Материалдар / Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы

Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2020
3947
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Электромагниттік толқындар
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы
Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы
Оқу мақсаты
11.5.2.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың
қасиеттерін сипаттау
Сабақтың мақсаты
Барлығы: сабақ соңында оқушылар электромагниттік толқындарды шығарып алу
тәжірибелерін біледі
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтарды анықтау.
Индустрияландыру мен иновациялануға негізделген экономикалық өсім, еңбекке баулу.
Пәнаралық байланыс
Тарих, география, математика
Сергіту сәті. «Сандар сөйлейді» әдісі
97-Астанадағы «Бәйтерек» монументінің биіктігі
16- 16 желтоқсан 1991 жыл, ҚР тәуелсіздік күні
175 – Абай атамыздың биыл 175 жылдығы
9 –Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орын алады


I: «Жасырын конверт» әдісі»
Ашық тербелмелі контур дегеніміз не?
Жабық тербелмелі контур мен ашық тербелмелі контурдың айырмашылығы неде?
Герц қабылдағышы дегеніміз не?
Кітаппен жұмыс: кітаптағы мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауапты жазады.
ҚБ: «Мұғалім шолуы» әдісі


I: «Кім жылдам» әдісі деңгейлік есептер
1. Ашық тербелмелі контурдағы ток күші i = 0,2cos2∙105πt заңы бойынша өзгереді. Ауада
таратылатын электромагниттік толқынның ұзындығы м/с)
2. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатордың заряды мынадай заңдылықпен өзгереді: q =
44·10-4coswt. Кернеу Um =220 В. Конденсатордың сыйымдылығы
3. Периоды 1,57 мс электромагнитті тербеліс тудыру үшін, сыйымдылығы 2,5 мкФ
конденсаторды жалғауға болатын катушка индуктивтілігі
ҚБ: Жазбаша бағалау (Мұғалім)

Кері байланыс және рефлексия: БББ кестесі (Білемін, Білгім келеді, Білдім)
Олар нені біледі;
Олар нені білгісі келеді;
Олар нені білді.

Бейнематериалға сілтеме
https://youtu.be/gs7xHJ_qCRc








Page 2







Үлестірме материал

«Арман ПВ»баспасы, 121 бет.
Макет
Закиров Н.А.
Аширов Р.Р


«Арман ПВ»баспасы, 125 бет.
Макет
Закиров Н.А.
Аширов Р.Р



https://infourok.ru/fizikadan-test-elektromagnittik-terbelister-men-tolindar-1773259.html








Физика- 46 бет
11- сынып
«Арман ПВ»баспасы
Макет
Закиров Н.А.
Аширов Р.Р




«Өзін-өзі бағалау»
«Жапондық бағалау»
«Мұғалім шолуы» әдісі
«Жазбаша бағалау»
 Психологиялық ахуал
 Сергіту сәті
 Қауіпсіздік техникасын сақтау




Page 3

















Қосымша
Физика 11 сынып
Бөлімі
Сабақтың тақырыбы

Толқындық оптика
Жарықтың дисперсиясы. Жарықтың интерференциясы
Оқу мақсаты
11.5.2.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың
қасиеттерін сипаттау
Ойлау дағдыларының деңгейі
Түсіну, Қолдану

Бағалау критерийі
 электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсінеді
 электромагниттік толқындардың қасиеттерін сипаттайды
 Формулаларды пайдаланып есептер шығарады
Тапсырма №1
Қандай толқынды электромагниттік толқын деп атайды?
Электромагниттік толқынның вакуумдағы және ортадағы таралу жылдамдығы қандай?
Гармоникалық электромагниттік толқындардың электрлік және магниттік векторлары
толқын көзіне r қашықтықта қалай өзгереді?
Бағалау критерийі
Дескриптор
 электромагниттік толқындардың қасиеттерін сипаттайды
 Электромагниттік толқынның анықтамасын айтады
 Электромагниттік толқын қасиеттерін айтады
Тапсырма №2
Герцтің электромагниттік толқынды қоздыру және тіркеу бойынша тәжірибесін сипаттап,
талдаңдар?
Электромагниттік тербеліс кезінде неліктен энергия шығыны болады?
Бағалау критерийі
Дескриптор
 электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсінеді

 Герц тәжірибесін талдайды
 Электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын жазады
Тапсырма №3


Page 4

Ашық тербелмелі контурдағы ток күші i = 0,2cos2∙105πt заңы бойынша өзгереді. Ауада
таратылатын электромагниттік толқынның ұзындығы м/с)
Бағалау критерийі
Дескриптор
 Формула пайдаланып есептер шығарады
 Электромагниттік толқынның ұзындығын есептейді
Тапсырма №4
Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатордың заряды мынадай заңдылықпен өзгереді: q =
44·10-4coswt. Кернеу Um =220 В. Конденсатордың сыйымдылығы?
Бағалау критерийі
Дескриптор
 Формула пайдаланып есептер шығарады
 Тербелмелі контурдағы конденсатор сиымдылығн есептейді
Тапсырма №4
Периоды 1,57 мс электромагнитті тербеліс тудыру үшін, сыйымдылығы 2,5 мкФ
конденсаторды жалғауға болатын катушка индуктивтілігі?
Бағалау критерийі
Дескриптор
 Формула пайдаланып есептер шығарады
 Тербелмелі контурдағы катушканың индуктивтілігін есептейді
Тақырыбы: Электромагниттік толқындар.

Дәрістің мазмұны:
1.Электромагниттік толқындардың теориясы


2. Электромагниттік толқынның энергиясы мен импульсы

Мақсаты: Электромагниттік толқындардың негізгі ұғымдарымен таныстыру.

Тірек сөздер: толқын, толқын көзі, диапазон, энергия

Негізгі мәселелер және мазмұны:
1. Электромагниттік толқындардың теориясы

Максвелл электромагниттік өріс туралы идеясын айтып қана қоймай, өзінің
электромагниттік толқындар жөнінде болжамын қалдырды. 1888 жылы Г.Герц тәжірибе
жүзінде электромагниттік толқындарды шығарып, қасиеттерін зерттеді. Максвеллдің
сонымен бірге, жарықтың табиғаты электромагниттік болу мүмкіндігі жөнінде болжамы
дәлелін тапты. Электромагниттік толқындардың қасиеттері жарықтың қасиеттеріндей
болып шықты. Ал толқындардың жылдамдығы:
Электромагниттік құбылыстар мен жарықтың құбылыстары бір-бірімен терең байланысты
екендігі анық болды.


2. Электромагниттік толқынның энергиясы мен импульсы

Электромагниттік толқындар үлкен қашықтыққа таралып, өзімен бірге энергия мен


Page 5

импульсті тасымалдайды. Сол себепті жарық біздің түйсік органдарымызға әсер етеді.
Электромагниттік толқын энергиясы- энергия тығыздығымен сипатталады. Толқын
векторларының бір –бірімен байланысы: болғандықтан, энергия тығыздығы:


Ал электромагниттік толқын импульсы жарық қысымы түрінде білінеді. (Лебедев
тәжірибелері)



Жарықтың электромагниттік теориясы бірқатар оптика заңдарын түсіндірді. Бірақ
заттардың кванттық қасиеттерімен байланысты қасиеттер тек кванттық теория негізінде
түсіндірілді. Мысалы: жарықтың шығарылуы мен жұтылуы, шашыратылуы және т.б..


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:


Электромагниттік толқындар- кеңістікте таралатын айнымалы электромагниттік
өріс.

Электромагниттік толқындардың сипаттамалары: периоды, жиілігі, жылдамдығы

Электромагниттік толқындарды шығару. Герц вибраторы.

Электромагниттік толқындардың кеңістікте таралуы.

Радиотолқындар диапазоны.

Радиобайланыс принципі.
1.
Электромагниттік толқындарды шығару
2.
Электромагниттік толқындардың таралуы
3.
Радиобайланыс және теледидар


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ