400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Электронды кестеде мәліметтерді сұрыптау және сүзгілеу. 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпта "Электронды кестеде мәліметтерді сұрыптау және сүзгілеу" тақырыбындағы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 3 Мәліметтер қоры

Мектеп: №36 мектеп-лицейі

Күні: 29.11.2019

Мұғалімдердің аты-жөні: Аубакирова А.А.

Сыныбы: 9 «А»

Қатысқандар:12

Сабақ тақырыбы

Электронды кестеде мәліметтерді сұрыптау және сүзгілеу

Оқу мақсаты

9.2.2.3 Мәліметтерді іздеуді, сұрыптауды және сүзгілеуді жүзеге асыру

Сабақ мақсаты

- Тізімдегі деректерге қарапайым сұрыптауды және сүзгілеуді қолдану

- Сұрыптау мен сүзуден өткізудің бірнеше критерийлерін қолдану

- Қарапайым және құрамдас сүзгілердің айырмашылықтарын анықтау

Бағалау критерилері:

    • Қарапайым сұрыптауды жүзеге асыра алады

    • Сұрыптау мен сүзуден өткізудің бірнеше критерийлердің барын біледі

    • Қарапайым және құрамдас сүзгілердің айырмашылықтарын айтады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Топта сүзу,сұрыптау туралы түсініктерімен бөлісе алады

Пәндік терминология:

Кесте-таблица-table, ұяшық-ячейка- cell, сұрыптау-сортировк- sorting, іздеу-поиск- search, сүзгілеу-фильтрация- filtration, деректер базасы- база данных- database, жазба- запись- record, электрондық кесте – электронная таблица-spreadsheet, ақпарат-информация-information

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері:

Қарапайым сұрыптауды қолдану үшін...

  • Сұрыптау мен сүзуден өткізудің бірнеше ....

  • Алфавиттік рет бойынша сорттау үшін.....

Құндылықтар баулу

Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді. Осы құндылыққа тапсырманың мазмұны арқылы қол жеткіземіз.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі (терминдер), экономика (экономикалық қызмет түрлері бойынша практикалық жұмыс), математика (практикалық жұмыс барысында)

Бастапқы білім

Электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әр түрлі пішімдерін қолдануды, абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді, электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдануды, кестеде берілген функцияның графигін салуды біледі. Мәліметтер қоры, жазба, өріс терминдерін түсінеді, электронды кестеде мәліметтер қорын құруды біледі.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Барлық оқушылар тапсырманы орындауда нұсқаулыққа жүгіне алады

Кейбір оқушылар тапсырманы өз беттерімен орындай алады

Қабілеті жоғары оқушылар практикалық жұмыс барысында қабілеті төмен оқушыларға кеңес береді

Жұптық жұмыс кезінде талдауға қатысады.

Жеке жасаған жұмысын, сыныпта талдайды.

Жұппен жұмыс барысында, өзгенің ойын тыңдай білу, әркімнің идеясына сыйластықпен қарауға үйренеді.


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер



Оқу ресурстары

Кіріспе бөлім

0-8 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Cәлеметсіздер ме! Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Өзіңе тілек» тренингін ұйымдастыру.

Онлайн Google сайтында оқушыларды 3 топқа бөлу



Топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру



(ҰЖ)Өткен сабақ материалдары бойынша сұрақтар:

https://learningapps.org/index.php?category=10&subcategory=1365&s=сайтында тапсырма орындайды.

(топ басшысы оқушыларды бағалап отырады.)



Ж аңа тақырыпқа шығу үшін сөзжұмбақ шешеді









https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/









https://learningapps.org/myapps.php?displayfolder=1819652









Слайд1

Сөз жұмбақ









Слайд2

QR-код, мақсат



Слайд 3











1.Алгоритмнің 1 түрін ата

2.Іріктеу сөзінің синонимі ...

3. design

4. search





















(бүгінгі тақырыбымызды анықтаймыз.)

Бүгінгі сабақтың мақсаты не деп ойлайсыздар?

(Мәліметтерді іздеуді, сұрыптауды және сүзгілеуді жүзеге асыру)

Сұрыптау мен сүзгілеу бір бірінен айырмасы неде?

(Сұрыптау-деректердің мәніне немесе деректер түріне сәйкес тізімдегі салыстырмалы орындалатын өзгерту.

Электронды кестедегі деректерді іздеу-сүзгі түрінде берілген іздеу шарттарын қанағаттандыратын жазбаларды (жолдарды таңдау.)

СҮЗГІ дегенді қалай түсінесіздер? Өмірмен қалай байланыстырасыздар?

Негізгі бөлім

9-12 мин















































13-19 мин









  1. (ҰЖ) Жаңа сабақ

  • Электрондық кестедегі деректерді қалай

сұрыптауға болады?

  • Қалай ойлайсыздар, егер «Сұрыптауды» өсу реті

бойынша таңдасақ, деректермен не болады?

Оқушылар кітаптан мәліметті оқып шығады

BILIMLAND.KZ сайтынан видео арқылы сабақ түсіндіріледі.

Берілген тапсырмалардың дескрипторы бойынша әр команда балл жинау арқылы сайысады.

«Стоп-кадр» әдісі бойынша оқушыларға сұрақ қою:

  • Сүзгілеу деген не?

  • Сұрыптау деген не?

Оқушылар оқулықтан тақырыпты оқиды, жұпта, топта талдайды. Топбасшы басқа топтарға барып түсіндіреді.



Практикалық жұмыс

Оқулықтағы тапсырма №5 (77 бет)



Дескриптор:

  • Деректер қорын құрайды

  • Кестедегі «саны 1 млн-нан асатын» шартын қанағаттандыратын жазбаларды фильтр көмегімен анықтайды















https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/9-synyp/lesson/derekqordahy-kestelerde-zhazbalardy-izdeu-zhane-sorttau

Видео

02 мин.18 сек.





20-30 мин

Конверттегі тапсырма Практикалық жұмыс.

Конверттегі тапсырманы орындау үшін конверт сыртындағы негізгі терминдерді үш тілде айтулары керек.



1.Берілген кестені Excel бағдарламасында толтыр

2. 2019 жылғы қазан, қараша, желтоқсан айларындағы сыйақының типін ақшалық етіп қой

2. Алфавиттік рет бойынша тегін сортта.

3. 2019 жылғы қазан, қараша айларындағы сыйақыны өсу ретімен сортта

4. 2019 жылғы желтоқсан айларындағы сыйақыны кему ретімен сорттайды

  • В7,С7 ұяшығына фильтр орнатады





Дескриптор:



  • Берілген кестені Excel бағдарламасында толтырады

  • 2019 жылғы қазан, қараша, желтоқсан айларындағы сыйақының типін ақшалық етеді

  • C8-С17 диапазоны алфавиттік рет бойынша сорттайды

  • Д8-Д17 диапазоны бойынша сандық мәннің өсу реті бойынша сорттайды

  • Е8-Е17 диапазоны бойынша сандық мәннің кему реті бойынша сорттайды

  • В7, С7 ұяшығына фильтр орнатады











































Сабақтың соңы

    1. мин

7. сабақты бекіту

Quizlet.live сайтында сабақты бекітуге арналған сұрақтарға жауап береді

Рефлексия: Сұрақ-жауап

Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіздер?

Не білдіңіздер?

Не білгіңіз келеді?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Ұнаса несімен? деген сұрақтарға жауап беріп, стикерлерін бағдаршамға жабыстырады

https://quizlet.com/458980801/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0-flash-cards/





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1237
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі