400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР – ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІМІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияны әзірлеу және қолдану білім беру үдерісінде сапа мен тиімділіктің барлық деңгейлерінде жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР – ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» [1] делінген, ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі, қоршаған әлемге, адамның денсаулығы мен кәсіби мәдениетке деген құрмет дәуірі. Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияны әзірлеу және қолдану білім беру үдерісінде сапа мен тиімділіктің барлық деңгейлерінде жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.

Бәрімізге белгілі, таяу бірнеше жылда еліміздегі қоғамдық өмірдегі басты өзгерістердің бірі – білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар. Осы кезеңде Республикамыз жаңа білім беру жүйесін құруда, ал Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіне енуде. Өздеріңіз білетіндей, кез-келген дәуірде, кез-келген реформа, білім беру – мектеп мұғаліміне байланысты болады. Өйткені, ұлттық білім беру саясаты негізінен осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, педагогикалық қауымдастықтың алдында тұрған басты міндет – рухани бай және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Оқу үдерісін ұлттық білім беру стандартына сай ұйымдастыру оқытудың жаңа технологияларын енгізуді талап етеді.

Қай елде де басты тірек – биік күмбез, ғимарат немесе экономикалық жағдай емес, білімді, білікті, бастамашыл және белсенді адам болып есептеледі.

Сонымен, қашықтықтан оқыту дегеніміз– мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес [2].

Қашықтықтан оқыту мектептерде Республика, облыс, қала және мектеп кеңістігінде кең қолданыс табуда. Мектеп көлемінде айтатын болсақ, «Интернет күнделікті» алуға болады. Бұл жаңашылдық екі-үш жыл көлемінде өз жұмысын атқарып келуде. Бұл инновациялық әдіс арқылы ата-аналар балаларының білім үлгірімін, ал оқушылар үй жұмысын уақытында біліп отырады. Мұндай әдіс арқылы мектеп пен ата-аналар қауымы арасындағы байланыстың одан сайын нығаюына үлкен септігін береді. Оқытылатын пәндерден қашықтық олимпиадалар Қазақстандық интернет олимпиадалар («КИО») өтеді. Мұндай интернет олимпиадалар оқушылардың үлкен қызығушылығын танытады. Тапсырмалары қызықты, сан алуан және олимпиаданың ең тиімді жері – оқушылар өздерінің білім деңгейлерінің көрсеткішін бірден білулері болып табылады.

Аталған олимпиадалар сайыс түрінде берілсе де, оқушыларды оқытады деп айтуға болады. Өйткені, оқушылар сабақ барысында алған білімдерін шыңдайды, тексереді, салыстырады. Оқушыларға арналған олимпиадалардан басқа, мұғалімдерге арналған онлайн жүйесінде өтетін сан алуан семинарлар, конференциялар, сабақтар ұйымдастырылады. Қарқынды түрде қолданыс тауып жүрген ол – республика, облыс көлемінде ата-аналар қауымына арналған жиналыстар. Ата-аналар жиналыстары облыс т.б. қарым-қатынастарды нығайта, бекіте түсуде.

Осы ретте қашықтықтан оқытудың бірнеше артықшылықтарын атап өтсек:

1. Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі. Қашықтан оқытылатын студент, семестр төңірегінде материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады. Өзіне жеке оқу кестесін құрастырады. Кейбір білім беру мекемелері студенттерге оқуын ұзақ уақытқа кейінге қалдыруға және қайтадан білім алуына ақы төлеусіз оралу мүмкіндігін береді.

2. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі

Білім алушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре аласыз, оқытушымен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз.

3. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі

Оқушылар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, әлемнің кез-келген жерінде оқи алады. Оқытуды бастау үшін сізде Интернетке қосылған компьютер болуы керек. Күн сайын оқу ордасына бару қажеттілігінің болмауы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, қол жетімсіз жерлерде тұратын, басбостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан адамдар, кішкентай балалары бар ата-аналар үшін белгілі бір қосымша болып табылады.

4. Негізгі жұмысыңызға кедергісіз оқу

Сіз жоғары білім қашықтықтан бір уақытта бірнеше курста оқып ала аласыз. Ол үшін негізгі жұмыс орнында демалыс алу, іссапарларға шығу міндетті емес. Компания қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін корпоративті оқытуды (біліктілікті арттыру) ұйымдастыратын білім беру ұйымдары бар. Бұл жағдайда оқу еңбек өтіліне кедергі келтірмейді және меңгерген сұрақтарды бірден жұмыста қолдануға болады.

Қашықтықтан оқытуда электронды оқулықтардың алар орны ерекше. Бұл жолда электронды оқулықтар ең маңызды рөл атқарады деп айтуымызға әбден болады.

Қазақстандық электронды оқулықтардың негізін салушы, ғалым Г.Қ.Нұрғалиева «Электронды оқулықтарды оқытудың кезекті техникалық құралы немесе қосымша дидактикалық материал, оқу құралы немесе оқу әдістемелік кешен ретінде қарастыруға болмайды. Электронды оқулық бір жағынан, бірыңғай ақпараттық-білімдік ортаны құрса, екінші жағынан, интербелсенді әрекет етуін қамтамасыз етеді» [3], – дейді. Осыдан белгілі болатыны, оқушылардың ақпараттық құзіреттіліктерін және танымдық қабілеттерін дамытуда электронды оқулықтардың қосар үлесі орасан зор.

Электронды оқулықтарды пайдалану келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Себебі, электронды оқыту технологиясы электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық-әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Пән мұғалімдерінің оқыту барысында құрғақ баяндаудан аспауы қазіргі талап үрдісінен шықпауда. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бейнелі түрде түсіндіруге арналып жасалған электронды оқыту жүйесіне лайықталған электронды оқулықтарды пайдаланбау мүмкін емес. Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырумен қатар, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, оқушы шығармашылығын қалыптастыруға өз әсерін тигізеді [4]. Мысалға, орта мектеп мұғалімінің электронды оқулықтарды пайдаланып оқытуының іс-әрекетін былай сипаттауға болады:

Мұғалім іс-әрекетінің негізгі міндеттері:

  • сабақтың тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;

  • пәннің жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;

  • мұғалім өз пәнін басқа пәндермен салыстырып, олардың тиімді тәсілдерін таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;

  • бұл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) қосымша міндеттер шешілуі қажет;

  • ақпараттық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;

  • өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі – оқу үдерісінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелерді пайдаланып, орта білім беру мекемелері түрлі оқу бағдарламаларымен жұмыс жасайды. Аталған кеңістікте электронды оқыту жүйесінің басты құралы саналатын оқушы үшін электрондық оқулықты пайдалану: оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттыру, оқытудың көрнектілігін арттыру, оқу материалын саналы игеру, абстрактылы оқу материалын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіру, оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді, мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, байланысын арттырады.

Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқытудың басты құралы - электронды оқулықтағы ескеретін жай: белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру, электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар болуы, материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші материалдар, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы керек.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы, 2007 ж.

  2. Интернет ресурстары:

http://el.kz/

http://e.edu.kz/

  1. Нургалиева Г.К. Ақпараттық білім беру орта ретінде электронды оқулықтар негізінде оқыту тұжырымдамасы. «Қазақстан мектебіндегі директор», №1, 2010 ж.

  2. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі