400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электромобильдер. Тырнақша. Сабақ жоспары. ҚМЖ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мектеп" баспасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т1

Күні: 19.02.24ж.

Сынып: 6:

Педагогтің аты-жөні: Көрпебаева А.


Сабақ тақырыбы

Электромобильдер. Тырнақша.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.1.2.1- әлеуметтік-мәдени, ресми тақырыптарға байланыстарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау;

6.4.5.1- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану.

Сабақ мақсаттары

- әлеуметтік-мәдени, ресми тақырыптарға байланыстарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау;

- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал

Оқушыларды түгелдейді,

«Ойқозғау» әдісі

1-тапсырма.


Психологиялық тренинг Жылы лебіз білдіру арқылы оқушылар бір- біріне, өздеріне мотивация береді Тыңдалым алды тапсырмасын беру арқылы оқушы жаңа тақырыпты болжайды.


Арасына бір әріп тастап, әріптерді тізбектей орналастырсаңдар, түрлі машиналардың, құралдардың жалпы атауын оқи аласыңдар.


Мұғалімнің кері байланысы

Дескриптор:

- сөзжұмбақ арқылы мәтіндегі көтерілетін мәселені болжайды;


Оқу құралдары

Сабақтың ортасы












2-тапсырма. Тыңдалым
























2а-тапсырма.

«Шынжыр» әдісі








Ережемен танысу.

Үнтаспадан 27-аудиомәтінді тыңдаңдар.

Тақырыбы «Болашақтың көлігі»

Адам басқармайтын, өздігінен жүре беретін көліктерді жасап шығару – адамзаттың көптен бергі арманы. Бірқатар ірі автоконцерндер бұл бағытта зерттеулер жүргізіп келеді. Автопилот орнатылған көлік үлгілерін жасап та көрді. Автопилот орнатылған көлік үлгілерін жасап та көрді. Бірақ оларыд жаппай өндіріске жіберген жоқұ. Илон Масқ басқаратын Tesla motors болса, ендігі электромобильдердің барлығына автопилот орнатылатынын жариялап үлгерді. Жариялап қана қоймай, толықтай автопилотқа негізделген көлік .лгісін жұртшылық назарына ұсынып, былай деді: «Бұл – нағыз болашақтың көлігі. Біздің электромобильдер орнатылған 8 бейнекамера 360 градусқа бұрылып, 250 метрге дейінгі аралықты еркін бақылай алады. Жаңа үлгідегі 12 ультрадыбысты қондырғы кез келген кедергіні сезіп-біліп, көліктің ештеңеге соғылмай жылдам жүруіне мүмкіндік береді».


Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын баяндаңдар. Оқушылар «Шынжыр» әдісі бойынша мәтінді баяндап шығады, талдайды.



Оқушылар тырнақша, жақша, нүктелі үтір туралы ережемен танысады.

Дескриптор:

әлеуметтік-мәдени, тақырыпта көтерілген мәтіндегі мәселені талдайды

Интерактивті тақта



Сергіту сәті

«Сымсыз телефон» ойыны

Оқушылар сапқа тізбектеліп тұрады. Мұғалім сапта 1-ші тұрған баланың құлағына сыбырлап пәнге байланысты бір сөзді айтады. Қалған ойыншылар құлақтарын жауып тұрады. Ол сөзді естіген ойыншы сыбырлап екінші ойыншыға «не естіді» соны айтады. Осылайша барлық ойыншы оқушылар бір-біріне не естігенін кезек-кезек айтып шығады. Ең соңғы ойыншы бала не естігенін айтқанда, ол сөз ең алғашқы сөзден мүлдем басқа сөз болып шығуы мүмкін. Сөз қай жерде бұрмаланса, сол жерден телефон сымы үзілген деп есептеліп, үзген бала ойыннан шығады.



Сабақтың соңы

3-тапсырма.








Көп нүктенің орнына тиісті тыныс белгілерін қойып, қойылу себептерін түсіндіріңдер.

Дескриптор:

Қажетті тыныс белгілерін дұрыс қойылу орнын біледі.



Кері байланыс

3 минут

Рефлексия. «321» әдісі



Үй тапсырмасы:

Жақсы түсінген 3 мәселе.

Қиындық туғызған 2 нәрсе.

Туындаған 1 сұрақ.


4-тапсырма. Тырнақша, жақша, нүктелі үтірдің қойылу себептерін түсіндіріңдер
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
12.05.2024
317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі