400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электролизді өнеркәсіпте қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған 11-сыныптың ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді сабақ жоспардың атауы:

Пәні: Химия

Сыныбы: 11


Мектеп: №68 жалпы орта білім беретін мектебі


Мұғалімнің аты-жөні: Мейрбекова К.Ж.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

11.4 А Металдар өндірісі

Сабақтың тақырыбы

Электролизді өнеркәсіпте қолдану.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.3.4. Металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Металдарды балқыма және сулы ерітінді электролиз жолымен алуды түсіндіру;

Бағалау критерийі

  • Балқыма және сулы ерітіндідегі иондық қосылыстардың электр өткізгіштігін түсінеді;

  • Балқыма электролиз бен сулы ерітіндідегі электролиз өнімдерін анықтайды;

  • Алюминий өндірісін біледі;

  • Алюминийдің алу әдісін анықтайды;


Тілдік мақсаттар

Оқушылар сыныпқа кілттік сөздерді қолдана отырып өз бақылаулары туралы айтады және болжам жасайды

Пәндік лексика және терминология

электролит, электрод, анод, катод, анион, катион, балқыма, ерітінді

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Электролит - балқытылған немесе сулы ерітіндіде электр тогын өткізетін және процесте ыдырайтын иондық қосылыс.

Электрод дегеніміз - электролиз кезінде электролит кететін өзек. Реакциялар электродтарда жүреді (электролит ішінде емес). (инертті / реактивті)

Анод - оң терминалға қосылған оң электрод, қуат көзі. Тотығу анодта жүреді.

Катод - теріс терминалға қосылған теріс электрод, қуат көзі. Тотықсыздану катодта жүреді.

Анион - теріс заряды бар ион. Электролиз кезінде ол анодқа тартылады.

Катион - оң зарядты ион. Электролиз кезінде ол катодқа тартылады.

Электролизде балқытылған күйдегі немесе сулы ерітіндідегі қосылыс электр қуатын өткізеді және ол ыдырайды.

Құндылықтарға баулу

Жұптық және топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Физика, жаратылыстану


Алдыңғы білім

Металдарды, құймаларды алуды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


0-5 минут












Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

«Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіру.

Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелеседі, өз ойларымен бөліседі.


Проблемалық сұрақ:

1. Неліктен тұз (натрий хлориді) кристалдары электр тогын өткізбейді?

2. Тұздың электр тогын өткізуінің екі әдісін ұсыныңыз

3. Қант ерітіндісі электр тогын өткізе ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз

Сыныппен қысқаша талқылау


Бүгінгі сабақтың мақсатын осы сөздерден қалай құрастырар едіңіздер? Осы сұрақтар арқылы сабақтың мақсатын анықтайды.





Сабақтың ортасы


5-10 минут
























10 – 13 минут









13 – 15 минут















15 – 20 минут





































20 – 30 минут






























«Галереяны шарлау» әдісі

Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» – топтар сынып ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

І топ- Металдар

ІІ топ- Құймалар

ІІІ топ- Электролиз

Ә р топтан 3 адам шығады, «3 таяқша» әдісі арқылы қорытынды жасалады.

1 топ- сұрақ қояды

2 топ-жауап береді

3 топ- бір түйінін, қорытындысын шығарады.

ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.


Электролиз туралы түсінік беру үшін «Электролиз дегеніміз не?» бейнесюжеттік слайдтар көрсетеміз.

Бейнесюжеттік слайдтар көргеннен кейін оқушылар келесі тапсырманы орындайды


Практикалық тапсырма

«Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушылар жеке орындайды.

№1 Тапсырма:

Құрамында массасы бойынша 10% Аl2O3 бар криолит пен глиноземнің балқымасы электролизге ұшырағанда, нәтижесінде қоспа қандай қасиетке ие болады?

Дескриптор:

  • Балқыма және сулы ерітіндідегі иондық қосылыстардың электр өткізгіштігін біледі.


№2 Тапсырма:

Кілттік сөздер:

Слайдпрезентацияны көре отырып, берілген суретте натрий қосылыстарын электролиз әдісімен алу бейнеленген. Осы суретте қайсысы катод, анод, катион, анион, электролит ерітінділері екендігін анықтаймыз:













Слайдпрезентация арқылы тапсырманың жауаптары көрсетіледі.

Дескриптор:

  • Балқыма электролиз бен сулы ерітіндідегі электролиз өнімдерін анықтайды;

  • Иондық қосылыстардың электр өткізгіштігін катод, анод, катион, анион, электролит ерітінділерін анықтайды.


ҚБ: Оқушылар берілген тапсырманы жылдам орындап, өзін-өзі бағалау арқылы бағалайды.


«Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдіс-тәсілі мен оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1.топ - Ерітінді

2.топ – Электролит

3.топ – Тұздар

№ 1топқа тапсырма

Тұздардың балқыма электролизінің өнімдерін кестеге сай толтыру

Тұз

Анод (+)

Катод (-)

Калий бромиді



Алюминий оксиді




№2 топқа тапсырма

Электролит өнімдерін кестеге сай толтыру

Тұз

Анод (+)

Катод (-)

Натрий хлориді



Кальций фториді




№3 топқа тапсырма

Электролит өнімдерін кестеге сай толтыру

Электролит

Катодтағы өнім

Анодтағы өнім

Калий хлориді ерітіндісі



Күміс сульфаты ерітіндісі



Дескриптор:

  • Балқыма электролизінің өнімдерін атайды, кестені толтырады.


ҚБ: «Нысана» арқылы бағалау.

Оқушыларға берілген тапсырмадан алған ұпайына сәйкес жабыстырмалы түрлі-түсті қағаз нысанаға жабыстыру арқылы бағаланады.


П остер, жабыстырмалы түрлі-түсті қағаз


Бағалау парақшасы




























бейнесюжеттік слайдтар




М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова

Химия оқулығы,

«Мектеп» баспасы,2020ж

85 бет







Слайдпрезентация

М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова

Химия оқулығы,

«Мектеп» баспасы, 2020ж

87 бет


64-66 суреттер






















Кестелер

































30-35 минут


«Баспалдақ» әдісі арқылы деңгейлік тапсырманы орындайды. Әр деңгейден өтуден кейін баспалдаққа стикерді немесе магнитті орналастырады.

А деңгейі

  1. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттаңдар?

Дескриптор

Алюминийдің қасиеттерін біледі.


В деңгейі

  1. Алюминийді қандай әдіспен алады, реакция теңдеуін жаз?

Дескриптор

Алюминийдің алу әдісін біледі, реакция теңдеуін жазады.


С деңгейі

  1. Алюминий қайда қолданылады?

Дескриптор

Алюминийдің қолдануын біледі.

ҚБ: оқушылар әр деңгейден кейін «Жетістік баспалдағында» берілген деңгейден өткендігін көрсетіп, жабыстырмалы түрлі-түсті қағаз жабыстырылады. Мұғалім әр деңгейден өткен оқушыға жетон беру арқылы бағаланады.


Ү лестірме қағаздары, жабыстырмалы түрлі-түсті қағаз

























Сабақтың соңы


35-40 минут




Кері байланыс

«3-2-1» әдісі бойынша төмендегі сөйлемді толықтыр.

  • Мен бүгін үйренген 3 нәрсе...

  • Мен қызық деп тапқан 2 нәрсе...

  • Мен үшін күрделі 1 сұрақ....


Мүмкіндігінше оқушылар берілген критерийлерді қолдана отырып, өзінің жеке жұмысын және сыныптастарының жұмысын бағалай алады.


Үлестірме қағаздары











Оқушыларды бағалау парақшасы

№

Оқушының аты-жөні

Қолданылған әдіс-тәсілдерден алған ұпайлар саны


Жалпы ұпайы

Бағасы

«Бір минут

тық әңгіме» әдісінде

«Галереяны шарлау» әдісінде

«Кім жылдам?» әдісінде

«Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісінде

«Баспалдақ» әдісінде

Қосымша ұпай

1










2










3














Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ барысында саралап оқыта отырып, оқушылардың білімге деген құштарлығын және білімді қабылдау қарқынына негізделген тапсырмалар құрастырдым. Осы тапсырмаларды орындау барысында мұғалім өз тарапынан қолдау көрсетеді. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілінде барлық оқушылардың ойын қозғауын дамытуға арналған постер беріліп, оқушылар өзара талдау жасау барысында, өз пікірлерін қалдырады, сұраққа жауап береді. «Қарқын» тәсілі бойынша оқушылар өз деңгейінің нәтижесін көрсету үшін, белгілі бір уақыт аралығында «Кім жылдам?» тапсырмасын орындайды.

«Баспалдақ» тәсілінде оқушылар А деңгейлі тапсырманы орындау барысында алюминийдің қасиеттерін біледі. В және С деңгейлі тапсырмаларда оқушылар алюминийдің алу әдісі мен қолдануын біледі.

Критериалды бағалау кезінде оқушылар алдын-ала жоспарланған критерийлермен дескрипторлар бойынша сабақтың өн бойында бағаланады. Сабақ бойындағы әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүріп отырады.

Топтар «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Топтық тапсырмада алған ұпай санына байланысты оқушы нысанада белгілеу арқылы бағаланады.

Деңгейлік тапсырмалардың әр деңгейінде дескриптор арқылы орындалып, жетістік баспалдағында жетондар арқылы бағаланады.


Химия кабинетінде қолданылатын техникалық қауіпсіздік ережелері сақталады.

Сабақта қолданылған ақпараттық құралдардан қол үзіп, көз жаттығулары жасалады.

Кабинетте тазалық сақталады.




























Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақ мақсаттары

Немесе оқу

мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу

мақсатына қол

жеткіздіме? Егер

оқушылар оқу

мақсатына жетпеген

болса, неліктен деп

ойлайсыз? Сабақта

саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде

уақытты тиімді

пайдаландыңызба?

Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма

жəне неліктен?




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
1706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі