Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Электронды тұтандыру жүйесін жөндеу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………................….............................….3
1. Негізгі бөлім……………………........................………….....…………..4
1.1 Электронды тұтандыру жүйесін жөндеу.....................................…….4
1.2 Оталдыру жүйесінің ақаулары.................................................……...15
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ …………………..........................................18
2.1 Қозғалтқыштың оталдыру жүйесін жөндеу.........................................18
2.2 Оталдыру жүйесін күту..........................................................................19
ІІІ. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ..............................23
3.1. Еңбек қорғау және өндірістегі өрт қауіпсіздігі.................................23
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….……………….…26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………........….…...............27
КІРІСПЕ
Автомобиль тасымалында жоғарғы сапалы тасымал құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру және тіркемелерді (принциптерді) және жартылай тіркемелерді пайдалану, өнімсіз тоқтап қалуларды болдырмау, авмомобильдің бос жүрістерін қысқарту. Тиімсіз тасымалдарды қолдырмау, жалпы тасымалдағы автомобильдерді дамыту, автомобиль паркінің құрамын жақсарту. Осыған байланысты болашақ инжинер және техник мамандарыннан автомобильдің құрылысын түсініп қана қоймай, сонымен қатар өз бетінше жаңа механизімді немесе жүйені, сондай - ақ бүтіндей жаңа автомобильдерді бағалай білуді талап етіледі. ХХІ ғасырда пайдаланылатын автомобильдердің басты ерекшелігі - олардың құрылысының күрделілігі. осыған байланысты автомобильді жүргізушінің міндеті тек қана жүргізу, ал оған техникалық қызмет көрсетуді арнайы мамандар атқарады. Бензинді және дизельді моторларының Еуропа стандартына сай жаңа қоректендіру жүйелері, іштен жану моторы мен электр моторларын автомобильдерде бірге қолдану, автомобильдерде қолданыла бастаған навигациялық, маршруттық компьтерлер, автомобиль қауіпсіздігі жақсату жүйелері, АВS, автоматты беріліс қорабы, сығу көрсеткіші мен газ тарату фазаларын жұмыс істеп тұрған моторда реттеу, оптимальды автомобиль техникасын пайдалануда автоматты бақылау мен басқару мағлұматтары мен жабдықталған. Автомобиль көлігінің республика үшін ерекше маңыздылығын Қазақсатанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады. Тасымал көлігінің негізгі міндеттері - халық шаруашылығын өнімдерін және тұрғындарды тасымалдауды сапалы да, толық қанағаттандыру, жұмыстың экономикалық тиімділігін арттыру. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қозғалтқыштан шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты.
Мысалы, Еуропалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді қозғалтқыштарды пайдалануға тыйым салынған.
Қазіргі автомобиль қозғалтқыштарында орталық, және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
Жеке азаматтарға тиесілі автомобиль паркінінің қарқынды дамуы, автомобиль құрылысының күрделігі, өздеріне тиесілі автомобильдерге қажетті техникалық қызметті білікті түрде көрсете алмайтын адамдар санының өсуі, жолдардағы қозғалыс идентификациясы мен басқа да факторлар жаңа автотехникалық қызмет өнеркәсібі саласын құруға жағдай жасады.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Электронды тұтандыру жүйесі және қызметі
Біздің күнделікті тіршілігімізді озық технологиялы жүйелер қолданылуда. Қазіргі кезде техникалық прогресс өте жылдам өзгеріп отырғанын байқай аламыз. Дүниежүзілік машина жасау өнеркәсібінде осы заманға сай автомобиль жасап сату бәсекесінде өтелген газдардағы зиянды заттар құрамы мен жанармай шығынын азайту үшін автомобиль зауыттары бензинді және дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады.
Автотрактор қозғалтқыштарын күрделі де қымбат жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптарды, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына еуропалық стандарт енгізумен түсіндіріледі:
1. Орталық (моно);
2. Таралымды;
3. Тікелей.
Орталық бүрку жүйесінде (1.1-сурет) бір немесе екі форсунка (көп) қозғалтқыштарда дроссельдік қалқаншаға (1) дейін орналасқан, олардың жұмысын қолданылатын электронды отын беру жүйесі басқарады. Мұндай сызба, ең алдымен, қозғалтқыштың салыстырмалы арзандығымен және жетілдіру қарапайымдылығымен назар айдартады. Бұл жағдайда карбюраторды алып тастап, оның орнына отандық форсунка, электрлі бензосорғы (7), сүзгіш (8), сезгілер мен басқарудың электронды блогы орнатылады.
Карбюраторлы қозғалтқыштарды орталық бүркулі қозғалтқыштармен салыстырсақ, бірқатар артықшылықтарға қол жеткіземіз; 15%-ға дейін үнемді және автомобиль динамикасы артады. Дегенмен мұның едәуір кемшіліктері – енгізу коллекторы (4) қабырғаларында жанармай қабықшасының пайда болуы және әрбір цилиндр үшін жұмыстық қоспа құрамының әртектілігі.
1.1- сурет. Орталық (моно) бүрку жүйесінің сызбасы. 1 – ауа дроссель қалақшасы; 2- отын өткізгіш; 3-форсунка; 4 – ауа коллекторы; 5-қысым реттегіш; 6-отын багы; 7 – отын сорғысы; 8 – отын сүзгісі; 9 – филиндрлер
Проблемалардың көпшілігі әр цилиндр үшін енгізу клапаны алдындағы сору коллекторына жанармай бүркетін жеке отын форсункасын орнату арқылы шешіледі.
Таралымды бүрку жүйесі (1.2-сурет) бүгінгі күнде кең қолданыс тапқан. Олардың көбі жоғарыда келтірілген талаптарға сай. Бұл қозғалтқыштар үнемді, экологиялық жағынан тиімді және динамикалық көрсеткіштері жоғары болады.
2- сурет. Таралымды бүрку жүйесінің сызбасы. 1- ауа дроссель қалақшасы; 2- отын өткізгіш; 3- форсунка; 4- ауа коллекторы; 5- қысым реттегіш; 6- отын багы; 7- отын сорғысы; 8- отын сүзгісі; 9- цилиндрлер қысым реттегіш; 6- отын багы; 7- отын сорғысы; 8- отын сүзгісі; 9- цилиндрлер.
Тікелей бүрку жүйелері (1.3-сурет) бүрку жүйелерін дамытудың келесі эволюциялық сатысын білдіреді. Мұнда форсунка шамның жанына жану камерасына орналасады. Жанармай форсункалары өте жұтаң қоспадағы қозғалтқыш жұмысын қамтамасыз ететін, тікелей цилиндрге бүркетіндей жағдайда орналасқан. Мұндай жағдайдың екі сипатты ерекшелігі бар. Біріншісінде жоғары сапалы жұмыстық қоспаны әзірлеу үшін жүйеде жанармай бүркудің жұмыстық қысымын едәуір (3,5...5,0 МПа-ға дейін) арттыруға тура келеді. Екіншісінде жанармай форсункалары температура 2800...30000С-қа жететін орындарда орналасқан, бұл форсункаларды әзірлеудің технологиялық процесіне қойылатын талаптарды біршама қиындатады.
табылады.
1.3-сурет. Орталық бүрку жүйесі.
1 – отын багы; 2- электр бензосорғы, отын сезгісімен; 3 – отын түтігі; 4 – отын қайтару түтігі; 5 – отын сүзгісі; 6 – ортадан бүрку құралы.
Сезгілер тізбесі: иінді білік айналымы мен жағдайының сезгісі, дроссельді қалқанша жағдайының сезгісі (датчигі), автомобиль жылдамдығының сезгісі, салқындату сұйықтығы температурасының сезгісі, ауаның жалпы шығынының сезгісі, детонация сезгісі және кейбір кездегі оттегі шоғырлануының (1-зонд) сезгісі. Атқарушы құрылғылар: электрмагнитті жанармай форсункалары, бос жүріс реттеуіші, оталдырудың екі тиекшесі, электрбензосорғы, «CHECK ENGINE» шамы және кейде қолданылатын жанармай булануы сүзгісінің электрмагнитті булануы сүзгісінің электрмагнитті клапаны.
Мұның сыртында, Январь-4 және BOSCH М 1.5.4 жүйелерінде өтелген газдағы (қозғалтқыш дұрыс жұмыс істеген кезінде) көміртек тотығының санын реттеуге болатын СО-потонциометр бар. GM және BOSCH МР 7.0 жүйелерінде СО-потонциометр жоқ, оның есесіне 1-зонд пен жанармай булануының көмірлік сүзгіші бар. Январь-4 жүйесінің сору коллекторы мен ауаның жалпы шығынын сезеді.
Қозғалтқыштың жұмысы кезінде басқару блогы сезгілердің жұмыс істеуін қадағалайды. Егер қайсы да бір сезгіден қате белгісі түссе, басқару блогы кемшілікті белгілі бір код бере отырып тіркейді және еске сақтап қалады да, резервті жұмыс тәртібіне көшіп, «CHECK ENGINE» шамын жағады. Жүргізуші бұл жағдайда қозғалтқыш жұмысының нашарлауын сезбей де қалуы мүмкін. Шамның жануы тез арада қозғалтқышты сөндіруді білдірмейді. Мұндай жағдайда мүмкіндігінше қысқа мерзімде техникалық қызмет көрсету қажет.
Шамның қозғалтқышты іске қосу алдында жануы «CHECK ENGINE» жазуын жарықтандыратын шырақтың дұрыс екендігін көрсетеді. Оталдырғаннан соң, егер басқару блогы бәрі дұрыс деп есептесе, шам сөнуі тиіс.
Осы қозғалтқыш жұмысының ерекшеліктерін білетін және жабдықтарды пайдалана алатын білікті маман ғана диапазонды қоя алады.
Жоғарғы бөлімдерде айтылғандай, кейбір трактор двигательдерін оталдыру үшін қосалқы оталдырғыш іштен жанатын карбюраторлы двигательдер қолданылады. Бұл двигательдердің негізгі двигательдерден айырмашылығы, цилиңдр ішіндегі жанар май қоспасы электр үшқынының көмегімен тұтандырылады. Сол үшін оларды арнаулы электр жүйесімен жабдықтайды.
Электр үшқынымен тұтандыратын жүйенің екі түрі болады: бірі — батареялық тұтандыру жүйесі, екіншісі — магнетолық тұтандыру жүйесі. Олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Батареялық тұтандыру жүйесінің энергия көзі батарея немесе генератор болса, магнетолық жүйеде — мегнето болады. Сол себепті олардың құрылысы да әр түрлі. Батареялық тұтандыру жүйесінің құрылысы күрделі болғандықтан оларды тракторларда пайдаланбайды. Тракторларда негізінен магнетолық тұтандыру жүйесі қолданылады. Сондықтан да төменде біз сол жүйеге жан-жақты түсінік бере кетпекпіз.
Двигательдің цилиндр ішіндегі жанар май қоспасын тұтандыруға бірнеше талап қойылады. Себебі, ол қоспа белгілі бір мезетте ғана, яғни қысу тактісінің соңында ғана тұтануы керек. Оның үстіне тұтандыратын электр ұшқыны сол кездегі қысымы өте жоғары ортада екі электродтың ауа кеңістігінен өте алатындай болуға тиіс, яғни электр ұшқынын тудыратын кернеудің шамасы өте жоғары болуға тиіс. Міне, осындай талаптарды орындау үшін, магнетолық тұтаңдыру жүйесі мынандай қондырғылардан құралады: магнето, тұтандырғыш және оларды өзара жалғастыратын жоғары кернеудің өткізгіші.
Магнетоның өзінің негізгі құрылысы мынандай. Магнит өткізгіштігі жоғары темірден құралған өзекше таға тәрізді жасалады да, оның ішінде тұрақты магниті бар ротор айналып тұрады. Сол ротормен бір білікте жұдырықша бекітілген. Жұдырықша үзгіш қондырғының жылжымалы контактісімен жанасып түрады. Өзекшенің сыртына екі түрлі орам кигізіледі: біріншісі төменгі кернеулі орам, екіншісі жоғары кернеулі орам
Бірінші орамның бір ұшы өзекше арқылы магнето массасымен, ал екінші ұшы үзгіш қондырғының жылжымалы контактісі арқылы жалғасады, яғни контакті жабық кезінде өзінен ток өткізе алады. Екінші орамның бір ұшы бірінші орам арқылы магнето массасымен, ал екінші ұшы тұтандырғыштың орталық электродымен жалғасқан. Екінші орамнан ток жүрсе, онда тұтандырғыш электродтарының аралығындағы ауа кеңістіктен өтеді де, электр ұшқынын тудырады.
Магнето жұмысты мына ретпен атқарады (4-сурет). Оталдырғыш двигательді іске қосу үшін қолмен немесе электр стартерімен оның иінді білігін айналдырады. Онымен муфта арқылы жалғасқан магнето білігі де айналады, яғни ротор айналады. Ротордағы магниттің айналасы (814) өзекшеде шамасы да, бағыты да айнымалы магнит өрісін тудырады. Бұл магнит өрісі өзекшенің сыртында кигізілген бірінші орамдағы (Ь,) өткізгіш сымдарды кесіп өтеді де, олардың бойыңда айнымалы иңдукциялық ток туғызады. Бірақ бұл ток тұтандырғышта ұшқын тудыруға қуаты жетпейді. Сондықтан оның кернеуін жоғарылату керек.
Бірінші орамдағы ток кернеуін жоғарылату қызметін үзгіш (8К) пен екінші орам (Ь2) атқарады. Ол үшін бірінші орамдағы ток ең үлкен болған кезінде, жұдырықшаның көмегімен үзгіштің жылжымалы контактісі ажыратылады, яғни бірінші орамдағы ток тез жоғалады. Бірінші орамдағы токтың тез жоғалуы өзекшеде күшті магнит ағынын тудырады. Енді сол магнит ағыны екінші орамдағы өткізгіштер бойынша жоғары кернеулі ток тудырады, Осы жоғары кернеулі ток мына тізбекпен өтеді: магнето массасы — бірінші орам — екінші орам — тұтандырғыш (ҒК) — масса. Сөйтіп, тұтандырғыштан ток өткендіктен электр ұшқыны туады да, цилиндр ішіндегі жанар май қоспасын тұұтандырады.
Магнетоға жоғарғы қондырғылардан басқа, конденсатор (С), сақтандырғыш, ажыратқыш орнатылады. Двигательді оталдырып алғаннан кейін, қосалқы двигательді сөндіру үшін ажыратқыш арқылы екінші орамдағы токты тұтандырғышқа жібермей, массамен түйықтайды. Ал тұтандырғыштың бұзылуы себепті ток өтпей қиындаған кезде екінші орамды істен шығармайтын сақтандырғыш қойылған. Оның бір ұшы екінші орамға жалғанған электрод. Кернеу өте көбейіп кеткен кезде ток сол арқылы ұшқындап, магнето массасына беріледі.
Бірінші орамдағы токты үзгіш контактісі арқылы ажыратқан кезде оның өз бойында өзіндік индукция тогы пайда болады. Егер оны сөндірмесе, онда ол контактінің ашық түрған кезінде аралығынан электр үшқынын жасап өтеді де, олардың тез күйіп, істен шығуына жағдай жасайды. Осындай жағдай тудыр-мас үшін коңденсатор қойылған. Өзіндік индукция тоғы контактілер ашық кезінде осы конденсатордың астарын зарядтайды да, контактілер жабылғаннан кейін өз зарядын магнето массасына таратады. Сөйтіп, контактілерді аман сақтайды.
Магнетолардың негізгі жүмыстарына мынандай негізгі реттеулер жүргізіледі: үзгіш контактілерінің аралығында қалыпты саңылау реттеу мен магнетоның берген үшқыны двигательдің жүмыс тактісімен сәйкес болатындай етіп түтандыру кезеңін қою.
Контактілер аралығындағы саңылауды реттеу үшін жылжымайтын контактіде арнаулы эксцентрикті қондырғы қойылған. Сол эксцентрикті бұраған кезде жылжымайтын контактінің бекітілу орны өзгереді де, жылжымалы контактімен ара қашықтығы өзгереді.
Көрсетілген саңылауды тексеру үшін магнетоның үзгіш қондырғы орналасқан жағындағы қақпағын ашады. Қосалқы оталдырғыш двигательдің маховигінен бұрай отырып, магнето контактілерінің толық ашылған жағдайына келтіреді де, олардың аралығындағы саңылауды өлшейді. Бүл саңылаудың қалыпты мөлшері 0,25-0,35 мм болу керек. Егер одан өзгеше болса, жоғарыдағы көрсетілген эксцентрикті бұрап, қалыпқа келтіреді. Бұл эксцентрикті бұрамас бұрын, жылжымайтын контактіні бекітетін винтті босату керек, ал саңылауды реттеп болғаннан кейін, қатайта тартады.
Іштен жанатын двигательдердің электр ұшқынымен тұтандырылатын түрлерінде осы тұтандыру кезеңімен двигательдің жұмыс тактісін сәйкестендіреді, яғни двигательдің қысу тактісінің соңында тұтандырғыш қондырғы ұшқын беру керек. Осы кезенді дұрыс реттемесе, онда двигательдің қалыпты жұмысы бұзылады, қуаты азаяды және т.с.с.
Тұтандырғыш қондырғы қалыпты жағдайдағыдан электр ұшқынын ерте беретін болса, онда поршень жоғары өлі нүктесіне жеткенге дейін жанар май қоспасы тұтанып, жанады да поршеньді кері күшпен итеріп, оның жылжуына үлкен кедергі жасайды. Мұндай құбылыс кезінде кривошипті-шатунды механизмде ұрылу күштері туады да, оларды тез арада істен шығарады, двигательдің пайдалы өсер коэффи-циенті азаяды, артық күшпен зорланып істегендіктен, қызып кетеді. Қысқасы, двигательдің жұмысы толық бүзылады.
Электр ұшқыны тиісті мөлшердегісінен кейін берілетін болған жағдайда да көптеген қосымша құбылыстар пайда болады. Атап айтқанда, поршень жоғары өлі нүктесіне жеткен кезде жанар май қоспасы толық жанып үлгермейді де, оның қысымы аз болғандықтан поршеньді аз күшпен итереді. Әрі қарай жүмысшы такті басталған кезде жанар май қоспасының әлі де жану процесі аяқталмайды. Сөйтіп, ол поршеньді итеруге қажетті газ қысымын тудыра алмайды да, двигательдің қуаты төмендейді. Оның үстіне жану процесі өте ұзаққа созылғандықтан (шығу тактісінің бас жағында жану болып жатады) двигатель қатты қызып кетеді. Тіпті жанып үлгермеген жанар май қоспасы цилиндрден шығу тактісі кезінде шығарылып тасталады. Оның өзі жанар май шығынын шүғыл көбейтіп жібереді.
Міне, осы айтылған жағдайлардың барлығы да тек магнето мен двигатель білігін сәйкестендіріп жалғастыруға ғана байланысты. Сондықтанда жанар май қоспасын тұтандыру кезеңін мұқият реттеген жөн. Осы айтылған реттелу жұмысы мына ретпен атқарылады.
Двигательдің бас жағыңдағы тұтандырғышты бұрап шығарады да, иінді білікті жоғарғы өлі нүктесіне жеткізбей қояды. Ол үшін, тұтандырғыш орнына таза сым өзекше кіргізеді де поршеньге тигізіп, двигательді маховигінен жұмыс істейтін бағытқа қарай бұрайды. Сөйтіп, сым өзекшенің ең жоғарғы шыққан шегін анықтайды. Енді сымның осы қалпында цилиндрге кіріп түрған жерін белгілейді. Сол белгіден жоғары қарай 5,8 мм мөлшеріндегідей қашықтықты өлшейді де, оған да белгі салады. Мұндай өлшеуді, сым өзекшені сыртқа шығарып алып жасауға да болады.
Белгі салынғаннан кейін сым өзекшені поршеньге қарай итеріп тұрып, двигатель маховигін кері қарай (жұмыс бағытына қарсы) айналдырады. Осы кезде сым өзекше цилиндр ішіне қарай кіреді. Енді оның цилиндр ішіне кіруін жоғарыдағы салған белгіге дейін жүргізеді де, маховикті айналдыруды тоқтатады.
Двигательдің білігін түтандыру кезеңіне орналастырғаннан кейін магнетоны бекіткен жерінен босатып алады да, оның қорабын тиісті жағына бұрайды, яғни контактінің ашыла бастаған кезеңіне дейін бұрады. Енді осы қалпында магнетоны бекітеді.
Егер магнето бүрын двигательге қойылмаса немесе жөндеу үшін шығаралып алынған болса, онда оны двигательмен жалғастыру үшін оның білігін айналдыра отырып, контактілердің ашыла бастаған кезеңіне қояды. Содан кейін барып, оны жалғастырғыш муфтасын сәйкестендіріп, қорабын бұра отырып, орнына қояды. Осы кездегі бекіткіш тесіктердің қалпымен қораптың ұзыншақ тесіктері дәл келуге тиіс. Тіпті дөл келмеген жағдайда, магнетоны қозғалысқа келтіретін шестерняны шығарып алады да, бір тіс ауыстырып, қайтадан жалғастырады. Сөйтіп, двигательдің оталу кезеңі мен магнето контактілерінің ашылу кезеңін дәл келтіреді. Енді тұтандырғышты орнына бұрап бекітіп, оның жоғары кернеулі өткізгіш сымын жалғастырады да, двигательді оталдырып тексереді.
Магнетоның жұмысын реттеген кезде, тұтандырғыштың да жұмысын қалыпқа келтіру керек. Себебі, магнето дұрыс жұмыс істемегенімен, тұтандырғышта ақау болса, двигатель бәрібір дұрыс жұмыс істемейді.
Егер саңылау сол мөлшерден өзгеше болса, онда бүйірлік электродты майыстырып, орталық электродқа жақындатады немесе алыстатады.
Қоректендіру жүйесі. Қоршаған ортаның қорғау мақсатында қозғалтқыштан шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты. Мысалы, Еуропалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді қозғалтқыштарды пайдалануға тыйым салынған (1.4 - сурет). Қазіргі, автомобиль қозғалтқыштарында орталық және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
Қазақстанда әлі де карбюраторлы қозғалтқыштары бар автомобильдер жұмыс істейді. Сондықтан осы дипломдық жұмыста қозғалтқыштар жайында қысқаша келтірілген.
(1.4-сурет Іштен жанатын қозғалтқыштардың қоректендіру жүйелері)
Іштен жанатын моторлардың қоректендіру жүйелері
Бензинді
Дизельді
Бүрку
1.4 - сурет. Іштен жанатын қозғалтқыштардың қоректендіру жүйелері
Дизель қозғалтқыштарында механикалық қатарлы отын сорғыларының орнына жаңа қозғалтқыштарда сорғы-форсункалар пайдаланылады. Олардың жұмысын соңғы модельдерде электронды басқару блогы реттейді. Сорғы-форсункалар механикалық, гидравикалық және электронды жүеден істейді. Бүркуді электронды жүйемен басқарады.
Карбюраторлы қоректендіружүйесі
Карбюраторлы қозғалтқышта отын сорғы арқылы бактан (6) тұндырғыш-сүзгі және отын өткізгіш арқылы сорғымен сорылады да карбюраторға жіберіледі (1.6-сурет). Енгізу тактісінде атмосфера ауасы сүзгіден (ауа тазартқыштан) өтіп басқа қоспалардан тазартылады да карбюраторға (4) келіп түседі. Мұнда ауа (1.5-сурет ) тозаңданған отынмен араласады және енгізу түтігіне (колектор) бағытталады. Жанғыш қоспаны дайындау енгізу түтігіне жалғасады, онда отын буланады және ауамен араласып кетеді. Бұл процесс қозғалтқыш цилиндірінде енгізу және сығылу тактісі кезінде аяқталады. Жұмыс қоспа жанып болғаннан кейін пайдаланылған газ шығаратын түтік жүйесі және өшіргіш (глушитель) арқылы сыртқа шығарылып тасталады.
Карбюратолы автомобиль қозғалтқыштары негізінен бензинмен немесе газбен жұмыс істейді. Қозғалтқыштың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету үшін бензиннің жақсы буланғыштық және жеткілікті детонациялықт беріктілік болуы керек.
1.5- сурет. Қарапайым карбюратор: 1- қалтқы, 2- қалтқы камерасы, 3- отын өткізгіш, 4- жапқыш ине, 5- қалтқы камерасының саңылауы, 6- ауа сүзгісі, 7- ауа қалқалағышы, 8-диффузатор, 9- тозаңдатқыш, 10-дрюссель қалқалағышы, 11- араластыру камерасы, 12- жиклер.
Детонация
Детонация - бұл қопарылыс тәрізді отынның тез жануы. Бензин мен ауа қоспасының қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация дейді. Қозғальтқыштың осындай жағдайда жұмыс істеуіне болмайды, өйткені, поршеньге, поршень саусақтарына, бұлғаққа және түпкі подшипниктерге соққылы күшпен, бөлшектердің жергілікті қызуымен, поршеньдердің және клапандардың жануымен, түтін шығуымен қозғалтқыш қуатының төменділуімен және отын жұмсалуының артуының қабаттаса жүреді. Оның пайда болуына поршень мен цилиндрдің қалпақшасында күйенің қалыңдауы, ерте оталу т.б. әсер етеді.
Бензин екі отын қоспасымен - гептанмен және изооктанмен салыстырылады. Гептан күті детонацияланады және октан саны ол үшін шартты түрде нөлге тең деп алынады. Изооктан нашар детонациялайды және октан саны ол үшін шартты түрде 100 бірлікке тең деп алынады.
1.6-сурет. Карбюраторлы ВАЗ қозғалтқышын қоректендіру жүйесі. 1- ауа фильтрі, 2,3 - енгізу және шығару түтіктері, 4- карбюратор, 5- отын өткізгіші, 6- бак, 7-сорғы, 8- өшіргіш түтігі, 9,10 - қосымша және бас өшіргіш.
Отындағы октан саны деп детонациялық беріктілігі бойынша сыналатын отынмен бірдей болатын қоспадағы изооктан мен гептанның пайыздың құрамын атайды. Мысалы, егер 93% изооктаннан және 7% гептаннан (көлемі бойынша) тұратын қоспа детонациялық қасиеттері бойынша сыналатын бензинге сәйкес келсе, онда мұндай бензиннің октан саны 93-ке тең болады. Отындағы октан саны неғұрлым жоғары болса, оның детонацияга қарсы беріктілігі соғұрлым артығырақ болады.
ГОСТ -қа сәйкес автомобиль бензиннің маркасы шығарылады: А-66, А-72, А-76, А-90, А-95, Аи -93 эәне АИ -98. А әрпі автомобиль бензині екендігін, ал цифрасы - бензиннің октан саның көрсетеді. Бензиннің АИ -98 маркасынан басқалары жаздық және қыстық болып бөлінеді.
Антидетонациялық беріктігін арттыру үшін кейде бензинге антидетонатор (этил сұйығы) құйылады. А-72 маркалы бензин эитлденбеген. Өнеркәсіп басқа маркалы бензиндердің этильденбеген де түрлерін шығарады. Этилденбеген бензиндер мынандай түстерге боялған: А-66- қызғылт сары, А-76 жасыл, А-93 көк және АИ -98 сары.
Қауіпсіздік техникасының ережелері қатаң сақталуы керек, өйткені, ол оңай тұтанады. Боялған бөлшектер мен резеңкеге тамған бензин оларды бүлдіреді, бляу мен резеңкені ерітеді.
Этильденген спиртпен жұмыс істеген кезде өте сақ болу керек, өйткені, ол адам ағзасына тигенде уландыру мүмкін. Этильденген бензинмен қолды, бөлшектерді, киімді жууға, шлангімен ауызбен сорып пайдалануға тиым салынған. Этильденген бензин теріге тиген жағдайда, дереу керосинмен, сонан соң сабынды суумен жуу керек.
Бензин насосының құрылысы 7.3 – суретте көрсетілген ГАЗ–53 автомобильінің мысалында қараймыз. Қорап (2) үстіне қосалқы қорап (7) орналасады және ол қақпақпен (6) жабылады. Негізгі қорап (2) пен қосалқы қорап аралығында мембрана (3) бекітіледі. Ол ортасында оське (10) берік бекітіліп, осьтің екінші ұшы рычагқа (13) киіліп тұрады. Мембрананы жоғары қарай серіппе (9) итереді, ал рычаг (13) арнаулы жетекке бекітілген жұдырықшша тәрізді эксцентрикпен қозғалысқа келгенде, мембрананы төмен итереді.
|
1.7. – сурет – Бензин насосының құрылысы
1 – қол тұтқасы; 2 – қороп; 3 – диафрагма; 4 – сору клапаны; 5 – сору каналы; 6 – қақпақ; 7 – клапандар қоробы; 8-айдау клапаны; 9, 12 серіппе; 10 – шток; 11 – тірек; 13-тірек
Ауа тазартқыш. Ауа құрамында көптеген газдардың - оттегінің, азоттың, сутегінің, т.б. - болатыны белгілі. Отынның жануы үшін ауа құрамында массасына орай 23% -ке жуық оттегі болады.
|
1, 22 - корпус; 2,10,11,12,16 – түтіктер; 6,18,24 - резеңке төсемдері; 13 - термореттегіш, 14 – шланг; 15 – термоэлемент; 19 - сүзгіш элементтері; 21 - ілгешек, 25 - қалқағыш
7.4 – сурет – Қарапайым (а) және термореттеуішті (б) ауа сүзгісі
Егер ауаны тазартпаса, онда бір жұмыс сменасында мотордың цилиндріне бірнеше килограмм шаң түсуі мүмкін. Оның қатты бөліктері цилиндрдің, поршеньнің және басқа қажалатын бөлшектердің жылдам тозуын тездетеді. Цилиндрге түсетін ауаны тазартпай автомобиль жұмыс істеуге жарамайды.
Ауа тазартқыштары сұйықты және қүрғақ элементті болып екіге бөлінеді. Автомобиль моторларының көбінде құрғақ ауыстырмалы қағаз немесе картоннан жасалған фильтр элементтерін қолданады.
1.2 Оталдыру жүйесінің ақаулары
Оталдыру жүйесін күту жұмысын айналмалы бөлшектерді майлап және өткізгіштер мен түйіспелердің қосылған жерлерін таза ұстау деп түсіну керек.
Жұмыстың шаң-тозаңның ортасында өтетін кезі болғанда оталдыру жүйесінде ақау түсуінің барлығына кір мен тозаң себеп болады.
Майлағанда майдың жетіспеуі қаншалықты зиянды болса майдың артық болуы да соншалықты зиянды екені жөніндегі ережені естен шығармау керек. Майдың артығы изоляциялаушы бөлшектерге тиіп, олардың изоляциялаушылық қасиетін жойып жібереді. Майдан орамдар бұзылады, конденсатор істен шығады, үзгіштің түйіспелері бұзылады, себебі ұшқын шығаратын түйіспелер, әсіресе минералдық майлардың буынан тез бұзылатындығы байқалған.
Саңылаудың мөлшері щуппен өлшенеді. Түйіспелердің арасындағы саңылау ең үлкен ажырап кеткенде 0,3-0,4 мм-ге тең болуға тиіс.
Саңылаудың керекті шамасын орнату үшін үзгіш тесігінің түйіспелік винті бір жағына қарай бұрап жеткізіледі. Винттің түйіспесі арнаулы кілтпен бұралады. Үзгіштің түйіспесін қараған кезде, бірінші орамның изоляцияланған ұшы қосылған щетка мен үзгіштің қосылған жерінің түйіспесін де тексеру керек. Түйіспенің бетінде тозаң және жасыл дақ пайда болса, оларды тазарту керек.
Ұшқынның жоқтығынан цилиндрлердің біреуі жұмыс істемейді. Мұндай жағдайларда берілген жұмысты орындауға мотордың қуаты жетіп тұрғанының өзінде мотордың жұмысын одан әрі созуға тіпті болмайды. Жұмыс істемейтін цилиндр жанғыш қоспаны сорып ала береді де, ол қоспа жанбай конденсацияланып, цилиндрдің ішкі бетіне сұйық отын қаптайды, бұл сұйық отын цилиндрдің қабырғаларынан мотор картеріне құйылады. Мотордың картеріне құйылған отын жағармайды сұйылтып, мотордың барлық үйкелетін бөлшектерін бүлдіре бастайды. Сонымен қатар, жұмыссыз цилиндр иінді білікке жүктің біркелкі түспеуіне себеп болады.
Мотордың жұмысты дұрыс не бұрыс істеп тұрғанын дыбысына қарай айыруға болады. Егер, мысалы, төртінші цилиндр жұмыс істемей қалса, онда мотордың дыбысы өзгереді. Тіпті мотордың іркіліп соққанын байқауға болады, бір, екі, үш, тыныс т.т мұны "мотор үш соқты" деп те айтады.
Ұшқынның шықпай қалу себебін анықтаудан бұрын, мотор тоқтағанша қай цилиндрдің жұмыс істемейтінін біліп алу керек. Жұмыс істемейтін цилиндрді анықтау үшін жеке шамдарды кезекпе-кезек массаға қосады да, шығару дыбысына қарай бұзылғаны қайсысы екенін табады. Шамның орталык электродын массаға қосқанда шығару дыбысы өзгерсе, онда цилиндр дұрыс жұмыс істейді. Егер дыбысы өзгермесе, цилиндр жұмыс істемейді.
Тәжірибелерге қарағанда, тарату-үзгіш түрлерінің қайсысы болғанда да шамдардың бұзылуынан бір не екі цилиндр жұмыс істемейді. Міне, сондықтан алдымен шамды тексеру керек. Өзімізге белгілі оны не күйе басуы мүмкін, не саңылауы дұрыс болмауы немесе изоляциясы жарылған болуы мүмкін.
Күйені тазартып кетіреді, саңылауды реттеп орналастырады, фарфор жарылған болса, изоляторды немесе шамды бүтіндей алмастырады. Кейде цилиндр шамнан басқа себептерден істемей қалады, оны жұмыс істейтін цилиндрдің шамдарын жұмыс істемейтін цилиндрдің шамдарына алмастыру арқылы анықтауға болады.
Сымдар түзу болғанда, көп цилиндрлі мотордың бір немесе екі цилиндрінде ұшқын туғыза алмай магнетоның бұзылуы таратқыштың түйіспелерінің сынуынан немесе олардың ластануынан не, т.б. бұзылуынан болуы мүмкін.
Моторды жүргізер алдында барлық шамдардан ұшқын шықпайды немесе мотор жұмыс істеп тұрып, бірден кенет тоқтап қалады. Тарату-үзгішпен оталдырған жағдайда алдымен шамдарды тексеру керек, жоғары кернеулі түйіспелердің ұшқын беретіндігін тексеру керек. Ол үшін сымның бір ұшын жоғары кернеулі түйіспеге басып тұрып, екінші ұшын массадан 3-5 мм аралықта ұстау керек. Тарату-үзгіш роторы айналдырғанда ұшқын шықса, онда әрине орамның, конденсатордың және үзгіштің түзу болғаны, бұзылған жерді жоғары кернеулі токтың якорьден тысқары жолынан іздеу керек.
Ұшқын шықпай қалса, үзгіштің түйіспелерінің күйін және олардың арасындағы саңылауды тексеру керек. Егер барлық қолданған шаралардан кейін бәрібір ұшқын шықпаса, онда сөз жоқ орам немесе конденсатор бұзылған. Конденсатордың бұзылғандығын үзгіштің түйіспелерінің арасындағы айқын ақ ұшқынға қарап анықтауға болады. Шамдардың бәрінің жанбай қалуына моторды тоқтатқанда бірінші орамды массаға қосатын түйіспе мен сымның бұзылғандығы да себеп болады.
ІІ. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Қозғалтқыштың оталдыру жүйесін жөндеу
Оталдыру приборларының ақаулығы. Оталдыру системасында ақаудың болуы цилиндрлердегі жұмыс қоспаның тұтану моментінің бұзылуына, свечалардың үздік-создық істеуіне немесе ұшқын түзілудің тольгқ тоқтатылуына әкеп соктырады.
Жоғары кернеулі токтың бар-жоғын тексеру үшін бөлгіштің қақпағын шығарады, орталық контактінің ұясынан кернеулі сымды суырып алып, тұтандыруды косады да, жоғары кернеулі сымның ұшын двигательден (массадан) 4—5 мм кашықтықта ұстап тұрып, оның иінді білігін тұтқамен немесе стартермен айналдырады. Үзгіш контактілерінің әрбір ажыратылуы сайын сым мен масса арасында ерекше сыртылдаған дыбыс шығаратын күшті ұшқын пайда болуы тиіс. Егер ұшқын болмаса, онда үзгіштің, конденсатордың, тұтандыру катушкасының және оларды жалғастырып тұратын сымдардың күйін, ал егер бар болатын болса — бөлгіштің, тұтандыру свечаларының күйін және тұтандырудың орнатылуын тексеру қажет.
Төменде тұтандыру приборларының негізгі ақаулары сипатталған,.
Үзгіш: контактілердің күюі, олардың арасында қалыпты саңылаудың болмауы, контактілердің ажырау моментінің бұзылуы (тұтандырудың өте ерте немесе кеш болуы), үзгіш білікшесі мен втулкаларының тозуы. Үзгіштің күйген контактілерін тазартады. Контактілер арасындағы саңылауды қалыпты шамаға дейін келтіріп реттейді. Контактілердің ажырауының дұрыс моменті бүзылғанда тұтандырудың орнатылуын анықтайды. Тозған білікшелер мен втулкаларды алмастырады.
Бөлгіш: жоғары кернеулі токтың шығындалуын (массаға өтуін) тудыратын, бөлгіштің қақпағы немесе роторындағы сызаттар: көмір контактінің тозуы немесе жоғалуы. Мұндай жағдайларда бөлгіштің ақаулы детальдарын жаңаларымен алмастырады.
Конденсатор: астарлардың арасындағы изоляцияның тесілуі немесе изоляцияланған астардың шығарушы өткізгішінің үзілуі. Мұндай ақаулықтың белгісі — үзгіш контактілерінің тез күюі және двигательдің үздік-создық жұмыс істеуі. Ақаулы конденсаторды алмастырады.
Тұтандыру катушкасы: орамдардың үзілуі, орам аралық тұйықталу немесе карболитті қақпакта сызаттың пайда болуына байланысты токтың массаға етуі. Катушканы шеберханада арнаулы стендіде тексеріп, ақаулы болса алмастырады.
Тұтандыру свечалары: электродтар арасындағы саңылаудың қалыпты шамасының бұзылуы; орталық электродтың изоляторында күйенің болуы, ол токтың ұшқын аралығынан тыс шығындалуына себепші болады; жоғары кернеулі токтың свечаның корпусына тесіп өтуін тудыратын изолятордың сызаты.
Свеча ақаулығының жалпы белгісі — цилиндрдің үздік-создық жұмыс істеуі. Егер свечадан сымды ажыратқанда двигательдің жұмысы өзгермесе, свечаның ақаусыз болғандығы.
Свеча электродтарының арасындағы қалыпты саңылауды оның бүйірлік электродын қажетті жағына қарай ию арқылы қалпына келтіреді. Свечалардың ішкі бетіндегі күйені арнаулы приборда немесе оны бензинмен жуып, абайлап жағу жолымен тазартады. Изоляторы зақымданған свечаны алмастырады.
2.2 Оталдыру жүйесін күту
Оталдыру жүйесінің күту жұмысын айналмалы бөлшектерді майлап және өткізгіштер мен түйспейлердің қосылған жерлерін таза ұстау деп түсіну керек. Жұмыстың шаң – тозаңның ортасында өтетін кезі болғанда оталдыру жүйесінде ақау түсуінің барлығына кір мен тозаң себеп болады. Майлағанда майдың жетіспеуі қаншалықты зиянды болса майдың артық болуы да соншалықты зиянды екені жөніндегі ережені естен шығармау керек. Майдың артығы изоляциялаушы бөлшектерге тиіп, олардың изоляциялаушылық қасиетін жойып жібереді. Майдан орамдар бұзылады, конденсатор істен шығады, үзгіштің түйіспелері бұзылады, себебі ұшқын шығаратын түйіспелер, әсіресе минералдық майлардың буынан тез бұзылылатындығы байқалған. Саңылаудың мөлшері шруппен өлшенеді. Түйіспелердің арасындағы саңылау ең үлкен ажырап кеткенде 0,3-0,4 мм-ге тең болуға тиіс. Саңылаудың керекті шамасын орнату үшін үзгіш тесігінің түйіспелік винті бір жағына қарай бұрап жеткізіледі. Винттің түйіспесі арнаулы кілітпен бұралады. Үзгіштің түйіспесін қараған кезде, бірінші орамның изоляцияланған ұшы қосылған щетка мен үзгіштің қосылған жерінің түйіспесін де тексеру керек.
Түйіспенің бетінде тозаң және жасыл дақ пайда болса, оларды тазарту керек. Ұшқынның жоқтығынан цилиндірлердің біреуі жұмыс істемейді. Мұндай жағдайларда берілген жұмысты орындауға мотордың қуаты жетіп тұрғанының өзінде мотордың жұмысын одан әрі созуға тіпті болмайды. Жұмыс істемейтін цилиндір жанғыш қоспаны сорып ала береді де, ол қоспа жанбай коденсацияланып,цилиндірдің ішкі бетіне сұйық отын қаптайды, бұл сұйық отын цилиндірдің қабырғаларын мотор картеріне құйылады. Мотордың картеріне құйылған отын жағармайды сұйылтып, мотордың барлық үйкелетін бөлшектерін бүлдіре бастайды. Сонымен қатар, жұмыссыз цилиндр йінді білікке жүктің біркелкі түспеуіне себеп болады. Мотордың жұмысты дұрыс не бұрыс істеп тұрғанын дыбысына қарай айыруға болады. Егер, мысалы, төртінші цилиндір жұмыс істемей қалса,онда мотордың дыбысы өзгереді. Тіпті мотордың іркіліп соққанын байқауға болады, бір, екі, үш, тыныс т.т мұны «мотор үш соқты» деп атайды. Ұшқындар шықпай қалу себебін анықтаудан бұрын, мотор тоқтағанша қай цилиндірдің жұмыс істемейтінін біліп алу керек. Жұмыс істемейтін цилиндірді анықтау үшін жеке шамдарды кезекпе –кезек массаға қосады да, табады. Шамның орталық электрондын массаға қосқанда шығару дыбысы өзгерсе, онда цилиндір дұрыс жұмыс істемейді. Егер дыбысы өзгермесе, цилиндр жұмыс істемейді.
Тәжірибиелерге қарағанда, тарату-үзгіш түрлерінің қайсысы болғанда да шамалардың бұзылуынан бір не екі цилиндр жұмыс істемейді. Міне, сондықтан алдымен шамды тексеру керек. Өзімізге белгілі оны не күйе басуы мүмкін, не саңылауы дұрыс болмауы немесе изоляциясы жарылған болуы мүмкін. Күйені тазартып кетіреді,саңлауы реттеп орналастырады, фарфор жарылған болса,изоляторды немесе шамды бүтіндей алмастырады. Кейде цилиндр шамнан басқа себептерден істемей қалады, оны жұмыс істейтін цилиндірдің шамдарына жұмыс істейтін цилиндрдің шамдарына алмастыру арқылы анықтауға болады. Сымдар түзу болғанда, көп цилиндрлі мотордың бір немесе екі цилиндірінде ұшқын туғыза алмай магнетоның бұзылуы тартқыштың түйіспелерінің сынуынан немесе олардың ластануынан не бұзылуынан болуы мүмкін. Моторды жүргізер алдында барлық шамдардан ұшқын шықпайды немесе мотор жұмыс істеп тұрып,бірден кенет тоқтап қалады. Тарату –үзгішпен оталдырған жағдайда алдымен шамдарды тексеру керек, жоғары кернеулі түйіспелердің ұшқын беретіндігін тексеру керек. Ол үшін бір ұшын жағары кернеулі түйіспеге басыр тұрып, екінші ұшын массадан 3-5мм аралықта ұстау керек. Тарату-үзгіш роторы айналдырғанда ұшқын шықса, онда әрине орамның,конденсатордың және үзгіштің түзу болғаны, бұзылған жерді жоғары кернеулі токтың якорден тысқары жолынан іздеу керек.
Карбюраторды реттеудің әдістері. Автомобиль қозғалтқыштарын іске қосу және қыздыру бензин арқылы орындалады. Іске қосу процесі мынадай тәртіппен орындалады.
Қалтқы камерасындағы отын тексеріледі, егер ол керосин болып шықса, камераның түбіндегі ағызып жіберу шүмегін ашып, керосинді ағызып алады. Содан кейін қалтқы камерасын бензинмен толтырады. Инені шамамен алғанда, 1-1,5 рет айналдыру арқылы жиклер ашылады. дроссель жапқышы 1/3 шамасында ашылады. Содан соң құю шүмегіне бензин құйылады, ауаның жолы жабылады және жүргізуге қажет талаптардың бәрі де орындалған болса, қозғалтқыш жүргізіледі.
Қозғалтқыш жүріп кетісімен, қоспаның аса байып кетуі салдарынан оның тоқтап қалуына жол бермеу үшін дереу аауа жапқышын ашу керек. Жүргізіп жібергеннен кейін, толық қызғанша біраз уақыт бензинмен жұмыс істету керек.
Жұмыс жағдайына қарай қозғалтқыштан ең көп қуат алу қажет болса, машинаға салмақ түсіп келе жатқанда реттеу аздаған байыған қоспа алынатындай етіп жүргізіледі. Қозғалтқыштан ең көп қуат талап етілмейтін жағдайлардың бәріндеде реттеуді отыны азайтылған қоспа алынатындай етіп жүргізу керек, бұл отынның аз шығындалуын қамтамсыз етеді. Автомобильдің жұмыс процесі кезінде әрдайым толық қуатпен жұмыс істеуге еле бермейтіндігін еске алып, карбюраторды отыны азайтылған қоспа алынатындай етіп реттеу қажет, ал қажет бола қалған жағдайда, мысалы, автомобиль шаңды аймақта жұмыс істегенде немесе өрге қарай жүргенде, т.б. , жиклердің инесінің ашылуын арттырып, яғни қоспаны байытып реттеу керек. Айта кететің нәрсе: шығару түтігінен қаратүтін шыққанша жиклердің ашылуын одан әрі арттыру, қозғалтқыштың қуатын арттырмай, тек отының шығының ғана арттырады.
Тағы бір айта кететің нәрсе, аса отыны аз қоспа, отынның шығының кемітпей, қозғалтқыштың аса қызып кетуін тудырады. Қозғалтқыш аса қызып кетсе, цилиндрлердің қабырғасындағы майлау майы бұзылады, шығару клапандары күйіп кететін болады, кейде тіпті поршеньнің түбінде жарық пайда болады. Қозғалтқыш салмақпен жұмыс істеу прцесінде, жиклердің ашылуын кеміту, яғни отынды үндемдеу, карбюратордың реттелуін бақылап отыру керек, өйткені автомобильдің жұмыс жағдайы үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, автомобиль әр түрлі жағдайда, мысалы, құмда, жолсыз тастақты жерлерде жұмыс істеген болса, мұндай жерде қозғалтқыш жұмысты толық қуатын салып істейді, ал тегіс тас жолдарда жүргенде автомобиль толық қуатымен жұмыс істемейтін болады. Сондықтан қоспаның отының азайту қажет.
Тәулік бойына ауа температурасының едәуір өзгеруі де (бұл әсіресе ТМД -ның кейбір аудандарында) ауаның өзіндік салмағынның өзгеретіндігіне байланысты, жиклердің қиығын өзгертуді талап етуі мүмкін.
Бос жүріс кезінде жұмысты тұрақты және үнемді істеу үшін карбюраторды реттеу былай жүргізіледі. Дрюссель жапқышын жаба түсіп, қозғалтқышқа аз айналыс беріледі, содан кейін, ақырын жүріс инесін батыра немесе шығара бұрып, тұрақты, яғни біркелкі, үздіксіз жұмыс істеу және шығарылатын газдың түтінсіз болуы қамтамасыз етіледі. Айта кететің нәрсе, бос жүріс кезінде отынды мейлінше аз жұмсап, тұрақты жұмыс істеуді айналу жиілігін біраз арттырып, бірақ қоспаны оңша байытпау жолымен жүзеге асыруға болады.
Міне сондықтан да карбюраторды бос жүріс кезінде реттегенде дрюссель жапқышының орнату бұрмасының және бос жүрістің реттеуіш инеснің күйін отын өте аз жұмсалатындайетіп қоя білу керек. Дрюссель жапқышының бұрамысын және ақырын жұріс инесін мейлінше дәлді орнату үшін бұрмас мен ақырын жүріс инесінің күйін әр түрлі етіп алып, бос жүріс кезінде отынның жұмсалуын өлшеп көру керек болады. Карбюраторды дұрыс ретте, яғни қозғалтқыштың жұмыс жағдайна қарай жиклердің ашылуын дұрыстап қою, негізінен алғанда, отынның үнемделуі мәселесін шешу деген сөз болып шығады.
Жиклерді ағып өтуіне қарай тарировкалайтын аспаптың сызбасы 2.1-суретте келтірілген. Аспаптың негізгі бөлігі қысым беретін түтік (5) болып келеді, түтіктің төменгі жағы адаптермен (6) жалғасады, бұған сыналатын жиклер (7) жалғастырылады. Қысым беретін түтікке су шүмек (2) және қалтқы камерасы (3)арқылы бактан (1) келеді. Қысым адаптерге жалғастырылған бақылау түтігіндегі (9) су бағанның биіктігімен өлшенеді. Талап етілетін шамасы шүмектің (4) көмегімен анықталады. Жиклердің ағып шығатын су сынау кезінде өлшеуіш мензуркаға (8) ағызып алынады. Аспанды орнатқанда және оны реттегенде, сондай -ақ сынап болған соң өлшеуіш мензурканы алып қойғаннан кейін де, суды ағазып алу үшін арнаулы кішкентай ыдыс қойылады.
Сынаудың нақ алдында ағып өтудің қысымы тұрақты берілген мөлшерге жіткенде дейін (әдетте су бағанның 1000 мм) реттеуші шүмекті (4) бірқалыпты аша беру қажет. Қысым бақылау түтігі (9) бойынша анықталады.
2.1- сурет. Жиклердің сынайтын құралдық сызбасы
Қайтарғаштың көмегімен сынап көрген кезде сыналып отырған жиклерден ағып шығатын су өлшеуіш мензуркаға (8) қарай бағытталады. Мұнымен бір мезгілде секунд өлшеуіш жұмысқа қосылады. 1 минут уақыт өткен соң өлшеуіш ыдыста жиклерден ағып шыққан судың мөлшері анықталады. Калибрленген тесіктері әр түрлі бірнеше жиклер бірден сыналады. Сынау жұмысы аяқталған соң қозғалтқыштың жұмысты ең көп үнемді істеуіне сәйкес келетін жиклер таңдап алынады.
Қоспаны жылыту. Жаңғыш қоспаны даярлау үшін жоғарыда көрсетіліп өткендей, не ауаны немесе қоспаны жылытудың маңызы өте зор. Ауаны жылытқанда араластыру камерасында қоспаны даярлаудың сапасы жақсарады. Қоспаны жылытса, қоспаны даярлаудың сапасы жақсарумен қатаар, отынның сору түтігінде конденсациялау мүмкіндігі жойылатын болады. Кейде қалтқы камерасындағы отында жылытылады. Бұл әдістер әр түрлі комбинацияда қолданылады, ауа да және жаңғыш қоспа да, бірден жылытылатын реттер де кездеседі.
ІІІ. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
2.3. Еңбек қорғау және өндірістегі өрт қауіпсіздігі
Еңбек қорғау жұмысының басты міндеті — еңбек етудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін және өндірістік процестерді жеңілдететін шараларды жүргізу. Еліміздің үкіметі бұл мәселеге зор көңіл аударып, еңбек қорғау шараларына қыруар қаржы бөлуде. Техника қауіпсіздігі бойынша жүргізілетін жұмысты автотранспорт кәсіпорнының бас инженер маманы ұйымдастырады. Цехтар мен автоколонналарда қауіпсіздік ережелерінің орындалуына цехтар мен автоколонналардың бастықтары, механиктер мен шеберлер жауап береді. Жұмысқа жаңадан қабылданатын жұмысшыларды техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаумен таныстырған соң ғана жұмысқа жібереді.
Оқушылар техника қауіпсіздігінен нұсқау алған соң арнаулы журналға қол қояды.
Төгілген жанар май мен майлау материалдарын құм немесе ағаш үгіндісін қолдана отырып, дереу жинап тазартады. Пайдаланылған сүрту материалдарын үй-жайлардан тыс жерге орналастырылған металл жәшіктерге жинастырады. Жөндеу жұмысындағы жұмысшылардың жұмыс орны жақсы жарықтандырылып, автомобильдер кездейсоқ өтіп кетпейтін етіп қоршалған болуы керек. Автомобильдің астында тұрып істелетін жұмыстарға арналған үй-жайдың көтергіштермен, байқап қарайтын жыралар немесе эстакадалармен жабдықталғаны жөн. Байқап карайтын жыралар мен эстакадалардың бағыттаушы сақтандырғыш бұдырлары болуы тиіс.
Автомобильдерді жүргізу жэне техникалық баптау кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Жүргізуші жолға шығар алдында автомобильдің ақаусыздығына көз жеткізуі тиіс. Экскаватормен немесе кранмен жүк тиеп-түсірген кезде жүргізуші кабинадан тыс жерде болуы керек. Жол үстінде доңғалақтардың астына орнатылған сақ-гандырғыш тұғыр және таянышсыз (тірек төсемсіз) домкратқа койылған автомобильдің астында жұмыс істеуге тыйым салынады. Жүргізуші автомобильдің астында жұмыс істегенде автомобильді бойлай немесе автомобильдер көп жүріп жаткан бөліктің қарама-қарсы жағынан жатуы керек.
Техникалық баптау постына қойылған автомобиль астында жұмыс істеуді бастау алдында көрнекі жерге «Қозғалтқышты оталдыруға болмайды, жұмыс істеп жатырмын» деген жазуы бар кішкене тақтайшаны іліп қою керек және майдың, жанар май мен электролиттің ақпайтындығына көз жеткізу қажет. Жұмыс кезінде саймандар мен детальдарды автомобильдіц рамасына, есігініц баспалдағына және басқа бөліктеріне қоймау керек, өйткені олардың жұмыс істеп жатқан адамға құлап түсуі мүмкін.
Бензин мен антифризді пайдалану ережелері. Бензин — теріге тисе тітіркендіретін, тез тұтанғыш зат. Бензин сақталған ыдыстармен (шелектер, бөшкелер, банкалар) жұмыс істегенде ерекше сақтық жасау керек, ейткені ыдыста бар бензин буы ашық отпен жанасқанда тұтанып, қопарылыс береді.
Этильденген бензиннің кұрамында күшті у болып саналатын тетраэтилді қорғасын болады. Оның зиянды әсері тек организмге сіңгенде ғана емес, сондай-ақ теріге тигенде де байқалады. Сондықтан этильденген бензинді шелекпен құюға болмайды және бензинді шлангі арқылы ауызбен соруға тыйым салынады. Сондай-ақ этильденген бензиннің буымен тыныс алуға болмайды.
Этильденген бензин теріге тиген жағдайда бұл жерді алғаш керосинмен, соңынан сабынды жылы сумен жуу қажет. Жерге төгілген этильденген бензиннің үстіне құм сеуіп, оны тазартқан соң бұл жерге 2—3 сағаттай жұқа қабатпен хлорлы ізбес тегеді. Жөндеу жұмысы кезінде этильденген бензинге жанасқан детальдар мен агрегаттарды керосинде 10—15 мин ұстау арқылы зиянсыздандырады. Детальдарды тазартып, оны жуу кезінде резеңке қолғап пайдалану керек. Жұмысты арнаулы шкафта сақталатын өндірістік киімдерді киіп алып істеу керек. Қоғамдық орындар мен тұрғын үй-жайларға бұл киіммен кіруге болмайды.
Этильденген бензин және антифризбен жұмыс істеуге оқушылар жіберілмейді.
Бұдан басқа, барлық автотранспорт кәсіпорындары мемлекеттік өрт бақылау органдарының жарлықтары мен жергілікті өрт күзетінің автомобильдерді пайдалану, құрылыс-жөндеу жұмыстары мен автотранспорт кәсіпорындарын қайта құру кездерінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауларын орындауға міндетті.
Автомобильдерді жөндеуге арналған үй-жайлар мен қосымша орындарда шылым шегуге, ашық отты, тасымалданатын кәрікті, дәнекерлеуіш лампыны пайдалануға, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға тыйым салынады. Автомобильдер тұратын, жөнделетін және оларға техникалық баптау жасалатын үй-жайларда жанар май мен майлау материалдарынан босаған бос ыдыстарды сақтауға тыйым салынады.
Автомобильдер тұратын жер аймағында автомобиль жана бастаған жағдайда баска автомобильдердің жануын болдырмау үшін оны бұл аймақтан дереу буксирлеп шығарып, отты сөндіру шараларын қолдану керек. Автомобиль өртенгенде өртті қою көбікті немесе көмір қышқылды өрт сендіргішпен сөндірген жақсы. Жолда кетіп бара жатқанда өрт шығатын болса, жалынын кенеппен немесе басқа тығыз материямен жауып, от ордасын сөндіреді де жанып жатқан жерге құм, топырақ сеуіп кемеді. Жанып жатқан двигательді сумен сөндіруге болмайды, өйткені ол өрттің ордаланып таралуына себепші болады.
Еңбекті қорғаудың негізгі мақсаты барлық жұмысшылардың қауіпсіздік техникалық ережелерін, өндірістік санитарияны және гигиенаны сақтаулары. Жұмысшылардың осы ережелерді сақтамаулары көптеген жағдайда бақытсыз жағдайларға әкеліп соқтырады.
Еңбекті қорғау үшін күрделі жөндеу кәсіпорындарында ұйымдастыру жұмыстарын іске асыру арқылы атқарады . Кәсіпорындағы техникалық қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмысын жақсырту техникалық қауіпсіздікті сақтау инженеріне жүктеледі.
Бөлімшенің бастығы аға инженерімен бірге жұмысшыларда техникалық қауіпсіздік сақтауға үйретуі қажет.
Барлық жұмысшылар жұмысқа қабылданған кезде міндетті түрде техникалық қауіпсіздік ережелерінен нұсқау алуы қажет.
Арнайы құрылған комиссия алдағы уақытта жылына бір рет техникалық қауіпсіздігінен жұмысшылардан сынақ алуы қажет.
Жүк көтеру машиналарының жүргізушілері жұмысқа арнайы оқығаны жөнінде анықтамасы болмаса жібермелуі керек сонымен қатар айналмалы бөлігінің сырты қораппен жабылуы қажет.
Бөтен шулар мен тербелістер еңбек етушілердің денсаулығына зиянды әсер етеді. Олардың еңбек өнімділігін төмендетеді. Дыбыстар жұмысшының орталық жүйесіне тыңдау жүйесі арқылы жетіп , жүйкені қоздырып отырады. Дыбыстар әсерінен еңбек өнімділігі 60% дейін кемуі мүмкін. Дыбыстарды азайту үшін бірнеше құрылыстың, инженерлік техникалық жұмыстар атқарылады. Жону станоктары шуды аздау шығаруы үшін тербеліс азайтқыш, дыбысты жұту құралдарын пайдаланады. Слесарлық верстактарда дыбыс азаюы үшін үстінгі қабатына арнайы жұмсақ дыбыс жұтқыш заттар салынады.
Тербеліс кезінде жұмысшының нерв жүйесі, жүрек қан тамырлары, жалпы шаршағандық пайда болуы мүмкін. Сол үшін жұмыс атқару құралдарына , электрлі құралдарға техникалық дұрыс қызмет көрсету сақтау қажет. Белгілі уақыт өткен соң тексеріп , жөндеуден өткізіп отыруы қажет.
Агрегатты жөндеу және құрастыру процесстері үлкен агрегаттарды көтеріп тасымалдау жұмыстарымен байланысты , осыған байланысты бөлімшедегі көтеріп тасымалдау құралдары ақаусыз болуы тиіс және оларды тікелей мақсатта пайдалану қажет .
Бұл жабдықтарды пайдалануға арнайы дайындықтан өткен жұмысшылар жіберілуге тиіс . Тальтердің және ілгіштердің техникалық жағдайы жұмысқа жарамды болуы қажет .
Жұмыс аспап – саймандары жарамды болуы тиіс.
Электр қуатын пайдаланатын құрал – саймандардың жермен тұйықталған , электр сымдары үзіксіз , жалаңаштанбаған жұмсақ жарамды болуы тиіс , резина кілемшелерімен қолғаптарды киіп пайдалану қажет .
Агрегаттық бөлімшесі өрт өшіретін құралдары мен жабдықталуы және өрт сөндіруші тобы құрылуы қажет.
Бөлімшеде бөлшектрді жуу барысында бөлінетін булар, зиянды иістер желдеткіштер арқылы бөлімшеден шығаруы тиіс.
Жобаланған болімше басқа болімдермен ара қатынасы арнайы өртке төзімді қабырғалар арқылы болінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Автобильдердің электр жабдықтары тұрақты және мүмкіндігінше өзгереді.
Автомобильдердың электр жабдықтары жүйесі ең күрделі жүйелердің бірі болып табылады. Сондықтан әр жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу принципін біліп қоймай, тізбекте бірігіп жүйелі түрде жұмыс істеуін білу керек. Тасымал көлігінің негізгі міндеттері - халық шаруашылығын өнімдерін және тұрғындарды тасымалдауды сапалы да, толық қанағаттандыру, жұмыстың экономикалық тиімділігін арттыру. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қозғалтқыштан шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты.
Мысалы, Еуропалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді қозғалтқыштарды пайдалануға тыйым салынған.
Қазіргі автомобиль қозғалтқыштарында орталық, және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
Электрлік жабдықтар жүйесінің құрылысы мен жұмысын жеткілікті игеру болашақ маманға электр жүйесінде кездесетін ақауларды айқындауға және уақытылы қызмет көрсету ережесін орындауға көмегін тигізеді.
Сондықтан олардың сигналдау мен жарық беру жүйесінде өзіндік өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бұл жүйе автомобильдердің электр жабдықтарында ерекше орын алады және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Берілген зертханалық жұмыстағы шарттарды орындау теориялық білімді қорытуға және оларды терең меңгеруге өзіндік әсерін тигізеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жүнісбеков П.Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы: Оқулық – Астана: Фолиант, 2007-360
2. Жүнісбеков П.Ж, М.Т.Жетпейісов, Г.А. Маметалиева, М.С. Дүйсенбаев Автомобильді жөндеу және техникалық қызмет
3. Баутин В.М. Экономика агросервиса. М. Информагротех. 1994.
4. Батищев А.И. Восстановление деталей с/х техники. М. Информагротех. 1995.
5. Варнаков В.В. Технический сервис машин с/х назначения. М. «Колос». 2003 г.
6. ГОСНИТИ. Комплексная система ТО и ремонта машин в сельском хозяйстве. М. 1990.
7. ГОСНИТИ. Система ТО и ремонта машин по результатам диагностирования. М. Информагротех,1995.
8. Дюмин И.Е. «Ремонт автомобилей». М. «Транспорт». 1995г.
9. Канарчук В.Е. «Восстановление автомобильных деталей». М. «Транспорт».1995 г
10. Курчаткин В.В. «ТО и ремонт машин в с/х». М. «Академия». 2012г.
11. Матвеев В.А. Техническое нормирование ремонтных работ в сельском хозяйстве. М. «Колос», 1990.
12. Румянцев С.И. Ремонт автомобилей. М. Транспорт. 1995г.
13. Смелов А.П. Курсовое и дипломное проектирование по ремонту машин. М. «Колос». 1990 г.
14. Справочник инженера по техсервису машин и оборудования в АПК, М. «Росинформагротех». 2003 г.
15. Туревский И.С. «ТО автомобилей», М., ИД «Форум» - 2007г.
16. Ульман И.Е. Техническое обслуживание и ремонт машин. М. «Агропромиздат». 1990г.
17. Черноиванов В.И. Каталог. Машины и оборудование для технического сервиса в АПК. М. 1993.
18. Карпекина Т.П. Экономия топливно-энергетических ресурсов на автомобильном транспорте. М.: МАДИ, 1988.-85с.
19. Еврецкий В.Т., Трегубов В.А. Материальные нормативы на автомобильном транспорте: Разработка и оценка использования. М.: Транспорт, 1986.-128с.
20. Ибатов М.К., Алиев Ж.А. Материально-техническое обеспечение и экономия ресурсов на автомобильном транспорте: Учебное пособие - Караганда: КарПТИ, 1995
27