400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Электромагниттік толқындар

Материал туралы қысқаша түсінік
 Электромагниттік толқындар жайлы мағлұмат беру  Электромагниттік толқындар формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету  Топта бағалауға баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.Камалова


Күні:10.10.16

Сыныбы: 11

Пәні:физика

Сабақтың аты

§3.2 Электромагниттік толқындар

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Электромагниттік толқындар жайлы мағлұмат беру

  • Электромагниттік толқындар формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Электромагниттік толқындар жайлы мағлұмат алады

  • Электромагниттік толқындар формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.


Электромагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында 300000000 м/с жылдамдықпен электромагниттік толқын түрінде таралады.

Ж арық - электромагниттік толқын.

Б ірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы электромагниттік толқын ұзындығын береді.

Электромагниттік толқын көлденең толқын.

Электромагниттік толқын электр зарядтарының үдемелі қозғалысынан туындайды.1887-1888 жылдар аралығында Г.Герц электромагниттік толқындардың бар екендігін эксперимент жүзінде дәлелдеді.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «есептер шығару»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Фарадейдің қандай идеялары Максвелдің теориясында жалғасын тапты?

  2. Құйынды электр өрісінің көзі неде?

  3. Магнит өрісін тек қозғалыстағы зарядтар ғана емес, уақыт бойынша өзгеретін электр өрісі да тудыратынын қалай түсіндіруге болады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Электромагниттік толқын деген не?

  2. Электромагниттік толқынның вакуумдегі және ортадағы таралу жылдамдығы қалай анықталған?

  3. Электромагниттік толқынның таралу бағытын қалай анықтауға болады?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

№

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы





Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген формуланы түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.

  1. 2)

Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «есептер шығару» (13 минут)

  1. Радиотаратқыш арқылы тудырылатын электромагниттiк тербелiстiң жиiлiгi 6 МГц болатын болса, радиостанция шығаратын толқын ұзындығын табыңыз

  2. Электрлiк толқындар белгiлi бiр бiртектi ортада орташа жылдамдықпен тарайды. Олардың вакуумдағы жиiлiгi 1 Мгц болатын болса, осы ортада электрлiк толқындардың ұзындығының қандай болғаны ?

  3. Ұзындығы 500 м электромагниттiк толқын шығаратын индуктивтiлiгi 1,5 мГн тербелмелi контурға қосылған конденсатордың сыйымдылығын анықтаңыз?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

№5

Кейінгі оқу

§3.2 Электромагниттік толқындар


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1054
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі