Электромагниттік индукция

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электромагниттік индукция

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға электромагниттік индукция құбылысын қарапайым әдіспен терең, жан жақты түсіндіру және тәжірибе арқылы көрсету. 2. Оқушылардың практикалық, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, ізденімпаздыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: физика Сыныбы: Күні:

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға электромагниттік индукция құбылысын қарапайым әдіспен терең, жан жақты түсіндіру және тәжірибе арқылы көрсету.

  2. Оқушылардың практикалық, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, ізденімпаздыққа баулу.

  3. Тәжірибе жасай отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылын арттыру. Ұқыптылық пен жауапкершілікке баули отырып, жан жақтылыққа және өзін өзі бағалауға үйрету.

Сабақ түрі: аралас

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ жауап, терезе, «Білемін, білгім келеді, білдім»;

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: АКТ, гальванометр, тұрақты магнит, шарғы, өткізгіштер, контур

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, шаттық шеңберін құру. Оқушылар наурыз мерекесіне орай бір біріне ізгі жылу лебіздерін және тілектерін білдіреді. (4 минут)

Топқа бөлу. Топ атауына байланысты әрбір оқушы карточкаларға берілген сұрақтарға байланысты бөлу.

  1. Электр өрісі

  2. Магнит өрісі

  3. Шарғы

ІІ. Үй тапсырмасы: «Миға шабуыл». ( 6 минут)

Электр өрісі

  1. Қозғалмайтын зарядтардың айналыснда ... болады.

  2. Күш сызықтарының басы мен аяғы болады немесе шексіздікке кетеді. Ол ...

  3. ... күштік сипаттамасы өрістің Е кернеулігі деп аталады.

  4. φ потенциалдар айырымы қай өрістің потенциалдар айырымы?

  5. А=qEd .....нің жұмысын анықтайтын өренек.

  6. Е=F/q ...нің кернеулігі

Магнит өрісі

  1. Қозғалатын зарядтардың айналасында болатын өріс...

  2. Тек тұрақты магниттің айналасында жүретін өріс...

  3. Күш сызықтарының басы да, аяғы да жоқ тұйықталған күш сызықтары бар ... өріс

  4. Магнит ішінде тұйықталып, магниттің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енетін өріс...

  5. Электр тогының айналасында электр өрісі және ... өрісі болады

  6. Оңтүстік полюс және солтүстік полюстер олар магниттік полюстер

Шарғы

  1. Ағаш қаңқаға оралған көптеген сым орамдарынан тұратын ... деп аталады.

  2. .... ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап жатады.

  3. Ішіне темір өзекше орналастырылған ... электромагнит деп аталады.

  4. .... оралған сымдар электромагниттің орамасы деп аталады.

  5. ... ерекшелігі электр тогын ажырату немесе қосу кезінде магниттік қасиеті қосуға және ажыратуға болады.

ІІІ. Жаңа сабақ. (15 минут)

Табиғатта ешқашан бір жақты құбылыстар мен процестер болмайтынын, біз бірнеше рет байқадық. Егер электр тоғы магнит өрісін тудыра алса, онда кері құбылыс та болуы керек. Сондықтан: “Магнит өрісі электр тоғын тудыра ала ма?” – деген орынды сұрақ туады? Тоқтардың магниттік әсерлесуі, электр тоғының магнит өрісін тудыру қабілеті ашылғаннан кейін көп ғалымдар кері процес – магнит өрісі әсерінен электр тоғын тудыру мүмкіншілігін іздестірді. Осы құбылысты 1831 жылы Майкл Фарадей алғашқы болып ашты. Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде, катушкада ток пайда болтынын анықтады. Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады (“индукция” – латын тілінде, “бағыттау” дегенді білдіреді). Электромагниттік индукция нәтижесінде пайда болатын электр тогын индукциялық ток деп атайды. Тәжірибелер катушкадағы индукциялық токты әр түрлі әдістермен тудыруға болатынын көрсетті:

Фарадей жасаған тәжірибелерді топтармен бірлесе отырып істеу.


  1. Тәжірибе: тұрақты магнит арқылы

  1. Тәжірибе: электромагнит арқылы

  1. Реостатты жалғау арқылы


ІV. Жаңа сабақты пысықтау. (10 минут) «Терезе» әдісі

V. Қорытынды.« Магниттен электр тогы немесе тұрақты шам(фонар)» дарынды оқушының жасаған құралы арқылы қорытындылау. (5минут)

VI. Кері байланыс. (3минут)Рефлексия « Бағдаршам»

VIІ. Бағалау. (2минут)

VIІІ.Үйге тапсырма.§55оқу. 26-жаттығуды орындау


Қозғалмайтын зарядтардың айналысында ... болады.

Күш сызықтарының басы мен аяғы болады немесе шексіздікке кетеді.Ол...

... күштік сипаттамасы өрістің Е кернеулігі деп аталады.

φ потенциалдар айырымы қай өрістің потенциалдар айырымы?

А=qEd .....нің жұмысын анықтайтын өренек.

Е=F/q ...нің кернеулігі


Қозғалатын зарядтардың айналасында болатын өріс...

Тек тұрақты магниттің айналасында жүретін өріс...

Күш сызықтарының басы да, аяғы да жоқ тұйықталған күш сызықтары бар ... өріс

Магнит ішінде тұйықталып, магниттің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енетін өріс...

Электр тогының айналасында электр өрісі және ... өрісі болады

Оңтүстік полюс және солтүстік полюстер олар магниттік полюстерінің...


Ағаш қаңқаға оралған көптеген сым орамдарынан тұратын ... деп аталады.

.... ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап жатады.


Ішіне темір өзекше орналастырылған ... электромагнит деп аталады.

.... оралған сымдар электромагниттің орамасы деп аталады.

... ерекшелігі электр тогын ажырату немесе қосу кезінде магниттік қасиеті қосуға және ажыратуға болады.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2021
536
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі