жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Электрондық кестеде процестерді модельдеу
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2-тоқсан, 3 бөлім Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу |
|
|||||||
|
Күні: 9.12.2019ж. |
|
|||||||
|
Сынып: 7 д |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Электрондық кестеде процестерді модельдеу |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.2.2 электронды кесте элементтерін пішімдеу 7.3.3.1- деректердің типін жіктеу 7.2.2.4-электронды кестеде шартты пішімдеуді қолдану 7.2.2.3-электронды кестеде диаграммалар құру |
|||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Компьютерде модельдеу теориясын модельдеу, модельдеу кезеңдерін білу. Оқушылардың басым бөлігі: Үлгіні пайдалана отырып, қарапайым модельдерді компьютерде құру. Кейбір оқушылар: Берілген модельдер бойынша модельдер кезеңін жоспарлай отырып, компьютерде өз бетінше модельдер құру. |
|||||||
|
Бағалау критерийі |
- электронды кестеде пішімдеуді қолданады; - электронды кестеде шартты пішімдеу түрін таңдайды және қолданады; - диаграмма типін таңдайды және электрондық кестеде құрады. - біліп үйренгендерін пайдаланып тапсырмаларды орындай алады. |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Лексика мен терминология Модель, модельдеу, адрес, абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер. Диалогтік №1 тапсырмада орындалған компьютердегі модельдеу жұмысына талдау жасау. Жазу: Модельдеу кезеңдерін, үлгілерін жұмыс дәптерлеріне жазу. |
|||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. (өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық) |
|||||||
|
Пәнаралық байланыс |
математика - формуламен жұмыс жасау; бейнелеу өнері – сандық ақпаратты көрнекі (графикалық) түрде ұсыну үшін диаграмма түрлерін таңдау. |
|||||||
|
Тақырып бойынша алдынғы білім |
Ұяшықтарды форматтау, шартты форматтау, диаграммалар жасау. |
|||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 7 мин «Микрофон» сергіту тәсілі
|
Қызығушылықты ояту Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Микрофон арқылы» сергіту тәсілін қолдану. (Ән ойнап тұрады. Ән тоқтағанда микрофон кімнің қолында қалса, топқа тілек айтады). Зат таңдау арқылы топқа бөлу (Office 2016 программасы арқылы (Word,Excel)) сурет арқылы бөлінеді, суреттер қапшыққа салынған. 1- Word 2- Excel Үй тапсырмасы «Сұрақ - жауап» әдісі арқылы 1. 1 - топ кестеден сан таңдайды. 2. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-топ сол шаршыға қосу белгісін қояды. 4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда 0 қояды да, 2 – топ (қосу белгісі) сұраққа жауап беруге және сол шаршыға қосу белгісін қоюға мүмкіндік алады.
2. Форматтау дегеніміз не? 4. Формула дегеніміз не? 5. Шартты форматтау -… 6. Диаграмма – сандық ақпаратты _______________ түрде ұсыну 7. Диаграмманың түрлерін атаңыз? 8. Диаграмма қандай элементтерден тұрады: ..., ......, ..... 9. Қай график толық ақпарат береді?
Қ.Б. «смайлик»арқылы |
Сұрақ-жауап 3 түрлі смайлик стикерлері |
||||||
|
Сабақтың ортасы 30 мин |
Миға шабул жаттығумен, LearningApps.org бағдарламаасы арқылы тақырыпты ашу Сұрақ:
Қызығушылықты ояту мақсатында интерактивті тақтадан Bilimland.kz сайтынан бейнежазба көрсетіледі. «Түртіп алу» әдісін пайдаланып ойымызға түйген мағынананы дәптерге түсіру. Топта жұмыс жасап. Екі топтан бір- бір оқушыдан айтып береміз.
Сабақтың оқу мақсатымен таныстыру Жаңа ақпаратты топта бірін – бірі үйретіп, түсіну үшін «Ойлан-топтас-бөліс» тәсілі. Топтық жұмыс. Мәтінмен танысу. Оқулықтан оқушылар мәтінмен танысып, постерге өз ойларын түсіреді. Топтық жұмыс 1 топ-"Word" – «Модельдеу түрлерін анықтау» 2 топ-"Excel" – «Модельдеу кезеңдерін анықтап, Геометриялық модель құру»
ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» (1-топ 2-топты, 2-топ 1-топты бағалайды). Жеке жұмыс. Практикалық жұмыс №1 Мектеп кітапханасында әр бетінде орташа 3000 символы бар. 50 беттен тұратын 1200 журнал және әр бетінде орташа 2500 символы бар 400 беттен тұратын 25000 кітап бар. Тапсырма:Мектеп кітапханасында неше байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт ақпарат бар? Дескриптор
Қ.Б.«Коментарий» арқылы бағалау Жеке жұмыс Оқулықтағы 79 беттегі тәжірибелік тапсырманы орындату. Дескриптор
«Сұрақтар ұшқыны» стратегиясы. Plikers қосымшасы арқылы тест тапсырмаларын орындау 1.Ақпараттық процестерді үйрететін ғылым қалай аталады?
2..-сандық ақпаратты көрнекі (графикалық) түрде ұсыну
3.Модельдеу түрлері...
4.Электрондық кестенің A2:B4 диапазонында неше ұяшық бар?
5.Excel программасында «мастер диаграмм» көмегімен диаграмма құрғанда неше қадам орындау керек:
Дескриптор Оқушылар модель, модельдеу ұғымы, модельдеу түрлерімен толық танысады. Қ.Б.«Мадақтау әдісі» арқылы Мұғалім оқушыларды бағалайды. «Жарайсың! Керемет! Тамаша!» |
https://learningapps.org/display?v=pwm6swcpn19 https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/model-turleri 7 сынып оқулығы «Атамұра», 2017 (жоба), дәптер,слайд, сурет, постер
«Ойлан, топтас бөліс» Әдісі арқылы оқушылар алдымен өз бетінше, сосын жұптасып, сосын топта орындайды. Компьютер Оқулықпен жұмыс |
||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 мин |
Сабақтағы соңындағы оқушыларға табысқа апаратын баспалдақ түрінде әрбір кезеңде өз жұмысын бағалайды. «ТАБЫС САТЫСЫ» |
|
||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
электронды кестеде процестерді модельдеу |
|
||||||||||
|
Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген