жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу
|
Қысқа мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №127 ЖОМ Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу Күні: 25.08.2017 Мұғалімнің аты-жөні:Есенбекова Д. Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: 0 |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.2.2-электронды кесте элементтерін пішімдеу |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Excel программасын қолдана отырып кесте жасауды және ұяшықтарға элементерді қосуды білу; Оқушылардың басым бөлігі: кестені пішімдеу үшін арналған кесте мәнерлерінің не үшін керектігін түсну; Кейбір оқушылар: кестенің элементтерімен жұмыс жасау үшін математикалық формулаларды қолдана алу. |
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
|
Бағалау критерийлері |
- кесте сыза алады және түрлі(сан, мәтін, формула т.б.) элементтер еңгізе алады; - кестедегі элементтерді форматтай алады(стилін өзгерту, бояу, бағандарды өзгерту); - кестенің элементтерімен формулаларды қолдана отырып жұмыс жасайды. |
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар үшін: командаларды айта алады. Пәндік лексика және терминология: Кесте, ұяшық, ұяшық адресі, бағандар, қатарлар , қаріп, пішімдеу, жиектер, ұяшықтарды біріктіру, ұяшықтарды қосу, ұяшықтарды жою, теңестіру Үш тілділік: Кесте – таблица - table, ұяшық – ячейка - cell, ұяшық адресі – адрес ячейки – cell address, бағандар - столбцы - columns, қатарлар – строки – rows, қаріп - шрифт – font, пішімдеу – форматирование - formatting, жиектердің – границы - borders, ұяшықтарды біріктіру – объединять ячейки – merge cells, ұяшықтарды қосу – добавлять ячейки – add cells, ұяшықтарды жою – удалять ячейки – delete cells, теңестіру – выравнивание - alignment Quizlet бағдарламасы арқылы термин сөздердің жазылу, айтылу, тыңдалу, оқылу дағдыларымен танысу:
Сілтеме: https://quizlet.com/218665873/flash-cards/ |
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» құндылығы: бейбітшілік және келісім Өзіне және бір-біріне деген құрметті, жұптық жұмыста ынтымақтастықты қалыптастыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту,есте сақтау дағдысын қалыптастыру. |
|
Пәнаралық байланыс |
Ағылшын және орыс тілі (командаларды ағылшын және орыс тілдерінде қолданады), технология (кестелерді сызу, бояу), математика (формулалармен жұмыс істеу, тапсырмалар орындау) |
|
Алдыңғы білім |
Мәтіндік процессордағы кестелер, оларды пішімдеу |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
|||||
|
Сабақтың басы (10 мин) |
« Ширату сұрақтары» әдісі (3 мин) - Кестелік ақпараттарды компьютер көмегімен қалай өңдеуге болады? - Компьютерде кесте сызуға мүмкіндік беретін қандай бағдарламаларды білесіңдер? «Допты лақтыру» әдісі (3 мин) Командаларды ағылшын тіліне аудару Кесте, ұяшық, бағандар, қатарлар, қаріп, пішімдеу, жиектер, ұяшықтарды біріктіру, ұяшықтарды қосу, ұяшықтарды жою, теңестіру.
Оқушыларды «Ұяшық», «Қатар», «Баған» топтарына, топтардың аты жазылған стикерлер арқылы бөлу(стикерлер сабақтың басында орындықтардың астында болады) |
Информатика 7 сынып, Р.А. Қадырқұлов, А.Д. Рысқұлбекова, 38 бет Доп, слайд
|
|
|||||
|
Сабақтың ортасы (30 мин) |
Мұғалім әрекеті
Сұрақтар: Балалар, сіздер Excel бағдарламасы туралы естідіңіздер ме? Қолданып көргендер бар ма?
«Ойлан-топтас-оймен бөліс» әдісі Оқушыларға сурет беріледі, суреттегі әріптердің астында тұрған құралдардың атын жазу
Бағалау: топтар бір-бірін «Смайлик» тәсілімен бағалайды |
Слайд, кеспе қағаздары (сурет 1), смайлик карточкалары
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 тапсырма Excel бағдарламасын қолдана отырып 3 күндік сабақ кестесін құру, мәліметтерді(сабақтардың реті, сағат, апта атауы, пән атауы) еңгізу. Кестенің жиектерін таңдау, әр апта күндерін(бағандарды) түрлі түстерге бояу. |
|
|||||||
|
Дескриптор - кесте құрады; -кестенің жиектерін өзгертеді; -мәліметтерді (мәтін, сан) еңгізеді; -бағандардың түсін өзгертеді. |
Ресурстар Компьютер, Кеспе қағаздар (смайликтер)
|
|
||||||
|
|
Үш топқа бөлінген оқушылар топ тобымен үш бағанға тұрады. Тақтаны үшке бөліп, әр топқа бір маркерден беріледі. Әр топ тақырыптарды бөліп алады(«Кіріс құралдары», «Шығыс құралдары», «Желілер»). Тақырыпқа байланысты сөздерді алфавит бойынша жазады. Сөздерді жазуға 1 мин беріледі, мұғалім уақыт бақылаушының рөлінде тұрады. Ең көп сөз жазған топ ұтады. |
Тақта, түрлі түсті маркерлер |
||||||
|
|
2 тапсырма Excel бағдарламасын қолдана отырып математикалық кесте құру. Математикалық формулаларды қодана отырып кестені толтыру Жауабы B11 = СУММ(B3:B8) C11 = СУММ(C3:C8) D11= СУММПРОИЗВ(B3:B8; C3:C8) E11=КВАДРОТКЛ(E3:E8) F11= КВАДРОТКЛ(F3:F8)
Сурет 2 |
|
||||||
|
|
Дескриптор - кесте құрады; -мәліметтерді еңгізеді (мәтін, сан); - ұяшықтарға формулалар жазады.
|
Ресурстар Компьютер, кеспе қағаздары (сурет 2), кеспе қағаздар (смайликтер)
|
|
|||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс
|
Информатика 7 сынып, Р.А. Қадырқұлов, А.Д. Рысқұлбекова, компьютер, Kahoot бағдарламасына сілтеме: https://play.kahoot.it/#/?quizId=a604dcf5-b29c-405b-a2aa-d2feddd14117 |
|
|||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
|||||
|
Оқушылардың ойлау және анализ жасай отырып оймен бөлісу қабілеттерін қолдау мақсатында «Ойлан-топтас-оймен бөліс» әдісін қолданамын. Оған қоса теориялық білімдерін шыңдау мақсатында «Ширату сұрақтары» әдісі қолданылады. Тілдік мақсаттардың орындалуына оқушыларды қолдау үшін «Допты лақтыру» әдісі қолданылады. Қабілетті оқушыларға ізденісті талап ететін деңгейлік 2-тапсырма беру арқылы шығармашылыққа баулимын. Барлық оқушылардан кері байланыс алу үшін Kahoot онлайн ойынымен қорытындалады.
|
Сабақ барысында - жеке тапсырмалар дескрипторлар, смайликтер арқылы;
- топтық жұмыста оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.
|
Қауіпсіздік техника ережелері, «Допты лақтыру әдісі», сергіту сәті («Alphabet Race» ойыны), топ ережелерін сақтау |
|
|||||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген