400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Электролиз заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні бойынша колледж немесе 10-11 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Orda" жоғары колледжі

Бекітемін

Ақпараттық технологиялар

бірлестігінің жетекшісі

________ Тажикова Г.Д.

"___" ___________ 20__ж.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы: Электролиз заңы

Модуль /пән атауы: Физика

Педагог: Тағайбек Айда Серікбайқызы

"____" ____2023 жыл

1. Жалпы мәліметтер

Курс: 1 Оқу жылы: 2023-2024 Топ:

Сабақ типі: Теориялық

2. Мақсаты және міндеттері: Әртүрлі мысал тәжірибелер арқылы электролит ерітінділеріндегі электр тогын түсіндіру арқылы электролиз заңын, физикалық формуласын қорытып шығару

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі: Электролит, сұйықтардағы электр тогы туралы түсініктері болуы керек;

4. Қажетті ресурстар: Кітап «Физика» 10 сынып, Мектеп. Б.А.Кронгарт, Д.М.Казахбаева, «Физика» 10-11 сынып Г.Я.Мякишев, «Физикадан есептер жинағы» А.Рымкевич

Анықтамалық әдебиеттер: «Физика, кіру тестілері» О.Ф.Кабардин

4.1 Техникалық құралдар, материалдар: Тақта, презентация

5. Сабақтың барысы:



Металдардағы электр тогы – еркін электрондардың реттелген қозғалысы екенін біз өткен сабағымыздан білеміз. Ал, сұйық өткізгіштер –электролиттердегі электр тогының табиғаты металдарға қарағанда өзгеше.

Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқыламаларыэлектролиттердеп аталады.

Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.

Егер электролит ерітіндісінде электр өрісін тудырса не болады?

Көптеген заттардың молекулалары өзара тарту күшімен біріккен оң және теріс иондардан тұрады.

Суда иондар арасындағы өзара тарту күші азаяды. Молекула иондарға ыдырайды. Бұл процесс электролиттік диссоциация деп аталады.

Әдетте, электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі сияқты кері процесс те жүреді. Бұл процессрекомбинациядеп аталады. Ерітіндіде диссоциация мен рекомбинация бірін-бірі теңестіріп тұрады. Электр өрісі жоқ ерітіндідегі иондар ретсіз қозғалады.

Электролиттегі электр тогы дегеніміз –оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.

Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп аталады.

Электролиздің кейбір белгілі техникалық қолданылуына мысалдар келтірейік.

  • Гальваникалық элементтер.

  • Аккумуляторлар.

  • Гальванопластика.

  • Гальваностегия.

Сонымен тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде электродтарда зат бөліну құбылысын электролиз деп атайды.

Әртүрлі электролиттерден түрліше токтарды өткізіп және соның барысында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып, ағылшын физигі М. Фарадей 1832 жылы эксперимент жүзінде мынадай заңдылықты ашты:

Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд) мөлшеріне пропорционал.Бұл заң Фарадей заңы деп аталады.


m=kq немесеm=kIt,







Тапсырма:




Сұрақ

Бекіту сұрақтары.

  1. Қандай процесті электролиз дейді

  2. Электролиттік диссоциация дегеніміз не? Рекомбинация ше?

  3. Электролиттегі электр тогы дегеніміз не?

  4. Техникада электролизді қолдануға мысал келтіріңдер.

6. Сабақ бойынша рефлексия:

7. Үй тапсырмасы

Ойлан тап! «Фарадей» сөз жұмбағы.

  1. Қыздыру шамдарының қылдарына қандай сымдарды қолданады?

  2. Теріс зарядталған электрод.

  3. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтағы эат бөліну процесі не деп аталады?

  4. Ток күшінің өлшем бірлігі?

  5. Оң зарядталған электрод.

  6. Электр тогын өткізбейтіндерді не деп атайды?

  7. Заттың күйі.



1

В

о

л

ь

Ф

р

а

м







2

к

А

т

о

д



3

э

Л

е

к

т

Р

о

л

и

з







4

А

м

п

е

р




5

а

н

о

Д







6

Д

и

э

л

Е

к

т

р

и

к




7

с

ұ

Й

ы

қ





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі