жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу
4-сынып. Әдебиеттік оқу пәні
Тақырыбы: «Жылқы»
Сабақтың мақсаты : Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,жылқы малы жайлы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-Оқушыларға жылқы малының
пайдасын ұғындыра отырып, мәтінге талдау жасауға үйрету , жылқы
малының ерекшелігін аңғарту,
-Қазақ халқының өмірін төрт түлік малмен/жылқы/ байланыстыра
отырып, әдет - ғұрыпты, салт - дәстүрді дәріптей білуге
машықтандыру
-өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау,ой қозғау,топпен жұмыс,ұжымдық, т.б
Көрнекіліктер :слайд,видео, қағаз, маркерлер, стикерлер,смайлник
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу. Қара қасқа ат(Қамбар батыр), Тайбурыл,(Қобыланды),, Шұбар ат,(Бөген батыр,) Байшұбар.(Алпамыс)
Бұл аттар қандай батырлардың тұлпары? (Әр топтан сұрау)
1.Тыныштық сақтау,бір-бірін тыңдау
2.Өз ойын, пікірін анық айту
3.Бірігіп жұмыс жасау, (топтық жұмыс),белсенді болу
4.әділ бағалау,уақытты тиімді пайдалану
( Стикер -топ жетекші және бағалаушы, смайлник арқылы бағалау )
Көңіл-күйлерін смайлник арқылы көрсету
Үй тапсырмасын сұрау
Сөзжұмбақты оқу, шыққан сөз бойынша құраған әңгіме (Жайлау)
_ (Өзін-өзі бағалау, айту оқушы)
(Әр топтағы бағалаушы критерия бойынша бағалау керек)
II.Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру
Қамыс құлақ, тоқсан тұяқ,
Мінсең- қанат, сүті- дәрі, еті-тамақ. (Жылқы)
III.Мағынасын тану. Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен, авторымен таныстыру.
-Бүгінгі тақырыбымыз төрт түліктің бірі «Жылқы» мәтінді кім жазған екен?
-С.Мұқанов туралы не білеміз?
Сәбит Мұқанов (1900- 1973) жылы Солтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл ауданында туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Он сегіз жасынан бастап өлең жаза бастайды.Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен.Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері.Қандай әңгімелерін оқып едік «Батылдық», «Көкшенің көрінісі», « Шыбынсыз жаз»
Оның «Өмір мектебі», «Ботакөз», «Ақ аю», «Балуан Шолақ» т. б. көптеген шығармалары бар.
IY. (Класстер) Жылқы туралы не білесіңдер?
(Жеті қазынаның бірі,тақ тұяқты, сүтқоректі, күйіс қайырмайды,өт жоқ,ер қанаты,таза су ішеді ,сусын,тамақ, көлік, төзімді, сезімтал, жүйрік)
(Бейне таспадан тыңдау)
Жылқы тақтұяқтылар тұқымдасы. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ақылы, өресі жағынан барлық жан-жануарлардың ішінде жылқы иттің алдында, яғни, бесінші орында .
Иесі өзіне ұнаса оған шын беріледі. Қазақ халқы жылқыны ең алдымен ел қорғаған ердің жан серігі деп дәріптеген. Қазіргі кезде әскери қызметте таулы аймақта атты шекара күзетінде мінеді. Жылқы киелі көк пырақ. Еліміздің Елтаңбасында Қос Тұлпар-осы киелі пырақтар бейнеленген. Жылқыны өнер саласында спорт, кино, циркте кеңінен қолданылады. Жылқыны цирк аренасына 1780 жылы алғаш рет ағылшын Филип Эшли алып шықты.
Жылқылар түріне, күтімі және өсуіне байланысты болады. Қазіргі үй жылқысы 25-30 жыл өмір сүрсе кейбір жануарлардың жасы 40-тан асады. Англияда өмір сүрген «Кәрі Билли» деген ат 62 жыл өмір сүрген.
Қазақ халқы жылқы жасының әр деңгейіне орай арнайы атаулар берген. Жылқының жас төлін-құлын, жаста -жабағы, 1 жаста-тай,2 жастағы-құнан, 3 жастағы –байтал( ұрғашы) , 4 жаста-дөнен (еркегі), 5 жаста-бесті (еркегі) деп атаған.
Видео көру. Ал шабысына қарай аттарды қалай атаған? Жорға,Сәйгүлік,Тұлпар,Арғымақ,Саңлақ
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді (Әр топқа бөліп беру,оқу)
Сұрақтар: (Қошемет көрсету, әр топ қол шапалақтайды)
1-топ. . «Қара қасқа ». жылқының аналық мейірімі
2- топ. «Тайбурыл». «Батырлар жырындағы» жылқының қасиеттері
3-топ. «Шұбар ат». Әңгімедегі Мақанның сөзін тауып, өздерің қорытынды жасаңдар.
4- топ. «Байшұбар» Жылқыға байланысты мақал –мәтел айту
«Түртіп алу стратегиясы»
Қос- шөп шабу, егін салу, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп- қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана
Тебін-жылқы тұяғымен қарды аршып жайылатын жер
Борасын-қар аралас соққан жел
Сергіту сәті:
Артық болмас білгенің (слайд)
-ЖЫЛҚЫ ЕТІ – жүрек, қан тамырлары ауларына, бүйрек жұмысын жақсартуға қолданылады.
-Жылқы еті жуылған суға шашты жуып тұрса, теміреткінің салдарынан болатын шаштың ағаруы тоқтайды.
-Жылқының жүрегін қуырып жесе, ұмытшақтық бәсеңдейді.
- Орнына дұрыс түспеген буындарды түзетуге жылқы майын қолданады.
-Жылқы етін кептірген соң, отқа күйдіреді. Оны қақтап жесе, іштің өтуі тоқтайды.
-Жылқы сүйегін күйдіріп, талқандап, сірке суына араластырып
денедегі жараларға жақса ем болады.
«Шығармашалық жұмыс» ( Постерге түсіреді)
І топ «.Қара қасқа». (Синквейн стратегиясы ) 5 жол өлең құрастыру (Синквейн стратегиясы (Жылқы туралы)
ІІ топ. «Тайбурыл». «Эссе жазу» «Жылқы ер қанаты»
ІІІ топ. «Шұбар ат». Жылқыны жасына қарай қалай атайды?
ІҮтоп. «Байшұбар». Жылқының адамға пайдасы (пікіріңді дәлелде.)
Семантикалық карта
Тест: (Өз-өзін тексеру)
Осы мәтінді оқи отырып не түйдік?
Жылқы — малдың
патшасы
ҮІ.Қорытындылау. –Нені білдік?
Жылқының жүйріктігін сынайтын қандай жарыстар болады?
Тай жарыс, Құнан бәйге, Бәйге, Аламан бәйге, Жорға жарыстары болады.
Ал ойындар. Көкпар, Аударыспақ, Ат үстіндегі тартыс, Жамбы ату, Қыз қуу, Теңге ілу.
ІХ. Үйге тапсырма.«Ер қанаты-ат» әңгіме жазу.
ҮІІ. Бағалау. (бағалаушының смайлник арқылы бағалауы)
ҮІІІ. Рефлексия. -Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер?
Әр оқушы сабақтан алған өз ойларын жазып жапсырады.
Ұшақ-барлығын білемін,түсіндім білім шыңына ұшамын деген оймен парағын ұшаққа салады.
Портфель-түсіндім, әрі қарай толықтырамын деп сумкаға салады
Қоқыс жәшігі-маған ештеңе түсініксіз,қажет емес деген қоқыс шелегіне салады
Тест
1.Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең
жазды?
а) он
төрт
ә)Он
сегіз
б)Он
тоғыз
2. Тұлпар
дегеніміз не?
а) Ең жүйрік
ат
ә)
бие
б)
тай
3. Жылқы
неше жыл өмір сүреді ?
а ) 15 –
17жыл
ә ) 55
жыл
б) 25-30 жыл
4. Рәмізідердің қайсысында жылқы бейнеленген?
А )Шаңырақ
Ә) Елтаңба
Б) Ту
5.Жылқының пірі
А) Ойсыл қара
Ә) Қамбар ата
Б) Зеңгі баба
6.Жылқының терісінен жасалып, қымыз құятын ыдыс
А) мес
Ә) саба
Б) қоржын
Тест
1.Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең
жазды?
а) он
төрт
ә)Он
сегіз
б)Он
тоғыз
2. Тұлпар
дегеніміз не?
а) Ең жүйрік
ат
ә)
бие
б)
тай
3. Жылқы
неше жыл өмір сүреді ?
а ) 15 –
17жыл
ә ) 55
жыл
б) 25-30 жыл
4. Рәміздердің қайысында жылқы бейнеленген?
А )Шаңырақ
Ә) Елтаңба
Б) Ту
5.Жылқының пірі
А) Ойсыл қара
Ә) Қамбар ата
Б) Зеңгі баба
6.Жылқының терісінен жасалып,қымыз құятын ыдыс
А) мес
Ә) саба
Б) қоржын
Тест
Жауабы
1. ә) Он сегіз
2.а) Ең жүйрік ат
3.б) 25-30 жыл
4.ә) елтаңба
5.ә) Қамбар ата
6.ә) Саба
Ұшақ-барлығын білемін,түсіндім білім шыңына ұшамын деген оймен парағын ұшаққа салады.
Портфель-түсіндім, әрі қарай толықтырамын деп сумкаға салады
Қоқыс жәшігі-маған ештеңе түсініксіз,қажет емес деген қоқыс шелегіне салады.
І топ «.Қара қасқа».
5 жол өлең құрастыру «Жылқы» туралы
ІҮтоп. «Байшұбар».
«Эссе жазу»
«Жылқы ер қанаты»
ІІ топ. «Тайбурыл».
Мақал- мәтел жазу
Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікірді дәлелде
|
Жылқының пайдасы |
Дәлел |
|
|
|
|
|
|
Топ ережесі
-
Тыныштық сақтау
-
Бір- бірін тыңдау
-
Топпен бірігіп жұмыс жасау
-
Өз ойын, пікірін айта білу
-
Уақытты үнемдеу
-
Әділ бағалау
Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікірді дәлелде
|
Жылқының пайдасы |
Дәлел |
|
Жылқының еті өте бағалы, жоғары сапалы тамақ.Ал қазысының тағамдық та, емдік қасиеті көп.Оның өзге малдың етінен күшті,қуатты.Ол құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.Еті бауыр, асқазан- ішек ауруына ем. |
|
Қымызы –тіл үйіреді дәмді.Ішсең шөлің қанып ,күш –қуат артады.Ол өкпе ауруына ем,оның сүтінің өте күштілігі. |
|
Жылқының терісінің иісіне жылан жоламайды,жылан шаққан адамға аттың терісін ішкізсе мыңда бір ем, оның терісінің асыл болғаны. |
Жылқының терісі де пайдалы.Одан әр түрлі бұйымдар ат әбіздері ,ыдыстар жасалады.Қамшы,айыл,ноқта,шылбыр, жүген өреді және қымыз құятын ыдыстар жасайды.Торсықты- жылқының терісінен жасайды.
Жылқы –басқа түскен ауыр күндерде батырлардың жан серігі,айырылмас досы құтқарушысы болған.Олар қуса жететін, қашса құтылатын қанатты да,ақылды тұлпарлары болып суреттеледі.Оларсыз ол қанша батыр болса да дәрменсіз болып қалады.Батырлар аттарын сүйеніш, тірегі деп ұққан.
Эссе.Жылқы төрт- түліктің бірі.Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған.
Жылқы ежелден қазақ батырларының қанаты. «Жылқы- ер қанаты» деп тегін айтылмаған.Жаугершілік заманда атқа мінген батырлар бір-бір атқа мініп ел қорғаған.Қазір де әскери қызметтке таулы аймақта шекара күзетіне ат мінелі.

Семантикалық карта
|
|
Шұбар ат |
Құлагер |
Байшұбар |
Тайбурыл |
Тарлан |
Қара қасқа |
Ақбоз ат |
|
Қобыланды |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ақан сері |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қамбар батыр |
|
|
|
|
|
|
|
|
Алпамыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қабанбай |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ер Тарғын |
|
|
|
|
|
|
|
|
Бөген батыр |
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы
|
Оқушының аты |
Үй тапсырмасы |
топтастыру |
Мәтінмен жұмыс |
Шығармашылық тапсырма |
Тест.өзін-өзі бағалау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам»
Оқушының аты-жөні:------------------------------------------------
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
. Психологиялық
дайындық.
-Көңіл — күйлерің
қалай?
— Керемет (қолын
көтереді)
— Сабаққа дайындығымыз
қалай?
— Тамаша
(шапалақтайды)
— Ынтаңыз
ше?
— Ғажап (алақандарын
тигізеді)
— Ендеше
бастайық
— о – о — о (басбармақтарын
көрсету

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген