400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдеріне және жас мамандарға қмж құруға көп көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:

Сынып: 7

сабақ 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.2-электронды кесте элементтерін пішімдеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар оқиды:

Excel-де есептер шығару кезеңдерін біледі.

Оқушылардың көбісі оқиды:

Үлгіні пайдалана отырып, қарапайым есепті компьютерде құрады..

Кейбір оқушылар оқиды:

Электронды кестедегі деректермен жұмыс істегенде автоматтық толтыруды қолданса

Бағалау критерийлері

Электронды кесте элементтерін пішімдейді;

Деректердің типін жіктейді;

Электронды кестеде диаграмма құрады;

Өз бетімен компьютерде есептеу жүргізе алады.

Кестенің шекарасын, сызықтың мәнерін, түрін жуандығын, түсін, кестенің ішін құйып бояуды үйренеді. топта жұмыстанады, АКТ ақпаратын тиімді түрде өңдеп, жеткізе алады, өзін –өзі бағалай біледі. Ақпараттық сауаттылығы артады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар біледі:

Автоматтық толтыру не екенің және оның тәсілдерін;

Оқушылар істей алады:

Электронды кестеде автоматтық толтырудың тәсілдерін сөзбен түсіндіре алады;

Предметтік лексика және терминология:

кесте, ұяшық, қатар, баған, парақ, формула, диаграмма, шартты форматтау

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

  • Міндетті шешу үшін біз… пайдаландық, себебі …

  • Деректерді бейнелі көрсеу үшін … болады.

  • Диаграмма құру үшін алдымен …, содан кейін …

Құндылықтарды дарыту

  • Қмір бойы оқуға дағдылану;

  • Сыйластық;

  • Қызметкерлік.

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбуктар нтерактивті тақта, интернет.

Жаһандық азаматтылық

Әрбір оқушыға жайлы орта құру.

Пәнаралық байланыстар

Математика, физика, шығармашылдық.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Дайындалу уақыты: сабақта жоқтарды журналға белгілеу.

(W) Интерактивті тақтада жоғарғы көлемді біртекті деректері бар электронды кесте көрсетілген. Мұғалім жетелеуші сұрақар қояды:

Ұсынылған кесте бойынша не айта аласыздар?

Осы кестеніі толтыруын тездетуді мүмкін бе? Қалай ойлайсыздар?

Қалай ойлайсыздар? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оның мақсаттары мен жетістік критерийлерімен таныстыру.

Оқушыларға «Конверттегі сұрақтар» беріледі.

  1. Кесте неден тұрады? (Жолдардан, бағандардан, ұяшықтардан тұрады)

  2. Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан? (Жолақтың кірістіру бөлімінде)

  3. Экспресс –кесте бұйрығының қызметі қандай? ( кестелердің дайын шаблондарын қосады)

  4. Кестенің ұяшықтары бойынша қалай жылжуға болады? ( меңзерді басқару пернелерімен)

  5. Кестенің соңына жаңа жол қосу үшін қандай пернені басу керек? (Таb)

  6. Меңзерді алдындағы ұяшыққа қалай ауыстыруға болады (Shift + tab)

  7. Кестеге бағандармен жолдарды қандай тәсілдермен қосуға болады?

  8. Кестедегі бағандармен жолдарды қандай тәсілдермен жоюға болады?

  9. Кесте құрғаннан кейін мәтіндік процессор жолаққа кестлермен жұмыс істейтін қандай бөлімдерді қосады? (Конструктор және Макет )




Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы

8 минут




1 минут





5 минут



3 минут

16 минут


(W) Мұғалім мысал арқылы деректерді автоматтық толтырудың әртүрлі тәсілдерін ұсынады:


  • Бағанға еңгізілген деректерді автоматтық қайталау;

  • Толтыру маркерін орын ауыстыру арқылы аралық ұяшықтардың толтыруы;

  • Аралық ұяшықтардың формула арқылы толтырылуы;

  • Тізімге еңгізілген элементтер, күн және сандардың реттілігі арқылы ұяшықтардың толтырылуы.

Физминутка.

(W) Мұғалім Деректерді автоматтық толтыруымен түсіндірулуі бар Қосымша 2 көрсетеді.


  1. Автоматтық толтырудың әртүрлі тәсілдеріне арналған прақтикалық тапсырманы, оқушылар кестені құрастыра отырып орындайды.

1 және 2 топтарға оқулықтан «Кестелерді пішімдеу» тақырыбын оқып, постерде қорғау тапсырылады. Оқушылар топта мәтінді жеке оқиды, жұпта, топта талқылайды. Постер жасайды. Екі топ бір-біріне постерлерін түсіндіреді.

Microsoft Excel - мен танысу. Microsoft Excel - ді іске қосу үшін келесі тізбектерді орындаймыз
1. Пуск - Программы - Microsoft Office - Microsoft Excel. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Терезе мынадай бөліктерден тұрады.
1. Тақырып жолы.
2. Бас меню де, негізінен басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған. Оның Word менюінен айырмашылығы Кесте орнына Мәлімет алмастырылған.
3. Стандартты аспаптар.
4. Пішімдеу панелі.
5. Жұмыс істеп тұрған ұяшықтыңаты
6. Формула жолы.
7. Жұмыс парағы8. бағандар аты Латынның А, В, С, D…F 26 әрпінен тұрады.
9. Жол нөмірі 65 536 жолдан тұрады
10. Таңбашалар немесе парақ
11. Айналдыру жолағы
12. Басқа параққа ауысу батырмасы.
13. Қалып - күй жолағы Пуск - Программы - Microsoft Office - Microsoft Word
Мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз не?
Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету
Кесте дегеніміз не?
Бұл жолдар мен бағандарда реттеліп бірілген ақпаратMicrosoft
Word - та неше меңзер бар. 2 меңзер бар.
Кірістіру нүктесі, І меңзеріMicrosoft
Word - та неше туралау бар?
4 туралау бар.
1. сол жақ шеті бойынша 2. ортасы бойынша
3. оң жақ шеті бойынша 4. оң және сол жақ шеттері бойынша

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

 Сергіту жаттығулары

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Алақанды уқалау.

Қолды қысу

Білезіктен айналдыру

Жұмбақ шешу

Жұмбақтың шешімін 3тілде айту.

1.Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған.

(Кесте, Таблица, Table)

2. Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі.

(Жол, Строка, Line)

3. Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды.

(Ұяшық, Ячейка, Stage)

. Өзіндік жұмыс

№ 1 тапсырма.

Батырмалардың атын жазыңыз.

№ 2 тапсырма. Операциялар мен мәзір командаларының тізбегін сәйкестендіріңіз.

. Топтастыру.

Ал, балалар сонымен бүгінгі сабақты не білдік? Не үйрендік? Қане есімізге түсірейікші?

Топтық жұмыс

1. «Кестелерді пішімдеу тақырыбын оқу. Дәптермен жұмыс жасау.

2. Тізімдерді жасау. Кесте түріндегі мәтінді безендіру

2. Шығармашылық тапсырма: Ұлы Отан Соғысының және Еңбек ард





Сергіту сәті

Сұрақ парақшалары.







Оқулық, дәптерлер.







Ойын ойнайық.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Сөйлеу-речи-speeches


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
3022
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі