын түсіндіру.

Сутек электроды мен металл электродының жалпы теңдеулерін түсіндіру;

Гальваникалық элемент пен электродтық потенциал арасындағы байланысты көрстету.

(W) Тапсырма 1.

1. Қай металдың электрон беру қабілеті жоғары?
2. Қай электродта электрондардың концентрациясы жоғары? Неліктен?
3. Егер электродтары бар ерітінділерді тұзды көпірмен жалғаса не болар еді?
Жауаптарыңызды жартылай реакция теңдеуімен түсіндіріңіз.

(W) Тапсырманың жауаптарын мұғалім оқушыларға түсіндіреді.

Мұғалім оқушыларға электрохимиялық тізбекті қалай дұрыс құрастыруды түсінідіреді.

Кейіннен стандартты электродтық потенциалдың жағдайлары мен ондағы оның мәнінің тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш қабілетіне әсерін түсіндіреді.

Оқушыларға стандартты электродтық потенциалдың абсолютті шамасы ретінде сутек электролды алынғанын, ал қалған мәндер салыстырмалы екендігін түсіндіреді.

Стандарттық электродтық потенциалды мырыш мысалында түсіндіреді.

(I) Тапсырма 2. Қалыптастырушы бағалауды орындау. 10 мин

Электродтық потенциалдар. Гальваникалық элемент тақырыбына есептер

Оқу мақсаты

Стандарттық электродтық потенциал түсінігін сипаттау

Бағалау критериилері

Стандарттық электродтық потенциал кестесін қолдана білу

Электрод жұбының потенциалын анықтай білу

Гальваникалық элементті құрудың схемасын түсіну


Тапсырма 1. Төменде көрсетілген реакция схемасы бойынша гальваникалық элементтің схемасын құрастырыңыз:

Fe + СuSO4 = FeSO4 + Cu  Анодта және катодта жүретін үрдістердің теңдеуін көрсетіңіз.

Тапсырма 2. Кобальттан жасалған пластинканы ішінде Fe (II), Mg, Ag (I) иондары бар тұзды ерітінділеріне батырса пластинканың массасы қалай өзгереді (кемиді, артады немесе тұрақты болады). Реакциялардың молекулалық теңдеуін жазыңыз.

Тапсырма 3. Аноды никель болып табылатын гальваникалық элементтің схемасын құрыңыз, анодтағы және катодтағы үрдістердің жартылай реакция теңдеулерін және реакциялардың молекулалық теңдеуін жазыңыз. Катодқа материал таңдаңыз.


Сабақтың соңы


Сабақ тақырыбы бойынша кері байланыс:

Не қызықты болды?

Жаңа нені білдік?

Не қиын болды?

Келесі сабақтарға қандай ұсыныстар мен тілектер бар?


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Жетістік критерийлерін қарау

Мұғалімнің жеке жұмысты тексеріп, сабақта талдау.


Белсенді іс-әрекеттер – топтық, жеке жұмысты жазбаша және ауызша орындау.



Ой жүгірту

Сабақ мақсаттары/ оқыту міндеттері шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ үстіндегі ахуал қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс жасады ма? Таймингті ұстандым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неге?

Осы сабақты бағалау үшін бос орын пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы тиісті сол жақтағы сұраққа жауап беріңіз


Негізгі бағалау

Қандай екі зат өте жақсы өтті (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)?

1:


2:

Қандай екі зат сабақты одан да жақсы ете алатын еді (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)?

1:


2:


Келесі сабақты жоспарлау үшін қолдана алатындай осы сабақта сынып немесе жеке тұлғалар туралы нені білдім?






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!